Сабақтың тақырыбы: Сан есім
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушылардың сан есім туралы білімдерін жинақтап, қорытындылау.
2. Ой шапшандығын жетілдіру, ой-өрісін дамытып, сөздік қорын байыту.
3.Зейін қойып тыңдауға,белсенділікке, ұйымшылдыққа, бірлесе еңбектенуге баулу.
Сабақтың типі: білімді жинақтап, қайталау сабағы.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.
Сабақтың мақсатын айту, оқушыларды топқа бөлу. Таныстыру.
1-топ «Бәйшешек»
2-топ «Қызғалдақ»
2. Оқушылар білімін жан-жақты тексеру.
1-кезең
1-топқа тапсырма:
Сан есім деген не?
Дара сан есім деген не?
2-топқа тапсырма:
Сан есімнің түрлерін ата.
Күрделі сан есім деген не?
2-кезең Бәйге
1-топ
1.Тәуелсіздік күні қашан?
2. Қазақстанның төл теңгесі қашан қабылданды?
3.Ең үлкен үш таңбалы санды ата.
4.Қасиетті санды ата.
5.Ең кіші санды ата.
2-топ
1.ҚР рәміздері қашан қабылданды?
2. 3 санының квадратын ата.
3. Ең кіші 3 таңбалы санды ата.
4. Ата заң қашан қабылданды?
5. 1 ғасырда неше жыл бар?
3-кезең Мақал-мәтел еліне саяхат.
Әр топ 5 мақалдан жазады, екінші топ сол мақалдың ішіндегі бар санға мақал айтады.
Қорытындылау
4-кезең «Гүл теру» ойыны
Тақтадағы гүлдерде сұрақтар жазылған. Әр топ өздеріне 3 саннан таңдайды. Сонда жазылған сұрақтарға жауап беру.
3көз 7 қазына 3 арсыз
Сөз анасы-құлақ Ер жігіт Ұйқы арсыз
Жол анасы-тұяқ Сұлу әйел Күлкі арсыз
Су анасы-бұлақ Жүйрік әйел Тамақ арсыз
Құмай тазы
Қыран бүркіт
Терең білім
Берен мылтық
5 арыс 3 бәйтерек 7 ата
Міржақып Дулатов Сәкен Сейфуллин ата
Мағжан Жұмабаев Ілияс Жансүгіров әке
Ахмет Байтұрсынов Бейімбет Майлин бала
Жүсіпбек Аймауытов немере
Шәкәрім Құдайбердіұлы шөбере
шөпшек
немене
5-кезең
Ой толғаныс (тест тапсырмалары)
1.Заттың санын, ретін білдіретін сөзді ... дейміз.
а) сан есім ә) сын есім б) сан есім
2. Қанша, неше сұрақтарына жауап беретін сан есімді тап
а) реттік ә) есептік б) екеуі де дұрыс
3. Реттік сан есімнің сұрақтарын тап.
а) қанша ә) неше б) нешінші
4. Мына сандар қандай сан есім? 6,60,90
а) дара ә) күрделі б) екеуі де дұрыс емес
5. Сан есімнің жұрнақтарын тап
а) дай,дей,тай,тей ә) ыншы,інші,ншы,нші б) лық,лік,дық, дік
Толықтыру тесті
1.Ел құлағы- ...(50)
2. ... ай аш болсаң да,атаңның салтын ұмытпа.(6)
3. ... саусақ бірдей емес.(5)
4. Жігітке ... өнер де аз.(7)
Сәйкестендіру тесті
1 үзім тұз
1 шымшым ет
1 тамшы нан
1 асым бұлт
1 ауыз өлең
1 шөкім су
1 қайнатым шай
6-кезең Жасырынған сөзді тап
1.... құмалақ , ... қарын майды шірітеді.(1)
2 ... ауыз сөздің тобықтай түйіні болды.(90)
3 ... кісі ... жақ, қыңыр кісі ... жақ.(40,1)
4. Алыстан ... жасар бала келсе, ...тағы адам сәлем берер.(6,60)
7-кезең Полиглот
1-топ
1. 100 мүйізі бар,
Үстінде киізі бар. (Киіз үй-юрта)
2. Қос құлақты, 100 тісті,
Жүзінен бір-ақ із түсті. (Ара-пила)
3. 1санға өсірді,
Ізі қалып орнында
Бізді алға көшірді. (Сынып-класс)
4. Сақталады 6 ай жаз,
Сандығымда сары аяз. (Тоңазытқыш-холодильник)
2-топ
1. 2 аяқпен кезек-кезек тебеді,
Ол тынымсыз домалап ,
Зыр жүгіре береді. ( Доп-мяч)
Ағайынды 5 туыс,
Жамылатын тоны бар.
Бесеуінде 1 қуыс,
Сырттан келер жолы бар.( Қолғап-перчатки)
3.Кіп-кішкентай 2 көзі,
Қалай көреді өзі.
Қолы екен ұзын мұрны,
Сол қолымен тамақ тауып жүреді. ( Піл-слон)
4. 1 қораға қамалғандар,
Жаны үшін жаралғандар. (Сіріңке- спички)
Ойын «Ойлан, тап»
1-топ
1.Мен 3 орынды саннан 2 орынды санды алдым, сонда 1 қалды. Азайғыш пен азайтқышты тап. (100-99= 1)
2.Мұражайға 20 бала баруы керек еді. Оның екеуінен басқасы барса, нешеуі барған жоқ. (2)
3.Ұшақ Алматыдан Семейге дейін 1 сағат 40 минут ұшады, ал кері қайтқанда 100 минут ұшады. Айырмашылығы бар ма? (жоқ)
2-топ
1.Бесеу, он бес,екісіз жиырма. Барлығы нешеу.(38)
2.2 қарғаның бірі оңтүстікке, екіншісі солтүстікке қарап отыр.Олар бір-біріне: «Досым, мен сені көріп отырмын» -дейді. Олар бір-бірін қалай көреді?
3.Түйе,бота маң басқан,
4аяғын тең басқан.
Шұнақ құлақ 5 ешкі,
Қос құлақты, қос ешкі,
4 қозылы, 2 қой,
Бәрі нешеу айта ғой? (19)
Ойын«Кім шапшаң?»
Тұрақты сөз тіркестерінен құралған санамақтар.
1. Бір ауыз
2. Екі айтпайтын
3. Үш қайтара
4. Төрт қайтара
5. Бес уақыт
6. Алты
7. Жеті қат
8. Сегіз қырлы
9. Тоғыз тарау
10. Он саусақ
Сабақ қорытындылау.
Өлең оқып, мәтін талдап,
Дәптерге жазу түсірдік.
Соныменен сабақта,
Нені оқып, үйрендік.
Оқушылар еңбегін бағалау. Сайыс жеңімпаздарын анықтау.

"Сан есім"ашық сабақ (20.68 KB)

