Меню
Разработки
Разработки  /  Прочее  /  Уроки  /  11 класс  /  "Табиғаттың әсемдігі"

"Табиғаттың әсемдігі"

урок казахского языка для классов с русским языком обучения по теме: Красота природы

29.11.2016

Содержимое разработки

Сынып: 11а,б

Сабақтың тақырыбы:  Табиғаттың әсемдігі

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

                                     Табиғат туралы ой пікірлерін жетілдіру,сауатты

жазуға  және  сөйлеуге  үйрету;

                                      ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

                                     қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын

                                     қалыптастыру;

                                      б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік  тілді 

                                     құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға  тәрбиелеу;

Сабақтың  түрі: жаңа сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап,

Сабақтың көрнекілігі:  қиықшалар, кітап

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, биология

Сабақтың  барысы:

         І. Ұйымдастыру  бөлімі

- Оқушылармен амандасу           - Кезекшінің  мәліметі

         ІІ. Жаңа  сабақ

Кіріспе әңгіме: Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Мұғалім сөзі

Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар — осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді.

Адам - табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз үғым қалыптаскан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу Ата қостаған салтымыз. «Жер шоқтығы - Көкшетау», «Жер жаннаты - Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген.

Сондықтан орман-тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдердің ластанбауына ерекше мән берген.

Сөздікпен жұмыс:

Бұлт-тучи

Қатқақ-скользкий

Қастерлеу-почитать

Әсерлейді-преукрашевает

Сақтау-сохранить

Ғажайып-чудесный

Ойпат-впадина

Дәптермен жұмыс:

I. Табиғатқа байланысты мақал-мәтелдер берерп,оушылардан мазмұнын сұрап өту .

  1. Жел дауылды шақырады,

Бұлт жауынды шақырады.

  1. Ағаш тамырымен мықты,

Адам дос-жарымен мықты.

  1. Қаз келсе, жаз келер,

Қарға келсе қатқақ келер.

  1. Көлдің көркі құрақ,

Таудың көркі бұлақ.

  1. Судың да сұрауы бар.



II.Берілген мәтіндерді өз ойларымен аяқтау.
1) Табиғат - тіршілік көзі. Оның әрбір әсері адам өмірінде үлкен роль атқарады. Аяулы табиғатсыз осы ғаламда өмір сүру, тіршілік ету мүмкін емес еді. Жыл мезгілдерінің өзгеруі де, табиғатты одан әрі әсерлейді. Әр жыл мезгілі әр қилы. Төрт жыл мезгілі бізге төрт түрлі ғажайып күйін сыйлайды. Таудан сарқырап аққан өзеннің айналасында өксіген оттай жанған жануарларды көрудің өзі керемет көрініс емес пе?! Бау-бақшада....


2) Біздің еліміздің табағаты өте ерекше. Жыл мезгілінің қай тұсын алсаң да, я қаламыз, я ауылымыз жайнап тұрады. Қазір қыс мезгілін алсақ, терең тыныс алатын таза ауа, ақ көрпесін жамылған жер, екі беттері алмадай боп шана тепкен балалар. Ал, енді көктемге мезгіліне сипаттама берсек, жан-жақтың бәрі көгеріп.....

3) Қазақстан көп ұлтты тәуелсіз мемлекет. Жер көлемі 2,7 миллион шаршы шаршы шақырымнан асады. Республика шығысында Алтай тауларынан басталып, батысында Каспий ойпатына, ал Солтүстігінде Батыс Сібірден оңтүстігінде Тянь-Шань (Ереңқабырға) шыңдарына дейін созылып жатыр. Қазақстан жерінің өте үлкендігінен әр аймағының....

 ІV. Бекіту бөлімі

Сабақты бір-біріне сұрақтар қойғызу арқылы бекіту.  

 V. Үйге тапсырма Өлеңді оқу, сатылай кешенді талдау.

Табиғатым - аманатым
Табиғатым, тіршілігім, ырысым,
Сенсіз менің тарылады тынысым.
Биік - биік тауларыңа қарасам,
Алшаң басып, түзеледі жүрісім.

Сенсің менің тазалығым, тұнығым,
Сенсіз менің үзіледі үмітім,
Сен бар жерде жыр тұнады көңілге,
Сен бар кезде құлшынамын өмірге.

О, адамзат аялашы, қорғашы,
Өзің туып, өзің өскен ортаны.
Келе жатыр талай сәби өмірге,
Ең болмаса соның жайын ойлашы.

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша  бағалау. 

 VІІ. Сабақты  қорытындылау














-75%
Курсы дополнительного образования

Основы правильного питания

Продолжительность 72 часа
Документ: Cвидетельство о прохождении курса
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
"Табиғаттың әсемдігі" (16.48 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт