Ф-УЧ-22
Сабақ жоспарының құрылымы
Оқытушының аты- жөні: Жаркимбекова Алтынай Темиржановна
Пән: Химия
Топ: МТ-16-1
Күні:
Сабақтың тақырыбы: s – элементтерге жалпы сипаттама. Сілтілік металдар. Олардың табиғи қосылыстары
Сабақтың түрі
І.Мақсаты:
Білімділігі: Сілтілік металдардың Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесіндегі орнын қарастыру, металдардың физикалық қасиеттерін қамтамасыз ететін атом құрылысы мен қосылыстары жөнінде түсінік беру.
ә) тәрбиелігі: Студенттердің металдардың құрылысы негізінде олардың физикалық қасиеттерін болжау дағдысын қалыптастыру және теориялық ойлау қабілетін жетілдіру.
б) дамытушылық Студенттерді өз бетінше ізденуге баулу.
II.Сабақтың қолданылатын әдісі мен тәсілдері
III. Құралдар
IV. Күтілетін нәтижелер:
1.студенттер білу керек:
Натрий, калий қасиеттерін сипаттай
Теориялық білімдерін жүйелей
2.студенттер игеру керек:
Есептер мен жаттығуларды өзбетімен шығара білу
3.студенттер меңгеру керек-
Өзгерістер тізбегін, химиялық реакция теңдеулерін жаза білу
Элементтердің биологиялық маңызын білу
V. Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Сабақтың түрі мен типіне байланысты және т.б.
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Химия-chemistry;
Химиялық-chemical;
Металл-metal;
Металдық жылтыр-metallicbrightness;
Жалпыхимиялық қасиеттер- physical general property
Түсті металдар - colour metals;
Қара металдар– black metals;
Сирекметалдар– uncommon metals;
Радиоактивті- radio-active;
Жеңіл – easily;
Ауыр – heavily;
ІІ.Жаңа сабақты түсіндіру.
1. s – элементтер химиялық элементтердің периодтық жүйесінің қай топтарында орналасқан? І және ІІтоптардыңнегізгітопшалары.
2. s – элементтер неліктен s – элементтер деп аталған? Себебі бұл элементтердің сыртқы қабатында s электрондар орналасқан. Олардың пішіні шар тәрізді болады.
3. Оларды қалай атайды? Сілтілік металдар І топта орналасқан және сілтілік жер металдары ІІ топта орналасқан.
4. Топ бойынша олардың иондану энергиясы артады, демек олар электронды оңай беріп жібереді.Иондану энергиясы электртерістілікке кері түсінік. Ме(қ) →Ме(г) металл кристалынан атомға бөліну үшін кететін энергия атомдану энергиясы деп аталады.
Сілтілік металдар – сілтілік аталу себебі олардың сумен әрекеттесіп сілті түзуіне байланысты. Натрий мен калийді таза күйінде ХІХ ғасырда ағылшын химигі Г.Дэви және неміс химигі Р.Бунзен алған. №87 радиоак- тивті франций элементін француз ғалымы М.Пере 1938 жылы анықтап өз отанының құрметіне атаған. 1955 жылы осы элементтің аз мөлшері жасанды жолмен алынған.Табиғатта кең таралған натрий -6, калий -7 орында , ал литий,рубидий және цезий сирек кездесетін элементтер қатарына жатады. Франций жер қыртысына таралмаған.
Физикалық қасиеттері: Сілтілік металдардың металдық кристалл торлары кубтық көлемді орталықтанған сондықтанда олар жеңіл, өте майысқақ болып келеді. Олардың барлығы күмістей ақ түсті, жылу мен электр тогын жақсы өткізеді. Топ бойынша балқу температурасы кемиді.
Химиялық қасиеттері: Сілтілік металдар күшті тотықсыздандыр- ғыштар. Литийден цезийге қарай тотықсыздандырғыштық белсенділігі артады. Сілтілік металдар тікелей барлық бейметалдармен , сумен және қышқылдармен әрекеттеседі.
Натрий, калий металының алынуы
Өнеркәсіпте: электролиздеу әдісі арқылы 1807ж ағылшын ғалымы Г.Дэви алды
2NаСІ→ 2Nа + СІ2
КСІ+ Nа→NаСІ + К (800◦С)
Натрий, калий металының химиялық қасиеті
1.Жалынға әсер ету. Натрий – сары түс береді. Калий – күлгін түс береді
2. Жану реакциясы. 4Nа+О2→2Nа2О 4К+О2→2К2О
3.Бейметалдармен әрек. 2Nа+СІ2→2NаСІ 2К+СІ2→2КСІ
4.Сутекпен әрек. 2Nа+Н2→2NаН 2К+Н2→2КН гидрид түзеді.
5.Сумен әрек. 2Nа+2Н2О→2NаОН+Н2 2К+2Н2О→2КОН+Н2
6.Қышқылдармен әрек. Nа+Н2SО4→Nа2SО4+Н2 К+Н2SО4→К2SО4+Н2
Натрий, калий металының табиғатта таралуы мен қолданылуы
Көбіне қосылыстар түрінде кездеседі.натрий, калий қосылыстары әр түрлі мақсатта қолданылады.
-медицинада
-металлургияда
-транспортта
-органикалық химияда
- адам организмінде
3. Есептер сыры
- Натрий оксиді құрамында натрийдің, калий оксиді құрамында калийдің мөлшері неше пайыз?
- Қанша грамм калий 11,2л хлормен реакцияласады?(қ.ж)
- 9,2 г натрий сумен әрекеттескенде қанша грамм натрий гидроксиді түзіледі?
- шығымы 70%-тік 42,6г натрий сульфаты 70%-тік 41,6г барий хлоридімен қосылғанда түзілетін
тұнбаның массасы қандай?
Табиғатта тек қосылыс күйінде кездеседі. Оларды керосиннің астында немесе жақсы еритін болғандықтан сұйық сынапта сақтайды. Сынаппен амальгама деп аталатын құймалар түзеді. Сілтілік металл иондары жалынның түсін өзгертеді.
Бағалау:
Үйге тапсырма:
Сабақты қортындылау, рефлексия:
Нені қайталадық?, не білдік?, не істей аламыз?
Сабақ ұнады ма? Қандай қиындықтар болды? Себеп?


Сілтілік металл (19.48 KB)

