Меню
Разработки
Разработки  /  Прочее  /  Планирование  /  5 класс  /  "Сахнада сөйлеу мәнері"

"Сахнада сөйлеу мәнері"

10.12.2020

Содержимое разработки

«Жас актер» театр үйірмесі

Тақырыбы: Сахнада сөйлеу мәнері
Мақсаты:
1.Білімділік мақсаты:

Оқушылардың сөйлеу мәдениеті туралы алған білімдерін жетілдіру. Оқу - танымдық бағдарлы құзыреттілігін арттыру мақсатында ситуациялық сұрақ, дидактикалық ойындарды оқушыларға ұсыну. Мәтінді дұрыс оқып, әдемі жаза білуге үйрету.
2. Дамытушылық мақсаты:

Оқушыларды жылдам ойлауға, кез - келген кедергіден өтіп пікірін еркін білдіре білуге дағдыландыру.

3. Тәрбиелілік мақсаты:

Оқушыларды үлкенді сыйлауға, құрмет көрсетуге, тәрбиелеу.
Түрі: практикалық
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, ситуациялық сұрақ, топтастыру.
Көрнекілігі: Қызығушылығын арттыратыратын көрнекілік: көңіл - күй фишкасы, бағалау фишкасы;
Дидактикалық ойындар көрнекілігі:
«Тез ойла, сөз ойла», «Әжеге көмек», «Күн көзінің нұры» ойынының суреті.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларға қажетті құрал - жабдықтарын алғызу.
Сәлемдесу.
II. Кіріспе - қызығушылық кезеңі
Психологиялық дайындық
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз!
Оқушылардың көңіл - күйлерін анықтау.
III. Үй тапсырмасын сұрау
- Театр туралы ойларын ортаға салу.

  • Жетекші сұрақтарға жауап беру.
    IV. Танымдық - операционалдық кезең
    Негізгі бөлім
    Өткенді қайталап, еске түсіру
    - Балалар, сахнада сөйлеу мәнері дегеніміз не?
    - Сөйлеу мәдениеті деп - қазақ тілін дұрыс және орынды қолдану. Ата - анаң, мұғалім мен құрбыларынмен сөйлескенде сөзі дұрыс, орынды қолдану керек. Өз ана тілінде де басқа тілде де дұрыс сөйлесу адамның қаншалықты мәдениетті екенін көрсететінін жадымыздан шығармайық.
    Әдеби тіл - дұрыс сөйлеудің үлгісі. Енді есімізге түсірсек мына суреттерге назар аударайық.
    Ситуациялық жағдаяттар
    1 - жағдаят. Көлікте орын жоқ, бір қария мінді, ол кезде сен отырғансың. Не істейсің? (Мен орнымнан тұрып, «Ата мына жерге отырыңыз» - деп, орнымды ұсынамын. )
    2 - жағдаят. Көшеде бір әже ауыр сөмке көтеріп келе жатыр екен. Сен аулада ойнап жүргенсің. Не істейсің? ( «Әже маған беріңіз, сізге көмектесейін»- деп ауыр сөмкесін алып, үйіне апарып саламын.)
    3 - жағдаят. Жақын досың ауырып жатыр. Сен не істейсің? (Досымның үйіне барып оның жақсы көретін кітабын апарып үйіне жағдайын білуге барам.)
    Тапсырма ...

  • Түсінгендерін сұрақ қояу арқылы тексеремін.
    «Ана тілін шұбарлап» сөйлейді дегенді қалай түсінесің?
    (3 - 4 оқушыға оқытамын).
    Тапсырма ...
    Оқушыларға мақалды оқытамын.
    Алдымен олардың ойын біліп алып соңында қорытамын.
    «Үздік мақалшы» ойынын ойнату.
    Мақсаты: Оқушылардың жылдам ойлауға дағдыландыру. Есте сақтау қабілеттерін арттыруға дағдыландыру.
    Жүргізу ережесі: Әр қатардан бір - бір оқушыны шығарып, Отан тақырыбына білген мақалдарын айтып жарыстыру.
    Түйіндеме: Жарайсыңдар балалар! Біздің үйірме мүшелерінің барлығы мақалшы екен ғой.
    Тапсырма
    Әңгімені мәнерлеп оқып беремін.
    Түсінгендерін сұрақ арқылы тексеремін.
    Уәлидің орнында болсаң, сен жауап берер едің
    Әңгімені оқушылар сахналайды.
    Тапсырма
    Өлеңдерді мәнерлеп оқу.
    V. Қортынды - рефлексия кезеңі.
    Сабақты «Әжеге көмек» ойыны арқылы қорытамын.
    Мақсаты: Оқушыларды үлкенді сыйлауға, оларға көмек көрсете білуге үйрету. Сабақты оқушыларға кызыкты етіп ойын арқылы қорыту. Алған білімдерін тексеру.
    Шарты: Әже құдықтан шелекке су толтырып алған. Біз әжеге көмек көрсетіп шелекті уйіне жеткізіп беруіміз керек. Ол үшін шелек артындағы сұрақтарға толық әрі нақты жауап берулерің керек. Жауап берген оқушы шелекті әженің жанына әкеліп қоя береді.
    Түйіндеме: Тамаша! Жарайсыңдар! Сендер барлық сұраққа дұрыс жауап беріңдер және әжеге көмектерің де тиді.
    Сабақты бекіту:

(сұрақ-жауап әдісі)


Үй тапсырмасы.
Ақын-жазушылардың шығармаларынан монолог оқу, үзінді жаттау.

Бағалау.
Белсене араласып, жаттығуларды уақытылы орындаған, ойынға қызыға араласқан және бағалау фишкасының қызылын көп жинаған оқушы - 5, көк фишка - 4, сары - 3 деп бағаланады.




-75%
Курсы повышения квалификации

Профессиональные требования к няне (помощнику воспитателя) в условиях реализации ФГОС дошкольного образования

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
"Сахнада сөйлеу мәнері" (18.38 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт