Меню
Разработки
Разработки  /  Литература  /  Мероприятия  /  6 класс  /  Ш.Құдайбердіұлы. «Адамдық борышың» өлеңі

Ш.Құдайбердіұлы. «Адамдық борышың» өлеңі

Саба?ты? эпиграфы: «Адам болып тудым, адам атымды а?тайын, к?п ?шін, халы? ?шін, келешек ?рпа? ?шін е?бек етейін. Кейінгіге ?лгі аларлы? із-белгі ?алдырайын, адам атым ?шпесін, тарих?а аз да болса ?лес ?осайын деген ойда болдым.Келешекті? ойын ашайын деп жаздым

12.01.2017

Содержимое разработки

Уақыты:08.11.2016ж

Қазақ әдебиеті


Мұғалім:Абуова П.Л.

Сынып: 6 «А»

Сабақ тақырыбы:

Ш.Құдайбердіұлы. «Адамдық борышың» өлеңі

Жалпы мақсат:

Шәкәрім өлеңдері туралы түсінік бере отырып,ерлікке,адамгершілікке баулу, тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

Оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

Сілтеме:

  1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

  2. Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі

  3. 6-сыныпқа арналған оқулығы

  4. Үлестірме материалдары

Оқу нәтижесі:

Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірімен танысып, өлеңдерінің идеясын ашу, рухани- адамгершілік қағидаларымен танысу,өлеңді нақышына келтіре оқи отырып,негізі түйінді таба білуге дағдыландыру.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Слайд, флипчарт, автор портреттері.

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.




Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Сабақ барысы:

Тапсырмалар

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының

 іс-әрекеті

Ұйымдастыру

2 мин

Сәлемдесу. Тренинг «Менің сүйікті жемісім» арқылы 3 топқа бөлу.

1-топ: «Абай ауылы»

2-топ: «Шәкәрім ауылы»

3-топ: «Болашақ ауылы»

/Оқушыларды әр тапсырма сайын формативті бағалап отыру/

Оқушыларды топқа бөле отырып, назарларын сабаққа бұру.

Үй тапсырмасын тексеру

7 мин

1) Ойтолғау, «ақынмен сырласу» Абайға б/ты

2) Мақал, өлең, әңгіме. Адамдық қасиетт.

3) Абай-Шәкәрім әндерін айту.

Оқушылар талғамдарына қарай жауап береді.

/формат. Бағалау жүреді/

Жаңа сабақ

15 мин

Сабақтың эпиграфы: «Адам болып тудым, адам атымды ақтайын, көп үшін, халық үшін, келешек ұрпақ үшін еңбек етейін. Кейінгіге үлгі аларлық із-белгі қалдырайын, адам атым өшпесін, тарихқа аз да болса үлес қосайын деген ойда болдым.Келешектің ойын ашайын деп жаздым.

 .....Өз заманым үшін жазғам жоқ. Келер дәуірдің адамы үшін жаздым.»

    /Ш.Құдайбердіұлы/

Мұғалімнің кіріспе сөзінен басталады.  Оқушылар өздерінің ізденушілік жұмыстарына б/ты Шәкәрімнің өмірі мен мұрасына б/ты деректермен таныстырады.

Шәкәрім мұрасы – мәңгілік шежіре

Шәкәрім Құдайбердиев-қазақ мәдениеті

 мен ғылымының көгінде өзінің жарқын

 жұлдызын қалдырған биік тұлға.                                                        

            / Ә.Тәжібаев/

 

 1. топ Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірі   

2. топРесми ақталуы, ұрпақтары   

3.топ  Шығармалары  ( Аубакирова Гауһар)

Оқушылар назарына «Абай Шәкәрім» слайдын көрсету.

Оқушылар мұғалімді ден қоя отырып тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар тыңдай отырып, негізгілерін түртіп отырады.

Мәтінмен жұмыс

5 мин

«Адамдық борышың» өлеңін мәнерлеп оқу. Мұғалім,

Сөздікпен жұмыс:

Нәпсі-атақ, даңқ.

Тұл-жалғыз, ескерусіз қалу

Мансап-атақ, даңқ.

Сарп қылу- жанымен беріле орындау.

Оқушылар мәтінді түсініп оқйды. Сөздік жұмысын дәптерлеріне орындайды.

/форм. бағаланады/

Тапсырмамен жұмыс

5 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 мин

1 топ:                     СКТ

Авторы: Шәкәрім Құдайбердіұлы 1858-1931 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысында  өмір сүрген, ақын, аудармашы,Абайдың немере інісі, орыс ойшылы Толстойды ұстаз тұтқан.

.Тақырыбы: «Адамдық борышың»

Идеясы: «Өміріңді сарп қыл өлгеніңше

  Жоба тап, жол көрсет, келешек қамы үшін»

Шумақ саны: 1

 Тармақ саны: 25

 Буын саны: 11

Ұйқас түрі: қара өлең

 Өлеңнің түйіні: «Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң,Шын бақыт- осыны ұқ, Мәңгілік өлмейсің!»

 

2. топ: Өлең мазмұнына жоспар құру.        

3. топ: мақал-мәтелдермен байланыстыру. (Топтарға тақырыптары жазылған кестелер беріледі)                                

 

 

Әрбір топ бірлесіп орындайды. /Формат.бағалау жүреді/

 

 

 

 

 

 Топтар бірлесіп орындайды.

Қорытынды

5 мин

ВЕНН диаграммасы

1)      топ: Абай кім?

2)      Топ: Шәкәрім кім?

3)      Екеуіне ортақ не бар?

Топтар бірлесе орындап, презентациялайды

Үйге тапсырма

1 мин

Үйге тап: өлеңді жаттау, «Менің адамдық борышым» шағын шығарма.

Күнделіктеріне белгілеп алу.

Бағалау

2 мин

Фишкалар арқылы. Фишкаларда 5-жаксы

 Балдық жүйе                                 4 -орташа

                                                        3-қанағат

Қанша фишка жинағандарын көрсетеді. Балл

Рефлексия

2 мин

Оқушылардың сабақтан алған әсерлері

«Автор орындығы арқылы» әсерлерімен бөлісу



-80%
Курсы дополнительного образования

История моды

Продолжительность 72 часа
Документ: Cвидетельство о прохождении курса
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Ш.Құдайбердіұлы. «Адамдық борышың» өлеңі (21.89 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт