Ақтөбе – 2016
Психологиялық дайындық
Сынып қалай таза ма?
Сүртілді ме тақтамыз?
Ден сау болсын десеңіз,
Тазалықты сақтаңыз.
Оқушылар түгел ме?
Кезекші оны біле ме?
Түгел болсақ балалар,
Бәрің маған қараңдар.
Қазақстанның табиғат зоналары бөлімін қорытындылау
Сабақтың мақсаты:
Қазақстанның табиғат зоналарының ерекшелігіне талдау жасай отырып, өтілген тақырыптар бойынша оқушылардың білімін қорытындылау, материалды меңгеру дәрежесін тексеру.
Тапсырмалар:
- Ойлан тап
- Өзін-өзі таныстыру
- Күн шуақ
- Кімге бұйырады?
- Ой толғаныс
- Синквейн
- Бекіту сұрақтары
- Ойлан тап
Қазақстанның табиғат зоналарына сипаттама аялдамасы
(сипаттаманы шешу арқылы топтардың аты анықталады)
С. Сейфуллиннің “ Ақсақ киік” поэмасынан алынған өлең шумағы қандай табиғат зонасы туралы айтылған?
Арқаның Бетпақ деген даласы бар,
Бетпақ шөл, ойлы- қырлы панасы бар.
Сол шөлде ел жоқ, күн жоқ өсіп- өнген.
Жәндіктің киік деген баласы бар.
Бетпақта қысы- жазы ел болмайды,
Ел- жайлау, өзен яғни көл болмайды.
Бұтасы қи болады, қара жусан
Көгара бетегелі бел болмайды.
Бұл табиғат зонасы Қазақстан жерінің 27% алып жатыр. Көп жері жыртылған. Жаздық бидай мен тағы басқа дәнді дақылдар егіледі. Климатты континентті, жауын- шашын 220- 310 мм дейін түседі. Жазы ыстық, қысы суық. Боз , бетеге, атқонақ , еркекшөп өсімдіктері өседі. Бұл қандай зона ?
ІІ. Өзін-өзі таныстыру
Әр топ өз зоналары туралы жалпылама мәлімет беріп, постер қорғайды.
ІІІ. «Күн шуақ» ойыны
Күнді жауып тұрған бұлттардағы сұрақтарға жауап беріп, күннің көзін ашамыз.Әр дұрыс жауапқа бір смайликтен беріледі.
Топырақтану ғылымының негізін салушы?
Табиғат зоналары қалай қалыптасады?
Шөлейттің улы жыландарын ата?
Батыс Сібір жазығы мен Жалпы сырт қыратының аз бөлігін алып жатқан зона?
Қазақстан қандай табиғат зоналарында орналасқан?
3000-нан астам көлі бар зона?
Қазір елімізде қанша сүтқоректілердің түрі бар?
Орманды дала зонасының өзендері?
Шөлейт зонасының топырағы?
Шөлейт зонасының климаты?
ІҮ.Кімге бұйырады?
(Сұрақтарға жауап беру арқылы бұйырған сыйлықтарын алады)
- Ең солтүстіктегі табиғат зонасы?
(орманды дала)
- Дала зонасындағы салмағы 16 кг жететін құс?
(дуадақ)
- Сазды шөлдерді ата?
(Үстірт, Бетпақдала, Сырдарияның оңтүстік жағалары)
- Шөл зонасында кездесетін , сантонин дәрісі алынатын Қызыл кітабқа енген өсімдік?
(дермене жусаны)
- Каспий теңізінен Тарбағатай тауына дейінгі зона?
(шөл зонасы)
- Алғашқы жұқа топырақ қабаты қанша млн жыл бұрын қай дәуірде пайда болған?
(2500млн жыл бұрын, кембрий дәуірінде)
Қ.з.
Орманды дала зона
300-350мм
жауын- шашын
220-310мм
Дала зонасы
-16-18 градус қаңтар орт темп.
Шөлейт зонасы
Шөл зонасы
+22+24 градус шілде орташа темп.
сұр – қоңыр
топырақ
Талас, Іле, Қаратал өзендері
180-300мм
Қарашірінді
2-3%
Қайың- көктерек
ҮІ. Синквейн
Табиғат зонасы
- Не?
- Қандай?
- Не істейді?
- Сөйлем, сөз тіркесі
- Синоним
ҮІІ. Бекіту сұрақтары
(Тест тапсырмаларын орындайды)
1. Топырақтың су және жел әрекетінен бұзылуы:
А) мелиорация Д) денудация
В) құнарлығы Е) кептіру
С) эрозия
2. Топырақтың құнарлы қабатын не деп атайды?
А) сазды қабат Д) құмды қабат
В) ауыспалы қабат Е) құмдауытты қабат
С) қарашірікті қабат
3. Қазақстанның солтүстігінде орналасқан орманды дала зонасының топырағы
А) сұр топырақ
В) қара топырақ
С) сортаң топырақ
Д) қоңыр- сұр топырақ
Е) сарғылт топырақ
4. Топырақ деп ... айтамыз.
А) жердің беткі, жұқа құнарлы қабатын
В) батпақты
С) құмды
Д) тыңайтқышты
Е) шаң – тозаңды
5.Қазақстанның дала зонасының жылдық жауын-шашын мөлшері (мм) : A) 300-450 B) 220-310 C) 100-250 D) 100-370 E) 150-310
6.Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген шөл зонасының өсімдігі: A) Жүзгін B) Дермене жусаны C) Құм қарағаны D) Бұйырғын E) Селеу
7.Шөл зонасындағы өзен аңғарларында әр түрлі өсімдіктерден құралған қалың бұталар: A) Тасты шөл B) Құмды шөл C) Тақыр D) Тоғай E) Ну орман
8.Орманды дала зонасында өсетін ағаштар А) Бал қарағай, шырша В) Сексеуіл, жыңғыл С) Қайың, көктерек D) Шырша, қарағай Е) Май қарағай, тобылғы 9.Қазақстан аумағының қанша %-ын дала зонасы алып жатыр А) 26 В) 27 С) 28 D) 29 Е) 30
10.Шөлейт зонасының негізгі топырағы А) Қара топырақ В) Қызыл қоңыр С) Қоңыр D) Ашық қара қоңыр Е) Қызғылт
Дұрыс жауаптары:
- С
- С
- В
- А
- В
- В
- Д
- С
- В
- Д
Биіктік белдеу және антропогендік кешендер
Таулардағы биіктеген сайын табиғат зоналарының ауысып отыруын биіктік белдеулік деп атайды. Таулардағы биіктік белдеулердің саны таулардың географиялық орны мен биіктігіне байланысты болады.
Биік тау белдеулері – Қазақстанның шығыс және оңтүстік-шығыс бөлігіндегі Алтай, Сауыр – Тарбағатай, Жоңғар Алатауы, Тянь-Шань тауларына тән биіктік белдеулілігі. Қазақстан тауларында Биік тау белдеулері Алтай тауынан оңтүстіктегі Батыс Тянь-Шаньға қарай біртіндеп биіктей береді.
Қазақстан тауларында 6 биік тау белдеулері бар. Бұл биіктік белдеулер тек Іле Алатауында ғана түгел кездеседі, басқа тауларда 5 белдеу бар, яғни альпі шалғыны белдеуі болмайды. Тау етегіндегі шөлейт белдеу Іле Алатауы, Жоңғар Алатауы және Оңтүстік Алтай тауларының етегінде анық байқалады. Ол Алтайдың солтүстік-батысында далаға, Тянь-Шаньның батысында шөлге ұласады.
ғ
Үйге тапсырма:
- Биіктік белдеу және антопогендік кешендер қосымша мәлімет жинақтау.
- 1 – кестені толтыру
Биіктік белдеулер
Белдеулердің таралу биіктігі,м
Тянь-Шань
Қарлы мұзды
Альпілік
Алтай
Шалғынды
Жетісу Алатауы
Орманды
Далалы
Шөлейтті
Шөлді