Күні:_________________ Мұғалім: Байгабулова Р.С. Оқу ісінің орынбасары: _________Серікова Л.С.
Пәні: Информатика
Сыныбы: 9А, Ә сынып
Сабақтың тақырыбы: Символдар бойынша жолдарды өңдеу
Сабақтың мақсаты:Символдар мен жолдарды өңдейтін функциялар және процедуралар қызметін қолдану дағдысын қалыптастыру.
Табыс критерийі:
Символдық және жолдық шамалар туралы білімдері артады, оларды ажырата алады.
Функциялар мен процедуралар туралы білім, білік, қолдану дағдысы жетіледі.
Программаныықшам, сапалыжазудағдысы дамиды.
Күтілетін нәтиже:
Программа құруда қадамдар реттілігін сақтау.
Символдық шамалармен жұмыс істей алады.
Өз білімінің деңгейі туралы ой қорытады.
Қолданылатын әдіс тәсілдер:топтық, жұптық, жеке жұмыстар,MyTestбағдарламасы, «Фишбоун» әдісі, «Ішіне-сыртына» әдісі, «Домино» әдісі.
| Сабақ кезеңдері Мақсаты | Уақыт | Мұғалімніңіс-әрекеті | Оқушылардыңіс-әрекеті
| Күтілетін нәтиже
|
| Ұйымдастыру кезеңі | 2 мин | Оқушылармен сәлемдесу. Бүгінгі сабақтық тақырыбы мен табыс критерийлері анықталады. Бағалау критерийлерімен таныстырады. Оқушыларды екі топқа бөледі. | Оқушылар сәлемдеседі. Сабақтың тақырыбы мен табыс критерийімен танысады. Бағалау критерийлерімен келісіп, жұмыс жасайтындарын білдіреді. 2 топқа бөлінеді. |
|
| Білу
Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша білімін бекіту | 3 мин | Кейбір оқушыларға тапсырма: Қалған оқушыларға тапсырма: MyTest программасы арқылыинтерактивті тақтаменсұрақтарға жауап беру керек | С деңгейлі оқушылар орындарында отырып, жауап береді. Ал қалған оқушылар интерактивті тақтамен сұрақтарға жауап береді.
| Өткен сабақтарда алған білімін пысықтайды.
|
| Түсіну
Берілген материалдар арқылы оқушы түсінігінде символдық және жолдық шамалар туралы білімін қалыптастыру | 5 мин | Өткен сабақта паскаль тілінде қолданылатын символдық шамалармен таныстық. Оқушыларға жаңа сабақтың материалдары презентация арқылы беріледі. | Жаңа сабақтың мазмұнымен танысып, тақырыпты қарастыра отырып, топтарында талқылау жүргізеді. | Жаңа сабақтың материалдарын түсінеді, талқылау жүргізеді. |
| Қолдану
Есептерді шешуде жолдық шамалардың функцияларын қолдану арқылы шешу | 10 мин | Жұптық жұмыс Тапсырмаларды орындау
Мысал 1. var s1, s2, s3: string; s1: = ' Бірлігі жоқ ел тозады'; s2:= 'бірлігі күшті ел озады’; s3:=s1+’’+s2; s3мәні неге тең болады? __Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады.__
Мысал 2. s1:='12345'; Шешімі: kl=___5______, k2=___18______.
Мысал 3. s1:='паровоз'; Шешуі: ________воз 34_____________
Мысал 4. Программа үзіндісі: s:='стандарт'; Шешуі: __________старт_______________________________
| Оқушылар жоғарыда қарастырған жаңа тақырыпқа қарай отырып, берілген тапсырмаларды шешіп береді.
| Есепті шешу кезеңдерін сақтай отырып, компьютерсіз есептеу жүргізеді. |
| Талдау
Кестемен жұмыс, фишбоун әдісі арқылы программа құру дағдысын қалыптастыру | 10 мин | Жұптық жұмыс Кестедегі есептердің программасын құрастыру. Соның ішіндегі бір есепті фишбоун әдісіне салу
| Оқушылар кестедегі есептердің программасын құрастырады, фишбоун әдісі бойынша программаның нәтижесін шығарады. | Өз беттерінше программалауды іске асырады. |
| Жинақтау Бүгінгі сабақ бойына қолданған терминдер туралы жұмыс жасау | 7 мин | Жеке жұмыс. Ішіне сыртына әдісі бойынша әр оқушы бүгінгі сабақта алған білімдерін жинақтау Яғни бүгінгі сабақта қолданған терминдерді ішіне, ал басқа терминдерді сыртына жазу. | Оқушылар бұл тақырып бойынша кездескен терминдерін еске түсіріп, ішіне сыртына әдісі арқылы ойларын жинақтайды. | Жалпы іс әрекеттердің маңыздылығын айтылады, ойлары жинақталады. |
| Бағалау Бүгінгі сабақта алған білімдерінің деңгейін анықтау | 3 мин | Сонымен біз бүгін не істедік? Оны білу үшін «ДОМИНО» әдісі арқылы сөздерден сөйлем құрастыру арқылы бүгінгі сабағымызға қатысты мәтінді шығарамыз.
Апострофқа алып жазылатын, бір жолда орналасқан символдар тізбегі – символдар жолы деп аталады. | Адасқан сөздер арқылы бүгінгі сабақтың анықтамасын шығару. | Оқушылардың алған білімдерінің деңгейін анықталады. |
| Үйге тапсырма | 2 мин | Есепті шешу кезеңдерін сақтай отырып, программалау тілінде есепті жазып келу. Есеп.А = «кітапхана», В= «компьютер» жолдық шамалары берілген. Стандартты функцияларды қолдана отырып, «кітап», «ана», «танк», «парта», «тартпа», «рақат», «торт» сөздерін құрайтын программа құрастырыңдар. | Оқушылар үй тапсырмасын түсініп, жазып алады. | Үйге тапсырма беріледі. |
| Рефлексия | 3 мин | Рефлексияны таратады. | ОқушыларЕкі жұлдыз, бір тілек рефлексиясын толтырады. | Бүгінгі сабаққа кері байланыс береді. |




Символдар бойынша жолдарды өңдеу (84.81 KB)

