Меню
Разработки
Разработки  /  История  /  Планирование  /  8 класс  /  Сауда. Жәрмеңкелер

Сауда. Жәрмеңкелер

сабақ жоспары 8 сынып мұғалімге көмекші құрал

01.02.2018

Содержимое разработки

Сабақ

Мектеп №32

Күні: 1..03.2017ж

Мұғалімнің есімі: Елеш Гүлдей

Сынып 8

Қазақстан тарихы

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:


Сабақтың тақырыбы

. Сауда. Жәрмеңкелер


Сабақ негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары)

  • Қазақстан қалаларының даму тарихы, олардың қазақ халқының саяси, экономикалық, сауда-саттық өміріндегі алатын орны, сауда қатынастарының даму ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыру;

  • Практикалық жұмыс машығын, талдау және қорытынды жасай алу біліктілігін жетілдіру, оқушылардың эстетикалық талғамын, сөйлеу мәдениетін дамыту, тарихи карталармен жұмыс істей білуге үйрету;

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:Қоныстандыру саясатының елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайына әсерін баяндайды

Тілдік мақсат:

Жазылым:терминмермен жұмыс . Оқылым:Мәтінмен

жұмыс.Тыңдалым:Оқушылардың өзіндік жұмыстарын тыңдау.Айтылым:Постер қорғау

Негізгі идеалар:сауда капиталы, ішкі нарық, сауда айналымы, айырбас сауда, алым-салық, негізгі сауда орындары, тауар, ақша баламасы, сауданың отаршылдық сипаты, жәрмеңкелердің әлеуметтік мәдени қызметі.

Сыныптағы диалог\жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: Сауда, жәрмеңкелер, банктер.

Талқылауға арналған тармақтар: реформа , ережелер, себептері




Алдыңғы оқу

Тақырып туралы өмір тәжірибесіне сүйену, оқушыларға көмек беруде ерекшеліктерін ескеру, алынған білімді практикада қолдануды ұйымдастыру. Көпіршелер арқылы пысықтау.

Жоспар


Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде

жоспарланған жаттығулармен қатар,

ескертпелерді жазыңыз)






Басталуы 10 мин.












10-20 мин.









20-35 мин.


Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Шаруаларды Қазақстанға қоныс аударудың негізгі себептерін атаңдар.

  2. Қоныс аудару ісін жылдамдату себебі неде?

  3. Столыпиннің аграрлық саясатының мәнін түсіндіріңдер.

  4. Қазақстанға шаруалардың жаппай ағылуының салдары қандай?

  5. Қоныстанушылардың негізгі шаруашылық түрлерін атаңдар.

  6. Қазақстан Республикасы көп ұлтты мемлекет. Біздің еліміздегі халықтар арасындағы қарым-қатынастар туралы не айта аласыңдар?

Отан, достық, өзара көмек, бірлік жөнінде мақал-мәтелдер келтіріңдер

Жаңа тақырыпты оқытудың үлгі жоспары:

  1. Қазақстанның солтүстік-батысындағы қалалардың даму ерекшеліктері (Орал, Гурьев).

  2. XVIII ғ. негізі қаланған қалалар.

  3. ХІХ ғ. 1-жартысында әскери бекініс ретінде салынған қалалар.

  4. Қазақстанда шаруаларды қоныс аудару кезінде салынған қалалар.

  5. Жетісу мен Оңтүстік қазақстан қалалары

  6. ХІХ ғ. сауда сипатының өзгеруі.

  7. Орта Азиямен керуен саудасы.

  8. Алыпсатарлық және жәрмеңке саудасы.

  9. Жәрмеңкелердің әлеуметтік-мәдени қызметі. Тұрақты сауда

  10. Шетелмен сауда

  11. Қазақстанда көлік қатынасының дамуы.

Оқулық пен хрестоматия материалдарына сүйене отырып, картамен практикалық жұмыс жасау.

Сабақтың 1-кезеңі- XVIII-ХІХ ғ. Қазақстан аумағындағы қалалардың географиялық орналасуы және олардың салыну тарихы.

1 тапсырма. Оқулықпен жұмыс.

  1. Мәтінді оқып шығып, картадан Қазақстанның солтүстік- батысындағы қалалар мен XVIII ғасырда салынған қалаларды көрсетіңдер.

  2. Қаланың қысқаша тарихын мына жоспар бойынша жазыңдар:

  • Қаланың салыну тарихы

  • Орналасқан жері

  • Қалалықтардың кәсібі

2 тапсырма. Оқулықпен жұмыс

  1. Мәтінді оқып шығып, ХІХ ғасырдың 1-жатрысында әскери бекініс ретінде салынған қалаларды картадан көсетіңдер.

  2. Қаланың қысқаша тарихын мына жоспар бойынша жазыңдар:

  • Қаланың салыну тарихы

  • Орналасқан жері

  • Қалалықтардың кәсібі

3 тапсырма: Оқулықпен жұмыс

  1. Мәтінді оқып шығып, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан қалалары мен шаруаларды қоныс аулару кезінде салынған қалаларды картадан көрсетіңдер.

  2. Қаланың қысқаша тарихын мына жоспар бойынша жазыңдар:

  • Қаланың салыну тарихы

  • Орналасқан жері

  • Қалалықтардың кәсібі

Оқушылардың жұмыс нәтижелерін талқылағаннан кейін төмендегідей сұрақ қоюға болады:

  • Сендер өз қалаларыңның салынуы туралы не білесіңдер?

Сабақтың 2-кезеңі – «ХІХ-ХХ ғ. аралығындағы сауданың дамуы». Капитализмнің дамуы өлкенде сауда қатынастарының өркендеуіне, ішкі сауданың қалыптасуына, сауда капиталының күшеюіне алып келді. Өлке экономикасы әркелкі дамыды. Қазақтардың ең басты тауары мал мен оның өнімдері болды. Темір жолдарының пайда болуына байланысты тауар айналымы өсті. ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. бас кезінде Қазақстанда сауданың бірнеше түрі болды. Алдымен төмендегі терминдердің мағынасын түсіндіру керек:

  • Керуен саудасы


Алыпсатарлық

алыс ауылдары аралап жүріп алыпсатарлықпен айналысатындар, сапасы төмен тауарларды малға айырбастады.


Жәрмеңке

Айырбас сауданың ірі бекеттері жәрмеңкелік сауда орталықтарына айналды, сауда орындары қалаларда ғана емес, гарнизондарда, станицаларда, темір жол бекеттерінде де ашылды. Анағұрлым ірі әрі белгілілері Семей облысы қарқаралы уезіндегі Қоянды жәрмеңкесі (оны Ботов жәрмеңкесі деп те атайды). Қарқаралы жәрмеңкесі.

Шет елмен сауда

Шекаралық аудандарда Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономиклық байланыстар нығайды.

Сауда орталықтары- Омбы, Петропавл, Семей, Верный, т.б.

Топтар бірін-бірі бағалайды

Рефлексия

Үйге тапсырма беру



























-80%
Курсы профессиональной переподготовке

Методист образовательной организации: работа в системе среднего профессионального и дополнительного образования

Продолжительность 300 или 600 часов
Документ: Диплом о профессиональной переподготовке
13800 руб.
от 2760 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Сауда. Жәрмеңкелер (25.19 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт