9 -сынып.
Бақылау жұмысы №1
1-нұсқа
Ұзындығы 100 м еңісті шаңғышы 20 с ішінде 0,3 м/с2үдеумен жүріп өтті. Еңістің басында және соңындағы шаңғышының жылдамдығы қандай?
Массасы 0,5 кг доп 0,02 с созылған соққыдан кейін 10 м/с жылдамдық алады. Соққының күшін тап.
Периоды 13,5 с, ал өзен бетіндегі толқын ұзындығы 300 м болатын толқынның таралу жылдамдығы неге тең болады?
Дененің импульсі 8 кг м/с, ал кинетикалық энергиясы 16 Дж. Дененің массасы мен жылдамдығын табыңдар.
Дененің импульсі 10 кг·м/с, ал кинетикалық энергиясы 20 Дж. Дененің жылдамдығын тап.
2-нұсқа
Поезд еңіспен қозғала отырып, 20 с ішінде 340 м жол жүрді, 19 м/с-қа дейін жылдамдығын арттырды. Поезд қандай үдеумен қозғалды және еңістің басындағы жылдамдығы қандай еді?
Диаметрі 400 мм дискілі араның тістерінің шетіндегі сызықтық жылдамдығы 12,56 м/с. Араның бұрыштық жылдамдығын, айналу периоды мен жиілілін анықта.
Массасы 12 кг тақтай горизонталь жазықтықта орналасқан. Тақтай бетінде массасы 3 кг білеуше жатыр. Тақтай мен білеуше арасындағы үйкеліс коэффициенті 0,2. Білеуше тақтай бетінен сырғанауы үшін тақтайға қандай ең аз горизонталь күш жұмсау керек?
Жиілігі 440 Гц камертон 5 с ішінде қанша тербеліс жасайды?
Дененің импульсі 10 кг·м/с, ал кинетикалық энергиясы 20 Дж. Дененің жылдамдығын тап.
I .