«Жас актер» театр үйірмесі
Сабақтың тақырыбы: Сахналық қозғалыс, мимика, сөйлеу техникасы бойынша дайындық
Сабақтың мақсаты:
Сахналық қозғалыс, мимика, сөйлеу техникасы бойынша дайындық
туралы түсінік беру.
Талдау жұмыстарын жүргізу.
Оқушылардың артисттік, шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтан көрсетілетін суреттер. Тақтаға жазылған тақырып пен нақыл сөздер.
Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасу.
Оқушылардың назарын аудару.
Тренинг өткізу...
Сахналық өнердің қарапайым көріністерін ғана бейнелеуге, өлеңдердің мағынасын қимылмен көрсетуге үйретіледі. Алғашындай балалар жануарларға еліктеп, олардың сыртқы кейпін салып келтірді, бірақ жануарлардың мінез-құлқын ашуға қиынсынды. Мысалы: «Тауық пен балапандар»,
«Қоян мен көжектер», «Аю мен қонжық», «Түлкі мен қасқыр» деп аталатын ойындарда балаларға кішкентай көңілді құстардың қанаттарын қалай қағатынын, олардың балапандап жүретінін көрсету. Ұйымдастырылған оқу іс әрекеті мен күнделікті өмірде балалар тұрмысынан көріністер ойналады. Мысалы: қуыршақ алып, осы ойыншық туралы кішкентай сюжет ойлап құрастыру және соны ойлап беру жаттығулары жүргізіледі. Қозғалыс әдеттерін жетілдіру жұмысында мына әдістерді қолданамыз:
1.Қимылды көрсету.
2.Жеке баламен немесе топпен жаттығу жасау.
Сөздік суреттеме бере отырып, балаларды ролдерін толық орындауға үйрету, өздерінің ролдерін қызықты ойнаған
балаларды көтермелеп, мадақтап отыру. Естиярлар мен ересектер тобының балалары сахналық өнерді үйреніп, сезіне бастағанда олардың тілі, ойлау түйсігі, өнерге құштарлығы артты. Қандай да сахналық қойылымның алдында балалармен бірнеше кіріспе жұмыс жүргіздік.
1.Тәрбиешілер балаларға ертегі, әңгімелер оқып, не әңгімелеген кезде ертегідегі кейіпкерлердің міңез-құлқына, дауысының ырғағына, қимылдарына назар аударылды.
2.Әр кейіпкерлердің киіміне көңіл бөлінді. Қуыршақ театрында қуыршақтардың киімі өзгертіліп отырады. Мысалы: орыс ертегілерінде түлкі басына орамал тартады, қазақ ертеглеірінде түлкіге жейде кигізіледі.
3.Сұрақ-жауап арқылы кейіпкерлердің қимылын, іс-әрекетін байқап, бағалап отырамыз.
4.Қимыл мен сөз арасындағы байланысын қадағалаймыз.
Мысалы: «Алдар көсе мен Шықбермес Шығайбай» туралы ертегіні оқып бергеннен кейін тәрбиеші балаларға мынадай сұрақтар қойды:
1.Алдар көсеннің міңез-құлқы қандай?
2.Алдардың жүрісін кім көрсете алады?
3.Байдың міңезі қандай?
4.Оның жүріс-тұрысын кім көрсете алады?
5.Кім бай мен Алдар көсе болып ойнай алады?
Сабақты қорыту:
(сұрақ-жауап әдісі)
«ББҮ» кестесі
Білемін | Білдім | Үйренгім келеді |
+ | + |
|
Үй тапсырмасы беріледі:
Сахналық қозғалыс, мимика, сөйлеу техникасы бойынша оқу, мазмұндау.
Оқушылар білімі бағаланады: