Сыныбы: 2«г»
Күні: 01.12.2015
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем.
Сабақтың мақсаты: Балаларға сөйлем туралы түсінік беру. Суретке қарап сөйлем құрау. Оқушының ой-өрісін, тіл байлығын дамыту.
Қолданатын көрнекі құралдар: Сюжетті суреттер, айна.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Сабақ мазмұны:
Оқушы назарын сабаққа аудару.
Жұмбақ шешу. Жұмбақтың жауабын тауып сол сөздерге сөйлем құрастыру.
Көк ала костюм киеді
Күннің көзін сүйеді
(Қарбыз)
Аспай піскен
Қайнамай түскен
(жеміс)
-Мен қарбыз жедім.
-Күзде жемістер піседі.
ІІІ. «Кім шапшаң сөйлем құрайды?»
Айна, қалам, машина сөздеріне
-Мен айнаға қарадым.
-Менде қалам бар.
ІV. «Артикуляциялық жаттығу:
«Түтікше» жалпақ тілді ауыз қуысынан шығарып, бүйірлерін жоғары көтеріп, түтікшеге ұқсатып ұстап тұру керек.
«Сағат» жіңішке тілді ауыз қуысынан шығарып оңға, солға қимылдату керек.
«Саңырауқұлақ» ауызды кең ашып, тіл ұшын таңдайға жабыстырып ұстап тұру керек.
V.Сергіту сәті:
Солға, солға түзу тұр
Оңға, оңға түзу тұр
Алға қарай бір адым
Артқа қарай бір адым
Жоғары, төмен қарайық
VІ.Тыныс белгілерін қойып, мұнда неше сөйлем бар екенін анықта.
Қайрат-оқуға ынталы бала ол сабақтан кешігуді білмейді оқулықтарын таза ұстайды сабақтан кейін апасына көмектеседі ол қарындасын далада ойнатады.
VІІ.Қорытындылау

Сөйлемдердің жазылуы (31.66 KB)

