Алматы облысы,Сарқан ауданы,Сарқан қаласы.Н.Островский атындағы гуманитарлық экономикалық мектеп-лицейі мектепке дейінгі шағын орталығымен мемлекеттік мекемесі.
Пән мұғалімі: Темірбекқызы Меруерт.Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі.
Сабақтың тақырыбы: “Синтаксис. Сөз тіркесі туралы түсінік” .
Сыныбы: 7 «ә» сынып
Сабақтың мақсаты: Синтаксис сөзі грек тілінен аударғанда құрастыру, біріктіру сөзі екенін, сөздердің бір - бірімен грамматикалық байланысқа түсіп, сөйлем құрай алатынын түсіндіру.
Білімділік: сөйлем құрамындағы сөздердің өзара грамматика лық байланысына негізделетінін білу, сөздердің бір - бірімен әр түрлі тұлғада байланысатынын, олардың түрлері туралы толық түсінік беру;
Дамытушылық: ойлау, есте сақтау, өз ойын ашық айту, мәдениетті сөйлеу дағдысын дамыту, сабаққа белсене қатысу
Тәрбиелік: Бірін - бірі тыңдауға, өзара көмек, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдіс - тәсілдер: «Сұрақ менен,жауап сенен», «Polyglot» ойыны жеке жұмыс, ой қозғау т. б
Көрнекілігі: тірек сызбалар, үлестірме қағаздар, тест, слайд
С А Б А Қ Т Ы Ң Б А Р Ы С Ы
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушылармен сәлемдесу
Ә) Сынып оқушыларын түгендеу
Б) Сабаққа дайындықтарын тексеру.
В)Топқа бөлу.Түрлі түсті асықтар арқылы топқа бөлу.Оқушылар бүгінгі біздің сабағымыз жарыс түрінде өтеді.Сабақтың соңында жеңген топқа арнайы сыйлығымыз бар.
ІІ. Білімдерін бекіту
«Сұрақ менен, жауап сенен» ойыны. Тез арада кім қанша сұраққа жауап береді?
Етістіктің 4 шағы бар? Ия , жоқ себебі
Райдың 6 түрі бар? Ия , жоқ себебі
“Ып,іп,п” көсемшенің жұрнақтары? Ия , жоқ себебі
Көсемшенің түрленуі дегеніміз тұрлаусыз мүшелер? Ия, жоқ себебі
“Маған кітабымды акеліп берші”Бұл сөйлемде шартты рай:
ия жоқ себебі
Егер ол келсе,біз қалаға барамыз егер келмейтін жағдай болса онда осында қала береміз. Бұл сөйлем ашық рай: ия жоқ себебі
“Мен Астанага барғым келеді,бірақ үйдегі анам жібермейді” бұл сөйлем өткен шақта тұр? ия жоқ себебі
ІІІ. Жаңа сабақтың мақсатын қою
1. Синтаксис ұғымының мағынасын ашу
2. Синтаксистің грамматикалық салалары
3. Сөз тіркесі синтаксисі
4. Етістік сөз тіркесі
5. Есімді сөз тіркесі
ІҮ. Жаңа сабаққа көшу кезеңі
Еркебұлан қазір төрінде ақ отаудың жалғыз отыр. (сөйлемді ретке келтіру керек)
Дұрыс жауабы: Қазір Еркебұлан ақ отаудың төрінде жалғыз отыр.
Сөйлем ішіндегі сөз тіркестері:
1. Еркебұлан отыр.
2. Жалғыз отыр.
3. Ақ отаудың төрінде отыр.
4. Ақ отаудың төрінде
5. Қазір отыр.
Жаңа сабақты түсіндіру.
Синтаксис (гректің « құру, біріктіру» ) – сөз тіркесі мен сөйлемнің құрылысын қарастыратын грамматиканың саласы. Сөйлем – ойды білдіретін тілдің ең кішкене бөлшегі.
СИНТАКСИС
| СӨЗ ТІРКЕСІ СИНТАКСИСІ | СӨЙЛЕМ СИНТАКСИСІ | ||
| Етістікті сөз тіркесі | Есімді сөз тіркесі | Жай сөйлем | Құрмалас сөйлем |
|
|
|
|
|
Айырмашылықтарын тауып, ереже шығару
Сөз тіркесінің айрықша белгілері:
1. Кем дегенде толық мағыналы екі сөзден тұрады.
2. Өзара грамматикалық тәсілдер арқылы бірі екіншісіне бағына байланысады.
3. Зат құбылыс жайында кеңірек, нақтылы түсінік береді.
4. Сөз тіркесінің басыңқы, бағыныңқы сыңары болады.
5. Сөз тіркестерінен сөйлем жасалады.
Тірек сызбалардан сөз тіркесін түсіндіру.

Ү. Түсінгендерін тексеру кезеңі
Әр сөз тіркесіне 3 мысалдан жазу.
| Есімді тіркес
| Етістікті тіркес |
Жаттығумен жұмыс
| 207 - жаттығу. Мәтін ішінен сөз тіркестерін жасау.Басыңқы сыңарын,бағыңқы сыңарын айту. Кемінде 3 сөйлемнен сөз тіркестерін жасау. | 208 – жаттығу. Мәтінді түсініп оқу. Сөз тіркесін жасау.Есімді етістікті сөз тіркестерін теріп жазу.Бағыңқы басыңқы сыңарларын ажырату қай сөз табынан. Кемінде 3 сөйлемнен сөз тіркестерін жасау. | 209-жаттығу. Мәтінді түсініп оқу. Сөз тіркесін жасау.Есімді етістікті сөз тіркестерін теріп жазу.Кемінде 3 сөйлемнен сөз тіркестерін жасау. |
Сергіту сәті:
“Polyglot!” ойыны!
Құрметті оқушылар! Елбасы жолдауында тілдердің 3 тұғырлығы жөніндегі мәдени жобасын ұсынған болатын.Тілдерді қалай меңгергендіктеріңізді байқап көрейік”
Ойын шарты:Жауапты үш тілде айту керек. Орыс тілінде жауап берсе 1 ұпай.Ал ағылшын тілінде жауап берсе 2 ұпай алады. Қазақ тілінде қанша әріп бар:
Заттың сынын,сапасын білдіретін сөз табы?
Екі адамның бір бірімен сөйлесуі?
“Жаман” сөзінің антонимі?
Заттың санын,ретін білдіретін сөз табы?
Біз одан жаңалықтар,ақпараттар аламыз ол не???
“Тұрады ылғи сөреде,іші толы өнеге” ол ....?
Сен отырған нәрсе ол..............?
Аспанда жымың қаққан,таң атарда жоқ нәрсе.....ол??
Ақпан айынан кейінгі ай???
Деңгейлік тапсырма.
А – «Менің жетістігім» тақырыбына мәтін жазу.Есімді етістікті сөз тіркестерін қолдану.
В – Есімді тіркестер,етістікті тіркестер жазу бағыңқы басыңқы сыңарын ажырату.
С –Етістікті тіркестер жазу.Бағыңқы басыңқы сыңарын табу.
«Ойлан тап» .
| Мысал | Есімді сөз тіркесі | Етістікті сөз тіркесі |
| Ағаш ат |
|
|
| Үйге барды |
|
|
| Көпшіліктің ойы |
|
|
| Он қалам |
|
|
| Қарап тұру |
|
|
| Жасыл шөп |
|
|
| Боталы түйе |
|
|
ҮІ. Сабақты қорытындылау
Тест жұмысын интерактивті тақтадан көрсетемін. Сұрақтарға бір - бірден тұрып жауап беріп, бүгінгі сабақтан алған білімдерін қорытындылайды.
Топ басшылары ұпай санын есептейді.Жеңімпаз топтарды мараппатау.Сыйлықтар беру.
«5» 20-25 ұпай.
«4» 17-20 ұпай.
«3» 15-17 ұпай.
ҮІІ. Үйге тапсырма
210-жаттығу.Есімді сөз тіркесін,етістікті сөз тіркесін теріп жазу.Бағыңқы сыңарын басыңқы сыңарын ажыратып жазу.
«Менің айналысатын сүйікті ісім» тақырыбына мәтін жазу. Сөз тіркесін тауып, есімді тіркес пе әлде етістікті тіркес пе екенін ажыратып келу.
Рефлекция


Синтаксис.С?з тіркесі (408.5 KB)

