Меню
Разработки

Ш дыбысын машықтандыру

Сабақтың мақсаты: «Ш» дыбысын сөз ішінде анық айтуға үйрету.

«Ш» дыбысының артикуляциялық позициясын көрсетуге үйрету.

«Ш» дыбысын дұрыс шығаруға көмектесу, үйрету. Дем алу гимнастика жаттығулары арқылы ауыз қуысын «ш» дыбысының артикуляциясын дайындау.

Жаңа сөздер: Ағаш, шырша, алаша.

Көрнекіліктер: орман суреті, жапырақтар (табиғи материалдар), желдің үрлеу суреті, артикуляциялық жаттығулар (тіл,тіс суреттері).

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

1) амандасу

- Сәлеметсіздер ме, балалар!

2) сабаққа дайындалу кезеңі.

Логопед :- Мен шықтым орманға,

-Тауып алдым тұқымды,

-Жерге отырғыздым,

-Тұқымға су құйдым.

(балаларды бір-бірден залдың ортасына отырғызады)

2.Жалпы моторика және қол моторикасын дамытуға арналған жаттығулар.

1) Күн шықты, жерді жылытты

2) Ағаш өседі -балалар ақырындап тұрады

3) Жел ағашты тербетеді. –қолдарды тербетеміз

4) Ағаштың тамыры мықты, -аяқ басынан өкшеге дейін дөңгелету

5) Бұтақтары күнге тартылады -қолымызды жоғарыға көтереміз

6) Бұтақтарда жапырақ көп -саусақты сілкеміз

7) Орманда ағаш көп -жан-жақты көрсетеміз.

07.02.2018

Содержимое разработки

Сабақтың тақырыбы: Ш дыбысын қою

Сабақтың мақсаты: «Ш» дыбысын сөз ішінде анық айтуға үйрету.

«Ш» дыбысының артикуляциялық позициясын көрсетуге үйрету.

«Ш» дыбысын дұрыс шығаруға көмектесу, үйрету. Дем алу гимнастика жаттығулары арқылы ауыз қуысын «ш» дыбысының артикуляциясын дайындау.

Жаңа сөздер: Ағаш, шырша, алаша.

Көрнекіліктер: орман суреті, жапырақтар (табиғи материалдар), желдің үрлеу суреті, артикуляциялық жаттығулар (тіл,тіс суреттері).

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

1) амандасу

- Сәлеметсіздер ме, балалар!

2) сабаққа дайындалу кезеңі.

Логопед :- Мен шықтым орманға,

-Тауып алдым тұқымды ,

-Жерге отырғыздым,

-Тұқымға су құйдым.

(балаларды бір-бірден залдың ортасына отырғызады)

2.Жалпы моторика және қол моторикасын дамытуға арналған жаттығулар.

1) Күн шықты, жерді жылытты

2) Ағаш өседі -балалар ақырындап тұрады

3) Жел ағашты тербетеді. –қолдарды тербетеміз

4) Ағаштың тамыры мықты, -аяқ басынан өкшеге дейін дөңгелету

5) Бұтақтары күнге тартылады -қолымызды жоғарыға көтереміз

6) Бұтақтарда жапырақ көп -саусақты сілкеміз

7) Орманда ағаш көп -жан-жақты көрсетеміз.

Жаңа сабақ:















ОРМАН





-Кәне балалар суретке қарайық! (орман суреті)

-Орманда нелер тұрады? (түлкі, аю, торғай, үкі)

-Орманда не өседі? (Ағаш, ағаштар,саңырауқұлақтар)

-Қандай ағаштар өседі?(Шырша, қайың, )

-Шырша қайда?

-Шыршаның түсі қандай?(жасыл)

- Жапырақтардың түсі қандай? (сары) –табиғи материалдар (сарғайған жапырақтар)





-Жапырақтар неге сары? (Өйткені күз келді)

«Күз» туралы тақпақ тыңдайық!

Күз келді,

Жапырақ сарғайды,

Жаңбыр жауады,

Қатты жел соғады!!!

3. Демалу гимнастика жаттығулары. (желдің үрлеу суреті)

«Қатты жел».

-Жел қалай соғады ? (Терең дем аламыз, шығарғанда үстел үстіндегі жапыраққа үрлейміз. Жапырақ арқарай ұшу керек).

-Орманда қатты жел соқты. Ағаштардың басы қозғалды.(балалар

қолдарды жоғары көтеріп тербетеді: ш-ш-ш).

-Алдымен дұрыстап «Ш» дыбысын қайталайық.

  1. Артикуляциялық жаттығулар. (Тіл,тіс суреттері)

Айнамен жұмыс.

«Мықты тіс»- тістерімізді көрсетеміз.

«Тіс тазалау»- тілдің ұшымен, жоғарғы және астыңғы тістердің үстімен жүргізу.

  1. Дыбысты қою және әріппен салыстыру (артикуляциялық профилін түсіндіру):

- «Ш» дыбысын дұрыс айтайық!

«Ш» дыбысы-дауыссыз дыбыс. Аузымызда кедергі кездеседі.

«Ш» дыбысының артикуляциясы.

Тілдің ұшы таңдайдың алдыңғы жағына көтеріледі, бірақ таңдайға тимейді, бүйірлері жоғары азуларға тиеді. Ерін аздап дөңгеленіп, алға қарай шығынқы келеді. Тістер не қысылған, не жақындаған кезде арасында 1-2 мм санылау қалады тыныс тілдің арасынан бір қалыпты шығады: алақанды ауызға жақындатқанда жылы дем сезіледі.

(Балаларға «ш» дыбысын артикуляциясын көрсетіп, логопедпен бірге қайталайды)

  1. Сергіту сәті. «Ұшты-ұшты»ойыны.

(Балалар ұшатын затты естісе қол көтереді, ұшпайтын затты естігенді қолды көтермейді)

Ұшты-ұшты тұлпар ұшты

Ұшты-ұшты қаз ұшты

Ұшты-ұшты үйрек ұшты

Ұшты-ұшты бүйрек ұшты

Ұшты-ұшты ұшақ ұшты

Ұшты-ұшты арба ұшты

7. «Ш» дыбысын автоматизациялау.

-Енді кәне ұйқас тақпақ жаттайық!

Ұйқас жаттау. «Алаша».



Ша, ша, ша

Жерде жатыр алаша

Ша, ша, ша

Алашамыз тамаша

Шық, шық, шық...

Төрге шық!

Іш, іш, іш...

Сусын іш!

Қорытынды:

-Балалар біз бүгін сабақта не істедік? (сурет қарадық, жаттығу істедік)

-Қандай дыбысты дұрыс айтуға үйрендік?(«Ш»дыбысы)

- Жақсы балалар!

Балаларды бағалау.

Үй жұмысы: «Ш» дыбысын артикуляциясын позициясын қайталау. «Алаша» ұйқасты жаттау.





Ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті бойынша технологиялық карта



Түзету жұмысының тақырыбы : Тіс аралық дыбыстарды қою [ш] дыбысы

Сабақтың тақырыбы : Дыбыс және әріп «Ш» Ыдыс –аяқ түрлері

Сабақтың мақсаты : дыбыстардың артикуляциясын анықтау.Фонематикалық дыбысталуды дамыту.

Білімділік мақсаты : ш дыбысының айтылу қалпын түсіндіру, ыдыс-аяқ түрлерімен таныстыру.

Түзетушілік мақсаты : фонематикалық есту қабілетін , сөздік қорын,тіл байлығын дамыту.

Тәрбиелік мақсаты : тапсырмаларды тиянақты орындауға, жауапты толық беруге үйрету.

Әдіс-тәсілдері : сұрақ-жауап,түсіндіру,салыстыру,ойын

Көрнекілігі: суреттер, «Ш» дыбысының кескіні, тілге арналған артикуляциялық жаттығулардың суреті,айна,ыдыстар.



Қызмет кезеңдері

Логопедтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушы

Ұйымдастыру кезең

Психологиялық дайындық

Ал ,қанекей балғындар,

Дүр сілкініп алдыңдар.

Қане енді бәрің де,

Дыбыстарды дұрыс анық атаңдар.





Қайталап айтады

Ұйымдастыру –іздену

Тақтада суреттер ілініп тұр

-Осы заттардың барлығын бip сөзбен қалай атауға болады?

Сендер тағы қандай ыдыстарды білесіңдер?

Асханадағы тамақ iшyгe арналған ыдыстарды атаңдар?

Тамақты қандай ыдыстарда дайындаймыз?

Шәй iшyгe арналған ыдыстарды ата.



A) Ыдыстардың құрылысына қарай бөлімдерін атап түсіндіреді.

Мысалы: Қазан қандай бөліктерден тұрады?



- Шәйнек пен аққұман қандай?



B) Ыдыстарды көлеміне қарай салыстыру.

Мысалы: қазан мен құмыра.



-Шәйнек,шанышқы,пышақ деген сөздердің бірінші дыбысы қандай?



Ұсақ қол моторикасы







Ш дыбысының артикуляциясы

Ш дыбысын дыбыстағанда ерін дөңгеленеді де,алға қарай жиырылады.Тіл ұшы жалпақтанып қысқы тістердің түбіне жуықтайды,бірақ тимейді.Тілдің алдыңғы жағы ойықталады,екі жағы үстіңгі тіске тиеді.

-Алақанымызға жылы ауа,салқын ауа жібереміз.

«ШШШ»

Артикуляциялық жаттығулар: «Күрекше»

«Кесе»

«Тісімізді тазалайық»

«Сылақшы»



Фонопедиялық жаттығулар

-Ш дыбысын созып,буындарда айту

-ша-шо-шу-шы-ше

-аш-ош-уш-ыш

-шка-шко-шку-шкы

-шпа-шпо-шпу-шпы.



Фонематикалық есту қабілетін жетілдіру.

«Бағдаршам» ойыны

-Мен ш дыбысынан сөз айтамын. Сендер сол дыбыстардың сөздің басында ,ортасында, соңында кездесуін қолдарындағы белгі арқылы анықтайсындар:

Ағаш,шана,қуыршақ,шопан,әже,сызғыш,машина,

пышақ,ақша,шәйнек,шанышқы.





«Бұл қалай өзгерді?» ойыны

-Мен сендерге түбір сөздер айтамын.Ал сендер түбірге тиісті –шы,-ші жұрнағын жалғау арқылы жаңа сөздер жасайсыңдар!

Ән

Сауын

Би

Оқу

Егін

Қой







-Ыдыстар





- Қасық, шанышқы,пышақ

-Қазанда, кастрюльде

-Кесе, шәйнек, аққұман





-Қақпағы, түбі, қолмен ұстайтын тeтiгi













-Ш дыбысы



Жіптен Ш әріпін жасайды.

Таяқшалардан Ш әріпін жасайды.



















































Қызыл,жасыл,сары дөңгелекті көтереді.

















-Әнші

-Сауыншы

-Биші

-Оқушы

-Егінші

-Қойшы

Рефлексивті - түзету

Шошиды шортан шорағай,

Шабақ аулап шағала.

Шегіртке қуып Шорабай

Шапқылар шилі жағада.

Өлеңді жаттайды.







Үйге тапсырма : «Асханада» тақырыбына әңгіме құрастырады.





Мадақтау





Умарова Молдир Жанабергеновна

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Жарқамыс орта мектебі

Мұғалім-логопед







Тақырыбы: Тұтықпа сырқаты бар балалармен жүргізілетін жаттығулар мен ойындар.

Түзете дамыту жұмысының мақсаты:

1.Білімділігі: баланың тұтықпай дұрыс сөйлеу қабілетін дамыту. Қойылған сұрақтарға асықпай жауап беруге үйрету.

2.Дамытушылығы: баланың денесінің бұлшық еттерін және артикуляциялық аппаратты ерікті түрде меңгеру;

3.Түзетушілігі: баланың сөйлеу тіл кемістігін түзету және асықпай буынға бөліп сөйлеу қабілетін қалыптастыру.

4.Тәрбиелегі: балаға берілген тапсырманы дұрыс орындауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, көрсету.

Көрнекі құралдар: түрлі түсті суреттер, компьютер, айна, бет орамал.

Іс-әрекет кезеңдері

Маманның іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық.

Баламен сәлемдесіп көңіл-күйін сұрау. Баланы сабаққа дайындап, қағаз-каламсапты үстел үстіне дайындап қою. Шаттық шеңбері.

Мынау менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау басым ақылды,

Бәрін осы басқарған.

Мынау менің оң қолым,

Мынау менің сол қолым,

Барлық істі атқарған.

Қимылмен көрсету. Балалар хормен қайталап, хормен айтады.

Үй тапсырмасын тиянақтау

Үйге берілген тапсырманы тиянақтап, орындалу барысын қадағалау. Орындау барысына қарай мадақтау.



І.Негізгі бөлім.

Сөйлеу ережесі:

  1. Сөйлеу барысында дене еркін және ыңғайлы қалыпта болу керек. Аяқ нық тұрады, кеуде тұсы мен иық керулі, бас көтеріңкі.

  2. Әңгімелесу кезінде әңгімелесушіге тіке сенімді түрде қарау керек.

  3. Тек дем шығарған кезде ғана сөйлеу қажет.

  4. Әрдайым асықпай буындап сөйлеу.

Сөйлеу ережесін қалай жасаукеректігін ұғындыру.

Әдіс-тәсілдер

ІІ. Ойын арқылы тыныс алу жаттығулары.

1. Мұрнымен тыныс алып, мұрыннан шығару.

2. Ауызбен тыныс алып, мұрыннан шығару.

3. Мұрынмен тыныс алып, ауыздан шығару.

4. Ауызбен тыныс алып, ауыздан шығару. Вокалды жаттығулар. А-О-У-И дауысты дыбыстарды созып айту. АУИО, АУИО, АИУО, АОУИ дыбыстарын бір тыныста бөлмей тез айту.


Тыныс алу жаттығуларын ауыз қуысы арқылы қайталаау.


ІІІ. Диафрагмалды тыныс алу жаттығулары.

Бұл тыныс алу жаттығуларын іш престері арқылы жасау.

«Бүркітке ұқсаймыз» ойыны.

Бастапқы қалып жан-жаққа қолдарын көтеру. Қолды жоғары көтерген кезде мұрынмен тыныс алып, тынысты терең ішінен алу қажет. Қолдарын төмен түсіргенде демді ауыздан шығарады.

«Штанга» ойыны.

Ауыр штанганы көтергендей алдымен кеуде тұсқа дейін, содан жоғары көтеру керек. Жаттығуды 10-15 секунд жасаймыз. Қол, аяқ, кеуде бұлшық еттерінің жиырылуына ерекше назар аудару керек. Алға қарай еңкейе отырып, штанганы жерге тастау керек. Бұл кезде қолды барынша еркін ұстап ауада бос ұстау керек. Дене босаңсуына мән беріледі.

«Мұздықтар» ойыны.

Тіке тұрамыз. Көз алдымызға шатырдағы мұздықтарды елестетеміз. Қолымызды барынша жоғары көтереміз, аяқтың өкшесімен барыншы көтерілеміз. Күн шықты дегенде қолды жерге қарай түсіреміз.

IV. Тақпақтар, мақал-мәтелдер, жаңылпаштар айту.

Маматкаримов Нұрмухамед:

Қайырлы таң, қонақтар!

Шуақты күннің сәулесін

Қонақтарға шашыңдар.

Қуансын олар жарқылдап.

Өнерлі бала сүйкімді.

Ян – ян-ян жүгіріп жүр қоян.

Ян- ян –ян бұл қоян емес шаян.



Аязбеков Марлен:

Алақанды ашайық,

Күннің нұрын салайық.

Таза ауаны жұтайық.

Жүрекке жылу сыйлайық.

Жиналған жылы шуақты,

Қонақтарға сыйлайық.

Жаңылпаш.

Шөмеленбеген шөпті, мен шөмелемей

Кім шөмелейді.

Баядилов Сармат:

Армысың, қайырымды аспан ата.

Армысың, қайырымды жер ана.

Армысың, шұғылалы алтын күн.

Бәріміз күндей жарқырайық.

Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.

Есет атам ет асатар,

Ет асатса бес асатар.

Сабанбай Ғалымжан:

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік,

Қабақ түйген не керек?

Көңілді болып жүрейік.

Тебіншек ат- шегіншек.

Шегіншек ат – тебіншек.

Балалардың ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту, ептілікке үйрету.


V. Мимикалық және артикуляциялық бұлшықеттерге арналған релаксациялық жаттығулар.

А) басты сәл ғана артқа шалқайтып, 10 секунд ұстаймыз.

Ә) 15 секунд қолымызды жоғары көтереміз.

Б) 5 секундқа қабақты түйеміз.

В)5секундқа тістенеміз.

Г)5 секундқа тісімізді көтереміз.

Артикуляциялық жаттығулармен бұлшық етті дамыту жұмыстарын бала қимылмен орындайды.


VІ. Логоритмика.

Мақсаты: музыканың ырғағымен балалар қимыл-қозғалыс жасайды. Ән-әуен ырғағымен оңға және солға қимыл жасау. Алға қарай бір адым аттап, қолдарын айқастырады. Бір отырып, бір тұрып аяғын оңға, солға бұрады.


Әуен ырғағымен қимыл, қозғалысты көрсетеді.


Үйге тапсырма. Тыныс алу жаттығуларын қайталау.



Қорытынды. Мадақтау.



Түзету сабағы

Райгүл Ғиниятқызы КЕНЖЕҒАЛИ

Облыстық №3 мектеп-интернаты,

жоғары санатты логопед-мұғалім.

Атырау қаласы

Тақырыбы: «Ш» дыбысын сөзде, сөйлемде бекіту.

Мақсаты: артикуляциялық, тыныс алу жаттығуларын жасай отырып, «Ш» дыбысының

дұрыс артикуляциясын бекіту, дыбысты сөзде, сөйлемде бекіту, фонематикалық естуін

дамыту,байланыстыра сөйлеуін жетілдіру, сөздік қорын молайту,ойлау қабілетін дамыту.

Көрнекілігі: айна, интерактивті тақта.

Дидактикалық материалдар: сөзжұмбақ, мәтін, жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер.

Сабақтың жүрісі:

І. Психологиялық даярлық.

ІІ. Негізгі бөлім:

1) Тақырыпты анықтау:

« Әр дыбысты анық бас,

Анық сөйлеп қалыптас.

Анық бастыратын да,

Қалыптастыратын да

ЖАҢЫЛТПАШ» - тақтадағы жаңылтпашқа назар аударыңыздар!

Шама-шарқыңды шамалы шамала!

Шама-шарқын шамалы шамаламаған

Шаруаның шаруасы шала!..

-Қай дыбыс жиі айтылған? (Ш дыбысы)

-Ендеше, бүгінгі тақырыбымыз: «Ш» дыбысын сөз, сөйлемде бекіту.2) «Ш» дыбысының артикуляциясы:

Ерін: дөңгеленеді;

Тістер: жанасады;

Тіл ұшы: жоғарғы тістің түбінде;

Тілдің екі жағы: жоғарғы тіске тиеді

3) Дыбысқа сипаттама:

-«Ш» дыбысы қандай дыбыс?

-Ш дыбысы – ызың, тіл алды,қатаң дауыссыз.

Сөз басында, ортасында,аяғында келеді.

4) Артикуляциялық жаттығулар:

«Тәтті тосап»

«Әткеншек»

«Саңырауқұлақ»

«Сылақшы» (қатты таңдайға массаж)

5) Тыныс алу жаттығулары:

-Терең тыныс алып, ф дыбысына шығару;

-Терең тыныс алып, ш дыбысына шығару;

-Терең тыныс алып, мұрыннан шығару;

-Терең тыныс алып, ма-мо-му-ми буынына шығару.

6) Вокалдық жаттығулар ( музыка аспабымен).

ІІІ. Фонематикалық есту қабілетін дамыту. «Өтірік өлеңнің қатесін тап»

«Айтқандарың дұрыс па?

Бұрыс болса, дұрыста!» (Сөзжұмбақ толтыру).

-Өтірік өлеңдегі «Ш»дыбысы бар заттың атын білдіретін сөздерді торкөзге жазу керек.

-Заттың атын білдіретін қай сөз табы? (зат есім).

-Қандай сұраққа жауап береді? ( Кім? Не?).

Өтірік өлең

Шалғы қайрап қаймақпен,

Шұбат іштім қайрақпен.

Ағаш шауып малтамен,

Азықтандым балтамен.

Шортан аулап шарбақпен,

Шөп қашадым қармақпен.

Шұлық тоқып суменен,

Құдық толды инемен. (Е. Ерботин)ш а

2

Л

3

ғ Ы

4

ш ұ Б

1

а т

а ғ а Ш 6

ш о р т а н

ш ө п

ш ұ л Ы 7 Қ 5

-Сандарды ретімен қойып, сөз құрастыру.

б а л ы қ ш ы

ІV. Сергіту сәті: «Ұшты-ұшты»

V. Мәтінмен жұмыс.

-Бүгінгі оқитын «Балықшы және бақалшы» атты ертегіміз де балықшы туралы.

1.Мұғалімнің бастап оқуы.

2.Сөздік жұмыс.3.Тізбектеп оқу.

4.Оқушылардың түсінік айтуы.

5.Қорытындылау

-Осы ертегіге байланысты қандай мақал-мәтел білесіңдер?

- «Біреуге ор қазба, өзің түсерсің»- деген сөзді қалай түсінесіңдер?

VІ.Дидактикалық ойын. «Білгенге –маржан» (Тест сұрақтары).

1.Еңбек –адамның ... анасы.

а ) екінші,

ә ) оныншы,

б ) жиырма бесінші.

2. Дос сыртыңнан мақтар,

... көзіңе мақтар.

а ) көрші,

ә ) нағашы,

б ) дұшпан.

3. Отқа түскеннің еті күйер,

... беті күйер.

а ) аурушаңның,

ә ) өтірікшінің,

б ) ұялшақтың.

4. … ертеңі таусылмас.

а ) еріншектің,

ә ) ұялшақтың,

б ) өтірікшінің.

5. Ластың досы - ...

а ) шыбын,

ә ) көбелек,

б ) көгершін.

VІІ. Сабақты қорытындылау.

-Қай дыбысты бекіттік?

VІІІ. Үй тапсырмасы .

-Сабақта пайдаланған жаңылтпашты жаттау.

IX. Мадақтау.







Тіл ұстару жаттығуы

        Ша-ша-ша

       Біз тебеміз шана

 

5.«Сөз ойла,тез ойла» ойыны

1.Шана, шаңғы,шағала, шегіртке,шырша,ағаш,  ірімшік,өшіргіш,қарындаш,,шұжық,шай,шырын,көгершін

6.Сөздерді буынға бөлу

 ШЫРША сөзіндегі алғашқы дыбысты ата. (шақырым, машина, ағаш, раушан.)

 Буындарды оқыту. Ш дыбысының айтылуына мән бергізу.

 Сөздерді буынға бөліп оқыту.

ША – НА

ША – ҒА – ЛА

РАУ – ШАН

Ша – на, ша – ға – ла, рау – шан   сөздеріне буындық, дыбыстық талдау жасату. Ш дыбысының әрпін көрсетіп оның қандай құралдың бөлігіне ұқсайтынын сұрау

 

8.Ша, шар, шана,шай

Кеспе әріптерден  сөзін құратып, оқыту.

  1. Әліппе – дәптердегі бағанмен берілген сөздерді оқыту.

10.Буындары әр түрлі сөздерге талдау жасату

Арша Шара Шар Шаңғы Шырша  Шегіртке

 

  1. Тақтаға шартты белгілермен сөйлем құрату. Сөйлемдерді оқығандағы дауыс кідірісіне көңіл аударту.

  2. «Дыбыс қосып сөз жаса» ойынын ойнату. Қосылған дыбысты дұрыс дыбыстату. Ш әрпі, шана сөзін баспа түрімен буынға бөліп және қосып жазу.

13.Қай суреттің атауында ША буыны бар, сол суретті буынмен байланыстыру./Сурет бойынша/

14.Шш әріпін  баспа түрін жазғызу.

Қолға қалам аламыз

Дәптерді қиғаш қоямыз
Арқамызды тік ұстап
Әдемлетіп жазамыз

Дұрыс отыру, қаламды дұрыс ұстау, дәптер жолына әріптерді дұрыс түсіру дағдыларына жаттықтыру.

 

Бас және кіші әріптерін жаздыру.

Ү.Сабақты  бекіту.

        шана,шара шат, шырша, шаңғы сөздерін сөйлем ішінен бөліп  астын сызып белгілету карточка арқылы

ҮІ. Бағалау.   Кім көп шар жинады Шарларды санау Сабаққа қатысқан оқушыларды марапаттау

Tags: әліппе, әрпі, дыбыс, Шш дыбысы, Шш дыбысы мен әрпі

















Мақсаты: Дыбысты сөзде дұрыс айтуын қалыптастыру.

Коррекциялық – білімділік мақсаты: артикуляциялық жаттығуларды толық, дұрыс жасауын қалыптастыру. Ш дыбысын сөзде машықтандыру.

Коррекциялық- дамыту мақсаты: көру және естуқабілетін дамыту, ұсақ моторикасын, дауысын, тыныс алуын, фонетикалық есті қабілетін дамыту.

Коррекциялық тәрбиелік мақсаты: сабаққа деген ынтасын, өз бетінше жұмыс жасауын, өз сөйлеу тілін қадағалауын тәрбиелеу.

Көрнекілік: әріптер, буындар, суреттер, карточкалар, бірнеше бөлікке бөлінетін шаршы және кішкене шаршылар мен дөңгелектер.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

- Көңіл-күйің қалай?

- тамаша, осындай көңіл-күймен сабағымызды бастайық, бүгін бізде ерекше сабақ.

- неліктен ерекше сабақ деп ойлайсың?

- өйткені бізге қонақтар келді.

- қазір бізде жылдың қай мезгілі?

- қыс мезгілі.

- ауа райындағы өзгерістер жайында айтып берші.

ІІ. Өткен сабақты қайталау.

Екі үй суреті берілген, біреуі қызыл шатырлы, екіншісі көк шатырлы. Берілген әріптерді керекті үйге орналастыру қажет (А,С,О,Ш,Ы,У...)

ІІІ. Жаңа сабақ.

  1. Суреттерге мұқият қарап, атап шық (шағала, көгершін, қарлығаш)

  • Бір сөзбен қалай атаймыз?

  • Құстар

  • Осы сөздерден қандай ортақ дыбыс кездеседі.

  • Ш дыбысы

  • Ш әріпі

  • Дыбысты біз естиміз, айтамыз, әріпті біз көреміз,жазамыз.

Бүгін бізге құстар өздерімен бірге бірнеше тапсырмалар алып келді, құстармен бірге Ш дыбысын сөзде дұрыс айтып дағдыланамыз.

  1. Ш дыбысын таза, анық, дұрыс айту үшін, біздің тіліміз бен ерніміз дұрыс жұмыс жасау үшін, тіліміз бен ернімізге арналған жаттығулар жасаймыз.

Артикуляциялық жаттығулар: Ш дыбысын дұрыс айтуға арналған жаттығулар кешені.

«Бақа - тұмсық»

Бір – «Бақа» ерін жымиып тұрады.

Екі – «Тұмсық» ерінді дөңгелетіп алдыға шығарады. 10-15 рет

«Күрекше» - Ауыз кең ашық, жалпақ тіл астыңғы ерінде 10-15 сек.

«Тыңдамайтын тілді жазалау»- ауызды ашып, тілді астыңғы ерінге қойып, шығарып ұстап, пя-пя-пя деп 10-15 рет қайталау.

«Кесе » - ауыз ашық, ерін жымиып тұрады. Жалпақ тіл астыңғы ерінде, бүйірлері кесе тәрізді жоғары қайырылған 5-ке дейін ұстап тұру керек.

«Қалаш» - ерінді дөңгелетіп ұстау. Ерінді дөңгелеткен кезде ауыз кең ашық,астыңғы жақ кейінге ығысуы керек. 10-15 сек.

«Ат шауып келеді» - тіл ұшымен таңдайды тақылдату. 10-15 рет.

«Тәтті тосап» - жалпақ тілмен жоғары тілді жалау, жаттығу жасаған кезде ерні мен астыңғы жақтың қозғалмауы керек.

«Сиқыршы» - ауызды ашып, жалпақ тілді жоғары ерінге жақындатады да мұрынның ұшында тұрған үрлеп ұшырады. Мақта тік ұшып кету үшін ауа тілдің дәл ортасынан шығуы керек.

Ш дыбысын бірнеше рет қайталау.

Ш дыбысының артикуляциялық мінездемесі: тілдің ұшы таңдайдың алдыңғы жағына көтеріледі, бірақ таңдайға тимейді, ерін аздап дөңгеленіп, алға қарай шығыңқы келеді.

  1. Тыныс алуға аранлаған жаттығу.

  2. Буындар оқу: әріптерден буындар құрастыру, бұлттардағы буындарды оқу.

  3. Фонематикалық есту қабілетін дамыту; бірнеше бөлікке шаршы және кішкене дөңгелектер мен шаршылар берілген.












































  • Қазір біз ойын ойнаймыз.

  • Егер Ш дыбысы кездестін сөздер атасам, сен үлкен шаршының бір бөлігіне кіші шаршыны қоясын, ал егер Ш дыбысы кездеспесе кіші дөңгелекті қоясын. (сөздер: шана, сабын, сағат. Шаңғы, ағаш...)

  1. Қолдың ұсақ моторикасын дамыту: «Түйме жолы» - сөздерді қайталап, түймелер үстінен саусақтармен кідірмей жүріп шығу. (Сөздер: шопан, пышақ, қайшы, шәйнек, шапан және т.б.)

  2. Карточкамен жұмыс: Ш дыбысы сөздің қай жерінде орналасқан, суретті керекті тор көздермен біріктір.

  3. Әріптерді биіктігіне қарай орналастырып жаз және оқы. АШМ, ШАҒА, РАШ, ӨШП т.с.с.

  4. Дыбысты талдау: берілген суреттерді заттарды атап, алғашқы әріпін төркөзге жаз:

  • Қайндай сөз пайда болды, оқы.

  • ШАНА

_______ (сөз)

___ ___ (буын), текшемен дауысты, дауыссыздарды белгілеу.

ІҮ.үйге тапсырма: Ш дыбысына бес сөз ойлап, жазып кел.

Ү. Қорытынды.

- бүгін біз қандай дыбысты сөзде дұрыс айтып дағдыландық.

- Ш дыбысы.

- Құстар сендерге риза болып қайтатын болды.


Мектепке даярлық топ балаларына арналып ұйымдастырылған оқу әрекетінің тех.картасы.



































Тақырыбы: Ш дыбысы мен әріпі («мақта қыз мен мысық» ертегісі бойынша)

Білім саласы: қатынас.

Кіші сала: дыбыстарды айту мәдениеті.

Түзете-оқыту мақсаты: Ш дыбысын сөз ішінде анық айтуға үйрету. Ш дыбысының артикуляциялық позициясын дұрыс көрсетуге үйрету. Дем алу гимнастика жаттығулары арқылы дем шығару күшін жетілдіру. Ш мен Ж дыбыстарын ажыратуға үйрету.

Түзету-дамыты мақсаты: фонематикалық естуді дамыту. Артикуляциялық аппаратының қозғалысын дамыту. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Жалпы және ұсақ моториканы дамыту.

Түзете-тәрбие мақсаты: сабаққа қатысуға деген жағымды көзқарасты қалыптастыру. бір-біріне деген мейірімділік сезімдерін тәрбиелеу.

Сөздік: алаша, шырша, құрылысшы, ағаш, биші.

Технологиялық қамтамасыз: суреттер, құралдар, ертегі кейіпкерлерінің суреттері, сұлбалар.

Әрекеттің кезеңдері

Логопедтің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-оятушылық

Шаттық шеңбері: «Амандасу»

Біз әдепті баламыз,

Біз ерекше боламыз.

Қонақтарды көргенде,

Сәлеметсіздер ма?-деп,

Сәлемдесіп аламыз.

Тосын сый.

Бөлме есігін тоқылдатады. Бөлмеге мысық кіріп, балалармен амандасады. Мысық: сәлеметсіздер ма балалар! Мен сендердің бүгінгі сабақтарыңа көмек сұрай келдім. Менің құйрығымды қайтарып алуға көмектесіңдерші.

Балалар шеңберде тұрып, өлең сөздеріне чәйкес қимылдар жасайды. Келген қонаққа қызығушылық танытады. Көмектесуге ниет біолдіреді. Орындарына отырады.

Ұйымдастырушылық- ізденушілік

Логопед: балалар, мысыққа көмектесу үшін біз ертегі кейіпкерлерімен кездесіп, олардың тапсырмаларын орындауымыз керек.

  1. Сиырдың тапсырмасы.

Артикуляциялық жаттығуларды сұлба арқылы орындау («Күлкі», «Піл», «Ат шауып келеді») Ш дыбысына арналған жаттығулар сұлбасы.













Логопед Ш дыбысының артикуляциялық позициясын дұрыс көрсетеді.

  1. Ағаш тапсырмасы:

Тыныс алу жаттығуы: «Жапырақтарды ұшырайық»

  1. Қыздардың тапсырмасы:

Ш мен Ж дыбыстарын айыру.







  1. Дүкеншінің тапсырмасы:

Дәптермен жұмыс.

  1. Тауықтың тапсырмасы:

Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрайық,

Дөңгеленіп тұрайық.

Қолымызбен шапалақтап,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып.

Сауық-сауран құрайық.

Бас, иық, тізе, саусақ.

Көз, мұрын, ерін, құлақ.

Аяқ-аяқтар,

Саусақ-саусақтар.

  1. Тышқанның тапсырмасы:

Сөз ұйқастарды қайталау.

Ша-ша-ша – алаша

Ша-ша-ша – шырша

Ші-ші-ші – биші.

Шы-шы-шы – құрылысшы

Мысық құйрығын қайтарып алып, балаларға алғысын білдіреді.


















Артикуляциялық жаттығуларды сұлба арқылы орындайды.





















































































Логопедтің соңынан жаттығуды қайталайды. Балалар дыбысына қарай суреттерді топтастырады.




Балалар дәптерде Ш әріпін жазады.













Өлең сөздеріне сәйкес қимылдарды орындайды.

























Балалар сөз ұйқастарды қайталайды.










Балалар мысыққа құйрығын қайтарып береді.






Рефлекстік- түзету

  • Қай ертегі кейіпкерлерінің тапсырмаларын орындадық?

  • Қай тапсырманы орындаған ұнады?

Жауаптарын тыңдап балаларды мадақтайды.

Сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Ш дыбысының артикуляциясын.

Болу керек: «Дыбыстар» деген жалпы ұғым.

Үйрену керек: * Ш дыбысын сөз ішінде анық айтуға.

  • Дем алу гимнастика жаттығулары арқылы дем шығаруға.

  • Ш мен Ж дыбыстарын ажыратуға











Тіл дамытуға арналған қозғалыс жаттығулары

Балаларға әзірленген сахналық қозғалыс жаттығулары, қойылымдар, өлең жолдары, балабақша жасындағы балалардың сөйлеуін, ой – қиялын, елестету сезімдерін дамытуда өте маңызды болып келеді. Төменде көрсетілген жаттығулар балалардың сөйлеуін, тілін дамытуға бағытталған.

«С» дыбысы. «Сарбаз»

Сарбаз болып тік тұр сен!(оң аяғымызда тұрып, қолымызды жан – жаққа созамыз)

Егер құлап қалмасаң,(оң аяғымызда тұрып, қолымызды жан – жаққа созамыз)

Сол аяққа да тұра сал,(сол аяғымызда тұрып, қолымызды көтереміз)

Сонда мықты боласың сен.

«Ш» дыбысы. «Тышқандар»(қозғалыс ойыны)

Тыныш, қане, тышқандар(балалар ақырын ғана ұйықтап жатқан мысыққа барады).

Тыныштықты сақтаңдар

Төбеде бір мысық жүр,

Көріп қойса қашыңдар(соңғы сөзден кейін мысық мияулап, балалардың соңынан жүүгіреді, балалар – тышқандар қашады). Жаттығудың негізгі қозғалыстары: тышқандардың жүрісіне сай, бір бағытқа қашады, аяқтарының ұшымен жүреді.

«Ж» дыбысы. «Шыбын»

Әлсіз дауыс таныс па?

Шыбын әлі алыста ж-ж-ж-ж-ж(ақырын)

Жақын келді үлкейді(балалар бір – біріне қарап, қолдарын дөңгелете ұстап, шыбынның үлкендігін көрсетеді)

Даусы тіпті күшейді ж-ж-ж-ж-ж(қатты).

«Л» дыбысы. «Лақ келеді көпір үстімен»

Лақ келеді көпір үстімен,

Бұлаң – бұлаң етіп құйрығы(аяқ массажына арналған кілемшелер үстімен кішкентай қадамдармен жүреміз),

Ілініп қалып құйрығы,

Көлге бір – ақ құлайды.

«Р» дыбысы. «Иттер мен қарғалар»

Жасыл шырша жанында(қолмен шырша бейнесін көрсету)

Жүр қарқылдап қарғалар: қарр-қарр-қарр!(екі қолымызды қанат сияқты созып, секіреміз)

Мұнда бала қозғалыс жаттығулар ғана емес, сөйлеуді дамытуға арналған жұмысты да қатар орындайды. Ойын түрінде өткізілген жаттығулар әрдайым баланың есіңде жатталады да, тез қалады.




















































Артикуляциялық жаттығулар жиынтығы Л - Р дыбысына дұрыс шығаруға көмектеседі.


«пя-пя-пя»


Мақсаты: тілдің бұлшық еттерін босансытып, оны жалпақ күйде ұстауын үйрету.

    Қысқаша сипаттамасы: ауызды ашып, тілді төменгі ерінге қойып

«пя-пя-пя ...» деп айтқызу. Ауызды ашып тұрып тілді жалпақ күйінде бірден беске –онға дейін санап, ұстап тұру.

    Әдістемелік нұсқау.     1. Төменгі ерінді қайырып немесе астыңғы тістерді сыртына орналастырмауын қадағалау. 2. Тіл жалпақ, шеттері ауыз бұрыштарын тиіп тұрады.

3. Тілді ерінмен бірнеші рет ұру керек. Жаттығу жасау кезінде баланың дем шығаруын біркелкі болуын қадағалау қажет.

«Дәмді тосап»


    Мақсаты: жалпақ тілдің ұшының жоғары көтеруін және тілді кесе (ожау) тәрізді қалыпта ұстауын үйрету.

    Қысқаша сипаттамасы:Жалпақ тілмен жоғары ерінді жалап,ауыз қуысына кіргізу.

    Әдістемелік нұсқау.1. Жаттығуда орындаған кезде тек тіл жұмыс істеуін, иектің қимылдамауын қадағалау кере.2.Тіл жалпақ болып бүйірлер ауыз бұрыштарына тиіп тұруы керек.3.Тіл оңға-солға емес, тек төмен және жоғары қозғалу керек.4.Егер бала жаттығуды жасай алмай жатса, «пя-пя-пя» жаттығуына оралу қажет.Бала тілін  жалпақ қалпына келтірген  сон шпательмен тілді жоғары ерінің үстіне қайыру керек.


«Параход»


    Мақсаты: тілді жоғары көтеріп үйрету, тілдің алдыңғы жағынның қимыл-қозғалысын жетілдіру.

    Қысқаша сипаттамасы:ауызды кішкене ашып    ы дыбысын ұзақ айту.

    Әдістемелік нұсқау.1. Тілдің ұшы төмен және ауыз құысында терең орналасуы керек, ал тіл арқасы таңдайға қара көтеріңкі болуы керек.


«Күркетауық»


        Мақсаты: тілді жоғары көтеріп үйрету, тілдің алдыңғы жағының қимыл-қозғалысын жетілдіру

       Қысқаша сипаттамасы: Ауызды аздап  ашып, тілді жлғарғы ерінге,қойып тілдің жалпақ ұшын алға-артқа жылжытту керек.Тілді еріннен ажыратпау керек- ерінді сипағандай.Алғашқыда тіл қимылы баяу, содан кейін жылдамдатып, дауыс қосылады.

       Әдістемелік нұсқау.1. Тілдің жалпақ, қимылы артқа-алға болуын қадағалау керек.2.Тілмен жоғары ерінді «жала» керек.


«Әткеншек»


    Мақсаты: тілдің қалпын тез өзгерте білу дағдысын қалыптастыру.

    Қысқаша сипаттамасы: Жымиіп, тістерін көрсетіп, аузын ашып, жалпақ тілді астынғы тістердің артына (ауыз қуысының ішінде) орналастыру. Осы қалыпта тілді жоғары көтеріп дәл осылай істеу керек.

Осылай тілдің қалпын 4-6 рет өзгерітіп, жаттығуды қайталау керек.

    Осылай тілдің қалпын кезекпен 4-6 рет өзгертіп, жаттығуды қайталау керек.

    Әдістемелік нұсқау. 1. Жаттығуды орындаған кезде тек тіл қимылдау керек, ерін мен жақтың қозғалмауын қадағалау керек.



Хамза Есенжанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің логопеді Денизбаева Алма Едресовна

Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Сарыөмір ауылы

Тақырыбы: Түстер әлеміне саяхат Логопедиялық сабақтың тақырыбы: С-Ш дыбыстарын буында,сөзде,сөйлемде ажырату. Сабақтың мақсаты: Түстер тақырыбын меңгерте отырып,С-Ш дыбыстарын буында,сөзде,сөйлемде бір-бірінен ажыратып,анық айтуға үйрету,сөздік қорын дамыту Сабақтың міндеттері: 1. С-Ш дыбыстарын буында,сөзде,сөйлемде ажырату. 2.Балалардың ұсақ қол моторикасын,тыныс алуын,сөйлеу мүшелерінің қимыл-қозғалысын дамыту. 3.Фонематикалық естуін арттыру. 4.Ойлау қабілеттерін жетілдіру. 5.Байланыстырып сөйлеуін дамыту. 6.Қосымшаларды дұрыс қолдануға үйрету. 7.Түстерді ажыратып үйрету. Көрнекілігі:айна,артикуляциялық жаттығулардың суреті,С-Ш дыбыстары бар суреттер,табиғат суреті,Дымбілмес пен Мыстан кемпірдің суреттері Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі. Сәлемдесу (балалар хормен) Сәлемдесейік иіліп, Жылы жүзбен жымиып. Қызығы мол сабақта Ойнайық та күлейік. ІІ. Негізгі бөлім 1.Ұсақ қол моторикасын дамыту. «Саусақтар сәлемдеседі» Орындалу тәсілі: Бас бармаққа қалған саусақтарды сәлемдестіріп,түйістіру.Екі қолдың саусақтарына орындау«Жұдырық,тақтай,алақан» Орындалу тәсілі: Алақандарды алдымен жұдырыққа түйіп,одан соң тігінен ұстап,сосын алақанды үстел үстіне қою.Осы қимылдарды кездестіре,тез орындау. 2. Артикуляциялық жаттығулар орындау. «Күрекше» Жаттығудың дұрыс орындалу тәсілі: жалпақ тілді ауыз қуысынан шығарып,төменгі ерінге салып,10-15 секунд ұстап тұру керек. «Алтыбақан» Жаттығудың дұрыс орындалу тәсілі:тілді жіңішкертіп,кезекпен мұрынға,иекке қарай созу,бірақ ауызды ашып ұстап тұру керек.Бір қалыпта тілді оңға дейін санап тілді қозғалту қажет. «Ат шауып келеді» Жаттығуды дұрыс орындау тәсілі:ауызды кең ашып,тілді таңдайға жабыстырып,баяу,жылдам қағу керек.Тіл асты желбезегін созу.Осы жаттығуды бір-ден беске-оңға дейін қайталау қажет. «Кесе» Жаттығуды дұрыс орындау тәсілі:ауыз кең ашық,жалпақ тілді жоғары тіске қарай көтеріп,бірақ тіл тіске тимеуі керек,10-15 секунд ұстап тұру керек.«Сылақшы» Жаттығуды дұрыс орындау тәсілі: ауыз кең ашық,тілдің ұшымен қатты таңдайды сылау.Бағытын өзгерте отырып,10-15 рет қайталау. 3.Тыныс алу жаттығуларын орындау. «Көбелекті гүлге қондыр» ойыны. Жіптің бір жағына көбелек, бір жағына гүл байланады.Бала көбелекті гүлге қондырғанша мұрынмен дем алып,ауызбен үрлейді. ІІІ. Жаңа сабақ -Балалар,бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Түстер әлеміне саяхат» деп аталады. Ендеше,балалар қандай түстерді білеміз? -Балалар,жарайсыңдар.Түстер адамға сән береді,айналаны құбылтады.Егер түстер болмаса барлығы көңілсіз болар еді.Сондықтан түстер бізге қажет екен. Бірақ,балалар,мына суретке қарайықшы.Бұл суретте не бейнеленген? –Дұрыс айтасыңдар.Табиғаттың және Дымбілмес дейтін баланың жылап тұрғанын көріп тұрмыз. Ол неге жылап тұрғанын білеміз бе? –Өйткені, балалар, мыстан кемпір кемпірқосақтың түстерін ұрлап алған екен. Сол себепті табиғатта мұңайып отыр.Ал Дымбілмес оларға қалай көмектесу керек екенін білмейді.Себебі мыстан кемпір түстерді оның тапсырмаларын орындаса ғана береді екен. Сендерден көмек сұрап отыр. Түстерді тауып, кемпірқосақты бояп көрейік. Қанекей, көмектесеміз бе, балалар? –Ендеше,бастаймыз. –Түстердің түрін атап өттік,еді сол әрбір түсте бір тапсырма бар.Кім түстердің тапсырмасын жақсы орындаса сол кемпірқосақты бояйды. 1-тапсырма. Қызыл түс. С-Ш дыбыстарын ажырату. С-Ш дыбыстарының айтылуын еске түсіреміз.С дыбысын қалай айтамыз? С дыбысын айтқанда еріндер жымияды.Тістердің арасы сәл ашық.Тілдің ұшы төмегі тістерге тіреледі,салқын ауа пайда болады.Ш дыбысын айтқанда еріндер түтікшеге ұқсайды.Тілдің ұшы жоғарғы тістерге тіреледі,жылы ауа пайда болады. Тілді төмен са-са-са-би билейді жараса! Тілді жоғары ша-ша-ша-біздің шана тамаша! 2-тапсырма. Көк түс. «Кім зейінді?» ойыны. Әр түрлі буындардың ішінен С мен Ш дыбыстарын естігенде жалаушаны көтеріп,буынды қайталайсыңдар. Са, се, па, му, қа, ша, су, ма, ле, ше, ба, ме, шу, лу 3-тапсырма. Сары түс. Логопед: Кім жақсы естиді екен? Мен С мен Ш дыбыстарына сөздер айтамын. Сендер сол дыбыстардың сөздің басында, ортасында, аяғында кездесуін қолдарыңдағы сандар бойынша көрсетіп анықтайсыңдар. Мысалы: сана,сағат, Асан, асық, шана, қуыршақ, шалбар, ағаш, шаңырақ, шар, машина. 4-тапсырма. Жасыл түс. Дидактикалық ойын: «Қай баған?» (сурет бойынша «с» дыбысынан басталған сөздерді «с» бағанына, ал «ш» дыбысынан басталған сөздерді «ш» бағанына орналастыру қажет)











5-тапсырма. Қызғылт-сары түс С-Ш дыбыстарын сөздерде ажырату.

шаңсорғыш

аласа

іш

көш

піш

көсе

қасық

қасу

қайшы

қаш

тыныш

өсір

кесе

қараса

орташа

сыпырғыш

алаша

іс

көс

піс

көше

қашық

қашу

қайсы

қас

тыныс

өшір

кеше

қараша

ортасы




6-тапсырма. Алқызыл түс «Бұл қалай өзгереді?» ойыны. Логопед балаларға түбір сөздер айтады, балалар түбірге тиісті жұрнақ жалғау арқылы жаңа сөз жасайды. –шы немесе –сы

Мал...... бала........ Сауын....... ана....... оқу........ аула........

7-тапсырма.Күлгін түс «Мен бастаймын,сен аяқта» ойыны. Логопед: Мен сөйлемді бастаймын,сендер суреттен көргендерің бойынша сөйлемді аяқтайсыңдар. 1.Шора мен Самал (шанамен ойнады). 2.Пештің қасында сары (мысық отыр). 3.Саягүл сары(сиырды сауды). ІV Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайық, Дөңгелекті құрайық. Қолымызбен шапалақтап, Алақанды ұрайық. Бір отырып,бір тұрып, Сауық-сайран құрайық. Бас,иық тізе саусақ, Аяқ,аяқ,аяқтар, Саусақ,саусақ,саусақтар. Логопед: -Балалар жарайсыңдар! Барлық тапсырманы орындап, Дымбілмеске көмектестіңдер. Енді түстерді атап шығайықшы –Дұрыс айтасыңдар! Балалар, Дымбілмеске ертегі айтып берсек қайтеді. Ендеше, «Арыстан мен тышқан» ертегісін тыңдап,әңгімелейік және с-ш дыбыстарын барынша дұрыс айтайық. V. сабақты бекіту. С-Ш дыбыстарын мәтінде ажырату.«Арыстан мен тышқан»(ертегі) VI. Үй тапсырмасы. 
С-Ш дыбыстарын әріппен таңбалап,бастырып келу. VII. Бағалау. VIII. Қорытындылау


Тақырыбы: Сөйлеу мен сөйлеу ырғағын бірыңғай дамыту Сабақ мақсаты:дұрыс тыныс алуын қалыптастыру.Сөйлеу ережелерін еске түсіре тырып,байланыстырып сөйлеу тілін дамыту.Нүктелі массаж,аутогенді жаттығулар арқылы сөйлеу тілінің құрысуын жою.Ойлау,есте сатау қабілеттерін дамыту.Сөздік қорын молайту.Адамгершілікке,азға қанағат ете білуге тәрбиелеу. Сабақ түрі: жеке сабақ Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі. –Қайрат,бүгінгі сабақта жақсы, анық, бірқалыпты анық сөйлеуі үшін, қане өз-өзінді айнаға қарап дайындашы. Мен сабырлымын. Тыныс алуым бір қалыпты,тепе-тең,терең. Қолдар бос,аяқтар да бос. Менің денем де бос,бір қалыпты. Беттің бұлшық еттері де бос. Мен әдемі, нақты,асықпай сөйлей аламын. Тыныс алу жаттығулары.(Стрельникова бойынша) «Насос»жаттығуы-аздап еңкею барысында мұрынмен қысқа және шулы демал. «Сегіздік» жаттығуы-терең дем алып,дем шығармай 8-ге дейін сана. «Өз-өзіңді құшақта» жаттығуы-өз кеудеңді өзің құшақтағандай болып,басыңды оңға,солға бұрып терең демал. Диафрагналды дұрыс жасау. С-с-с-са, Ш-ш-ш-ша 1-тапсырма.Сөздерді бір тыныста оқы. Жағажай жазық жалбыз Зақым заман зейнетақы Жалғыз жалшы жамау жанармай Зәулім замандас зауап Жеміс жеңіл жеңіс жетекші жетпіс Зембіл зерек зергер зерттеу Жұдырық жұлын жуа жұма жұлдыз жүз Зая залал зейін зиян зілзала 2-тапсырма. Сөзге екпінді дұрыс қойып,сәйкес суретпен сөз тіркесін құр.Көңілді күйді білдіріп оқы. Тамаша,жарайсың,әдемі,сұмдық,көктем. 3-тапсырма. 
Сөйлемдердің соңына дұрыс тыныс белгісін қой.Мәтін қандай әңгімеден алынған. Бір адам он жасар баласын ертіп көшеде келе жатады Әкесі баласына -Бала анау жатқан не-дейді. –Ескі таға -Ала қойшы -Сынып қалған ескі тағаны алып не қылайын-деді бала. Әкесі үндемеді тағаны өзі иіліп алды да жүре берді Нүктелік массаж. -Қайрат,саған массаж жасаған ұнайды ма?Ендеше анық,асықпай сөйлеуіңе нүктелі массаж көп көмегін тигізеді.(Музыка ырғағымен нүктелі массаж жасалады

4-тапсырма. «Әке мен бала»әңгімесін сериялы сурет бойынша ретімен қойып,әңгімелеу

Аутогенді жаттығу. «Мен бақытты баламын» (Көзі жұмулы,музыка ырғағымен тыңдау) Қарашы,гүл бағында гүлдер қандай көп! Әсем,әдемі гүлдер жайқалып тұр! Гүлдерге қарап күн күлімдейді. Тыңдашы бақтағы сайраған құстың даусын. Сылдырлап аққан судың даусы естіледі. Бетіңе жел лебі еседі. Аңқыған гүлдердің хош иісі келіп тұр. -Қайрат,бұл бізге көктемнің де келіп қалғанын білдіреді. Қорытынды. -Бүгін біз не істедік? Қандай жаттығулар орындадық? -Саған сабақ ұнады ма? -Ендеше,Қайрат,сен бүгінгі сабақта қалай сөйледің екен,оны бүгінгі қонақтардан сұрашы. Қонақтардың пікірін тыңдау.


Такырыбы: дыбыстарды дұрыс айтуға дағдыландыру.

Мақсаты:білетін сөздердің дыбысталуына қарап,таныс емес сөздердің дыбысталуын білу.Берілген сөздерді,сөйлемдерді қабылдап,айыра білу.Сөздерді дұрыс дыбыстау арқылы дауыс ырғағымен айта білу.Ойындар арқылы ой-өрісін, логикалық ойлау қабілетін дамыту.Есте сақтау қабілетін аоттыоу.Дыбыстарды дұрыс айтуға дағдыландыру.

1-оқушы:Арыстан Нұртілек.

Тақырып:I дыбысы.

Мақсаты: «і» дыбысын әр түрлі бағытта айтуға машықтандыру.Тақырып:«в-ф» дыбыстары.

Мақсаты: «в-ф» дыбыстарын әр түрлі бағытта ажырату.

2-оқушы-

Тақырып: «И» дыбысы.

Мақсаты: «и» дыбысын әр түрлі бағытта айтуға машықтандыру.

Тақырып: «Б» дыбысы.

Мақсаты: «б» дыбысын әр түрлі бағытта айтуға машықтандыру.

Көрнекіліктер: кестелер,суреттер,қима қағаздар, ойыншықтар.Жұмыс жеке ақ парақпен жүргізіледі .

САБАҚ БАРЫСЫ:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

Мұғалім:амандас

Мұғалім:{ПА-ПА-ПА},дыбыс бар ма?

Мұғалім:{Cен қалай естисің?}

Мұғалім:{бүгін аптаның қай күні?}

Мұғалім:{Қазір жылдың қай мезгілі?}

Мұғалім:{сен сабақта не істисің?}

2.Дыбыстармен жұмыс.

Мұғалім:қазір біз дыбыстармен жұмыс жасаймыз.Мынау қай дыбыстың пішіні? «і» дыбысы қалай айтылады?

-Буындарды, сөздерді дауыстап оқы. «і» дыбысын дұрыс айт.

Іл-ілгіш кіс-кісен ні-іні

Ін-інген міс-жеміс ші-кіші

Іс-іскер лік-елік кі-екі

Ір-ірімшік тік-етік ті-жеті

-Суреттерді ата


Тақырыбы: Ш дыбысын буын,сөз,сөйлем ішінде анық айтуға үйрету Сабақтың мақсаты: 1.Ш дыбысын буын,сөз,сөйлем ішінде анық айтуға үйрету.Ш дыбысының артикуляциялық позициясын көрсетуге үйрету.Зат есімді жекеше және көпше түрде айтуға жаттықтыру. 2.Ойлау,көру қабілеттерін,ұсақ моторикаларын дамыту.Фонематикалық естулерін дамыту.Үй жануарларын күтуге,қорғауға тәрбиелеу.Қамқорлық сезімдерін ояту,көмек көрсете білуге тәрбиелеу.Көрнекіліктер: ойыншықтар,әріптің таңбасы,кеспе қағаздар.Сабақ барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі. «Шаттық шеңбері».-Армысың,күн ана! -Армысың,жер ана! –Сәлеметсіздер ме,қонақтар! –Сәлеметсіздер ме,достарым! –Сәлеметсіздер ме,апай!Сіздерді көрсем қуанам!Қайырлы таң! Қайырлы күн! Психологиялық сәт. – бүгінгі күнін сәтті болсын! 2.Жаңа сабақ.-Балалар,


















































тақырыбы: түстер әлеміне саяхат

Логопедиялық сабақтың тақырыбы:

С-Ш дыбыстарын буында, сөзде, сөйлемде ажырату.

Сабақтың мақсаты:

Түстер тақырыбын меңгерте отырып, С-Ш дыбыстарын буында, сөзде, сөйлемде бір-бірінен ажыратып, анық айтуға үйрету.

Сабақтың міндеттері:

1. С-Ш дыбыстарын буында, сөзде, сөйлемде ажырату.

2. Балалардың ұсақ қол моторикасын, тыныс алуын, сөйлеу мүшелерінің қимыл-қозғалысын дамыту.

3. Фонематикалық естуін арттыру.

4.   Ойлау қабілеттерін жетілдіру.

5. Байланыстырып сөйлеуін дамыту.

6. Қосымшаларды дұрыс қолдануға үйрету.

7. Түстерді ажыратып үйрету.

Көрнекілігі: айна, артикуляциялық жаттығулардың суреті, С-Ш дыбыстары бар суреттер, табиғат суреті, Дымбілмес пен Мыстан кемпірдің суреттері.

Сабақ барысы

І Ұйымдастыру бөлімі.

Сәлемдесу (балалар хормен)

Сәлемдесейік иіліп,

Жылы жүзбен жымиып.

Қызығы мол сабақта

Ойнайық та күлейік.

ІІ Негізгі бөлім.

  1. 1. Ұсақ қол моторикасын дамыту.

«Саусақтар сәлемдеседі»

Орындалу тәсілі: Бас бармаққа қалған сасақтарды сәлемдестіріп, түйістіру. Екі қолдың саусақтарына орындау.

«Жұдырық, тақтай, алақан»

Орындалу тәсілі: Алақандарды алдымен жұдырыққа түйіп, одан соң тігінен ұстап,сосын алақанды үстел үстіне қою. Осы қимылдарды кезектестіре, тез орындау.

 

 

 

  1. 2. Артикуляциялық жаттығулар орындау.

«Күрекше»

«Алтыбақан»

Жаттығуды дұрыс орындау тәсілі: тілді жіңішкертіп, кезекпен мұрынға, иекке қарай созу, бірақ ауызды ашып ұстап тұру керек. Бұл қалы

Жаттығудың дұрыс орындалу тәсілі: жалпақ тілді ауыз қуысынан шығарып, төменгі ерінге салып, 10-15 сек. ұстап тұру керек.

пта тілді оңға дейін санап тілді қозғалту қажет.

«Ат шауып келеді»

Жаттығуды дұрыс орындау тәсілі: ауызды кең ашып, тілді таңдайға жабыстырып, баяу, жылдам қағу керек. Тіл асты желбезегін созу. Осы жаттығуды бір ден беске-оңға дейін қайталау қажет.

«Кесе»

Жаттығудың дұрыс орындалу тәсілі: ауыз кең ашық, жалпақ тілді жоғары тіске қарай көтеріп, бірақ тіл тіске тимеуі керек, 10-15 сек. ұстап тұру керек.

«Сылақшы»

Жаттығуды дұрыс орындау тәсілі: ауыз кең ашық, тілдің ұшымен қатты таңдайды сылау. Бағытын өзгерте отырып, 10-15 рет қайталау.


  1. 3. Тыныс алу жаттығуларын орындау.

«Көбелекті гүлге қондыр» ойыны.

Жіптің бір жағына көбелек, бір жағына гүл байланады. Бала көбелекті гүлге қондырғанша мұрынмен дем алып, ауызбен үрлейді.

ІІІ Жаңа сабақ.

Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Түстер әлеміне саяхат» деп аталады. Ендеше, балалар қандай түстерді білеміз?

-  Балалар, жарайсыңдар. Түстер адамға сән береді, айналаны құбылтады. Егер түстер болмаса барлығы көңілсіз болар еді. Сондықтан түстер бізге қажет екен. Бірақ, балалар, мына суретке қарайықшы. Бұл суретте не бейнеленген?

- Дұрыс айтасыңдар. Табиғаттың және Дымбілмес дейтін баланың жылап тұрағанын көріп тұрмыз. Ол неге жылап тұрғанын білеміз бе?

- Өйткені, балалар, мыстан кемпір кемпірқосақтың түстерін ұрлап алған екен. Сол себепті табиғатта мұңайып отыр. Ал Дымбілмес оларға қалай көмектесу керек екенін білмейді. Себебі мыстан кемпір түстерді оның тапсырмаларын орындаса ғана береді екен. Сендерден көмек сұрап отыр. Түстерді тауып, кемпірқосақты бояп берейік. Қанекей, көмектесеміз бе, балалар?

- Ендеше, бастаймыз.

- Түстердің түрін атап өттік, енді сол әрбір түсте бір тапсырма бар. Кім түстердің тапсырмасын жақсы орындаса сол кемпірқосақты бояйды.

 

1-тапсырма. Қызыл түс.

С-Ш дыбыстарын ажырату. С-Ш дыбыстарының айтылуын еске түсіреміз. С дыбысын қалай айтамыз? С дыбысын айтқанда еріндер жымияды. Тістердің арасы сәл ашық. Тілдің ұшы төменгі тістерге тіреледі, салқын ауа пайда болады. Ш дыбысын айтқанда еріндер түтікшеге ұсқсайды. Тілдің ұшы жоғарғы тістерге тіреледі, жылы ауа пайда болады.

Тілді төмен са-са-са – би билейді жараса!

Тілді жоғары ша-ша-ша – біздің шана тамаша!

2-тапсырма. Көк түс.

«Кім зейінді?» ойыны.

Әр түрлі буындардың ішінен С мен Ш дыбыстарын естігенде жалаушаны көтеріп, буынды қайталайсыңдар.

са, се, па, му, қа, ша, су, ма, ле, ше, ба, ме, шу, лу, .

 

3-тапсырма. Сары түс.

Логопед: Кім жақсы естиді екен? Мен С мен Ш дыбыстарына сөздер айтамын. Сендер сол дыбыстардың сөздің басында, ортасында, аяғында кездесуін қолдарыңдағы сандар бойынша көрсетіп анықтайсыңдар.

Мысалы: сана, сағат, Асан, асық, шана, қуыршақ, шалбар, ағаш, шаңырақ, шар, машина.

 

4-тапсырма. Жасыл түс

Дидактикалық ойын: «Қай баған?» (сурет бойынша «с» дыбысынан басталған сөздерді «с» бағанына, ал «ш» дыбысынан басталған сөздерді «ш» бағанына орналастыру қажет)

Ш

С

 

 

 

 

 

 

 

5-тапсырма. Қызғылт-сары түс

[С]-[Ш] дыбыстарын сөздерде ажырату.

Ұста-ұшта

Аласа-алаша

Өсу-өшу

Қас-қаш

Сал-шал

Сана-шана

 

Сабақ-шабақ

Істі-ішті

Сала-шала

Асу-ашу

Сақ-шақ

Асық-ашық

 


 

6-тапсырма.  Алқызыл түс

«Бұл қалай өзгереді?» ойыны.

Логопед балаларға түбір сөздер айтады, балалар түбірге тиісті жұрнақ жалғау арқылы жаңа сөз жасайды.

-шы     немесе     -сы

 

Мал......         бала......

Сауын......     ана.....

Оқу.......        аула.....

 

7-тапсырма. Күлгін түс

«Мен бастаймын, сен аяқта» ойыны.

Логопед: Мен сөйлемді бастаймын, сендер суреттен көргендерің бойынша сөйлемді аяқтайсыңдар.

  1. Шора мен Самал (шанамен ойнады).

  2. Пештің қасында сары (мысық отыр).

  3. Саягүл сары (сиырды сауды).

 

ІV Сергіту сәті.

 

Орнымыздан тұрайық,

Дөңгелекті құрайық.

Қолымызбен шапалақтап,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Сауық-сайран құрайық.

Бас, иық, тізе, саусақ,

Аяқ, аяқ, аяқтар,

Саусақ, саусақ, саусақтар.

 

Логопед:

- Балалар, жарайсыңдар! Барлық тапсырманы орындап, Дымбілмеске көмектестіңдер. Енді, түстерді атап шығайықшы.

- Дұрыс айтасыңдар! Балалар, Дымбілмеске ертегі айтып берсек қайтеді. Ендеше, «Арыстан мен тышқан» ертегісін тыңдап, әңгімелейік. Және с-ш дыбыстарын барынша дұрыс айтайық.

 

V Сабақты бекіту.

[С]-[Ш] дыбыстарын мәтінде ажырату.

«Арыстан мен тышқан»

(ертегі)

VІ Үй тапсырмасы.

С-Ш дыбыстарын әріппен таңбалап, бастырып келу.

VІІ Бағалау.

VІІІ Қорытындылау.

 


















балалар бақшасы,

Тақырыбы: «Ш дыбысын сөзде, буында, сөйлемде дұрыс айтуға үйрету».

Білімділік мақсаты: [Ш] дыбысын сөзде, буында, сөйлемде дұрыс айтуға үйрету.

Дамытушылық (түзетушілік) мақсаты: балалардың сөздік қорын молайту. Байланыстырп сөйлеуін дамыту. Қолдың ұсақ моторикасын және жалпы моторикасын жетілдіру . Ойлау және есте сақтау қабілетін арттыру.

Тәрбиелік мақсаты: құстарға қамқорлық жасауға, оларды қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың құрал-жабдықтары: слайд, құстардың суреттері, қалам, айна

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

/үнтаспадан құстардың дыбысы естіледі/

-Балалар, тыңдаңдаршы, бұл ненің дыбысы?

-Құстардың.

-Балалар, бүгін біз құстар саябағына саяхатқа келдік. Қараңдаршы, мына суреттен нені көріп тұрсыңдар?

-Құстар.

ІІ.Жұмбақ шешу

-Балалар, мен сендерге құстар туралы жұмбақ жасырамын, шешуін табыңдар.

Орманда жоғары,

Ағашқа қонады

Тұмсығын балта етіп

Тоқ-тоқ-тоқ соғады. (тоқылдақ)

-Тоқылдақ туралы не білеміз?

-Құстардың қандай пайдасы бар?

-Құстар ағаштарды құрт-құмырсқадан тазартады.

-Балалар, құстың денесін не жауып тұрады?

-Құстың денесін мамық жүн мен қауырсындары жауып тұрады.

ІІІ. Артикуляциялық жаттығу

«Тоқылдақ»

Жаттығуды орындау: тілдің ұшын қатты таңдайға соққылау.

1.Тілдің ұшы қатты таңдайға тиеді, ауыз қуысынан шықпайды. 2. Астыңғы жақ пен еріннің қимылдауы қажет.

ІV. Дыбыс жаттығуы

-Балалар, мына суретке қараңдаршы. Мынау қандай құс?

-Торғай.

-Торғай қалай дыбыс шығарады?

-Шиқ-шиқ-шиқ.

-Қане, бәріміз торғай болып шиқылдайық.

V. Негізгі бөлім. Ш дыбысымен танысу

-Балалар, қане тағы бір рет шиқ-шиқ-шиқ деп айтайықшы?

-Шиқ-шиқ-шиқ.

-Осы торғайдың шығаратын дыбысында бірінші қандай дыбыс естіледі?

-[Ш] дыбысы естіледі.

-Дұрыс, балалар, [ш] дыбысы естіледі. Бүгінгі сабақта біз [ш] дыбысын сөзде, сөйлемде, буында дұрыс айтуға үйренеміз.

-[Ш] дауыссыз дыбыс, сондықтан қане бәріміз дауысымызды шығармай [ш] деп айтамыз.

VI. Жаңылтпаш жаттау.

Шымшық шып-шып,

Шоқып тық-тық.

Ұшты шымшық,

Шошып быт-шыт.

VII. Қолдың ұсақ моторикасын дамытуға арналған жаттығу.

1.Алақанға массаж.

Қаламсапты жібермей, алақанның біреуі үстінде, ал екіншісі астында болуы керек. Алақанды алдыға –артқа қозғалту, алақанның басынан саусаққа дейін жеткізу.

2.Саусақтардың ұшына массаж.

Балалар қаламсабын бас бармақ пен сұқ саусақпен ұстау. Қаламсапты саусақтың ұшымен қысып ұстап ысқылау арқылы алдыға, артқа қозғалту. Дәл солай етіп ортаңғы және бас бармаққа, бас бармақ пен шынашаққа массаж жасау.

VIII. Ойын «Сөз ойла, тез ойла»

Шарты: [Ш] дыбысы бар құстардың атын тауып, буынға бөлу.

-Ша-ға-ла. Ш дыбысы басында естіледі

-Шым-шық. Ш дыбысы басында естіледі.

-Қар-лы-ғаш. Ш дыбысы соңында естіледі.

IX. Логоритмдік жаттығу

Қарлығашқа ұқсайық,

Қане қанат жасайық.

Қарлығаш боп ұшайық,

Ұшып-ұшып алайық.

X. Ойын «Бұл қай құстың денесі»

/тақтада құстардың денесі жасырылады, балалар қандай құстың денесі жасырылғанын табу керек/

XI. Сабақты қорытындылау.

-Балалар бүгінгі сабақта біз қандай дыбысты дұрыс айтуға үйрендік?

-Не туралы әңгімелестік?

-Ш дыбысы бар қандай құстармен таныстық?





























 

Оқу-іс әрекетінің мақсаты:
1.Білімділік: « Ш» дыбысын буында, сөзде машықтандыру. Дыбыстық талдау жасау дағдыларын жетілдіру.
2.Түзете-дамыту: Баланың танымдық процестерін дамыту. Фонематикалық есту қабілетін жетілдіру. « Мен бастаймын сен қоста» ойын арқылы сөздік қорын молайту.
3.Тәрбиелік: Баланы ұқыптылыққа және мәдениетті сөйлеуге үйрету. Табиғатты аялауға баулу.
4. Сөздік жұмыс: ағаш, шырша, шар.
5.Қолданылған көрнекіліктер: профиль, заттық суреттер, карточкалар, бағалауға арналған жұлдызшалар және компютерлік ойындарды қолдану.
Лексикалық тақырып: «Орманға саяхат».

Оқу-іс әрекетінің барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлеметсің бе Елнур?
- Көңіл-күйің қалай?
Шаттық шеңбері
Жарқырап күн де ашылды
Айналаға нұр шашылды
Қайырлы күн! Біздің көңілді баламыз!
Қайырлы күн! Біздің сүйкімді баламыз!
2.Кіріспе бөлім.
- Қазыр жылдың қай мезгілі?
- Көктем мезгілінің айларын білесің бе?
- Бүгін аптаның қай күні? 
3. Негізгі бөлім:
Орман суреті.
- Орман өте тыныш болды. Тек жапырақтардың дыбыстары естіледі. Енді сен жапырақтардың сыбдырлағанын келтірші: Ш-ШШ-ШШ-Ш
- Дұрыс жарайсың!
- Ой сен кімсің? «Ш» дыбысы келеді.
- «Ш»дыбысы: Сәлеметсіңбе сенің атың кім? Сен ШШШ-ШШШ деп шақырғаннан кейін келдім.
- Мынау «Ш» дыбысының профилі. «Ш» дыбысы өзімен бірге досын ерте келіпті. Ол кім екен?
- Аюдың өз тапсырмасы бар екен:



- «Ш» дыбысқа арналған артикуляциялық жаттығуларды орындауға көмектеседі.
«Пя-пя-пя»: ауызды кең ашып, тілді төменгі ерінге қойып « пя-пя-пя»деп айтқызу. Ауызды ашып тұрып тілді жалпақ күйінде бірден бес-онға дей
ін санап, ұстап тұру.
« Кесе»: ауызды ашып, тілді жалпақ қылып, тіл бүйірлерін көтереміз, тіл кесе тәріздес болады. Тіл ұшы тістерге тимеуі керек.
«Дәмді тосап»: жалпақ тілмен жоғары ерінді жалап, ауыз қуысына кіргізу.
«Тісімізді тазалайық»: ауызды кішкене ашып, жымиып тістерді көрсету керек. Тілдің ұшын оңға , солға жылжытып тістерді тазалаймыз.
4. «Ш» дыбысының тапсырмасы: Мына суретке қарайықшы. Суретте не бейнеленген?
- Орман, ағаштар.
- «Ш» дыбысы орманға серуенге келіпті. Орманда көптеген дыбыстар серуендеп жүр екен. «Ш» дыбысы «А» дыбысымен қосылып ән салыпты. Қандай ән салыпты?
- Ша-ша-ша
- Енді «О» дыбысымен қосылып ән айтты. Қандай ән салды?
- Шо-шо-шо
- Енді «Е» дыбысымен қосылып ән айтты. Қандай ән салды?
- Ше-ше-ше
5. Фонематикалық есту қабілетін дамыту
- Мен қазір саған бірнеше дыбыстар айтам. Сен егер де «ш» дыбысын естісең онда қолыңды шапалақта.
- Оқушыға бірнеше сөздер қатарын айтып, сөздегі «Ш» дыбысын сөздің қай жерінде тұрғанын анықтау
Шырша, аю, шар, алма, ағаш, шәйнек. 
6.Сергіту сәті:
Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен
Теріп- теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
7. Ойын «Мен бастаймын, сен аяқта!»
- Елнур мен саған қазір бір сөз айтамын сен сол сөздің көпше түрін маған айтасың. Әр сөзді айтқанда мен саған доп лақтырып отырамын.
-Шар
-Шарлар
-Шана
-Шаналар
-Шырша
-Шыршалар
-Жарайсың!
8. Сабақта бекіту
-Елнур бүгін біз қандай дыбысты айтып үйрендік?
-«Ш» дыбысын


-Осы дыбысқа байланысты қандай сөздерді білесің?
-Шана, шаңғы, шырша
-Бүгінгі сабақ саған ұнады ма?
-Иа ұнады!
9. Үйге тапсырма.
Жаттап келу.
Аш-ош-шаш
Ош-ош-қош
Еш-еш-кеш
10. Қорытынды.
-Жарайсың! Аю тапсырмалармен қоса сыйлық та алып келіпті. Сен бүгін тапсырмаларды жақсы орындадың. Мына сыйлық саған!  

 

ақырыбы: «Ш дыбысын сөзде, буында, сөйлемде дұрыс айтуға үйрету». 

Білімділік мақсаты: [Ш] дыбысын сөзде, буында, сөйлемде дұрыс айтуға үйрету. 

Дамытушылық (түзетушілік) мақсаты: балалардың сөздік қорын молайту. Байланыстырп сөйлеуін дамыту. Қолдың ұсақ моторикасын және жалпы моторикасын жетілдіру . Ойлау және есте сақтау қабілетін арттыру. 

Тәрбиелік мақсаты: құстарға қамқорлық жасауға, оларды қорғауға тәрбиелеу. 

Құрал-жабдықтары: слайд, құстардың суреттері, қалам, айна 


Барысы: 

І. Ұйымдастыру кезеңі 
ІІ.Шаттық шеңбері 
Қол алысып қане біз (қол алысады) 
Достасайық бәріміз (бәрі құшақтасады) 
Армысың Алтын күнім! (екі қолын жоғары көтереді) 
Армысың Балабақшам (жан –жағына қарайды) 
Армысың Достарым (достарына қарайды) 
Сіздерді көргеніме қуаныштымын (қолды шапалақтайды) 
Үлкенге де сіз, кішіге де сіз. 
Бәріңізге амандасып 
Басымызды иеміз біз. 

/үнтаспадан құстардың дыбысы естіледі/ 
-Балалар, тыңдаңдаршы, бұл ненің дыбысы? 
-Құстардың. 
-Балалар, бүгін біз құстар саябағына саяхатқа келдік. Қараңдаршы, мына суреттен нені көріп тұрсыңдар? 
-Құстар. 

ІІІ.Жұмбақ шешу 
-Балалар, мен сендерге құстар туралы жұмбақ жасырамын, шешуін табыңдар. 
Орманда жоғары, 
Ағашқа қонады 
Тұмсығын балта етіп 
Тоқ-тоқ-тоқ соғады. (тоқылдақ) 
-Тоқылдақ туралы не білеміз? 
-Құстардың қандай пайдасы бар? 
-Құстар ағаштарды құрт-құмырсқадан тазартады. 
-Балалар, құстың денесін не жауып тұрады? 
-Құстың денесін мамық жүн мен қауырсындары жауып тұрады. 

ІІІ. Артикуляциялық жаттығу 
«Тоқылдақ» 
Жаттығуды орындау: тілдің ұшын қатты таңдайға соққылау. 
1.Тілдің ұшы қатты таңдайға тиеді, ауыз қуысынан шықпайды. 2. Астыңғы жақ пен еріннің қимылдауы қажет. 

ІV. Дыбыс жаттығуы 
-Балалар, мына суретке қараңдаршы. Мынау қандай құс? 
-Торғай. 
-Торғай қалай дыбыс шығарады? 
-Шиқ-шиқ-шиқ. 
-Қане, бәріміз торғай болып шиқылдайық. 

V. Негізгі бөлім. Ш дыбысымен танысу 
-Балалар, қане тағы бір рет шиқ-шиқ-шиқ деп айтайықшы? 
-Шиқ-шиқ-шиқ. 
-Осы торғайдың шығаратын дыбысында бірінші қандай дыбыс естіледі? 
-[Ш] дыбысы естіледі. 
-Дұрыс, балалар, [ш] дыбысы естіледі. Бүгінгі сабақта біз [ш] дыбысын сөзде, сөйлемде, буында дұрыс айтуға үйренеміз. 
-[Ш] дауыссыз дыбыс, сондықтан қане бәріміз дауысымызды шығармай [ш] деп айтамыз. 

VI. Жаңылтпаш жаттау. 
Шымшық шып-шып, 
Шоқып тық-тық. 
Ұшты шымшық, 
Шошып быт-шыт. 

VII. Қолдың ұсақ моторикасын дамытуға арналған жаттығу. 
1.Алақанға массаж. 
Қаламсапты жібермей, алақанның біреуі үстінде, ал екіншісі астында болуы керек. Алақанды алдыға –артқа қозғалту, алақанның басынан саусаққа дейін жеткізу. 
2.Саусақтардың ұшына массаж. 
Балалар қаламсабын бас бармақ пен сұқ саусақпен ұстау. Қаламсапты саусақтың ұшымен қысып ұстап ысқылау арқылы алдыға, артқа қозғалту. Дәл солай етіп ортаңғы және бас бармаққа, бас бармақ пен шынашаққа массаж жасау. 

VIII. Ойын «Сөз ойла, тез ойла» 
Шарты: [Ш] дыбысы бар құстардың атын тауып, буынға бөлу. 
-Ша-ға-ла. Ш дыбысы басында естіледі 
-Шым-шық. Ш дыбысы басында естіледі. 
-Қар-лы-ғаш. Ш дыбысы соңында естіледі. 

IX. Логоритмдік жаттығу 
Қарлығашқа ұқсайық, 
Қане қанат жасайық. 
Қарлығаш боп ұшайық, 
Ұшып-ұшып алайық. 

X. Ойын «Бұл қай құстың денесі» 
/тақтада құстардың денесі жасырылады, балалар қандай құстың денесі жасырылғанын табу керек/ 

XI. Қорытындылау. 
-Балалар бүгінгі сабақта біз қандай дыбысты дұрыс айтуға үйрендік? 
-Не туралы әңгімелестік? 
-Ш дыбысы бар қандай құстармен таныстық? Тәрбие.орг сайтынан «Ш дыбысын сөзде, буында, сөйлемде дұрыс айтуға үйрету». Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы:

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Біздің бүгінгі сабағымыз өзгеше болайын деп тұр. Сабаққа көптеген қонақтар келіп отыр. Сен оларға дұрыс және таза сөйлей алатыныңды көрсетуің керек. Олай болса, сабақты бастамас бұрын арнайы жаттығуларды жасайық.

ІІ. Тыныс алу жаттығулары.

ІІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.

Алмас, бізге жедел хат келіпті. Қане, алып оқиық. – «Сәламатсың ба,Алмас! Бізді жалмауыз кемпі… ұ..лап кетті. Құтқа…а кө…Сенің сүйікті ә..іпте..ің.»

  • Қалай ойлайсың, қандай әріптерді ұрлап кеткен? Мына сөзерге қай дыбыс жетпей тұр. Дыбысты ұзағырақ айтып, артикуляциясын еске түсір. ([Р ]дыбысының артикуляциясына тоқталады.)

  • Еріннің қалпы келесі дауысты дыбысқа тәуелді;

  • Жоғарғы төменгі тістер арасы алшақ;

  • Тіл мен таңдай арасында ауа толқыны еркін өтеді;

  • Тілдің шет жақтары азу тістерге жабысып тұрады;

  • Дауыс шымылдықтары қатайып, бір-біріне жақындап, діріл арқылы дыбыс шығарады.

  • Ауа ағысы дем шығару сәтте ауыз қуысына толып, қатайып тұрған тіл ұшын қозғалтып дірілдетеді.

 

Сонымен бүгінгі сабақта Р әрпін құтқарамыз.

ІV.Артикуляциялық жаттығу

«күрекше», «ат шауып келеді», «тәтті шырын», «алтыбақан», «сылақшы», «төбешік»

V. Тыныс шығаруын дұрыстауға арналған жаттығу.

Ал енді, Р әрпін құтқаруға дайынбыз. Бізге кім көмектесер екен?

Мүмкін біз сиқыршыдан көмек сұрармыз. Сиқыршы бізге өзінің шарын ұсынып тұр. Бұл жәй шар емес, сиқырлы шар. Егер сен оны үрлейтін болсаң, ол сені жалмауыз кемпірге алып барады. (Алмаспен шарды үрлей бастайды)

VІ. Р дыбысын буында дұрыс айтуға дағдыландыру.

(шар бұтақтарға келіп тіреледі)

Бұтақтарды жалмауыз кемпір қойып кеткен болар. Бұл кедергіден өту үшін, берілген тапсырмаларды дұрыс орындауың керек, сол кезде ғана жол ашылады.

Айтылған кезекпен буындарды қайтала



Ра-ро-ру ар-ор-ур

Ру-ру-рұ ор-ур-ыр

Ро-ру-ры ыр-ұр-ыр



Р дыбысын анық айт, созып айт



Ра-ра-ра-рас Ар-ар-ар-қар

Ро-ро-ро-ром Ор-ор-ор-тор

Ры-ры-ры-рыс Ыр-ыр-ыр-отыр



VІІ. Р дыбысын сөзде айтуға машықтандыру.

(шар бөренеге келіп тіреледі)

Жалмауыз кемпір мұнда да жауыздығын жасап, бөренені жолдың бойына қойып кетіпті. Тапсырманы орынап, бөренені орынан жылжытуымыз керек.

Тапсырма: Буындардан сөз құрау:

Қо , Ра, Рау, Шан, Да, На,Ра, Зы



VІІІ. Р дыбысын сөйлемде айтуға машықтандыру.

Міне, Р әрпін ұстап тұрған жалмауыз кемпірге де жеттік. Оның айтуы бойынша, ол Р әріптері қатысты сөздерді ұмытып қалыпты, сондықтан Р әрпін ұрлап кетіпті. Оның есіне түсірсек қайтеді? Олай болса, «Мен бастаймын, сен аяқта» ойынын ойнайық. Мына сөз тіркестерін есіңе сақтай дұрыс қайтала.

  1. Рахат Рауанға тәтті ….(алмұрт берді)

  2. Раушан тосапты сары…(өріктен қайнатты)

  3. Рауан ащы……(сарымсақты турады)

  4. Ардақ піскен….(қарбыз әкелді)

ІХ. Мыстан кемпірдің риза болуы.

-Дұрыс енді, осы сөйлемдердің кестелік сызбасын құрап, Р әріптерінің орнын тап.

- Кестелік сызбаны пайдаланып, сөйлемдерді дәптеріңе жаз.

Х. Қорытынды.

ХІ. Үйге тапсырма. [Р ] дыбысы бар сөздер жазып келу.







-80%
Курсы повышения квалификации

Психология межличностных отношений и общения

Продолжительность 144 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
6000 руб.
1200 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Ш дыбысын машықтандыру (522.15 KB)

Похожие файлы

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт