Күні:
Білім беру саласы:Әлеуметтік
Бөлімі:Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Балабақша»С.Мұхамедиев
Мақсаты:Балабақша жайлы мәлімет беру.
Міндеті:1.Сұрақ бойынша сұрақтарға жауап ала отырып,сөйлету.
2.Балабақшаның ішкі,сыртқы көрінісімен ,ауласымен таныстыру.
3.Балабақша қызметкерлері жайлы түсінік беру
Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап,жаттау, көрсету
Көрнекіліктер:суреттер
| Іс-әрекет | Тәрбиеші әрекеті | Бала әрекеті | Жетістіктер | Кемшіліктер |
| 1.Мотивация
2.Ізденіс-ұйымдастыру кезеңі
3.Рефлексия | 1.Жылулық шеңбері Арайлап таң атты Алтын сәуле таратты Жарқырайды күніміз Қайырлы таң ,балалар! 2.Кіріспе әңгіме: «Балабақшам-тірегім»-әңгімелеу. 3.Балабақша ішіне саяхаттау. -Киініп ,сыртына серуенге шығу 4.Д/о»Кім жылдам» Шарты:қай бала өзінің балабақшаға дұрыс жиналатынын көрсетеді. 5.Әңгімелеу: -Балабақша біздің екінші үйіміз,таңертеңнен кешке дейін біз осында ойнаймыз,тамақ ішеміз,ұйықтаймыз. 6.Қорытынды: -балабақша ауласы ұнай ма? -неше қабатты? -балабақшаға келгілерің келе ме? Күтілетін нәтиже : Білу керек:балабақша туралы білу Игеру керек:өлең жолдарын түсініп жаттау Меңгеру керек:балабақша жайлы | Балалар шеңберге тұрып ,өлең жолдарын айтады.
Балалар орындарына отырып тыңдайды.
Киіну реттілігін қайталап отырды.
Сұрақтарға толық жауаптар береді.
Ойындары арқылы қимылдарын ойындау.
|
|
|
Күні:
Білім беру саласы:Әлеуметтік
Бөлімі:Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Аспаз» Қ.Ыдырысов
Мақсаты:Әдеби шығармаларды оқу, қайталап айтып беру.
Міндеті:1.Сұрақ бойынша сұрақтарға жауап ала отырып,сөйлету.
2.Ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту.
3.Адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап,жаттау, көрсету
Көрнекіліктер:суреттер
| Іс-әрекет | Тәрбиеші әрекеті | Бала әрекеті | Жетістіктер | Кемшіліктер |
| 1.Мотивация
2.Ізденіс-ұйымдастыру кезеңі
3.Рефлексия | 1.Жылулық шеңбері Арайлап таң атты Алтын сәуле таратты Жарқырайды күніміз Қайырлы таң ,балалар! 2.Кіріспе әңгіме: Мамандықтар туралы әңгімелеу. Аспаз туралы өлеңді тыңдау. Біздің гүл бақшада Бар әсем асхана Бар онда аспазшы Ақ көңіл жақсы аға Әлде май, құймақ па, Көже ме, сорпа ма, Әлде бал, қаймақ па, Тұрады ортада. Тәп-тәтті тамағы Ағай – ас маманы Пісіре білгенге Астың жоқ жаманы. Қорытынды: сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақты қорытындылау. Күтілетін нәтиже : Білу керек:шығарманы меңгеру Игеру керек:өлең жолдарын түсініп жаттау Меңгеру керек:аспаз маманы жайлы | Балалар шеңберге тұрып ,өлең жолдарын айтады.
Сұрақтарға толық жауаптар береді.
Шығарманы тыңдайды, талдайды.
|
|
|
Күні:
Білім беру саласы:Әлеуметтік
Бөлімі:Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Үй жақсы ма, бақша жаксы ма?»
Мақсаты:қысқа өлеңді мәнерлі айтуға үйрету.
Міндеті:1.бақша мен үйдің айырмашылығы мен ұқсастығын айтуға үйрету.
2.Ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту.
3.Адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап,жаттау, көрсету
Көрнекіліктер:суреттер
| Іс-әрекет | Тәрбиеші әрекеті | Бала әрекеті | Жетістіктер | Кемшіліктер |
| 1.Мотивация
2.Ізденіс-ұйымдастыру кезеңі
3.Рефлексия | 1.Жылулық шеңбері Арайлап таң атты Алтын сәуле таратты Жарқырайды күніміз Қайырлы таң ,балалар! 2.Кіріспе әңгіме: үй және бақша туралы әңгімелесу. Өлеңді тыңдау, мазмұнын түсіну. Қызықпын-ау өзім де, Мақтанарым шамалы. Үйге келген кезімде, Кеткім келмей қалады. Жан әжемнін жанында, Тіпті рақат секілді. Айтады ұйықтар алдында, Ертегіні не түрлі. Ал бақшаға бармасам, Тұра алмаймын тағы да, Мұнда қызық әрқашан, Келем сосын сағына. Үй жақсы ма, бақша ма? Білмей жүрмін со жағын, Екеуіне сондықтан Ортақ бала боламын Күндіз ойнап бақшада, Үйге келіп қонамын Қорытынды: сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақты қорытындылау. Күтілетін нәтиже : Білу керек:шығарманы меңгеру Игеру керек:өлең жолдарын түсініп жаттау Меңгеру керек:үй мен бақша жайлы | Балалар шеңберге тұрып ,өлең жолдарын айтады.
Сұрақтарға толық жауаптар береді.
Шығарманы тыңдайды, талдайды.
|
|
|
Күні:
Білім беру саласы:Әлеуметтік
Бөлімі:Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Менің ойыншығым» Ә.Дүйсенбиев
Мақсаты:Сүйікті ойыншығы туралы өзі дербес іңгіме айту.
Міндеті:1.Сұрақ бойынша сұрақтарға жауап ала отырып,сөйлету.
2.Ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту.
3.Адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап,жаттау, көрсету
Көрнекіліктер:суреттер
| Іс-әрекет | Тәрбиеші әрекеті | Бала әрекеті | Жетістіктер | Кемшіліктер |
| 1.Мотивация
2.Ізденіс-ұйымдастыру кезеңі
3.Рефлексия | 1.Жылулық шеңбері Арайлап таң атты Алтын сәуле таратты Жарқырайды күніміз Қайырлы таң ,балалар! Кіріспе әңгіме: суретте әр түрлі ойыншықтар бейнеленген. Балалар сурет бойынша әңгімелеседі. Ойыншықтарды атайды. Өздерінің сүйікті ойыншықтары туралы әңгіме айтады. Өлеңді тыңдау: Ойыншық, ойыншық Сен неге күлмейсін? Бір ауыз жақсы сөз, Айтуды білмейсін. Жанында бәрі әзір, Кәмпитің алдында Неге сен жемейсін, Өкпелеп қалдың ба? Басқа бір ойыншық , Жолықса кезі кеп Әкеме айтамын, әпер деп тезірек. Қорытынды: сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақты қорытындылау. Күтілетін нәтиже : Білу керек:шығарманы меңгеру Игеру керек:өлең жолдарын түсініп жаттау Меңгеру керек:дербес әңгіме айту | Балалар шеңберге тұрып ,өлең жолдарын айтады.
Сұрақтарға толық жауаптар береді.
Шығарманы тыңдайды, талдайды.
|
|
|


Тақырыбы: «Менің ойыншығым» (22.53 KB)

