Күні: пәні: қазақ тілі Сыныбы: 11
Сабақтың тақырыбы: Шешендік сөз түрлері
Сабақтың мақсаты: а) Шешендік сөз түрлері туралы түсінік бере отырып , оқушыларды шешендікке баулу;
ә) Сауаттылыққа баулу,алған білімі негізінде шығармашылық қабілетін дамыту;
б) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты игерту.
Сабақтың әдісі: лекция түрінде,сұрақ-жауап т.б.
Сабақтың көрнекілігі: кітаптар т.б.
Пәнаралық байланыс: тарих,әдебиет
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру сыныптың тазалығына көңіл бөлу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Өткен сабақтар бойынша білімдерін пысықтау.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Қазіргі қоғамда қолданылатын шешендік сөздің өзін бірнеше түрге бөлеміз.
| Шешендік сөз түрлері | ||||||
| Саяси-әлеуметтік | Академиялық | Сот ісіндегі | әлеуметтік-тұрмыстық | Діни қызметтегі | әскери қызметтегі | саудадағы |
| Қоғамдағы, басқару, билік жүйесіндегі сөздер, конференция, митинг жиындардағы сөздер. | Лекция, ғылыми баяндама, ғылыми шолу | Прокурор, қорғаушы, айыптаушы сөздер | Мерейтой, салтанатты дастархандағы сөздер | Уағыз, иман | Жалынды, жігерлі үндеу сөздер | жарнама |
Кітаппен жұмыс: 3-жаттығу.Кестені толтырыңдар.
| № | Дәуір, ғасыр | шешен | Еңбектері |
| 1 | Көне дәуір |
|
|
| 2 |
| Цицерон |
|
| 3 | Көне дәуір |
|
|
| 4 | ХІХ ғасыр |
|
|
| 5 |
| Спиноза |
|
| 6 | Көне дәуір | Конфуций |
|
Білімді бекіту: Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоя отырып, түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: 2-жаттығу. Оқып,сұрақтарға жауап жазып келуге беремін.


"Шешендік сөздердің түрлері" (13.14 KB)

