Меню
Разработки
Разработки  /  Начальные классы  /  Планирование  /  2 класс  /  Сөз таптары. Баяндауыш

Сөз таптары. Баяндауыш

07.02.2020

Содержимое разработки

Бекітемін:___________ Күні:__________

Сабақтың тақырыбы: Баяндауыш.
Сабақтың мақсаттары:
1.Білімділік:
 Оқушыларға тұрлаулы мүшелерді ажырату, атқаратын қызметіне түсінік беру. Баяндауыш туралы ұғымдарын кеңейту.
2.Дамытушылық: Өзіндік қорытынды жасай білуге, ізденуге үйрете отырып сөйлеу тілін, шығармашылық қабілетін, ойлауын дамыту.
3.Тәрбиелік: Оқушыларды қауымдасып жұмыс істеуге, бірінің пікірін бірі зер салып тыңдауға, құрметтеуге, әдепті, батыл сөйлеуге, дәптерді ұқыпты ұстай отырып, көркем жазуға тәрбиелеу
Сабақ түрі: аралас
Сабақ типі: жаңа сабақ
Пәнаралық байланыс: Математика
Қолданған әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, талдау, , түсіндіру, әңгімелеу, суретпен жұмыс, карточкамен жұмыс, кітаппен жұмыс.
Көрнекілігі:Тудың суреті, 4жыл мезгілінің суреті, қима қағаздар, 
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.
 «Миға шабуыл»

1. Күннің шығуы ...

2. Мектептегі 40 минут ...

3. Мемлекеттің бас қаласы ...

4. Күшіңе сенбе, ...

5. Денсаулық ...

Сабақтың ұраны: Қазақ тілім – өз тілім, дана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым қазақ тілім.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру:
Бүгін балалар, бізде ерекше күн ашық сабақ қазақ тілі пәнінен. Сондықтан өз білгендерімізді көрсетейік.
Кезекші үйге қандай тапсырма берілді?
- 34 жаттығу. Сурет бойынша сөйлем құрату.(1 - 2 сөйлемді оқытып, бастауышын тапқызу).
Сұрақтар арқылы өткенді пысықтау

1 .Сөйлем дегеніміз не?

2. Сөйлемнің қандай түрлерін білеміз?

3. Сөйлем мүшесі дегеніміз не?

4. Қандай сөйлем мүшелерін білеміз?

5.Бастауыш дегеніміз не?

6.Сұрақтары

ІІІ Сабақтың тақырыбын,мақсатын хабарлау.

  • Бүгінгі біздің өтетін жаңа тақырыбымыз Баяндауыш екен.
    Сөйлем құрату.
    - Бұл сөйлемнің бастауышы қай сөз. Осы бастауыштың қимылын, іс - әрекетін білдіріп тұрған сөзді атайықшы.
    Оқушыларға ережемен таныстырып өтемін.

ІV Жаңа сабақ

Бастауыштың ісін,қимылын білдіретін сөздерді баяндауыш дейді. Баяндауышқа не істеді?,неғылды?,қайтті? деген сұрақтар қойылады. Бастауыш бір сызықпен, баяндауыш екі сызықпен сызылады
1.
Ой қозғау сұрағы:
1)3*3 6)2*7

2)4*5 7)3*4

3)2*8 8)2*5

4)3*5 9)3*7

21

9

16

18

15

10

20

14

12

Ш

Б

Я

Д

Н

Ы

А

А

У

5)3*6



Сөздерден сөйлем құрастыру. Бастауыш, баяндауыштарын табу

Күн бұлттанды. Түн ұзарды. Динара қуанды. Ұшақ биікке көтерілді. Мұғалім сыныпқа кірді. Арман кітапханаға барды.


35-жаттығуда берілген өлеңді мәнерлеп оқиық.
2.Оқулықпен жұмыс.
Өлеңді талдау. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қойғызып, бастауышқа қатысы бар екенін аңғарту.
3.Дәптермен жұмыс.
Көркем жазу, әдемі тік етіп жазғызу.


36- жаттығу.

Тырс-тырс! Тырс-тырс!

Жаңбыр кеп жауады, Жапырақ жылайды,

Тамшылар тамады. Жардан су құлайды.

Қарамен жазылған сөздердің астын сызып,оларға сұрақ қою.Қай сөзбен байланысқанын көрсету.
37-жаттығу
(Тақтамен, дәптермен жұмыс. Баяндауыштарға тиісті сөздерді қойып, сөйлем құрату) Аңдар Құстар Оқушы Су
«Семантикалық картамен» жұмыс жасау
39-жаттығуды орындау
Берілген өлеңді мәнерлеп оқыту, түсінгендерін сұрақтар қою арқылы алу. Қимылды білдіретін сөздер қойып жазғызу

V Сабақты бекіту.

«Тест» арқылы.

Оқушыларға тест тапсырмалары таратылады.

 Қорытындылау.
- Сонымен, балалар бүгінгі сабағымызды қорытындылайық.

-Баяндауыш дегеніміз не екен?

-Қандай сұрақтарға жауап береді?

-Баяндауыш сөйлемнің қай мүшесімен байланысады?

VІІ Үйге тапсырма.

39-жаттығу.Ережені жаттау.
VІІІ Оқушылардың жауаптарына қарай бағалау.


-80%
Курсы повышения квалификации

Профилактика нарушения зрения у детей и подростков

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Сөз таптары. Баяндауыш (21.24 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт