Меню
Разработки
Разработки  /  Дошкольное образование  /  Мероприятия  /  Дошкольникам  /  Сценарий "шынығайық, балақай!"

Сценарий "шынығайық, балақай!"

СРОТТЫҚ МЕРЕКЕ СЦЕНАРИІ, ДАЯРЛЫҚ ТОПТАРЫНА АРНАЛҒАН.

14.07.2017

Содержимое разработки

Спорттық ойын-сауық.
Тақырыбы: « Шынығайық, балақай! »

Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларды салауатты өмір сүруге қызығушылығын арттыру. Спортпен айналасудағы әртүрлі дене шынықтыру жаттығуларының әдістерін үйрену, оларды қолдану. Салыстыру арқылы балалардың ой-өрісін дамыту. Ата-аналардың балабақшамен тығыз байланысын дұрыс жолға қою және ойындарға ата-аналардың белсене қатысып, ынтымақтаса жүргізілген жұмыстың нәтижелі болатындығын көз жеткізу.
Іс – шараға қажетті құралдар: доп, жалау, маскалар, орамал, арқан.

Барысы:
Спорт залына марш сазымен топтың балалары екі қатарға бір-біріне қарама-қарсы тізіліп тұрды.(бір топтың балалары – жасыл киімде, екінші топтың балалары – сары киімде)
Жүргізуші: Бүгінгі эстафеталық жарысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасын таныстырып өтуді рұқсат етіңіздер.


Жүргізуші: Бүгін екі топ жарысқа түседі. «Мергендер», «Жүйріктер»
Эстафеталық жарысымыз 3 бөлімнен тұрады:
1 бөлім – «Таныстыру»
2 бөлім – «Жарыс түрлері»
3 бөлім – «Қимылды ойын»

«Мергендер»
Мерген, мерген, мергенбіз,
Бәрін көздеп жеңгенбіз.

«Жүйріктер»
Топты бастап жүретін,
Жүйріктерміз біз алды.
Жеңісті қолдан бермейтін
Жүйріктерміз біз мықты.

Жүргізуші: Ал, қане бір-бірімізді қостаймыз
Бүгінгі жарысымызды бастаймыз.
1.Эстафеталық ойын: «Жалауды тез жеткіз»
Әр топтан 4 баладан шығады. Балалар жалауды ұстап кеглилердің арасынан жүгіреді, ата-аналар шармен секіріп барып қайтады.

2.Қимылды ойын: «Арқаннан секіру»

3.Эстафеталық ойын: «Әтештер сайысы»
Әр командадан 2ұл, 2қыз баладан шығады. 2 кіші шеңбердегі балалар бір-бірімен күш сынасады.

4 ойын: «Орамал тастамақ»

5.«Жүйрік ат»
Әр командадан 5 баладан шығады. Балалар үлкен доппен секіріп барып, жүгіріп қайтады. Ата-аналар кіші допты аяқтың арасынан қысып секіріп барып шелекке лақтырып дәлдеп түсіреді.

6.«Сиқырлы доптар»

Жүргізуші:Бүгін міне оң болып бәріміз жоғары боп күш – жігер намысымыз осылайша қуанышпен думандатып аяқталды халайық жарысымыз. Сөз кезегін әділқазыларға береміз.
Құттықтап, ата-аналарды «Алғыс хатпен» марапаттау.

Жүргізуші: Осылайша жарыс жолын тартамыз
Барлығымыз көңілді қайтамыз
Балаларды шынықтырған, жаттықтырған
Жаттықтырушы апайға рахметімізді айтамыз!

-80%
Курсы повышения квалификации

Основы тайм-менеджмента. Эффективное управление временем

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Сценарий "шынығайық, балақай!" (14.35 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт