технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас.Таным.Шығармашылық.
Кіші сала: Көркем әдебиет.Мүсіндеу
Тақырыбы: Бауырсақпен орманға саяхат
Мақсаты: Балалардың бауырсақ ертегісі мен саяхат жасата отырып ертегіде кездескен бауырсақ пен
аңдар арасындағы қиыншылықтар жұптаса көмектесіп орындатуға үйрету. Балаларға дәстүрлі емес әдіс - тәсілдермен жұптаса орындату барысында сөйлеу арқылы тілдік қорларын молайту. Ойлау қабілеттерін қиялдарын, есте сақтау қабілеттерін нығайту. Еңбекқорлыққа,достыққа, кішіпейілділікке мейірімділікке тәрбиелеу. Балаларды ертегілерден қарапайым сюжетті бейнелеуге тарту. Алақан арасына салып домалақтау тәсілін үйрету. Пішінді бұзбай, таза, ұқыпты орындауға тәрбиелеу.
Көрнекілік: тақтайша, ермексаз, сүрткіш, үлгі мүсін, геометриялық пішіндер,бауырсақ ертегісінің макеті. Залды безендіру, орман бейнесі
Әдіс - тәсілі: көрсету, әңгімелеу, сұрақ – жауап,рөлдерде ойнау.
Билингвалдық компонент: Бауырсақ – Колобок
| Қызмет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Баланың іс-әрекеті |
|
Ынталандыру-оятушы кезең. Тосын сый: | Балалар таңғы шеңберге тұрып бір-біріне сәттілік тілейді. Мына сұлу әлемде, Адам өмір сүреді. Үлкен менен кішіге, Күн сәулесін төгеді. | Балалар шеңберге тұрады, тәрбиешімен бірге қайталайды.
|
|
Ұйымдас-тырушы-ізденуші кезең.
Рефлексивті-түзетуші кезең. | Оқу іс-әрекетінің барысы Қане балалар қараңдаршы бізге көп қонақ келген екен ендеше қонақтармен амандасайық. Амандасу үлкенге , Тәрбиенің басы ғой, Ал қанеки бәріміз, Сәлем дейік үлкенге. Сәлеметсіздерме апайлар! Қане балалар енді орнымызға отырып, бүгін қандай ертегі кейіпкерімен орманға саяхат жасайтынымызды білу үшін сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр. Бауырсақ:Ля-ля мен Бауырсақпын. Сәлем кішкентай достарым Т: Балалар бауырсақ қайдан тап болды. Балалар бауырсақ ертегісін білеміз бе? Ендеше бауырсақ ертегісін еске түсірейікші. Бауырсақ: Бәрекелді,Жарайсыңдар мені,менің ертегімді жақсы біледі екенсіңдер. Т: Бауырсақ сен қайда бара жатырсың? Бауырсақ:Балалар мен ата-әжемді таба алмай жүрмін. Т:Бауырсақ біз орманда серуендеп жүрміз,жүр сені атаң мен әжеңе апарып тастайық.Балалар бауырсаққа көмектесеміз бе? Балалар қолымыздан ұстап саяхатқа шығамыз.(Бір кезде алдарынан секіріп қоян шығады) Қоян:Бауырсақ,бауырсақ мен сені жеймін. Қоян:Жоқ-жоқ менің өлең тыңдағым келіп тұрған жоқ.Егер сендер мына шашылып жатқан пішіндерді,атап ,түстерін ажыратып үй құрастырып берсеңдер мен бауырсақты жемеймін. Т:Жарайсыңдар балалар.Ендеше саяхатымызды әрі қарай жалғастырайық. Қасқыр:Бауырсақ,бауырсақ мен сені жеймін. Қасқыр: Жоқ-жоқ менің көңіл күйім болып тұрған жоқ. Қасқыр:Менің ішім пысты. Менің көңлімді көтерсеңдер мен бауырсақты жемеймін. Сергіту сәті: «Аяқпенен топ-топ» Жарайсыңдар балалар рахмет сендерге, жақсы достары бар екен. Т: Балалар ендеше жұптасып ары қарай саяхатымызды жалғастырайық. Аю: Бауырсақ,бауырсақ мен сені жеймін. Аю: ойланып тұрып.Жарайды ендеше маған мына тапсырманы орындап беріңдер. Қазір жылдың қай мезгілі? Күз мезгілінде неше ай бар, соңғы қай ай? Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады? Күз туралы тақпақ білесіңдер ме? Аю: Бәрекелді, Жарайсыңдар балалар, мен сендердің достарыңа бауырсаққа тимеймін орманға саяхаттап жүре беріңдер. Күз туралы көп біледі екенсіңдер. Жолдарың болсын! Түлкі: Бауырсақ бауырсақ мен сені жеймін. Түлкі: Ой балалар мен өлең тыңдағым келіп тұрған жоқ. Менің қарным ашып тұр. Мен қамыр ашытып қойып едім бауырсақ пісірейін деп дөңгелек пішін жасалмай тұрмын. Егерде маған көмектессеңдер мен сендердің достарың бауырсақты жемеймін. Балалар көмкетесеміз бе? Саусақтарым ән салып берді Шылдыр шүмек шылдырлады Кішкене бөбек былдырлады. Түлкі: Бәрекелді! Жарайсыңдар балалар! Рахмет сендерге мен сендерге мына жасаған бауырсақтарыңды пісіріп әкеліп берейін. Бүгін сендер кімге көмектестіңдер? Кімге жегізген жоқсыңдар? Қу түлкіге жегізген жоқпыз. Олар енді еш уақытта бауырсаққа тиіспейді. Біз аңдармен бауырсақты татулыққа, достыққа, мейрімділікке баулыдық. Ал балалар біз де енді қандай боламыз.? Әрине, қане бір - бірімізді құшақтап айтайық «Біз әрқашанда тату, бірге боламыз». Ендеше жұптаса татулық тақпағымызды айтайық. Балаларды мадақтап, Балалар шеңбер құрайық, Осымен ұйымдастырылған оқу – іс әрекетіміз аяқталды қонақтармен қоштасайық. |
Балалардың мұқият Тыңдап жұмбақтардың жауабын айтады.
Балалар: «Бауырсақ ертегісінен»
Сәлеметсіз бе?
Білеміз Балалар сұрақ –жауап арқылы айтып береді.
Иә көмектесеміз 1.бала-Сүйкімді аппақ қоян. Жемеңізші біздің досымызды,бауырсақты.Біз сізге өлең айтып береміз.
ЖарайдыҚоян біз келістік (Балалар пішіндерді атап береді,түстерді ажыратып, үй құрастырады.) 2.БАЛА: Жемеңізші,Қасқыр аға,біз сізге өлең айтып береміз.
Балалар тәрбиешімен бірге қимыл жасау арқылы қайталайды.
Сау болыңыз
3.БАЛА: Жемеңізші,Аю аға,біз сізге өлең айтып береміз. Балалар тапсырманы бұлжытпай орындайды,күз турала тақпақтар айтады.
Сау болыңыз домалап,домалап бауырсақпен бірге саяхаттап келеміз. 3.бала: Жемеші, Түлкі апа, біз сізге өлең айтып береміз
Иә көмектесеміз
Балалар тәрбиешімен бірге қайталап саусақ қимылдарын жасайды. Балалар қамырдан дөңгелек бауырсақ жасап береді 4.бала: Бауырсақтың ата-әжесінің үйіне келдік. Балалар: Сау болыңыз, Бауырсақ!
Орманға бауырсақпен саяхаттап бардық. «Бауырсаққа». Қу түлкіге жегізген жоқпыз. «Біз әрқашанда тату, бірге боламыз». Балалар: Біздің топта ұл - қыздар |
Күтілетін нәтиже
Білу: Ертегінің мазмұның толық есте сақтады.
Өзіне үйренгені: Дауыс ырғағын, артистік қабылеттерін дамытты.
Үйрену: Сұрақтарға толық жауап беруге үйрену.

Тақырыбы: Бауырсақпен орманға саяхат (22.69 KB)

