Меню
Разработки
Разработки  /  Прочее  /  Уроки  /  Прочее  /  Табиғаты ғажап Қазақстан

Табиғаты ғажап Қазақстан

Материалда Қазақстанның табиғаты туралы түрлі тапсырмалар берілген
10.12.2019

Содержимое разработки

Сабақтың технологиялық картасы


Пәні: Қазақ тілі және әдебиеті.

Сабақтың № Топ: Мерзімі:



Сабақтың тақырыбы: Табиғаты ғажап Қазақстан. Публицистикалық стилі.

Сабақтың мақсаты:

білімділік: Қазақстанның табиғаты өте бай. Қазақстанның ғажап табиғатымен оқушыларды таныстыру. Публицистикалық стиль туралы түсінік беру.

дамытушылық: Лексикалық мәтін арқылы студенттің сөйлеу дағдысын, ойлау қабілетін дамыту.

тәрбиелік: Қазақстан табиғаты туралы айта отырып, сауаттылыққа, білімділікке, әдептілікке, табиғатты қорғауға, сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Білімдерін және іс-әрекет әдістерін жетілдіру. Қысқаша Хабарлама+Баяндау.

Сабақтың өткізілу әдістері: әңгімелеу, баяндау, сұрақ-жауап, мәтінмен жұмыс.

көрнекіліктер: сызба-карта, сөздіктер

Тәжірибелік жаттығу, оқулықпен жұмыс

Сабақтың жабдықталуы:

Оқу көрнекілік құралдары: сызбалар, кестелер.

Үлестірмелі материалдар: үлестірлемі қағаздар, мәтіндер, оқулықтар.

ТОҚ: компьютер, экран, диск, видео.

Пән аралық байланыс: тарих, география, орыс тілі.

Әдебиеттер:

  1. Қазақ тілі. 10-сынып. А, 2014. 249-бет

  2. Қазақ тілі 11-сынып А, 2015.


Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 2 мин.

Сәлемдесу, түгендеу, аудиторияның сабаққа дайындығы, студенттердің сабаққа дайындығы.

ІІ. Оқушылардың біліктілігі мен дағдысын тексеру: 7-12 мин.

1. Қазақстанның ұлан-байтақ аумағында қандай қазба байлықтар бар?

2. Қандай кең орындарын атауға болады?

3. Қарағандыда орналасқан көмір қоры қанша миллиард пұт болады?

4. Екібастұз қоры қанша миллиард пұтқа дейін жетеді?

5. Семей губерниясындағы қоры 30 миллиард пұтқа дейін жететін Кендірлік кен орынында не бар?

6. Тау бөктеріндегі және таулы аудандарда келешекте курорттар мен демалыс орындарын салуға жарамды жжерлер бар ма?

7. Қазақстанда ормандар аумақтың қанша пайызын алып жатыр?

III. Жаңа тақырыптың мазмұны мен жүйесі: 30-35мин.

Жаңа сабақты түсіндіру:













Табиғаты ғажап Қазақстан

Қазақстанның жер қойнауында әлемдегі табиғи қазба байлықтардың барлық түрлері (90-нан астам) орасан зор көлемде бар деуге болады. Қазақстандағы ең ірі өзендер – Ертіс, Сырдария, Іле, Есіл және Тобыл. Қазақстандағы ең биік шың республикамыздың оңтүстік-шығысындағы Тянь-Шань тауындағы Хан Тәңірі шыңы болып табылады. Оның биіктігі – 6996 метр.

Қазақстан аймағынның ауқымына қарай ауа райы әртүрлі болып келеді. Қазақстанның өзіне тән өсімдіктері сан алуан әрі бай. Бір ғана дәрі жасайтын өсімдіктің өзі 150-ге жуық. Қазақстанда 158 түрлі сүтқоректі, 485 түрлі құс, 15-ке жуық балық пен көптеген жануарлар түрлері және эндемиктер (тышқан, сайғақ және т.б.) кездеседі.

Қазақстанда 6 мемлекеттік қорық бар. Көптеген жануарлар мен өсімдіктер өкімет қамқорлығында. Олардың ішінде Алматы қаласының рәмізіне айналған тау барысы мен республика байрағында бейнеленген нұрлы болашаққа самғап бара жатқан елді көрсететін бүркіт те бар.


Жаттығумен жұмыс: (30-45 мин)

1-жаттығу. Сөздікті пайдаланып, мәтінді аударыңыздар. Сөздік-Словарь.

табиғи қазба байлықтар – природные ископаемые шың – пик, вершина

сүтқоректі – млекопитающее жануарлар түрлері – виды животных

қамқорлығында – в попечении нұрлы болашаққа – в светлое будущее

самғау - возноситься


2-жаттығу. Сұрақтарға мәтін бойынша жауап беріңіздер.

1) Қазақстанның жер қойнауы қандай?

2) Қазақстанда қандай ірі өзендер бар?

3) Қазақстандағы ең биік шың қалай аталады?

4) Шыңның биіктігі қанша метр?

5) Ең биік шың қай тауда олрналасқан?

6) Қазақстанда қанша дәрілік өсімдіктер бар?

7) Елімізде қанша сүтқоректілер, құстар бар?

8) Еліміздк қанша қорық бар?

9) Қорықтарға қандай жан-жануарлар бар?


3-жаттығу. Сөздердің сыңарларын табыңыздар.


1

Қазақстанның жер қойнауында әлемдегі табиғи қазба

Ертіс, Сырдария, Іле, Есіл және Тобыл.

2

Қазақстандағы ең ірі өзендер -

байлықтардың барлық түрлері (90-нан астам) орасан зор көлемде бар деуге болады.

3

Қазақстандағы ең биік шың республикамыздың

ауа райы әртүрлі болып келеді.

4

Қазақстан аймағынның ауқымына қарай

оңтүстік-шығысындағы Тянь-Шань тауындағы Хан Тәңірі шыңы болып табылады.

5

Қазақстанның өзіне тән өсімдіктері

мемлекеттікқорық бар.

6

Қазақстанда 6

сан алуан әрі бай.


4-жаттығу. Мәтіннен сан есім+зат есім тіркесіндегі сөздерді теріп жазыңыздар.

Мысалы, 90-нан астам қазба байлық, ..........


5-жаттығу. Қарамен жазылған сөздердің орнына синонимдерін алмастырыңыздар.

Қазақстанның жер қойнауында әлемдегі табиғи қазба байлықтардың барлық түрлері (90-нан астам) орасан зор көлемде бар деуге болады. Қазақстандағы ең ірі өзендер – Ертіс, Сырдария, Іле, Есіл және Тобыл. Қазақстандағы ең биік шың республикамыздың оңтүстік-шығысындағы Тянь-Шань тауындағы Хан Тәңірі шыңы болып табылады. Оның биіктігі – 6996 метр. Қазақстан аймағынның ауқымына қарай ауа райы әртүрлі болып келеді. Көптегенжануарлар мен өсімдіктер өкімет қамқорлығында.


6-жаттығу. Берілген сөздерді пайдаланып монолог дайындаңыздар.

Қазақстан, табиғи қазба байлықтар, өзендер, Хан Тәңірі шыңы, ауа райы, өсімдіктер, құстар, жануарлар, мемлекеттік қорық.


IV. Жаңа материалды бекіту, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру.

7-жаттығу. Жауаптарын жазыңыздар.


Ең ірі өзендер

Ең биік шың

Дәрі жасайтын өсімдік

Сүтқоректілер түрі

Құс түрлері

Балық пен жануарлар түрлері














V. Сабақтың қорытындысы: 5-8мин.

8-жаттығу. Тестке жауап беріңіздер.


1. Қазақстанның қанша километрге созылған территориясын орман, дала,жазық,шөл мен шөлейт жерлер алып жатыр?

а) 1800 мың километр

ә) 1000 мың километр

б) 1500 мың километр

2. Республиканың батысында не бар?

а) Каспиий теңізі

ә) шөл

б) тау

3.Ертіс және оның салалары қайда құяды?

а) Солтүстік Мұзды мұхитқа

ә) Арктикаға

б) Каспий теңізіне

4. Қазақстанның батыс бөлігі қандай ?

а) кең жазық

ә) тасты

б) шөлейт

5.Флора ме фауна қорғайтын қорық қайда орналасқан?

а) Оңтүстік Алтайдағы Марқакөл өзенінде

ә) Солтүстік батыстағы Есіл өзенінде

б) Қиыр шығыстағы өзенде




VI. Рефлексия: 5-6мин. Қазақстанның оңтүстік, солтүстік, батыс, шығысында орналасқан тау, өзен-көлдерді табыңыздар.



























II. Бағалау: 2-3мин.

А) үй тапсырмасын орындағаны үшін;

В) сабақтағы белсенділігі үшін;


VIII. Үй тапсырмасы:

Реферат жазу


Оқытушы: Айнабекова К.Т.


Оқытушының қолы ____________________


-80%
Курсы повышения квалификации

Современные педагогические технологии в образовательном процессе

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Табиғаты ғажап Қазақстан (182.45 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт