Ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Тақырыбы: Шуақты күн
Мақсаты:
А) балалардың табиғат жайлы білімдерін арттырып, күн туралы ұғымдарын кеңейтуді және күн шуағын құрастыруға үйрету.
Ә) Күннің адамға тигізер пайдасы туралы түсіндіру, эстетикалық сезімдерін арттыру,мейірімділігін дамыту.
Б) Күн сөнбесін сөйлемінің мағынасын балаларға ұғындыру. Күннің бейнелерін сурет арқылы таныстыру, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: Күн сөнбесін.
Билингвальды компонент: Күн-солнце.
Көрнекіліктер: Күн туралы слайд, күннің, күнбағыстың, бақбақ гүлдің қиылған қиындысы.
| Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
| Педагогтің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
| Мотивациялық - қозғаушылық
| Балалар топқа кіріп жартылай шеңберге тұрады. Қонақтармен амандасады. Күннің көзі ашылып, Көкке шуақ шашылып, Құтты қонақ келіпті, Төрімізге еніпті. Амандасу үлкенмен, Тәрбиенің басығой. Ал кәнекей бәріміз, Сәлем дейік үлкенмен. Сәлеметсіздер ме апайлар! |
Балалар қуана шаттық шеңберін жасайды. Тілекті тәрбиешімен бірге қайталайды. |
| Ұйымдастырушылық- ізденістік | Ән: «Әрқашан күн сөнбесін» Жарайсыңдар, балалар! Орындаған әніміздің ішінде әрқашан күн сөнбесін деген сөз ол әрдайым күн бізге жарық, жылу берсін деген мағынаны білдіреді. -Күн бізге не береді? -Күннің пішіні қандай болады? Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын қане тауып көріңдерші?
Таңмен көзін ашады Әлемге нұрын шашады.
Үлкен алтын табақтан Әлемге нұрын таратқан.
Шешуін кім табады? Шешуі «күн» екен.
Қазір біз сендермен бейне таспадан бейнеленген күннің суреттерін бақылап отырамыз.
Сергіту сәті: Біз Қазақстанда тұрамыз, Әркімнің өз үйі бар. Өз жұмысы, достары бар, Ата-ана және мен бар.
Көрдіңдерме күн неге ұқсайды? Күн жарқырап шыққан кезде адамдарға шуағын нұрын шашады. -Несін таратады? Жер өмір жайнайды, адамдар қуанады, табиғат өзгереді. -Адамдар не қылады? -Табиғат өзгереді ма? Балалар енді бәріміз бірлесіп күннің шуағын құрастырамыз.
Дидактикалық ойын: «Күн мен түн» -Күн дегенде -Түн дегенде -Бүгін біз немен таныстық.
|
-Жарық, жылу береді.
-Домалақ
-Күн
Балалар назарларын бейне таспадағы суретке аударады.
Сөздің мағынасына қарап қимыл-қозғалыстар жасайды.
-Күн дөңгелекке ұқсайды.
-Нұрын таратады.
Адамдар қуанады. Табиғат өзгереді.
Құс болып ұшады. Ұйқыға кетеді. Шуақты күнмен. |
| Рефлексиялық- түзетушілік | Балалар құрастырған суретін көріп, дұрыс бұрыстығын талқылап, мақтау, мадақтау. | Балалар қуаныш сезімін білдіреді. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Күннің шуағы туралы білімін толықтырады.
Игереді: Шуақты күн деген түсінікті.
Меңгереді: Күн шуағын әрқашан айналаға таратып тұратынын.

"Шуақты күн" тақырыбында ашық сабағы (41 KB)

