Қазақстанның физикалық географиясы Бекітемін:
Сабақ № 8 сынып Күні:
Сабақтың тақырыбы |
Шығыс Еуропа жазығы | ||
Сілтеме | Мұғалімге арналған нұсқаулық СТО 51-бет Блум таксономиясы Марта Бронсон(2002ж) өзін-өзі реттеу | ||
Жалпы мақсаттар | Оқушыларға Шығыс Еуропа жазығының физикалық географиялық орнын, маңызын, орналасу ерекшеліктерін меңгерту Атласпен жұмыс жасаудағы білім біліктілігін арттыру, аудандарды салыстыра отырып сараптама жасауға үйрету | ||
Оқыту нәтижелері | 1.Оқушылар Шығыс Еуропа жазығын жоспар бойынша салыстырмалы сипаттайды. 2. Физикалық географиялық орнын, аумаққа кіретін табиғат кешендерін , табиғатын сипаттай және түсіндіре алады. | ||
Міндеттер | 1. Креативті (шығармашылық) ойлау дағдыларын, топтық жұмыстар кезінде ой-пікірін еркін жеткізеді; 2. Жүйелі сөйлеу, талдау, дәлелдеу, ұсыныс жасау дағдыларын дамытады; 3. Оқушылар алға мақсаттар қойып, сол мақсаттарын жүзеге асыруға әрекет етеді | ||
Негізгі дерек көздер | АКТ, постер мен маркер, стикерлер | ||
Оқыту әдістері: | Диологтік оқыту. СТО.АКТ.Топтық жұмыс | 1.Жеке жұмыс 2.Жұптық жұмыс 3.Топтық жұмыс | |
| Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушы іс-әрекеті | |
Кіріспе | Амандасу, оқушылардың бар назарын сабаққа бағыттау, топқа бөлу | Сабаққа дайындық , зейіндерін аударып, ден қою | |
Білу Өткенді қайталау | өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қойылады | Жауаптарын ұсынады | |
Жаңа тақырыпқа дайындық | -Енді топ ішінде мына тапсырманы талқылайық. «Шығыс Еуропа жазығы»деген сөзге сипаттама берейік және мына көріністерге қараңыздар (Тақтада суретттер көрсетіледі) -Балалар, тақтада қандай суреттерді көріп тұрмыз? (Оқушылардан жауапты күтеді) | Өз болжамдарын айтады | |
Мақсатты қою кезеңі | Олай болса, балалар, біз бүгін қандай тақырып өтеміз деп ойлайсындар? (Балалардыңбүгінгі тақырыптың атын айтуын күтеді). Бүгінгі тақырыпты үйрену үшін біз алдымызға қандай мақсат қоюумызкерек деп ойлайсындар? | Балалар бүгінгі тақырыптың атын болжап, сабақтың мақсат – міндеттерін айтуға талпыныс жасайды | |
Түсіну Жаңа тақырып | Сыныпты «Жигсо-1» әдісі арқылы топқа бөлу І-топқа ІІ-топқа , ІІІ топқа, ІҮ-топқа, Ү-топқа үлестірмелер таратады | Әр топ өздеріне берілген тапсырманы оқып, топ ішінде (топ басшысы, тәлімгер, хатшы, репортер, уақыт белгілеуші) ролдеріне бөлініп,әр топтан бір оқушы баяндап береді | |
Қолдану Бекіту | Балалар енді жинақтаған білімдеріңді тексеріп көрейік.Тақырып бойынша 5 сұрақ қойылады. | 1.Сұраққа жеке өздері жауап береді 2.Сұраққа жауап бергеннен кейін ортаға салып топпен ақылдасып, берілген тапсырманы сабаққа белсенді қатыспайтын оқушыға қорғату керек. 3.Оқушылар өз жұмыстарын мұғалімнің келтірген жауабымен салыстырып, қателіктерін айқындайды | |
Талдау | Шығыс Еуропа жазығы топтастыру әдісі арқылы талдау жасайық | Шығыс Еуропаның ерекшеліктерін жазып, әр топтан бір оқушы қорғап шығады | |
Жинақтау | Сонымен, біз бүгінгі сабақта не үйрендік, балалар? | Қорытынды шығарады | |
Жаңа тақырыпты бағалау | Шығыс Еуропа жазығын білу бізге не үшін қажет | Жауаптарын ұсынады | |
Бағалау | Бағаны өзін-өзі бағалаудан алған нәтижелерімен салыстырып , баға қояды | Балалар бір- бірін бағалайды | |
Рефлексия | Балалар, бүгінгі сабақ туралы не айтасындар? Қиын ба екен? Сабақ түсінікті болды ма? | Өз ойларын айтады | |
Орындауға арналған тапсырмалар | Онда үй тапсырмасын белгілеп аламыз. Шығыс Еуропа жазығын оқып келу. | Үй жұмысын белгілеп алады |