
Сабақтың тақырыбы: Су. Ерітінділер тарауы бойынша қорытындылау сабағы.
Сыныбы: 8 «Г»
Пән мұғалімі: химия пәнінің мұғалімі Мухамадиева М.Д.
Тақырыбы: Су. Ерітінділер тарауы бойынша қорытындылау сабағы.
Сабақтың мақсаты:
Су. Ерітінділер. тақырыбы туралы оқушылар білімдерін жүйелейді. Тақырып бойынша оқушылар білімдерін ойын арқылы жетілдіреді.
Оқушылардың іскерлігін, өз бетімен ізденуін, ой-өрісін, шығармашылық мүмкіндігін дамытады, ғылыми көзқарастары қалыптасады.
Өз бетімен жұмыс істеп,өз білімін өзі тексеріп, бағалай білуді үйренеді. Өздігінен талпынып,жауапкершілікті сезінеді.
Құралдар: карточкалар тапсырмалар , компьютер, мультимедиапроектор, оқулық, тақта, Д. И. Менделеевтің периодтық жүйесі, химиялық құрал жабдықтар (су, топырақ, сут, қант, тұз, сироп, жұмыртқа, май, стакан т.б)
Сабақтың түрі: қайталау, ойын түрінде.
Сабақтың формасы: жеке, жұптық, ұжымдық.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру. (2 мин.)
Сабақтың жоспары:
І кезең «Кубизм» сратегиясы бойынша. Үй жұмысын тексеру: су, ерітінділер тақырыбы бойынша жұмыс.(10 мин)
А) Сипаттау; В) Салыстыру; С) Зерттелуі; Д) Қолданылуы.
ІІ кезең «Кім тапқыр» әр топқа берілген ерітінді бойынша жұмыс (10 мин)
ІІІ кезең «Жұмбақ тізбек» Топ болып айналуларды іске асыру (5 мин)
Сергіту кезеңі.(химиялық вальс). (5 мин)
ІV кезең «Кім жылдам» есептер шығару.(10 мин)
Бекіту,бағалау. (2 мин.)
| № | Мұғалімнің іс-әрекеті. | Оқушының іс-әрекеті. |
| 1 | Ұйымдастыру (топқа бөлу, топ қызметін анықтау, ынтымақтастық атмосферасын құру) | Оқушылар бір біріне жақсы тілектер тілейді. Сыныптағы жағымды эмоциялық ахуал қалыптастырады. |
| 2 | Тақырыпты хабарлап мақсат қою,сабақтың жоспарымен таныстырады. | Дәптерге сабақтың тақырыбын жазып мұқият тыңдайды, жұмысқа дайындалады. |
| 3 | «Кубизм» сратегиясы бойынша. Үй жұмысын тексеру: су, ерітінділер тақырыбы бойынша жұмыс.
| Топ болып жұмыс істейді, қорғайды. |
| 4 | Әр топқа ерітінді беріледі. | Әр топқа берілген заттар бойынша ерітінді жасап, жұмыс істейді. Ерітінді түрін анықтап, тәжірибе жасайды. |
| 5 | Сынып оқушылары жұп болып жұмыс істеуге «Жұмбақ тізбек» тапсырмасын береді. | Оқушылар жұппен жұмыс жасайды және топ болып жұмыстарын салыстырады, дұрыс жауапты тақтаға жазып, басқа топтың жұмысын тексереді. |
| 6 | Сергіту сәтіне «Химиялық вальс» | Әр элементті кеуделеріне жабыстырып, қосылыс түзе вальс билейді. |
| 7 | Жеке жұмыс: есеп шығарып дұрыс жауапты ұсынады. | Есепті шығарып, дұрыс жауабын ұсынады. |
| 8 | Сабақты бекітіп, бағалау. Сабақтың біткенін хабарлап,кімге қандай баға қойғанын айтады, үйге тапсырма. | Жұмыстарын аяқтап дәптерлерін өткізеді. Күнделіктеріне бағаларын қойдырып,үйге тапсырма алады. |
Мұғалім. Амандасады, сабақтың басталғанын хабарлайды. Біз бүгінгі сабақта «Су. Ерітінділер.» тақырыптары бойынша «Мықты химик» деген ойын түріндегі сабақтың мақсаты, ойын шарттарымен таныстыра отырып , келесі сабақта осы аталған тақырыптарға бақылау жұмысы болатынын айтады.
І -кезең «Кубизм» сратегиясы бойынша. Үй жұмысын тексеру: су, ерітінділер тақырыбы бойынша жұмыс.
А) Сипаттау; В) Салыстыру; С) Зерттелуі; Д) Қолданылуы
ІІ кезең «Кім тапқыр» әр топқа берілген заттар бойынша ерітінді жасап, сол ерітінді бойынша толық мағлұмат береді. (5 мин)
ІІІ кезең «Жұмбақ тізбек» Топ болып оқушылар айналуларды іске асырады.
Мұғалім. Слайд бойынша тапсырма (химиялық теңдеулерді аяқтап коэффициент қойып теңестіріп реакция типін анықта)
І топ AI → AI2O3 →AI2(SO4)3→ AI (OH)3 → AI2O3→ AI
ІІ топ N2 →N2O5 → HNO3→ NaNO3 → Na2O→Na
ІІІ топ S →SO3 →H2SO4 → CaSO4 →SO3 → S
ІV топ K → K2O → KOH → K2SO4 → K2O → K
Сергіту кезеңі.(химиялық вальс)
ІV. кезең «Кім жылдам»
Массасы 20 г тұзды 180 г суда еріткенде түзілген ерітіндегі тұздың массалық үлесін тап.
А) 10 % В) 11 % С) 12 % Д)13 %
Натрий хлоридінің массалық үлесі 10 %-тік массасы 400 г ерітіндісін даярлау үшін қажетті тұз бен судың массасын табыңдар.
А) 360 г қант ж\е 40 г су В) 40 г қант ж\е 360 г су
С) 350 г қант ж\е 50 г су Д) 50г қант ж\е 350 г су
Көлемі 2 л (қ.ж) метанды (СН4) айырғанда сутектің қандай көлемі түзіледі?
А) 4 л В) 5 л С) 6 л Д)7л
СаO оксидінің құрамындағы оттегінің массалық үлесін тап;
А) 26,2% В) 26,5% С) 28,6% Д)28,5%
15 г кальций карбонаты (СаСО3)айырылғанда неше грамм кальций оксиді түзіледі?
А) 8,2г В) 8,21г С) 8,4г Д)8,6г
Зат мөлшері 3,7 моль сутектің көлемі (қ.ж) неше литр болады?
А) 85,6л В)8 5,7 л С) 8,8л Д)82,9 л
Реакция нәтижесінде 45.13 кДж жылу бөлінді. 20 г натрий оксиді түзілу үшін қанша жылу түзілді?
А) 15,25 кДж В) 16,25 кДж С) 14,56 кДж Д)59,28кДж
Зат мөлшері 1,5 моль хлордың көлемі (қ.ж) неше литр болады?
А) 56,5л В) 33,6 л С) 58,4л Д)59 л
NH3 газының сутегімен және ауамен салыстырғандағы тығыздығын анықта.
А) 2,3 және 1,51 В) 8.5 және 0,586 С) 5,8 және 5,56 Д)5,2 және 4,53
Заттың 300г 25%-дық және 400г 40%–дық ерітінділерін араластырғанда алынған ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесін анықтаңыз .
А) 33,6% В) 34,5% С) 35,6% Д)36,5%
Жауаптары:
| № | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
| Дұрыс жауап | А | В | А | С | С | Д | С | В | В | А |
Бағалау: Әр топтың бағалары есептеліп, көп ұпай жинаған топ мадақталады.
Үйге тапсырма беру: Әр топтың бағалары есептеліп,оқушылар бағаланды.
Үйге тапсырма: «Су. Ерітінділер» тарауы бойынша қайталау. ЕЖ. 2.14-2.22 есептерді шығару.
Оқушылар әр түрлі жұмыс формаларын орындау кезінде алған бағаларын өзін-өзі бағалау парағына қояды.
Топтың бағалау парағы парағы
|
| Топ мүшелерінің аты – жөні | «Кубизм стратегиясы» топтық жұмыс | Тәжірибелік бөлім | Өзгеріс орындау | Есептер | Қорытынды | ||||||||||
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
| ||||||
| 1 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
| |
| 2 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
| |
| 3 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
| |
| 4 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
| |
| 5 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
| |
Өзін - өзі бағалау
| № | Бүгін сабақта | Өзіме қойған бағам | Қиындықтар кездесті | Ескерту |
| 1 | Өз ойымды толық жеткізе алдым |
|
|
|
| 2 | Алған білімді практикада қолдана алдым; |
|
|
|
| 3 | Химиялық тілді дұрыс қолдандым |
|
|
|
| 4 | Реакция теңдеулерін жаза білдім |
|
|
|
| 5 | Заңдылықтарды сандық есептерде қолдана білдім |
|
|
|
Мұғалім . Сабақты бекітіп барлық оқушыларды бағалайды. Балалар бүгінгі сабақта әркім өз білімінің қандай дәрежеде екенін көрді ,келесі сабақта бақылау жұмысы болады сондықтан өзің білмейтін немесе ұмытып қала беретін тақырыпты қайталап, қосымша сабақта қараймыз..
Мұғалім .
Сау болыңдар,бүгінгі сабаққа рахмет!.


Су. Ерітінділер тарауын қорытындылау (32.47 KB)

