М-С.Бабажанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі
Сыныптан тыс шара
Тақырыбы:
«Қыс қызығы»
(жарыс)
Бастауыш сынып мұғалімі: Мендыгалиева Зубайда Сабитовна
Сабақтың тақырыбы: Қыс қызығы.
Сабақтың мақсаты: Балаларды қыс мезгілін сипаттай білуге, әңгімелей білуге үйрету, білімдерін, сөздік қорларын толықтырып, өлең тақпақтар жаттатып, табиғатты аялауға, қорғауға, сезінуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта,слайд, үлестірмелер.
Түрі: жарыс сабақ.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
Суда мұз бар,
Жерде қар бар.
Боран борап соғады,
Бұл қай кезде болады?
(Қыста)
I топ: "Желтоқсан"
II топ: "Қаңтар"
III топ: "Ақпан"
1 – кезең "Әртүрлі сұрақтар"
2 – кезең "Жұмбақтар әлемі"
3 – кезең "Мәнерлеп оқу" (қыс мезгілі туралы өлеңдер)
4 – кезең "Тез ойла"
5 – кезең "Біз қысты жақсы көреміз!"
- Ал енді сайысымызды бастайық. 1- кезең "Әртүрлі сұрақтар".Бұл кезеңде сұрақтар беріледі.Мен сұрақты оқимын,білетіндерің жауап бересіздер.
1. Қай жануар қысқы азығын жазда жинайды?
2. Қыс мезгілінен бұрын қай жыл мезгілі болады?
3. "Медеу" өлеңін жазған ақынды ата.
(Қ.Толыбаев)
4. Қысқы ойын түрлерін ата.
5. Қыста қандай мерекелер өтеді?
6. Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы қазақстандық спортшыны ата.
7. Жаңа жауған,аязға ілігіп қата қоймаған қар қалай аталады? (Сонар)
8. Қыс мезгілі несімен ұнайды?
9. Қыс белгісінің ең негізгі ерекшеліктерін ата
( Қар, аяз, боран, мұз )
10. Әлемге аты әйгілі мұзайдынын ата.
11. Мұзайдында ойналатын спорттық ойын түрлері.
12. Суретшілер қыс көрінісін қандай бояулармен бейнелеген? ( Ақ, көк, сұр, көгілдір )
13. Қазақ халқының көшпелі кезіндегі қоныстары жыл маусымдарына байланысты өзгеріп отырған. Жазда жайлауға, ал қыста қай жерде қоныстанған?
(Қыстау )
14. Алғашқы қар жауған кездегі аңшылық қалай аталған?
( Қансонар )
15. Ең суық материк.
(Антарктида)
16. "Қыс ата" өлеңін жазған ақынды ата.
( Ә.Тәжібаев )
17. Ең суық мұхит.(Солтүстік мұзды мұхиты)
18. Қыста ұйықтайтын қай жануар? ( Аю )
2 – кезең. "Жұмбақтар әлемі"
Жіпсіз шілтер тоқиды.
( Аяз )
2. Қыс болса, құрып ермегін,
Салады небір өрнегін.
( Қырау )
3. Тырсылдап түседі,
Жер бетіне жетеді.
Жер бетіне жеткен соң
Ғайып боп кетеді
( Бұршақ )
4. Инесі бар, тікпейді.
( Шырша )
5. Үстінде – қар,
Астында – су.
( Қыстағы өзен )
6. Ақсақалды атаны – ай,
Мінезінің шатағы – ай.
( Қыс )
7. Қанаты жоқ ұшады,
Аяғы жоқ желеді,
Аузы жоқ ұлиды.
( Боран )
8. Аяғын аспанға асып,
Артымен жылжиды.
( Шана )
9. Бес туыс,бес туыс,
Бес туысқа бір қуыс.
( Қолғап )
10. Жайған жастық сөгілді,
Аппақ мамық төгілді.
( Қар )
11. Бір ақсақал жылына
Бір – ақ рет келеді
Көп қызы мен ұлына
Сыйлық әкеп береді
( Аяз ата )
12. Көлге жапқан қақпақ,
Сіресіп тұр, қатты – ақ.
(Мұз )
13. Табаныма байладым,
Қос таяқпен айдадым.
( Шаңғы )
14. Бір күнге келді,
Бір жылға кейін кетті.
( Жаңа жыл )
15. Байлаулы екі аяғым,
Қолымда екі таяғым.
Зырлаймын қардың үстімен
Озамын атты кісіден.
( Шаңғышы )
3 – кезең. Мәнерлеп оқу.
Әр топтан 2 оқушы қыс мезгілі туралы мәнерлеп өлеңдер оқиды.
4 – кезең. "Тез ойла"
Әр топ берілген сөзден бірнеше сөздер құрайды.
I топ : Желтоқсан.
II топ : Балмұздақ.
III топ : Солтүстік.
5 – кезең. "Біз қысты жақсы көреміз!"
Осы кезеңде әр топ қыс мезгілінің табиғи ерекшеліктерін әңгімелеп айту арқылы сурет салады.
Қорытынды. Жеңімпаздарды анықтау.

Сыныптан тыс шара «Қыс қызығы» (19.32 KB)

