Меню
Разработки
Разработки  /  Биология  /  Уроки  /  7 класс  /  Сорғыш құрттар классы

Сорғыш құрттар классы

. Осы сорғыштары арқылы олар иесінің денесіне бекінеді. Сорғыштардың сыртын тегумент (эпителийге сәйкес) қаптап жатады, кірпікшелері болмайды. Денесінің алдыңғы жағындағы аузы эктодермальды жұтқыншаққа, ол жіңішке өңешке жалғасады. Ортаңғы ішек өңештен басталып, артқа қарай созылып, тұйықталған екі тармақтан құралады.

19.04.2018

Содержимое разработки

Күні:

Сыныбы:

Пәні: Биология

Сабақтың тақырыбы: Сорғыш құрттар

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Сорғыш құрттар және оның құрылысы мен паразиттік тіршілігі туралы түсінік беру

Дамытушылық: Сабақтан алған білімдерін дамыту. Тіл, ойлау, есте сақтау қабілеттерін

дамыту.

Тәрбиелік: Гигиенаны сақтауға, аурулардың алдын алуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі: Жаңа сабақ игерту

Сабақтың әдісі: Түсіндірме

Көрнекілігі: слайдтар, интерактивті тақта, видео ролик, сызба, сурет.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.

2. Оқушы назарын сабаққа аудару.

Жеке оқушылармен жұмыс. Үлестірмелі парақтар.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Сиыр цепені – жалпақ таспа құрттардың өкілі.

«Тізбектей сұрау» әдісі: Қойылған сұраққа беріліп жатқан оқушының жауабы кез келген жерінен тоқтатылып, ары қарай басқа оқушының жауап берілуі сұралады. Бұл әдіс оқушылардың зейінін аудару және байқағыштығын дамытуға пайдалы.


Сұрақтар топтамасы:

1.Сиыр цепені жайлы не білесіңдер?

2.Ол қандай жерлерде тіршілік етеді?

3.Оның дене бөліктерін атаңдар?

4.Сиыр цепенінің дене ұзындығы канша?

5.Олар қалай көбейеді?

6.Денесінен тәулігіне қанша жұмыртқа шығарылады?


III. Үй тапсырмасын бекіту


Семантикалық карта


Құрттардың құрылыс ерекшеліктері

Ақ сұлама

Сиыр цепені

Пішіні жалпақ

+

-

Екі жақты симметриялы

+

+

Таспа тәрізді

+

-

Тыныс алу мүшесі

-

-

Дене ұзындығы 4 – 10 м

-

+

Дене ұзындығы 1- 2 см

+

-

Қан тарату жүйесі

-

-

IV. Жаңа сабақ.

«ББҮ» сызба әдісі



Білемін

Білгім келеді

Үйрендім





Дене пішіні жапырақ тәрізді, ұзындығы 1 мм-ден 5 см-ге дейін, араларында 1,5 м-ге жететін түрлері де бар. Денесінің алдыңғы жағында (ауыз) және құрсақ бөлімінде (құрсақ) бір-бірден сорғыштары бар, кластың аты осыған байланысты қойылған. Осы сорғыштары арқылы олар иесінің денесіне бекінеді. Сорғыштардың сыртын тегумент (эпителийге сәйкес) қаптап жатады, кірпікшелері болмайды. Денесінің алдыңғы жағындағы аузы эктодермальды жұтқыншаққа, ол жіңішке өңешке жалғасады. Ортаңғы ішек өңештен басталып, артқа қарай созылып, тұйықталған екі тармақтан құралады. Зәр шығару жүйесі – протонефридиялы. Денесінің ортасында не бүйірінде негізгі түтіктер орналасқан. Олар дененің артқы жағындағы қуыққа, ал ол зәр шығару тесігімен сыртқа ашылады. Тыныс алу және қан айналым жүйелері болмайды. Жүйке жүйесі жұп ми ганглияларынан тұрады. Одан денесінің алдыңғы жағы мен ауыз сорғышына және артқы бөліміне қарай үш жұп ұзына бойы жүйке бағаналары тарайды. Сезім мүшелері өте нашар дамыған. Сорғыштар – адам мен жануарларда трематодоз ауруының қоздырғыштары болып саналады. Мысалы, бауыр сорғыш – мүйізді ірі қара малдар мен қойлардың және адамның бауырында паразиттік тіршілік етеді. Мәтінмен жұмыс

Бұл класқа жататын жәндіктер паразиттік жолмен өмір сүреді. Дене пішіні жалпақ, жапырақ тәрізді. Қоректік денеге сорғыштарымен жабысады. Екі сорғышы болады: біреуі – аузында, екіншісі – бауырында. Осы сорғыштармен қоректік денеге жабысып, бұлшықетті жұтқыншағының сору қимылы арқылы қорегін сорады. Бұлар сондықтан сорғыш құрт деп аталған. Сорғыш құрттың денесінде кірпікшелер болмайды. Негізгі иесінің бауырындағы өт жолында сорғыштарымен бекініп, өтпен қоректенеді. Сондықтан бауырсорғыш деп те аталады. Кірпікше тек дернәсілдерінде ғана болады. Қоректік зат қалдығын шығаратын өзек болмағандықтан, оны аузынан сыртқа шығарады. Көзі де жоқ. Тіршілік әрекеттерінің даму айналымы өте күрделі.

Бауырсорғыш – гермафродит жәндік. Демек бір ағзада аталық та, аналық та жыныс жасушасы болады. Ұрықтанған жұмыртқа бауырдың қантамырлары арқылы ішекке түсіп, одан нәжіспен бірге сыртқа шығады. Жұмыртқаның бірден суға түсуі де, түспеуі де мүмкін. Суға түспегендері одан әрі дами алмайды. Ал суға түскендерінің денесін кірпікшелер қаптап, суда жүзетін дернәсілдерге айналады. Ондай дернәсілдер аралық иесі – кішкене тоспаұлудың денесіне түсе қалса, одан әрі дамып, көбейеді де, келесі ұрпақ үшін тағы бірнеше дернәсілдерге айналады. Ол дернәсілдер тоспаұлу денесінен суға түсіп, құйрықты дернәсілге айналады. Сөйтіп жұмыртқаның құйрықты дернәсілге айналуы 2,5-3 айға созылады. Дернәсілдер бұдан соң құйрығын түсіріп, өсімдік сабағына жабысады. Денесін сірқабақ қаптап, қозғалмайтын күйге, цистаға айналады. Мал су ішкенде немесе су тартылған жердегі циста жабысқан өсімдікпен қоректенсе, циста ішекте жарылып, одан жас бауырсорғыш жетіледі. Ол қантамырлар арқылы – бауырға, одан өт жолына өтеді. Сөйтіп, ересек бауырсорғыш көбею барысында екі иеде өмір сүреді. Ол негізгі иесі – мал, үй хайуанаттары, т.б., кейде адам да, аралық иесі – кіші тоспаұлу денесінде тіршілік етеді.

Видео ролик

V. Жаңа сабақты бекіту

а) Анаграмма

1.б у р а ы ғ о р ы ш с – бауырсорғыш

2. г е м р а ф р о т и д – гермафродит

3. қ т а р ұ р т – құрттар

4. л ч и и к н а- личинка

5. г м е л ь и н о л о т и я г - гельминтология

ә) Венн диаграммасы

бауырсорғыш

Сиыр цепені











VІ. Бағалау

VІІ. Үйге тапсырма беру

§ 14 Сорғыш құрттар оқу, қосымша ақпарат іздеп келу.



-75%
Курсы повышения квалификации

Активизация основных видов деятельности на уроках биологии в условиях реализации ФГОС

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Сорғыш құрттар классы (24.45 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт