Меню
Разработки
Разработки  /  История  /  Уроки  /  6 класс  /  Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі

Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі

Са? ?о?амында?ы бас?ару ісі, ?о?амды? ??рылысыны? ерекшелігі мен са?тарды? ?з т?уелсіздігі ?шін ж?ргізген со?ыстары кезе?індегі басты тарихи т?л?алар мен оларды? ерліктері туралы білім беру

15.02.2017

Содержимое разработки

Сабақтың тақырыбы: Сақ патшалары. Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі

Сабақтың мақсаты: 

білімділік :Сақ қоғамындағы басқару ісі, қоғамдық құрылысының ерекшелігі мен сақтардың өз тәуелсіздігі үшін жүргізген соғыстары кезеңіндегі басты тарихи тұлғалар мен олардың ерліктері туралы білім беру;

дамытушылық: Оқушылардың өздігінен жұмыс істеу және салыстырмалы талдау жасау дағдыларын дамыту;

тәрбиелік: Оқушыларды өз елін сүюге, қадірлеуге, осы елдің ұланы екенін мақтан етуге, өз елінің ұлтжанды  патриоты болуға баулу;

Сабақтың түрі: шығармашылық ізденіс сабағы

Сабақтың әдісі: СТО технологиясы

Көрнекілігі: видеопроектор, тарихи  тұлғалар суреті

Пәнаралық байланыс:  әдебиет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.       Сақтар.

Үй тапсырмасын  «Зымыран сұрақ» ойыны арқылы қорытындылау

  1. Тарих атасы кім? (Геродот)

  2. Сақ қоғамы неге табынды? (аруақтарға, отқа, жылқы мен күнге)

  3. Сақтардың  өмірінде қай түлік маңызды орын алды? (жылқы, қой)

  4.  «Сақ» сөзі парсы жазбаларында  қандай мағынаны білдіреді (құдіретті еркектер)

  5. Сақтардың негізгі баспанасы (күйме)

  6. Сақтардың үш әлемін атаңдар? (аспан, жер үсті, жер асты)

  7. Тиграхауда сақтары дегеніміз кімдер?

  8. Хаомаварга сақтары кімдер?

  9. Парадарайа сақтары дегеніміз кімдер?

  10. Сақ қоғамы (мүлік теңсіздігі) 
    1-топ: жауынгерлер («ратайштар», «арбада тұрғандар» деп атаған) қызыл түсті киім киген. 
    2-топ:абыздар (танымал белгісі – тостаған мен айрықша бас киімі болған) ақ түсті киім киген. 
    3-топ: қауым мүшелері («сегізаяқтылар» деп атаған, бұл соқаға жегетін екі өгізі бар дегенді білдіреді) сары,көк түсті киім киген. 
    Шаруашылығы: 
    көшпелі мал шаруашылығы – жылқы өсірді. 
    Жартылай мал шаруашылығы – балық аулады. 
    Отырықшы мал шаруашылығы. 
    Тілі: шығыс ирандық. 
    Мәдениеті: «Аңдық стиль»; Зергерлік өнер; Ағаш бұйымдар;Метал өңдеу. 
    Діні: 
    Анимизм- негізгі ата-баба аруағына сыйыну. 
    Тотемизм-мәйітті сақтау үшін бальзамдау,мумиялау. 
    Магия- мәйіттерге қызыл бояу жағу, қабір басына от жағу. 
    Сынып оқушыларын үш топқа бөлу:
    1 - топ: «Парадарайа» Ұраны: «Сақ атымыз жария. Көңіліміз дария»
    2 - топ: «Тиграхауда» Ұраны: «Шошақ бөрікті қазақпыз»
    3 - топ: «Хаомаварга» Ұраны: «Хаома сусынын дайындар,
    шөліңізді қандырар»

    Әр топтың үй тапсырмасы бойынша жасайтын жұмысы:

    Тапсырмалар:
    «Парадарайа» тобы - "Анықта"
    Сақтар ертедегі тарихи деректе қалай аталғандығын анықта
    Сақтардың қоғамында өмір сүрген адамдардың топтарын анықта
    Тайпа көсемінің атқарған қызметтерін анықта

    «Тиграхауда» тобы -"Деректермен жұмыс жаса"
    Геродот сақтардың тұрмыс - тіршілігі туралы не деп жазды?
    Грек тарихшысы Ктесийдің дерегі бойынша сақ әйелдерін сипаттаңдар
    Рим тарихшысы Квинт Курций Руф сақтар туралы қандай дерек келтіреді?

    «Хауомаварга» тобы -"Картамен жұмыс жаса"
    Картаға сақтардың қоныстарын түсір
    Сақтардың қорғандарын картаға түсір
    Картадан сақтардың кен өндіру орындарын көрсет.




ІІІ. Жаңа сабақ. Сақ патшалары. Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі

Қызығушылықты ояту

  1. Сақтар туралы не білеміз?

Сақтар

  1. «Тәуелсіздік» ұғымын қалай түсінесіңдер?

Тәуелсіздік

  • Тәуелсіздік! Осы киелі ұғымды ата – бабаларымыз ғасырлар бойы, асыл арманы, азаттық жолында құрбан болған талай боздақтардың ұрпақтарына қалдырған аманаты екені сөзсіз. Елбасымыз Н.Назарбаев «Халық кешпейтін бір – ақ нәрсе бар: ол елдің басына зарықтырып бақ болып қонған бақыт құсы – Тәуелсіздіктен айырылғанды кешпейді» деп айтуы да бекерден – бекер емес

  • Тәуелсіздік жолында біздің аға – апаларымыз да өз өмірлерін құрбан етті. Олар кімдер? Білеміз бе? (Оқушылар пікірі тыңдалады) Олардың есімі алтын әріптермен жазылып, мәңгілік тарихта, біздің жадымызда қалмақ.

Осындай ержүрек, қайраткер, батыл қолбасшылар сақ тайпаларында болған.

Олар ел тәуелсіздігі үшін күрескен. Өз елінің тәуелсіздігін алу үшін елін, жерін, дұшпандарынан алып қалу үшін ерліктерін көрсете отырып, батыл да ержүрек атанған сақ көсемдері де болды.

Сақ қоғамында әйелдерді құрметтеп, қастерлеген, сыйлаған. Сақ әйелдері тайпа көсемдері де болып сайланған. Мысалы, сақтарды  жұбайының өлімінен кейін патшайым Томирис  басқарды.  Ежелгі деректердің бірінде сақтардың үйленуі туралы, «егер сақ жігіті қызға үйленгісі келсе, онымен әуелі күш сынасуы керек. Қыз еңсе, жігіт оның тұтқыны болып есептеледі. Тек жеңген жігіт оған өз билігін жүргізе алады» деп жазылған

Қосымша деректер. 
Бірінші «Алтын киімді адам» Есік қорғанынан табылған.Б.з.б. ІV ғасыр жәдігері.Зерттеуші археолог-ғалым Кемал Ақышев. 
«Алтын киімді адам» сақ елінде өз заманына сай өркениеттің болғандығын дәлелдейді.Қазіргі таңда бұл бейне Қазақстанның егемендігінің рәмізіне айналып, Республика алаңында ұлттығымызды асқақтатып тұр.Ал сақ жауынгерінің бөркінде бейнеленген қанатты тұлпар елтаңбадан орын тапқан. 
Екінші «Алтын киімді адам» 1999 жылы Атырау өңіріндегі Аралтөбе қорғанынан табылды.Б.д.д. ІІІ Ғ. жәдігері деп шамаланған бұл «Алтын адам» ғалымдардың айтуынша, сарматтырдың көсемі.Оған дәлел – көсемнің өзімен бірге жерленген болат семсері.Аралтөбедегі «Алтын адамды» тапқан белгілі археолог-ғалым Зейнолла Самашев.Үшінші «Алтын киімді адам» 2003 жылы Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Шілікті жазығындағы көне қорғаннан табылды.Бұл жәдігерді тапқан археологиялық экспедицияның жетекшісі,археолог-ғалым Әбдеш Төлеубаев. 

Сақ қоғамы топтарының атын жаз,сол топ өкілдерінің киімінің түсі қандай болғанын көрсет. 




ІІ. Мағынаны ашу. Мәтінмен жұмыс. ЖИГСО

І – топ Сақтардағы басқару ісі

ІІ-топ. Сақ патшалары

ІІІ-топ. Парсылармен соғыс

«Түртіп алу» стратегиясы (тақырып ішінде кездескен сөздер)

Томирис – сақ патшайымы

І Дарий – парсы патшасы

Спаргапис – Томиристің ұлы

Ескендір Зұлқарнайын – ұлы грек қолбасшысы

Шырақ  – сақ бақташысы

Гобри –  парсылардың қарт қолбасшысы

Кир – парсы патшасы

ІІІ. Шығармашылықпен жұмыс

І  топ. Ерлік туралы мақал – мәтел

ІІ топ. Тәуелсіздік туралы өлеңді мәнерлеп оқу

ІІІ топ. «Отан» сөзіне  СИНКВЕЙН (бес жолды өлең)

ІҮ. Тест тапсырмасы

  1. Тарих атасы Геродот сақтарды қалай атады?

А)  исседондар                ә) скифтер                  б) дайлар

  1. Сақ дәуірінің соңына қарай сақтардың антропологиялық бейнесі қай нәсілге ұқсас болды?

А) негроидтық                                   ә) европеоидтық                    б) монголоидтық

  1. Сақ заманының тұрмыстық заттары, ыдыстары мен бұйымдары  қандай  стильмен өрнектелген?

А) полихромдық стиль                     ә) аң стилі                              б) жануарлар стилі

  1. Сақ жауынгері киімінің түсі?

А) ақ                           ә)  көк                         б)  қызыл

  1. Сақ – скиф жеріне басып кірген грек-македон әскерінің қолбасшысы?

А) Дарий                                ә) Гобри                                 б) Ескендір Зұлқарнайын

  1. Сақ абыздары киімінің түсі?

А) қызыл                                ә)  ақ                                       б)  сары

  1. Шөл далада парсы әскерлерін адастырып, қырғынға ұшыратқан сақ малшысы кім?

А)  Шырақ                             ә) Гобри                                 б) Пероз

  1. Б.з.б. қай жылы сақ жеріне Кир бастаған парсы әскерлері басып кірді?

А) Б.з.б. 530 ж                                   ә) Б.з.б. 519 ж                        б) Б.з.б. 529 ж

  1. Томирис патшайым өмір сүрген жылдары?

А) Б.з.б. 530 -515ж.ж.                       ә) Б.з.б. 570 -520 ж.ж.                       б)Б.з.б.520-509ж.ж.

  1. «Ескендір поэмасын кім жазды?

А) А. Құнанбаев                    ә) М. Әуезов                         б)  Ш. Құдайбердіұлы

Қорытынды:

Тәуелсіздік үшін мың өліп, мың тірілген қазақ елі, гүлденіп мәңгі жасай бермек. Тәуелсіздігімізді алтынымыздай ардақтап, асылымыздай бағалайық, қымбатымыздай құрметтей білейік

Ү. Бағалау

ҮІ. Үйге тапсырма. «Жұмыс дәптеріндегі» 22 бетіндегі тапсырмаларды орындау.»Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым»  атты эссе жазу.



-80%
Курсы повышения квалификации

Архитектурные стили и направления: от древности до наших дней

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі (23.18 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт