Қысқа мерзімді жоспар
Тарих пәнінің мұғалімі Байгамысова Б.А.
|
Пәні: Қазақстан тарихы |
Күні: 22.02.2017 Класс: 9 «Б» |
| |
| Сабақтың тақырыбы: | §33. Саяси қысым жағдайында. | ||
| Сабақтың мақсаты: | -Коммунистік партия билеген тұста Қазақстан лагерлер өлкесіне айналып, онда жазықсыз адамдардың жазаланып, азап шеккендігі, «Хрущев жылымығы» деп аталған кезең, ұлт зиялыларының қайта қудалануы туралы баяндау. -Әділетсіздікке төзбеуге, халық арасынан шыққан ұлы тұлғаларды қадірлей білуге тәрбиелеу. | ||
| Негізгі мақсаттар: | -оқушыны өз бетімен қорытынды жасап, құбылыстарды салыстыра, айырмашылығын ажырата білуге үйрету. -топтық жұмысқа жұмылдыру; -өзін-өзі бағалауға немесе өзара бағалауға ынталандыру | ||
| Оқыту нәтижелері: | -оқушылардың ой-өрісі кеңейіп,таным қабілеті артады; -топпен жұмыс істеуге дағдыланады; -сыни ойлауға талпынады; -ұлт зиялыларын қудалау, ату арқылы халқымыздың ақыл-ойын тежемек болған тоталитарлық жүйені әшкерелеу. | ||
| Сабақтың әдіс-тәсілі: | Топтық жұмыс,Блум таксономиясы, Жигсо І, бес жолды өлең, венн диаграммасы, шығармашылық жұмыс,формативті бағалау. | ||
| Сабақтың көрнекілігі | Интерактивті тақта,маркер,оқулық,стикер ,парақтар, презентация. | ||
| Модульді кіріктіру |
Сыни тұрғысынан ойлау, | ||
|
Кезең |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті | |
| Білу Мақсаты: Өткен сабақ бойынша алған білімдерін нақтылау 5 мин. 2 мин
| 1.Үй тапсырмасын тексеру, тест арқылы
Жұппен тексеру 1,2,3,4 номерлер арқылы топқа бөлу. | Интерактивті тақтада үй тапсырмасы бойынша тест сұрақтарына жауап береді. 10 сұрақ.
Бағалау парақшасына бағаларын қояды. | |
| Түсіну Мақсаты:
Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін қадағалау
7 мин | «Мағынаны тану» кезеңі Тақырыпты 4 бөлікке бөліп, оқушыларға оқу тапсырылады.
| Оқып болған соң, үй тобына оралып, кезекпен оқығанын түсіндіреді. | |
| Қолдану Мақсаты: Алған теориялық білімді практикада қолдана білу
5 мин | 1-топ: Ұлт зиялыларын қудалаудың жаңа толқыны. 2-топ: Осы репрессиялардың себебі. 3-топ: Репрессияның зардаптары. 4-топ: Хрущев жылымығы. | Берілген сұраққа жауап бере отырып оқушылар постер немесе кластер құрастырады. Ортаға шығып өз жұмыстарын қорғайды. | |
| Талдау Мақсаты: Оқушының қиялдау дағдыларын жетілдіру
10 мин |
«Ойтолғаныс» кезеңі «Бес жолды» өлең құрау | Бірнеше оқушының жауабын тыңдау. Басқа оқушылардың жазғанын дәптерден тексеру. | |
| Жинақтау Мақсаты: Оқушылардың салыстыру және ажырата алуын қадағалау 5 мин | Венн диаграммасы 1937-1938жж репрессия мен 1946ж репрессияның ұқсастығы мен айырмашылығы.
| Оқушылар «Венн диаграммасы» арқылы соғысқа дейінгі және соғыстан кейінгі репрессиялардың ортақ қасиеттері мен айырмашылықтарын ажыратып айтады. | |
| Бағалау Мақсаты: Алған білімдерін саралау 3 мин | Осы репрессияларға бір сөзбен баға беріңдер. |
Оқушылар топ болып бірін-бірі бағалайды; мұғалімнің қорытынды бағасы | |
| Рефлексия 2 мин | Бүгінгі тақырыпты қаншалықты түсіндіңдер? | Стикерге өз ойларын жазып,плакатқа іледі | |
| Орындауға берілген тапсырма | §33, 139-142 бет. Оқу, конспект жазу. |
Үй тапсырмасын орындайды | |


§33. Саяси қысым жағдайында. (31.19 KB)

