Кіші олимпиада ойындары.
Мақсаты: Бұл жарыстың мақсаты – болашақ олимпиада чемпиондарын дайындау.
Балаларды олимпиадалық қозғалыстың тууымен, Олимпиада ойындарының рәміздерімен, әлем құрлықтарын таныстыру. Қозғалыстың негізгі түрлерін орындау дағдыларын бәсекелік түрде жетілдіру. Достық сезімін тәрбиелеу, өзара көмек және жауапкершілікті дамыту.
Спортшылар өздерін шын бәсекеде сынап көреді, жеңіске ұмтылады. Үлкен олимпиада ойындарына бастар жол осындай жарыстардан басталады. Жас спортшылар шыңдалып, мол тәжірбие жинайтынына сенімдімін. Бәсеке адал өту керек.
Нұсқаушы: Сәлеметсіздер ме кұрметті қонақтар, тәрбиешілер және балалар бүгін мен сіздерге олимпиада ойындары туралы түсінік бергім келеді және ересек топтар арасында жарыс өткіземін.
Ал, олимпиада ойындары дегеніміз не? Жазғы Олимпи́ада ойындары (ресми Олимпиада ойындары) — Халықаралық олимпиада комитетінің эгидасымен, 4 жылда бір рет өтетін жазғы және барлық маусымдық спорт түрлерінен орасан зор халықаралық жарыстар. Ойындар 1896 жылдан бастап өткізіледі.
«Алғашқы Олимпиада ойындары ежелгі Грецияда, Олимпия қаласында өткізілді содан Олимпиада ойындары деп аталып кеті. Ежелгі Грецияда адамдар көп шайқасып соғысқан.Бір күні грекия патшасы Эфрит ақсақалдан сұрайды: «Менің халқымды соғыстан қорғау үшін не істей аламын?»- деген сұрақ қойды. Ақсақал оған достық қарым-қатынас жасайтын спорттық ойындар өткізуді ұсынды. Грецияның адамдары спортты жақсы көрді және осы шешіммен келісті. Сол уақыттан бері Олимпиада ойындары әр төрт жылда бір рет өтетін болған. Ойындар кезінде барлық соғыстар тоқтатылып, қару ұстауға жол берілмеді және «қасиетті татуласу» жарияланды.
Жазғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына 28 спорт түрлері кіреді.
|
|
|
|
Біраз уақыттан кейін, Олимпиада рәміздері пайда болды: Туы және Олимпиада алауы. Оларсыз бірде-бір Олимпиада болмады.
Міне, мынау олимпиада жалауы.
Олимпиадалық жалау - бес құрлықтың спортшыларының достық символы - бес сақина бейнеленген ақ түсті баннер.
• Еуропа (көк сақина);
• Азия (сары);
• Австралия (жасыл);
• Америка (қызыл);
• Африка (қара).
Ал мынау олимпиада алауы
Олимпиада алауын олимпиада ойындары өткізілетін қалада әртүрлі спортшылар бір-біріне тапсырады. Осы алаудан отты үлкен ыдысқа тұтатады.
Ал, бүгін біз балабақшамызда «кіші жазғы олимпиада ойындарын» өткіземіз.
Кез-келген спорттық жарыс ҚР-ның ән ұранымен басталады. (Ән ұран ойнайды)
Бүгінгі жарысты бақылап, әділ шешім қабылдайтын әділ- қазылар алқасымен таныстырып өтейін.
1) .............................
2).................................
3)............................
Ортаға спортшыларды шақырамын.(Орындарына тұрғызады) Қазір, сендер жаңа айтып кеткен олимпиада алауын жағатын боласындар, дайынсындар ма? Онда бастайық.
1-ші эстафета: «Олимпиада алауы»
2-ші эстафета: «Үлкен теннис»
3-ші эстафета: «Жеңіл атлетика»
4-ші эстафета: «Садақтан ату»
5-ші эстафета: «Спорттық гимнастика»
6-ші эстафета: «Көгалдағы хоккей»
Міне, жарайсындар, эстафетамыз да аяқталып қалды, ал енді әділ- қазылардың шешімі дайын болғанша біз би билеп алайық. (Сергіту сәті)
Әділ қазылар алқасы дайын, енді марапаттау рәсіміне көшейік. (Балалар мадақтама қағазымен, медальмен марапатталады.)
Міне, жеңімпазымыз да анықталды, осымен «кіші олимпиада ойындары» аяқталды , біздің балабақшамыздан шыққан балалар болашақта олимпиада чемпиондары атансын, қазақ елінің мақтанышы болуына тілектеспін, сау болындар..