Оқу іс –әрекетін ұйымдастырудың технологиялық картасы. Сауат ашу
| МАД | Тәрбиеші: Жеткербаева А | Уақыты: | Кабинет: | ||
| Тақырыбы | Ы дыбысы және әрпі
| ||||
| Сабақтың мақсаты | Оқушыларға Ы дыбысы мен әрпін меңгерту, сөздерге дыбыстық талдау жасауға үйрету. Ы дыбысының артикуляциясын дұрыс қолданып, дұрыс айтуға үйрету. Ы дыбысының орнын анықтату, ауызша әңгімеден кейін сызбаға сәйкес сөйлемдер құрауға үйрену. Сурет бойынша әңгіме құруға үйрету | ||||
| Көрнекіліктер | Үлестірмелі суреттер, плакат т.б | ||||
| Іс-әрекет кезендері | Тәрбиеші әрекеті | Балалардың іс — әрекеті | |||
|
Психологиялық ахуалды қалыптастыру
| – Сәлеметсіңдер ме, балалар! Терезеге қараңдаршы! Қандай тамаша! Аңдар мен құстар, таулар мен өзендер – бәрі қуанышты. Өйткені бәрі-бәрі бір-бірімен дос. Айналадағы ортамен достықта болған қандай керемет! Қол ұстасып, өзімізбен де, айналамен де сәлемдесейік. Айтамыз алғыс қайталап, Тыңдайды бізді шартарап. Өмір сүру – бір бақыт. Дос бола білу – шын бақыт! | Балалар алдағы өтетін сабаққа дайындық жасайды. | |||
| Ұйымдастыру іздестіру Жаңа сабақ
| жұмбақтан бастау Жұмбақ шешуі – ыдыс. Ыдыс сөзін бірнеше рет қайталап, созып айтқызу (Ы - ы - ды -ы - ы - с). | Балалар барлық қимылдарды тәрбиешіге қарап, қайталайды. Берілген тапсырмаларды орындайды. | |||
| Сергіту сәті | «Мен циркте болдым». Ойын үшін әріптер мен буындар жазылған карточкалар керек. Оны екеулеп немесе топпен де ойнауға болады. Ойыншыларға әріп жазулы карточка таратылады немесе барлық карточкалар үстелде жатады. Ал ойыншылар кезек-кезек жақындап алады. Бірінші ойыншы әріппен немесе буынмен карточканы алады да айтады: «Мен циркте болып, ...», осы карточкада көрсетілген әріпке басталатын бір нәрсе ойлау керек. Тек қана зат есімдер ғана емес, сонымен бірге, мысалы, «с» әрпінен сайқымазақ, секіріп жүрген гимнаст, сары шымылдық және т.б. Ал егер сіз буындар қолданатын болсаңыз, онда бұл буын міндетті түрде сөздің басында ғана тұруы қажет емес. Нұсқаулар: «мен теңізде болдым», «Мен орманда бодлым», «Мен театрда болдым» және т.б. Ы ы әрпінің баспа , жазба түрі:
| Оқушылар ойын ойнайды | |||
| Рефлексивті — түзетушілік | Талдау-жинақтау әдісін пайдаланып, мәтінді сөйлемге, сөйлемді сөзге, сөзді буынға, буынды дыбысқа талдау жұмысы ұйымдастырылады. Бас әріппен жазылатын сөздер жөнінде ұғымды қалыптастыру жұмысы жалғасады. Бүгін біз қандай әріппен таныстық? | Тапсырмаларды әр бала өз алдына ерекше орындады. | |||
| Күтілетін нәтиже: | |||||
| Білу | Тапсырма мазмұнын толық есте сақтады. | ||||
| Өзіне үйренгені | Ы ы дыбысы туралы түсінікті қалыптастыру | ||||
| Үйрену | Сұрақтарға толық жауап беруге үйрену. | ||||


Сауат ашу. Ы ы дыбысы және әрпі (165.04 KB)

