Меню
Разработки
Разработки  /  Начальные классы  /  Уроки  /  3 класс  /  "Шаңырақ жарастығы"

"Шаңырақ жарастығы"

Сабақтың мақсаты: : Оқушыларға шаңырақ жарастығы туралы түсінік бере отырып, ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

- Отбасында жағымды қарым-қатынас жасай отырып, бауырмалдылығын кеңейту;

-Оқушыларды отбасында кешірімді бола білуге баулу.

-Оқушыларды отбасында бауырмалдылыққа, кешірімділікке, сыйластыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Балалармен амандасу

а) Оқушылардың сабаққа қатысуларын және оқу құралдарын тексеру.

ә) 5 «Т» еске түсіру.

1. Татулық

2. Тыныштық

3. Тәртіп

4. Тазалық

5. Талап

Тыныштық сәті: Нұрға бөлену (Баяу музыка қосылады)

Үй тапсырмасын тексеру. Отбасы, ата-ана, туған-туыс туралы мақал-мәтел мағынасын ашқызу.

13.07.2017

Содержимое разработки

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп Фурманов ОМ Мерзімі 19.01.2017ж18 Тақырыбы Шаңырақ жарастығы

Құндылық Ішкі тыныштық Қасиеттер Бауырмалдылық, кешірімділік, сыйластық

Мұғалім Абильдина А.Ж. Сынып Оқушылар саны 20 (19)

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға шаңырақ жарастығы туралы түсінік бере отырып, ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

- Отбасында жағымды қарым-қатынас жасай отырып, бауырмалдылығын кеңейту;

-Оқушыларды отбасында кешірімді бола білуге баулу.

-Оқушыларды отбасында бауырмалдылыққа, кешірімділікке, сыйластыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Балалармен амандасу

а) Оқушылардың сабаққа қатысуларын және оқу құралдарын тексеру.

ә) 5 «Т» еске түсіру.

1.     Татулық

2.     Тыныштық

3.     Тәртіп

4.     Тазалық

5.     Талап

Тыныштық сәті: Нұрға бөлену (Баяу музыка қосылады)

Ресурстар. Қолданылған материалдар.








5Т, КҮН, АҒАШ тақтада ілініп тұрады.

Үй тапсырмасын тексеру. Отбасы, ата-ана, туған-туыс туралы мақал-мәтел мағынасын ашқызу.


Дәйексөз. Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі. (мақал-мәтел

Тақтада ілініп тұрады. 4 рет оқимыз.

1.Мұғалім 1 - рет

2.Ұлдар 1 - рет

3.Қыздар 1 - рет

4.Барлығымыз бірге)


Оқиғаларды әңгімелеу. Мұғалім сыйы.

Отбасы татулығы (Аңыз әңгіме)

Баяғыда бір үлкен отбасы өмір сүріпті. Отбасындағы адамдар саны өте көп екен,олар бірге тұрыпты.Ол отбасы ерекше екен, отбасының өзара келісімде, татулықта өмір сүруі елді таң қалдырады. Оларда ұрыс-керіс, дау-жанжал деген атымен болмайды екен. Бұл отбасы жайлы патшаның құлағына да жетеді. Патша естігенін растығын білгісі келіп, ауылға келеді. Ауыл тап-таза, барлығы да жеткілікті, тыныштық пен береке қонған. Патшаның көңілі толып,ерекше бір шаттыққа бөленеді. Сыйластығы жарасқан бақытты отбасында қариялардың орны төрде, уайым-қайғысыз, балалары бақытты, мәз-мейрам екен. Бұған патша таң қалып. Отбасының қалайша бақытты, тату-тәтті өмір сүруінің мәнісін білгісі келеді. Ауыл ақсақалына келіп, отбасындағы татулық пен бірлікке қалай жеткендерін айтуын өтінеді. Қарт үнсіз ғана жүз рет «сүйіспеншілік», жүз рет «тыныштық», жүз рет «татулық» деп қағазға мұқият жазып шығады. Үш сөзді оқыған патша таң қалып: Осы-ақ па? Ия, - деді ақсақал.-Барлық жақсы отбасылары тек осы қасиеттерден құралады,-деді де, сәл ойланып, «және шыдамдылық» деген сөзді қосып қойды.

Сұрақтар:

1. Әңгімеден қандай кейіпкерлер бар?

2. Қария айтқан «сүйіспеншілік», «тыныштық», «татулық», «шыдамдылықтың» отбасында қандай маңызы бар?

3. Сіздің ойыңызша отбасында тыныштық болу үшін не істеу керек?



5. Шығармашылық жұмыс.Топпен жұмыс


Оқушыларды стикерлер арқылы топқа бөлемін. Баяу музыка қосылып тұрады.


«Менің жанұям» тақырыбында өз жанұяларының суреттерінен топпен коллаж жасап, жанұялары туралы әңгімелеп береді.


Стикерлерге тілектер жазып шаңыраққа іледі.

Плакаттар, маркерлер,суреттер, стикерлер

6. Топпен ән айту

«Анашым»

Орындаушы: Қарақат Әбілдина

Оянғанда түнде жұбатып,

Ақ сүт беріп өсірген.

Басқаныма тәй-тәй қуанып,

Тұсауымды кестірген.

 

Қайырмасы:

Анашым, құдіретіңе табынамын,

Көремсем бір күн сені сағынамын.

Анашым, қартаймашы жалынамын.

Анашым, қартаймашы, жалынамын.

Көз алдымда дәурен балалық,

Тіліңді алмай есірген.

Балалықпен қылсам шалалық,

Әркез мені кешірген.

 

Қайырмасы:

Анашым, құдіретіңе табынамын,

Көремсем бір күн сені сағынамын.

Анашым, қартаймашы жалынамын.

Анашым, қартаймашы, жалынамын.

 

Үнтаспа плюс қосылып тұрады.

Үй тапсырмасы. Отбасы туралы эссе жазу


Сабақтың соңғы тыныштық сәті. Баяу музыка қосылып тұрады. Көзімізді жұмып, бүгінгі сабақтан алған жақсы әсерлерімізді, жүрегімізге саламыз. Бүгінгі сабақ үшін барлықтарыңызға рахмет.

Үнтаспа. Баяу музыка қосылады.













-80%
Курсы повышения квалификации

Профилактика нарушения зрения у детей и подростков

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
"Шаңырақ жарастығы" (44 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт