7 __ сынып оқушыларының дене тәрбиесі пәніне арналған сабақ жоспары
Тақырыбы: 30 метрге жүгіру | |||
Мақсаты және міндеті: Шапшаңдықты қалыптастыру және төменгі сөре ережелерімен таныстыру | |||
Өтетін орны: Мектеп стадионы | |||
Көрнекілігі: Ысқырық, секундамер | |||
Қ/с | Сабақтың мазмұны | Жүктеме | Әдістемелік нұсқаулар |
І | Дайындық бөлімі | 15 мин |
|
| 1.Сапқа тұрғызу. Баяндау. Өтетін тақырып жайлы айту. «Түзел!», «Тік тұр!» бұйрықтарын беру. Бір орында айналу. Бір орындағы, қозғалыстағы және спорттық жүріс жасату. Жай жүгірту. 2. Ж.Д.Ж. | 7-8 мин
7-8 мин | Қатар туралғын қадағалау. Денені тік ұстатып, интервал мен ара қашықтықты сақтауды қадағалау. Жүрістегі ара қашықтықты, арқаны түзу, басты тік ұстауын қадағалау. Жүгіру барысындағы қатар түзулігін және ара қашықтықты сақтату.
|
ІІ | Негізгі бөлім | 25 мин |
|
|
30 метрге жүгіру
|
| Сөре сызығы алдындағы сынып оқушылары екі қатарға бөлініп тұрады. «На старт» командасы берілген кезде, жүгіруші сөре сызығына жақындап, жартылай отырып, қолдарын сөре сызығына қояды. Күш алатын аяғы сөре сызығынан 7-10 см қашықтықта тұрады. Арттағы аяқтың тізесі алдыңғы аяқтың өкшесімен бір сызықта тұру керек. Қолдары иықпен деңгейлесіп сөре сызығында орналасады. Қолдағы күш бас бармақ, сұқ саусақ және ортаңғы саусаққа түсу керек. Қолдар шынтақтан бүгілмей түзу тұрады, көзбен төмендегі сөре сызығына қарап тұру керек. «Внимание» командасы берілгенде бөксе иық деңгейінде 10-20см-ге көтеріледі. Иықтар алға жылжиды. Денедегі күш 4 нүктеге бөлінеді. «Алға» командасы бойынша сөре жылдамдығы орындалады. Сөре жүгірісі алғашқы 7-14 жүгіріс қадамдарында орындалады. Қозғалыс алға бағытталып, дене бірте-бірте түзуленеді. Мәре сызығына жеткен жүгіруші тоқтайды. |
ІІІ | Қорытынды бөлім |
|
|
| 1.Оқушыларды сапқа тұрғызып, тыныс алу жаттығуларын орындату 2. Ойындар 3. Үйге тапсырма беру 4. Оқушыларды марапаттап, бағалау 5. Оқушылармен қоштасу | 3 мин
2 мин | Еркін тыныс алу |
Күні, айы, жылы: _________Дене тәрбиесі пәні мұғалімі: _____Бекетаев А.