23.05.2016ж.
Білім беру саласы: Қатынас.
Бөлімі:Тіл дамыту .
Тақырыбы:Сипаты бойынша таны.
Мақсаты:Ойыншықты сипаттау арқылы қысқа әңгіме құрастыра білуге үйрету.Ойыншықтарды сипаттату арқылы сөздік қорларын толықтыру.Ойыншықтарды күтіп,ұқыпты,таза ұстауға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс:балапан,сиыр,мысық,тауық.
Керекті құралдар: Демонстрациялық құрал,суреттер,жұмыс дәптері.
| Іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
| Мотивациялық қозғаушы:
Іздену – ұйымдастырушы:
Рефлексиялық-түетушілік:
| Шаттық шеңбері . Достарды біз қолдаймыз, Қиын шақта қорғаймыз. Біздің топта ұл қыздар Тату-тәтті ойнаймыз.
-Балалар,жол-жөнекей сандық тауып алдым,ашайын десем ашылмайды,оны ашу үшін жұмбақтарды шешу керек. Тікірейіп құлағы, Менен бұрын тұрады. Бойын жазып керіліп, Беті қолын жуады. Жауабы:мысық. Сергіту сәті: Күндей болып күлеміз, Гүлдей болып өсеміз. Құстай болып ұшамыз, Көбелектей қонамыз. Мысықтың суретін көрсету.Оны сипаттау,қайталау,мысықтың баласы-марғау туралы айтып өту. -Жұмыртқаны жарып шыққан батыр,сап-сары,үлпілдек жүнді. Бұл не?Сипаттаңдар.
Дәптермен жұмыс:.әңгіме бойынша сөйлесу.
-Жаңа сөзді,Телефон ойыны арқылы қайталату.Шарты:Балапан сөзін шеңбер бойымен бір-бірінің құлағына сыбырлау арқылы,ең соңғы баладан қандай сөз естігендігін сұрау. Ғ дыбысына жаттығу орындау. Ба-ба-ба-балапан. Бұғ-бұғ-бұғ-бұғы. Қағ-қағ-қағ-қағаз Сұрақ-жауап. Балалардың жауабын тыңдап қорытындылау. |
Өлең шумақтарына қосылып қимыл-қозғалысын жасайды. .
Педагогтің көмегімен жауап береді.
-Шешуі:мысық.Мысықты сипаттайды.
Қимыл жасайды.
-Балапан. Балапанды сипаттайды.
Дыбысқа арналған жаттығуды орындайды. |
Күтілетін нәтиже: белсенділік таныту.
Білуі керек: Балапан жайлы айту.
Білді: ерекшеліктерін есте сақтап,әңгімелеп айтуды.
Біледі:еңбекті сыйлау керек екендігін.

Сипаты бойынша таны (18.65 KB)

