Меню
Разработки
Разработки  /  Внеурочка  /  Планирование  /  4 класс  /  "Шешендік өнер" факультатив бағдарламасы

"Шешендік өнер" факультатив бағдарламасы

"шешендік ?нер" факультатив саба?ы о?ушыларды таза с?йлеуге, тілін ??рметтеуге ж?не шешендік ?нер тарихын тану?а ?йретеді.

19.12.2016

Содержимое разработки

ТҮСІНІК ХАТ

Қазақ ауыз әдебиетінің бір түрі – шешендік өнер. Қазақ шешендігінің жалпы шешендік өнерден өзіндік ерекшеліктері бар.Оқушыларды шешендік өнерге баулудың маңызы зор. Қазақ халқы шешендік өнерді аса құрметпен бағалағандықтан , 10- сынып оқушыларын ата-баба ізімен шебер сөйлеу,тілдерін дамыта түсу, олардың үлгі-өнегесін бойларына дарыту – басты мақсат.

« Шешендік өнер» деген атпен құрастырылған бағдарлама бірыңғай шешендердің айтысын немесе билердің дауын бейнелемейді, сонымен бірге халық даналығынан туған асыл ойларды, өсиет-насихат сөздерді, өткір мысқыл,әзіл, тапқырлық т.б. қамтиды.

Бұл курс 34 сағатқа негізделген, аптасына – 1 сағат.

Курстың мақсаты :

  • Оқушылар шешендік өнерді ,соның ішінде қазақ халқының дәстүрін бойына сіңіру арқылы сөйлеу мәдениетін жетілдіру;

  • Әдеби мұраларға деген талғамын тәрбиелеу, рухани дүниесін кеңейту;

  • Кітап оқуға деген ынтасын арттыру;

  • Өз бетімен жұмыстану арқылы шығармашылыққа шыңдау.

Міндеттері :

  • Антикалық дәуірден бастап, Рим,орыс, қазақ дәстүрінің қалыптасу тарихы туралы әңгімелеу;

  • Көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын дамыту;

  • Халық ауыз әдебиеті үлгілеріндегі шешендік сөздерді анықтау;

  • Би-шешендердің даналық сөздерінің мәнін түсінуге үйрету;

  • Өзіндік ой-пікір айта білуге баулу.

Күтілетін нәтиже : Оқушылар курс соңында шешендік өнерді ,соның ішінде қазақ халқының дәстүрін бойына сіңіру арқылы сөйлеу мәдениетін жетілдіреді, кітап оқуға деген ынтасын арттырады және би-шешендердің даналық сөздерінің мәнін түсініп үйренеді.



















«Шешендік өнер» курсының күнтізбелік жоспары



Сабақтардың тақырыптары

Сағ.

саны

мерзімі

Сабақтың жұмыс тәсілдері

1

Шешендік өнер – ауызша түрдегі әдеби шығармашылық

1


Баяндау, сұрақ-жауап

2

Ежелгі Грекиядағы шешендік өнер

1


Баяндау,жекелей сұрақ қою арқылы ізденіске жетелеу

3

Ежелгі Римдағы шешендік

1


Сұрақ-жауап, түсіндіру, мәнерлеп оқу.

4

Аристотельдің шешендігі

1


Ой тудыру (миға шабуыл), көрнекілікпен жұмыс

5

Ресейдегі шешендік өнер

1


Жұптық жұмыс, мәнерлеп оқу, Нақты пікір ізденісіне жетелеу

6

Түркі халқына ортақ Орхон –Енесей көне ескерткіштері

1


Талдау, сұрақ-жауап,салыстыру.


7

Әл-Фараби еңбектері

1


Жұптық жұмыс, баяндау

8

Қорқыттың нақыл сөздері

1


Сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу

9

Майқы би, Аяз би, Жиренше шешен

1


Жұптық жұмыс,

пікіралмасу,талдау

10

Тұрмыс –салт жырларындағы бейнелі ойлар

1


Пікірлесу, түсіндіру

11

Шешендік сөздердің мақал-мәтелдермен ұқсастықтары мен айырмашылықтары.

1


Ғылыми дәлелдерге сүйену,әңгімелеу,

көрнекілікпен жұмыс

12

Батырлар жыры мен ғашықтық жырлардағы тәлімдік тәрбие

1


Түсіндіру, жаттығу

13

Айтыстағы сөз оралымдары

1


Баяндау, мәнерлеп оқу

14

Би-шешендердің шешендік сөздері

1


Түсіндіру, көрнекілікпен жұмыс

15

Тәуке ханның «Жеті жарғысы», ондағы билік кесімдер.

1


Рөлге бөліп оқу, түсіндіру . Шығармашылық жұмыс

16

Қасым хан мен Есім хандардың ережелері

1


Талдау, сұрақ-жауап,салыстыру.


17

Ақын-жазушылар шығармаларындағы ұтқыр, тапқыр сөздердің тәрбиелік мәні.

4


Жұптық жұмыс, баяндау

18

Шешендік арнау. ( Асан Қайғы мен Әз Жәнібек)

1


Сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу

19

Шешендік толғау. ( Мөңке би мен Байдалы би)

1


Жұптық жұмыс,

пікіралмасу,талдау

20

Шешендік дау. ( Бұқар жырау мен Қазтуған жырау)

1


Пікірлесу, түсіндіру

21

Тіл көрнекілігі. ( Троп, метафора, кейіптеу, метонимия, эпитет, теңеулер)

2


Сұрақ-жауап, түсіндіру, мәнерлеп оқу.

22

Көпшілік алдында сөйлеуге дайындық

1


Ой тудыру (миға шабуыл), көрнекілікпен жұмыс

23

Ауызша сөйлеу мен жазбаша сөйлеу мәдениеті

1


Жұптық жұмыс, мәнерлеп оқу, Нақты пікір ізденісіне жетелеу

24

Пікірталас,оның түрлері

1


Жұптық жұмыс, баяндау

25

Қарсыласқа тойтарыс берудің шарттары мен тәсілдері

1


Рөлге бөліп оқу, түсіндіру . Шығармашылық жұмыс

26

Монолог. ( Кейіпкердің ішкі толғанысы,сөйлеу өзгешелігі,мәтіндегі ойдың тұтастығы)

1


Сұрақ-жауап, түсіндіру, мәнерлеп оқу.

27

Диалог. ( Кейіпкердің ішкі толғанысы,сөйлеу өзгешелігі,мәтіндегі ойдың тұтастығы)

1


Сұрақ-жауап, түсіндіру, мәнерлеп оқу.

28

Шешендік өнер –тауып айтылған тапқыр сөз. (Жоба жазу,қорғау)

2


Жоба қорғау







-75%
Курсы повышения квалификации

Эффективные формы и методы организации образовательно-воспитательного процесса в детском доме

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
"Шешендік өнер" факультатив бағдарламасы (16.85 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт