Ортақ тақырып: «Өзім туралы»
Оқу мақсаты: 1.1.1.1 Тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін) ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну.
Ойлау дағдыларының деңгейі:Білу және түсіну, қолдану
Бағалау критерийі: Білім алушы
Сөз, сөйлем, мәтінді ажыратады.
Сөйлеу барысында тілдік бірліктерді орынды қолданады.
Тыңдалған мәтіннің мазмұнын айтады.
Тапсырма: Жұмбақтарды мұқият тыңдаңыз.
| Аяғы бар, жүрмейді, Аузы бар, күлмейді. Айнымайды бөпемнен, Тек сөйлеуді білмейді. Бұл не? | Ұшып-қонып тынбайды, Қанша ұрсаң да сынбайды. Суға салсаң батпайды, Түскен жерде жатпайды. Бұл не? | Үрлесең жеп-жеңіл, Елпілдеп кетеді. Ұшырсаң көк теңбіл, Бұлтқа да жетеді. Бұл не? |
Шешуі: ( ) Шешуі: ( ) Шешуі: ( )
Жұмбақтың шешуін қандай сөздер/сөйлемдер арқылы табуға болады? Түсіндіріңіз.
Жұмбақтардың шешуін қатыстырып сөйлем құрастырыңыз.
Дескриптор: Білім алушы
жұмбақтардың шешуін табады;
жұмбақтың шешуін табуға қатысты сөздер мен сөйлемдерді атайды;
жұмбақтардың шешуін қатыстырып, сөйлем құрастырады.
Ортақ тақырып: «Өзім туралы»
Бөлімше 1.8 «Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту»
Оқу мақсаты: 1.1.8.1 Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту.
Ойлау дағдыларының деңгейі: Қолдану
Бағалау критерийі: Білім алушы
Сюжетті суреттерді сипаттайды.
Сюжетті суреттерді реті бойынша әңгіме құрастырып айтады.
Тапсырма
Сурет бойынша «Менің күн тәртібім» тақырыбына шағын әңгіме құрастырыңыз.

Дескриптор: Білім алушы
өзінің күн тәртібі туралы айтады;
сөйлеу барысында өз ойын жүйелі жеткізеді.
Ортақ тақырып: «Өзім туралы»
дұрыс айту»
| Оқу мақсаты: | 1.1.9.1 Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау. |
| Ойлау дағдыларының деңгейі: | Білу және түсіну. Қолдану |
| Бағалау критерийі: Тапсырма | Білім алушы
|
Суреттегі заттарды атаңыз. Сөзде неше дыбыс бар? Сөздегі дауысты дыбыстарды қызыл түспен, дауыссыз дыбыстарды көк түспен бояңыз және атаңыз.

Дескриптор: Білім алушы
-суреттегі заттарды атайды;
-сөздегі дыбыс санын анықтайды;
сөздегі дауысты дыбыстарды анықтайды және сәйкес түспен бояйды;
сөздегі дауыссыз дыбыстарды анықтайды және сәйкес түспен бояйды;
дыбыстарды дұрыс атайды.
Ортақ тақырып: «Өзім туралы»
дұрыс айту»
Оқу мақсаты: 1.1. 9.3 Сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтау.
Ойлау дағдыларының деңгейі: Білу және түсіну
Қолдану
Бағалау критерийі: Білім алушы
Сөзді буынға бөледі және сызбамен көрсетеді.
Сөздегі буын санын анықтайды.
Тапсырма
Заттардың атауларын буынға бөліп айтыңыз. Сөзде неше буын бар? Сызбамен көрсетіңіз.


Дескриптор: Білім алушы
- заттың атауын буынға бөліп айтады; - буынды сызбамен көрсетеді; - сөздегі буын санын айтады.


Сауат ашу тапсырмалары (209.76 KB)

