Меню
Разработки
Разработки  /  Алгебра  /  Уроки  /  6 класс  /  Шамалар арасындағы тәуелділіктер

Шамалар арасындағы тәуелділіктер

Шамалар арасындағы тәуелділікке есептер шығарады; шамалар арасындағы тәуелділіктер-дің берілу тәсілдерін білу; сипаттамасы бойынша тәуелділіктің формуласын жазу; формуламен немесе графикпен берілген тәуелділіктердің кестесін құру; формуламен және кестемен берілген тәуелділіктердің графиктерін салу;
14.05.2022

Содержимое разработки

6.4В Шамалар арасындағы тәуелділіктер

Мектеп:

Педагогтің аты-жөні:


Күні: №137


Сыныбы: 6

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Шамалар арасындағы тәуелділіктерді берілу тәсілдері:аналитикалық (формула арқылы), кестелік, графиктік тәсіл


Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

6.5.2.5шамалар арасындағы тәуелділікке есептер шығару;

6.5.2.6шамалар арасындағы тәуелділіктер-дің берілу тәсілдерін білу;

6.5.2.7сипаттамасы бойынша тәуелділіктің формуласын жазу;

6.5.2.8формуламен немесе графикпен берілген тәуелділіктердің кестесін құру;

6.5.2.9формуламен және кестемен берілген тәуелділіктердің графиктерін салу;

Сабақтың мақсаты:

шамалар арасындағы тәуелділікке есептер шығарады;

шамалар арасындағы тәуелділіктер-дің берілу тәсілдерін білу;

сипаттамасы бойынша тәуелділіктің формуласын жазу;

формуламен немесе графикпен берілген тәуелділіктердің кестесін құру;

формуламен және кестемен берілген тәуелділіктердің графиктерін салу;



Сабақ кезеңі/Уақыты

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


I.Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа дайындықтарын тексеру.

Сабақты жағымды ахуалдан бастау. Оқyшылaрдa бір-бірінe болғaн доcтық ceзімдeрін оятy мaқcaтындa«Aтом жәнe молeкyлa» әдіcі aрқылы пcихологиялық жaғдaй орнaтaмын жәнe үш топқa бөлeмін.

1-топ 2-топ 3-топ

Мақсаты: Оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.

Үй тапсырмасын тексеру: Тақтада тапсырма дұрыс жауабымен көрсетіліп тұрады.

Шаттық шеңберін құрып «Өзіңе тілегенді,өзгеге тіле»! әдісі арқылы бір-біріне тілек айтып,жақсы көңіл күй сыйлайды.

Тиімділігі: Оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл -күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.

«Мен саған, сен маған» арқылы оқушылар бір-бірінің үй тапсырмасын тексереді.

Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісіарқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»



Түрлі түсті қима қағаздар

Сабақтың ортасы


  1. Жаңа тақырыпқа қысқаша түсініктеме

Шаруашылықта, техникада және күнделікті өмірде көптеген шамалар бір-біріне тәуелді келеді. Мысалы, заттың құны оның бағасына немесе санына тәуелді, жүрілген жолдың ұзындығы жылдамдыққа немесе уақытқа тәуелді.

Есептеулерде бір шаманың мәні өзгермейді де, екінші шаманың мәні өзгереді.

Есеп. Жаяу жүргінші 4 км/сағ жылдамдықпен 2 сағатта, 3 сағатта, 4 сағатта неше километр жол жүреді?

Шешуі. Берілген жылдамдық және уақыт бойынша жүрілген жолды табайық: s= v·t.

s= 4·2=8 (км)-жаяу жүргіншінің 2 сағатта жүрген жолы;

s= 4·3=12 (км)-жаяу жүргіншінің 3 сағатта жүрген жолы;

s= 4·4=16 (км)-жаяу жүргіншінің 4 сағатта жүрген жолы;

s= v·t формуласында жылдамдық (v)-тұрақты шама, ал жол (s) және уақыт (t) – мәндері өзгеріп отыратын шамалар.

Сан мәндері өзгеріп отыратын шамалар айнымалы шамалар деп аталады.

Есептің мазмұнындағы жаяу адамның 4 км/сағ жылдамдықпен жүру жолының ұзындығы (s) оның жүру уақытына (t) тәуелді.

s = 4·t

тәуелді айнымалы тәуелсіз айнымалы

Есептеу нәтижесі бойынша, тәуелсіз айнымалының әрбір бір мәніне тәуелді айнымалының бір мәні сәйкес.

Тәуелсіз айнымалының қабылдайтын мәндері – A жиынының әрбір элементіне тәуелді айнымалы шама мәндерінің B жиынынан бір ғана элемент сәйкес.







графиктік







Мысал. Заттың құны мен оның санының немесе мөлшерінің арасындағы тәуелділік. Егер заттың 1 кг-ның бағасы 450 тг болса, оның x кг-ының бағасы 450x тг болады.

C= 450·x

тәуелді айнымалы тәуелсіз айнымалы

Тәуелсіз айнымалы x-тың берілген бір мәніне тәуелді айнымалы – C-ның бір ғана мәні сәйкес келеді.

  1. Тапсырмалар.

1. Квадраттың қабырғасы a см, оның периметрін (P) табыңдар. Мұндағы a=4; 2,5.

2. Тік төртбұрыштың ұзындығы 6 см, ені x см. Тік төртбұрыштың ауданы S .

S – тің x-ке тәуелділігінің формуласын жазыңдар. Осы формуланы пайдаланып:

  1. x=9 болғанда S – тің мәнін табыңдар;

ә) S=48 болғанда x-тің мәнін табыңдар.



https://youtu.be/Xo_AWXIT_18

Сабақтың аяғы


Сабақты қорытындылау:

«Жалғасын тап» әдісі арқылы сабақты қорытындылаймын:



Үйге тапсырма беру: №



Оқушыларға «Білім сандығы» кері байланыс парағы таратылады. Оқушылар өздері белгілейді.

Мақсаты: Өз ойын айтып, сабақты бекіту, қорытындылау.

Тиімділігі:Оқушы алған білімін жинақтап, саралай білуге дағдыланады.

Саралау: Бұл тапсырмада саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрініс табады.

Оқушылар

бір-бірінің сабаққа қатысу белсенділігіне қарай «Мадақтау сөздері» әдісі арқылы бірін-бірі бағалайды. Жарайсың!, Керемет!, Жақсы!, Талпын!,.


https://youtu.be/Xo_AWXIT_18



-75%
Курсы повышения квалификации

Активизация основных видов деятельности учащихся на уроках математики в условиях реализации ФГОС в основной школе

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Шамалар арасындағы тәуелділіктер (101.8 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт