Меню
Разработки
Разработки  /  Информатика  /  Уроки  /  5 класс  /  Сабақ жоспары және презентация жинағы

Сабақ жоспары және презентация жинағы

Информатика п?ні м??алімдеріне 5 сыныптын саба? жоспары жина?ы

09.03.2017

Содержимое разработки

Күні: 16.11.2016ж.

Сыныбы: 5 «А»

Пәні:Информатика

Сабақтың тақырыбы: Файлдар,бумалар және белгішелер. Бумалар мен белгішелерді құру. Атын өзгерту.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға файлдар мен қапшықтарды іздеу туралы білімдерін қалыптастыру.

Тәрбиелігі: Жан-жақты болуға, өзбетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың өтуә дісі: сөздік, көрнекі, практикалық

Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, сұрақтар.

Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.

Сабақтың барысы:

а) ұйымдастыру кезеңі

б) сабақ сұрау

в) бағалау

г) жаңа сабақ

д) бекіту

е) үйге тапсырма

ж) қорытынды

Қоңырау соғылып сабақ басталған соң балаларды ұйымдастыра отырып сабақты бастаймын.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Жаңа бума құру қиын емес. Өздерің таңдаған жерде жаңа бума бұйрығын таңдасаңдар жеткілікті. Жаңа бума деген жыпылықтаған атауы бар буманың белгішесі пайда болады.Сендерге тек пернетақтадан буманың жаңа атын өзгертіп, Enter пернесін басу ғана қалады. Жаңа бума бос болады. Осы буманың ішіне өз қалауларыңша файлдар мен басқа бумаларды орналастыруларыңа болады.Жаңа буманы құру бұйрығы экранның кез-келген бос жерінде шақырылатын контекстік мәзірдің ішінде де бар.

Нысандарды іздеу-ізделетін нысан орналасқан буманы ашып, нысанның атауындағы бірінші әріп бар пернені басу керек. Атауы осы символмен басталатын ең жақын нысан ерекшеленеді. Сонымен, буманың атаулары осы символдан басталатын барлық нысандар тексеріледі.



Файлдар мен бумалар

 Мынадай жағдайды елестетіңіз, сіз жақсы көретін кітабыңызды жоғалтып, оны ешжерден таба алмадыңыз. Бірақ сіз оны ата-анаңыздан сұрауыңызға болады, мүмкін анаңыз оны басқа жерге қойған шығар. Сол сияқты компьютерде де қандай да бірфайлды жоғалтып алуға болады, бірақ компьютер оны қайда қойғанын айта алмайды. Бұл жағдайда көмекке Іздеу (Пойск) немесе Табу (Найти) командалары келеді.

Іздеу командасы компьютерде кезкелген файлды тез тауып бере алады. Ол үшін обьектіні, оның атын, құрылу датасын, өлшемін білу керек.

Команданы шақыру үшін мына әрекеттерді орындау қажет.

  1. Жіберу батырмасына шертіңіз

  2. Табу пунктін таңдаңыз

  3. Файлдар және бумалар пунктін таңдаңыз

  4. Файлдар және бумалар атын іздеу өрісінде файл атын немесе файл атының фрагментін енгізіңіз

  5. Мәтінді іздеу өрісіне мәтін фрагментін енгізуге болады;

  6. Қайдан іздеу өрісінен іздеу жүргізілетін диск немесе басқа обьекті таңдауға болады.

  7. Табу батырмасына шертіңіз.



IV. Сабақты бекіту.

  1. Іздеу командасы не үшін қолданылады?

  2. Қандай белгілер бойынша Іздеу командасы арқылы обьектіні табуға болады?



Үйге тапсырма: Файлдар мен бумалар





Сабақтықорытындылау: Жаңаматериалдыпысықтау, оқушылардыңмеңгергенбілімдерінталдау,бағалау.


Содержимое разработки

Күні: 23.11.2016ж.

Сыныбы: 5 «А»

Пәні: Информатика

Сабақтың тақырыбы: Объектілерді іздеу. Объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және

жою. Алмасу буфері.



Сабаққа керекті материалдар:

1) Таратпа материалдар

Сабақ жүргізу әдісі: Аралас

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: Түгендеу.

  2. Үй жұмысын тексеру: Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Өткен тақырыптарды қайталау:

  • Операциялық жүйе

  • Терезе құрылымы, элементтері

  • Мәзірлер



Жаңа сабақ

Объектілерді іздеу

Егер компьютерде файлдармен немесе бумамен  жұмыс істегенде сіз олардың атын және қайда тұрғанын білген болсаңыз, онда оларды бумалар немесе Сілтеуіш көмегімен іздеу өте тиімді. Ал, егер де сіз ізделінетін объектінің орнын  немесе атын білмей, ұмытып  қалған жағдайда сізге бумалар терезесі көмектесе алмайды. Мұндай жағдайда Windows жүйесінің Іздеу немесе Табу командасы көмекке келеді.

Бұл команда компьютеріңіздің кез келген жеріндегі құжат файлдарын, программаларды, бумаларды, тіпті желідегі тұтастай бір компьютерді жылдам іздеуге көмектеседі. Объектіні оның аты, құрылған күні, өлшемі, құрылымы немесе осы параметрлердің жеке комбинациялары бойынша іздеуге болады.

Команданы шағыру үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

Жіберу - Бас мәзір - Табу   - Файлдар және бумалар.

Экранда Табу командасының  үнсіз келісім бойынша белсенділенген Аты және Орналасқан орны қосымшасы пайда болады, онда не іздеу керектігі енгізіледі. Мысалы, Аты өрісінде бума немесе файл атын көрсетуге болады, ал егер де сіз файл атын білмесеңіз Мәтін іздеу өрісінде мәтінде кездесетін жеке сөзді енгізуге болады.

Объекті табылған уақытта, терезенің төменгі жағынан ізделінген объектіні табу жолы көрсетілген қосымша өріс пайда болады.

құрамында нақты мәтіні бар файлды табу үшін, Мәтін іздеу  өрісінде ізделінетін сөзді енгізу қажет, мысалы, Информатика. Іздеу нәтижесінде құрамында Информатика сөзі кездесетін барлық файлдар мен бумалар аты тұратын қосымша өріс пайда болады.

   Соңғы өзгертілген уақыты бойынша файлды (немесе барлық файлды) іздеу үшін Дата қосымшасын белсенділеңіз және диалогтық терезеде керекті параметрлерді орнатыңыз: өзгертілгендерді немесе құрылғандарды іздеп табуға болады, немесе соңғы уақытта (сіз арқылы көрсетілген), бірнеше айлар немесе күн бұрын ашылған файлдар, сонымен бірге  күндер арасындағы интервалды да көрсетуге болады. Содан кейін Табу батырмасын шертіңіз.

      Файлды оның типі немесе өлшемі бойынша  табу үшін, қосымша  қосымшасында қажетті өлшемді және файл типін беріңіз. Табу батырмасын шертіңіз.

    Табу  командасының көмегімен файлдар мен бумалардан бас?а сізге желімен жалғанған кез келген компьютерді де табуға болады. Ол үшін  келесі әрекеттер тізбегін орындаңыз:

Жіберу - Бас мәзір - Табу  - Компьютерлер.

    Диалогтық терезеде Аты өрісінде  компьютер атын енгізіңіз немесе айналдыру батырмасының көмегімен компьютерлер тізімін ашыңыз және тізімнен компьютер атын таңдаңыз. Табу батырмасын шертіңіз.



Объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою.

Кез келген нысындарды және объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру, жою. Ал нысандарды көшіру арқылы жаңа жерде олардың көшірмесін аласындар, мысалы орнын ауыстыру сол сәтте курсор ақ бағыттауыш тілсызыққа айналады. Егер нысындар мен мәліметтерді жою керек болса, оларды ерекшелеп алып, Del пернесін басса болғаны





Үйге:

Негізгі анықтамалар мен ұғымдарды, негізігі әрекеттерді көмекші параққа (карточка) жазып келу

Оқушылардың білімін бағалау

Объектілерді іздеу. Объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою. Алмасу буфері


Cабақтың тақырыбы: Объектілерді іздеу. Объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою. Алмасу буфері. Практикалық жұмыс.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Объектілерді іздеу, объектілерді жылжыту мен көшіру және жою ережелерімен таныстыру. Алмасу буфері туралы мағлұмат беру. Алған білімдерін практикамен ұштастыру.
Дамытушылық: Оқушының тез шешім қабылдай білуін, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа, жан - жақты болуға, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Практикалық элементтері бар түсіндірмелі сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, “Білім жәрмеңкесі”
Ойыны, практикалық жұмыс.
Көрнекіліктер: ДК, мультимедиялық құралдар, тақырып бойынша дайындалған слайдтар, оқулық, жұмыс дәптері.

Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІII. Жаңа тақырып
IV. Сергіту сәті
V. Сабақты бекіту
VI. Практикалық жұмыс
VІІ. Бағалау
VIII. Үйге тапсырма беру

Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1) оқушылармен сәлемдесу, түгендеу;
2) оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару;
3) сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
(сұрақ - жауап әдісі бойынша)
1. Файл дегеіміз не?
2. Файлды атау үшін қолданылатын символдардың ең үлкен саны?
3. Бума дегеніміз не?
4. Жарлық деп нені атаймыз?
5. Бумалардың қандай түрлері бар?

ІII. Жаңа тақырып.

Компьютерде жұмыс істеу барысында нысандарға (файлдарға, бумаларға және жарлықтарға) көбінесе мынадай амалдар қолданылады:
- көшірі;
- орын алмастыру;
- жою;
- атын алмастыру;
Қатар орналасқан нысандар шектес нысандар деп аталады.
Қатар тұрған аралас нысандарды ерекшелеу арқылы белгілеп алуға болады. Осы нысандарды Shift пернесін жібермей басып тұрып ерекшелеуге де болады.
Әрекеттердің реті:
1. Топтың бірінші нысанын ерекшелейміз;
2. Shift пернесін басып тұрып, соңғы нысанды ерекшелейміз.
Әрқашан шектес нысандарды ғана ерекшелеу керек емес. Егер нысандар экранда бір - бірінен алшақ орналасса онда оларды ерекшелеу үшін Ctrl пернесі қолданылады.
Терезедегі барлық нысандарды ерекшелеу үшін Упорядочить → Выделить все бұйрығы немесе Ctrl+A пернелерінің тіркесімдері қолданылады.
Нысандарды жылжыту және көшіру.
Нысандарды жылжыта отырып, сендер оларды бумаларға тарата аласыңдар. Ал нысандарды көшіру арқылы жаңа жерде олардың көшірмесін аласыңдар. Мысал, дискіге.
Нысандарды жылжыту және көшіру тәсілдерін қарастырайық.
Тышқанмен жылжыту/көшіру. Егер екі бума бір ғана дискіге орналасса онда нысанды бумадан - бумаға суйреуге болады. Егер жылжыту кезінде Ctrl пернесін ұстап тұрсақ онда ерекшеленген нысандар көшірілетін болады. Бұл жағдайда тышқан сілтемесінің қасында кішкентай “+” таңбасы пайда болады.
Дәл сол бойынша тұтынушылар осы кезде нақты қандай үдеріс жүріп жатқанын ( Жылжыту немесе көшіру ) хабардар болады.
Алмасу буфері – жылжытылатын немесе көшірілетін ақпараттарды уақытша сақтауға арналған жадтың арнайы бөлігі.
Алмасу буфернің көмегімен көшіру үшін сендерге екі бұйрық: Көшіру(Копировать) немесе кірістіру(Вставить) керек болады.
Көшіру бұйрығын орындағанда нысандар алмасу буферінде сақталады. Кірістіру бұйрығын орындағанда нысандардың алмасу буферіндегі көшірмесі сендер көрсеткен жерде пайда болады. Ақпарат алмасу буферінде жаңа нысандарды көшіргенге дейін сақталады. Алмасу буфері компьютер өшіргенде ғана тазарады.
Алмасу буферінің көмегімен нысандарды жылжыту/көшіру тәсілдері:
1. Мәзірді реттеу (Упорядочить) пункті.
Нысандарды ерекшелеңдер. Реттеу→ Көшіру немесе Реттеу → Қиып алу бұйрығын таңдап алыңдар. Нысанды апаруға тиісті терезеге ауысыңдар. Реттеу → Кірістіру бұйрығын таңдаңдар.
2. Контексттік мәзір.
Контексттік мәзірде көшіру, қиып алу және кірістіру бұйрықтарын таңдаңдар. Әрекеттердің тәртібі тура мәзірдің тәртібі Реттеу пунктінің бұйрықтарымен бірдей.
3. Пернетақта.
Бұйрықтарды пернетақтадағы пернелерді басып тұрып орындай керек.
Ctrl+C – көшіру
Ctrl+X – қиып алу
Ctrl +V – кірістіру
Нысандарды жою және қайта қалпына келтіру.
Жою амалы өте қауіпті. Нысанды дұрыс таңдамасаңдар маңызды ақпаратты жойып алуларың мүмкін. Міне осындай себептермен байланысты нысандарды жою ушін Қоржан қарастырылған.
Қоржын – барлық жойылған нысандар орналасатын бума. Жойылған нысанды қайта калпына келтіруге болады. Ол үшін Қоржан терезесін ашып, қажетті нысандарды ерекшелеп алып, Қайта қалпына келтіру.
(Восстановить) бұйрығын орындау керек.
Нысандарды қоржынға орналастырмай жою үшін Shift+ Del пернелері қолданылады. IV. Сергіту сәті.
“ Информатика” сөзінен сөздер құрастыру.

V. Өткен тақырыпты бекіту.
- Сөздердің орнын тап
Нысан тышқанның........ батырмасын шерту арқылы ерекшеленеді.
2. Қатар орналасқан нысандар........ деп аталады.
3. Объектілерді........ үшін Пуск → Поиск батырмасын басамыз.
4. Барлық жойылған нысандар орналасатын бума …….. деп аталады.
5. …….. дегеніміз – жылжытылатын немесе көшірілетін ақпараттарды уақытша сақтауға арналған жадтың арнайы бөлігі.
6. Нысандарды қоржынға орналастырмай жою үшін........ пернелері қолданылады.
Қапшық(Корзина) сол жақ іздеу

шектес нысан Алмасу буфері Shift + Del
“Білім жәрмеңкесі ” ойыны
Дәптер – Қоржындағы жойылған нысанды қайта қалпына келтіруге бола ма?
Қаламсап – Ақпарат алмасу буферінде қанша уақыт сақталады?
Қалам – Объектіні корзинада қанша уақыт сақтауға болады?
Өшіргіш – Алмасу буфері деген не?
Сызғыш – Корзинаны жоюға бола ма?

VI. Практикалық жұмыс.
1. Word Pad бағдарламасында:
1 желтоқсан – Президент күніне орай елбасымызға құттықтау хат;
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған шағын эссе;
2014 Жаңа жылға отбасына, достарына арналған тілек жазу.
2. Жазылған мәтінді файлға сақтау.
3. Өз атына жаңа папка ашу.
4. Файлды папкаға көшіру.
5. Папканы жою.
6. Қапшықтың ішінен жойылған папканы қайта қалпына келтіру.
VII. Бағалау
VIII. Үйге тапсырма беру









Содержимое разработки

Күні: 30.11.2016ж.

Сыныбы: 5 «А»

Пәні: Информатика

Сабақтың тақырыбы:  Ақпаратты жазу және санау, ақпаратты тасымалдаушылар.

Сабақтың  мақсаты:

Білімділік: Ақпараттарды  жазып,  өлшем  бірліктер  арқылы  санаудыақпарат   тасымалдаушыларды  қолданылуытәртібінмеңгеру.

Дамытушылық:   Ойлауқабілетін  мен  танымдық  қызығушылығын  дамыту.

Тәрбиелік: Өз  бетімен  жұмыс  істеуге, практикамен   теорияныбайланыстыруға  тәрбиелеу.

Оқушыларға  қойылатын  талаптар:

Оқушы  меңгеруі  тиіс:        

   –  “ақпарат”  үғымын, ақпаратты  тасымалдаушылардың  атауларын, олардың  қолданылуын.

Оқушы  үйренуі  тиіс:

   –  ақпаратты  санауды, ақпараттытасымалдаушылардың   іске  қосылуын  үйрену.

Сабақтың  түрі: жаңа  тақырып

Сабақтың  әдісі: практикум  элементтері  бар  түсіндірмелі

Көрнекіліктер:  оқулық, үлестірмелі   тапсырмалар, тақта

Құрал-жабдықтар: компьютер, флешка, диск, дискета.

Пәнаралық  байланыс: математика, орыс  тілі, ағылшынтілі.

Сабақтың   барысы:

І.Ұйымдастыру  кезеңі

Сәлемдесу, оқушылардытүгендеу, оқушылардыңсабаққадаярлығынанықтау. (оқушылардың  зейінін  сабаққа  аудару)

ІІ.Үй  тапсырмасын  тексеру:

  1. Файл   дегеніміз - аты бар бірқатарбайттартізбегі.

  2. Әрфайлдыңаты  болады.Оныңатыоңжәнесолбөліктентұрады. Оңжақбөлігі үшсимволдантұрадыжәнеоның  типінанықтайды. Солжақбөліктіңұзындығы 1-255 символғадейінболады.

  3. Бума жүйелі және жұмысшы депекігебөлінеді.

  4. Бума, жарлықжәне файл – обьектіболыптабылады.

  5. Бума құруол–тышқанның қөмегеіменіскеасады.

  6. Обьектілердііздеу – бас мәзір арқылыіскеасады.

  7. Өшірілгенобьектікарзинада өзімізөшіргенге дейінсақталынады.

  8. Ctrl+cқызметіқандай – обьектілердікөшіру. (копировать)

  9. Ctrl+vқызметіқандай – обьектілердіқою. (Вставить)

  10. Обьектілерменжұмысжасаукезіндекомпьютердіңнегізгіекіқұрылғысынқолдануғаболады. – Олар тышқанжәнепернетақта.

IV.Жаңа  түсінік:

Балалар, бүгінгітақырыптақайсөздербізгетаныс? Ия,ақпарат дегенсөз. Бізбұлтақырыпты І тоқсандаоқығанбыз.Албүгінсолақпараттардықалайжазып, қалайтасымалдаудыүйренеміз.

Кәнебалаларайтыңдаршыақпаратдеген не? Ақпараттықалайсанайтынедік?

Ақпарат  өлшеудің  ең  кіші  бірлігі- Бит  болып  табылады. Бит  келесі  екі  мәннің  бірін  қабылдай  алады – 0 немесе 1.

Келесі  өлшем  бірлігі- Байт.1 Байт-8 бит-ке  тең.Әдетте  1 байттың  көмегімен  бір  символ  кодталады.

Қалайойлайсыңдар? Ертедеадамдарақпараттарды неге жазыпсақтаған? Бір–біріменқалайақпараталмасыпотырған?

Ертекездеадамдарақпараттытастарға, қағаздарға, кітаптарғажазыпқалдырған, ал қазірақпараттықайдажазыпсақтаймызжәнетасымалдаймыз? Компьютер құрылғыларынанфлешка, диск, компьютер жадындасақталынады.

Компьютердің  ең  маңызды  компоненттерінің  бірі  оның  жады  болып  табылады. Компьютердесыртқыжаджәнеішкіжадболыпбөлінеді.

Мұнда, ішкі  жадтың  екі  негізгітобы  бар:

1 )  жедел  есте  сақтау  құрылғысы

2) тұрақты  есте  сақтау  құрылғысы

Сыртқы  жадқа   түрлі  магниттік   тасымалдаушылар, лазерлік  дискілер, флеш-жадтар  жатады. Тасымалдаушыларда  ақпарат  ыңғайлы  түрде-сандық  форматта  сақталады. Ақпарат  тасымалдаушылардың  негізгі  көрсеткіші-олардың  сыйымдылығы.

Сыйымдылығы-тасығышта  сақталатын  ақпараттың  шектік  сандық  мөлшеріболыптабылады.

Иілгішдискілер(ағылш. floppydisk)- магниттікқабыршағы бар иілгіш диск түріндежасалғанкомпьютердіңалмалы-салмалысыртқысақтауышқұрылғысы.

  • Жазужәнеоқууақыты – 40кБ/сек.

  • Сыйымдылығы – 1,2 — 1,44 MБ.

  • Өлшемі -3,5 — 5,25дюйм.

CD-RW-дың CD-R-данбастыайырмашылығы :

CD-RW-ғаақпараттардыбірнешеретжазуғаболады.

DVD-Rжәне DVD-RW – тек оқуғаарналғанграфикалықақпараттардысақтауғаарналғанлазерлік диск.

  • Жазужәнеоқууақыты –4,7 ГБ/сек.

  • Сыйымдылығы – 4,7 — 17 ГБ.

  • Өлшемі – 3,1- 4,7 дюйм.

Флеш- жадтар – жеңілқорабпенқапталған микросхема.

  • Жазужәнеоқууақыты –4000 – 5300 MБ/сек.

  • Сыйымдылығы – 1 ГБ жоғары

  • Өлшемі – 1- 2 дюйм.

Жаңа  сабақты  бекіту  кезеңі:

тест компьютер арқылыорындалады.

  1. Компьютер жадынешегебөлінеді?

А) 2Ә) 3Б) 4

  1. Ақпараттыңеңүлкенөлшембірлігі –

А) КбайтӘ) МбайтБ) Гбайт

  1. Ішкіжадкомпьютердіңқайқұрылғысыныңішіндеорналасқан?

А) МонитордаӘ) ЖүйелікблоктаБ) Жеке орнатылған

  1. Қайдисккеқайталапжазуғаболады?

А) CD-RWӘ) CD-RБ) DVD -R

  1. Ақпараттықысқауақытқасақтайтынқұрылғықайсы?

А) ТұрақтыжадӘ) ЖеделжадБ) DVD -R

  1. Ақпараттыұзақуақытқасақтайтынқұрылғықайсы?

А) ТұрақтыжадӘ) ЖеделжадБ) Жүйелік блок

  1. Ақпараттыңеңкішіөлшембірлігі -

А) БайтӘ) КбайтБ) бит

  1. Жеңілқорабпенқапталған микросхема қалайаталады?

А)ФлешкаӘ) ДискБ) Иілгіш диск

 

Тест жауаптары

1

2

3

4

5

6

7

8

а

б

ә

а

ә

а

б

а

 

VI.Бағалау  кезеңі:

VII.Үй  тапсырмасын беру:  тақырып бойынша сөз жұмбақ құрастыру.



Содержимое разработки

Күні: 14.12.2016ж.

Сыныбы: 5 «А»

Пәні: Информатика

Сабақтың тақырыбы: Қарапайым графикалық редакторы, суретті ашу, сақтау.
Сабақтың мақсаты:

А) Paint графикалық редакторымен оқушыларды таныстыру.

Б) Paint графикалық редакторының құралдарын пайдаланып сурет салу дағдыларын қалыптастыру.
В) Оқушылардың эстетикалық талғамдарын дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Paint графикалық редакторының құралдары, интерактивті тақта, жұмыс дәптері.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Практика элементтері бар түсіндірмелі баяндау сабағы
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру.
Жаңа сабақ түсіндіру
Жаңа сабақты бекітуге сұрақтар қою, практикалық тапсырма беру..

І. Үй тапсырмасы: Компьютерде тест жұмысы
ІІ. Жаңа сабақ.

Ертеде әр түрлі түстер өмір сүріпті. Олардың жеке аттары болыпты. Олар: қызыл, жасыл, көк, сары, қара және т. б. Бір күні оларды қарандаш жинап алып сурет салмақшы болыпты. Бірақ оған түстер қарсы болыпты. Қарандаш түстердің қылықтарына шыдамай Microsoft ағайға хат жазыпты, былай деп: «Құрметті Microsoft ағай, түстер өз беттерімен кетті, сіздің тез  арада келуіңізді өтінемін. Мекен – жайым: Windows ауылы Программалар көшесі Сәлеммен: Қарандаш» Осыдан кейін Microsoft  ағай ойланып-толғанып, Сурет салу редакторын құрастырып, оның атын Paint қойыпты.

Paint (ағылшынша сурет, сурет салу) – бұл растрлық (нүктелерден тұратын) бейнелермен жұмыс істеуге арналған графикалық редактор.

Барлық растрлық бейнелер нүктелерден – пиксельдерден тұрады. Ол суреттін мөлшерін өзгерткенде анық көрінеді.

Пиксель (ағылшынша picture element – суреттің элементі) – растрлық бейненің ең кішкентай элементі.

Paint графикалық редакторын іске қосу үшін, келесі әрекеттерді орындау керек.

Іске қосу (Пуск) батырмасын шертеміз.

Бас менюден Программалар (Программы) командасын таңдаймыз.

Ашылған бағыныңқы менюден Стандартты командасын таңдаймыз.

Келесі бағыныңқы менюден Paint графикалық редакторын таңдаймыз.

Іске қосу→Барлық программалар→Стандартты→ Paint

(Пуск→Все программы→Стандартные→Paint)

Командалар орындалғаннан кейін, экранға Paint графикалық редакторының терезесі шығады.

Paint графикалық редакторында екі түспен сурет салынады.

Олар негізгі және фондық түстер. Түстер тышқан батырмасын қажетті түсте басу арқылы таңдалынады. Оң жақ батырмамен – фонның, ал сол жақ батырмамен негізгі түсті таңдаймыз.

Салған суретімізді сақтау үшін орындалатын әрекеттер: PAINT программасының құжатын бірінші рет сақтап қою үшін  «Файл-сохранитькак» командасын орындау керек. Экранға «Сохранить как» диалогтық терезесі пайда болады. Имя файла өрісіне файлға ат беріп, «сохранить» батырмасын басу керек.

ІІІ. Практикалық жұмыс.

1 тапсырма.

Жұмбақ жауабының суретін құрастырып, Paint терезесінде сал.

Бір көзіңмен «кідір» дейді, Бір көзім «жүгір» дейді. Бір көзім «абайла» дейді «Қарап ал маңайға» дейді

2 тапсырма.

 

Жұмбақ жауабының суретін құрастырып, Paint терезесінде сал.

Ұзынды-қысқа қос тіл Он екі цифрмен дос бұл.

3 тапсырма.

Техникалық диктант

Paint бұл ______________________________ редактор.

Paint графикалық редакторында ________ түспен сурет салынады.

Олар _____________________________ түстер.

Paint графикалық редакторында _________ сайман бар.

Paint графикалық редакторының тақырып жолында терезені ______________________________________________________________

батырмалары орналасқан.

Үйге тапсырма:
Paint графиктік редакторы тақырыптарын оқып, мазмұндау.
Оқушыларды бағалау















































әні: Информатика

Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: Қарапайым графикалық редакторы. Суретті ашу, сақтау. 
Сабақтың мақсаты: 
1. Оқушыларға графикалық ақпаратты жасау туралы түсінік беру, графикалық редактормен жұмыс істеуге үйрету;
2. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру және графикалық бейнелеу жұмысы арқылы бейнелік ойлау қабілетін дамыту;
3. Оқушыларды эстетикалық талғамын қалыптастыру, істеген жұмысынан қорытынды ала білуге машықтандыру;
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Әдісі: Көрсете баяндау, пікірлесе- түсіндіру, жеке жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: ДК, слайттар, тест.
Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру 
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ
ІV.Сарамандық жұмыс
V. Үйге тапсырма
VІ. Қортындылау

І. Сабаққа келмеген оқушыларды түгендеу, үй тапысырмасын пысықтау.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
Бекіту сұрақтары:
• Компьютер жанындағы өсімдік .
• Баспаға шығару құрылғысы .
• Жалпы желіге қосылу үшін не керек? 
• WordPad-ты іске қосу.
• Ақпарат (информация) қай тілден шыққан? 
• Вирусқа қарсы программа.
• Дыбыс шығару құрылғысы.
• Бос орын қалдыру пернесі.
• Capslock-тың қызметі.
• Мәтіннің қаріпін, өлшемін қалай өзгертеміз? 
ІІІ. Жаңа сабақ.
Компьютер графикалық кескіндерді салудың ең қолайлы және қуатты құралы болып табылады. Графикалық кескіндермен жұмыс істейтін Windows қолданбаларын графиктік редакторлер деп атайды.
Графикалық редактор графикалық бейнелерді жасауға және редакциялауға 
арналған.
Редактор:
1. Құрал-саймандар мен бояуларды қолдана отырып, сурет салуға;
2. Суреттерді бөлек бөліктерден құрастыруға;
3. Суретке мәтінді енгізу және қалыптастыруға;
4. Бар графикалық объектілерді түзетуге;
5. Схемаларды сызуға жәнс т.б. мүмкіндік береді.
PAINT сурет салу бағдарламасы әр түрлі графикалық кескіндерді салуға,оны өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаның көмегімен қарапайым суреттен бастап, күрделі графикалық шығармаларға дейін жасауға болады. 
PAINT бағдарламасында өзіміз сурет салуымызға Windows –тің басқа қолданбаларынан алмастыру буферіне көшірілген дайын суреттерді мәтінге қоюға,сондай-ақ сканердің көмегімен алынған күрделі кескіндерді енгізуге болады.
Редакторды іске қосу үшін:
a. Іске қосу (пуск) батырмасын шертеміз.
b. Бас менюден Программалар (Программы) командасын таңдаймыз.
c. Ашылған бағынқы менюден Стандартты командасын таңдаймыз.
d. Келесі бағыныңқы менюден Рaint графикалық редакторын таңдаймыз.
Енді бұл тізбекті мына түрде жазамыз: Іске қосу-Барлық программалар-Стандартты- Рaint (Пуск-Программы-Стандартные-Рaint)
Командалар орындалғаннан кейін, экранда Рaint бағдарламасының терезесі пайда болады.

Терезенің үлкен бөлігін бос кеңістік-сурет салу алаңы алады. Оның сол жағында таңбашалар тобы-құралдар тақтасы орналасқан. Терезенің төменгі жағында түстер палитрасы бар. 
Түстер палитрасы
Түстер палитрасының көмегімен екі түрлі түсті таңдауға болады: негізгі-біз онымен сурет салатын түс және қосымша-бұл фон беретін түс. Программаны іске қосқанда, ешқандай әрекет болмаса, келісім бойынша кескіннің түсі-қара, ал фонның түсі ақ болып шығады.
Палитраның сол жағында бірін-бірі жабатын екі квадрат орналасқан. Жоғарғысы сурет түсін көрсетеді. Ол таңдаған түсте тышқанның сол жақ батырмасын шерту арқылы таңдалады. Төменгі квадрат фон түсін көрсетеді, ол үшін таңдаған түсте тышқанның оң жақ батырмасын шерту қажет.
Сурет салу кезендері
1. Құралды таңдап алу керек.
Рaint бағдарламасында 16 құрал сайман бар. 
1. Қажет аймақты белгілеу құралы, бұл қисық пішінді үзіндіні таңдау қызметін атқарады.
2. белгілеу құралы деп аталады және суреттің тік төртбұрышты үзіндісін таңдау қызметін атқарады.
3. Өшіргіш/түрлі түсті өшіргіш, суреттің белгілі бір бөліктерін өшіруге арналған;
4. Құю құралы, бұл тұйық контурдың ішін кескін немесе фон түсімен бояйды;
5. Түс таңдау құралы, бұл кескіннің немесе оның фонын суреттің кез келген нүктесінің түсіне өзгертеді;
6. Масштаб құралы, бұл суреттің жеке үзінділерін үлкейтуге мүмкіндік береді.
7. Қарандаш, бұл кез келген сыщықты әр түрлі қалыңдықта сызуға арналған;
8. Қылқалам, қалаған сызықтарды салуға арналған. 
9. Бүріккіш, пульверизатор эффектісін береді;
10. Жазу, сурет ішіне мәтін орналастырады.
11. Сызық, түзу сызықтар салуға арналған;
12. Қисық, тегістелген, қабаттасқан сызықтар салуға мүмкіндік береді;
13. Тік төртбұрыш, тік төртбұрыштар салуға арналған;
14. Көпбұрыш, кез келген пішінді тұйық көпбұрыштар салады;
15. Эллипс, шеңбер және эллипс салуға арналған;
16. Бұрыштары дөңгеленген тік төртбұрыш, бұрыштары дөңгеленген квадраттар мен тік төртбұрыштар салуға мүмкіндік береді.
2. Сызықтың қалыңдығын, қылқаламның түрін немесе төртбұрыштың типін тағайындау.
Мұны құралдар тақтасының тура астыңғы жағындағы арнайы аймақта жасауға болады. Сызықтардың қалыңдығын бір нүктеден бес нүктеге дейінгі өлшемде салуға және қылқаламның, төртбұрыштың бірнеше түрлерін пайдалануға болады.
3. Кескіннің түсін таңдау.
Сурет салатын түсті таңдау үшін, палитрадағы қажетті түстің төртбұрышына тышқан нұсқағышын орналастырып, сол жақ батрмасын шертеміз.
4. Фонның түсін таңдау.
Фонның түсін таңдау үшін, палитрадағы қажетті түске тышқан нұсқағышын орналастырып, оң жақ батырмасын шертіңдер.Бұл фонды пайдаланып объектілер жасайтын құралдармен жұмыс істеген қажет.
ІҮ. Перфокартамен жұмыс жасаймыз. 
V. Сарамандық жұмыс
Ал, енді сурет саламыз.
Деңгейлік тапсырмалар орындаймыз
І-деңгей
1- тапсырма:
Бір көзіңмен «кідір» дейді,
Бір көзім «жүгір» дейді.
Бір көзім «абайла» дейді
«Қарап ал маңайға» дейді
(бағдаршам)
Берілген фигуралардан жұмбақ жауабының суретін құрастырып, Paint терезесінде сал
2- тапсырма:
Ұзынды-қысқа қос тіл,
Он екі цифрмен дос бұл.
(сағат)
Берілген фигуралардан жұмбақ жауабының суретін құрастырып, Paint терезесінде сал.
Жауабы:
№3 тапсырма.
Сызық құралын қолдана отырып жайра (дикобраз) суретін сал.
Үсті-басы ине
Бұл не деген бейне.
Кірпігі ұқсас заты,
Жайра оның аты.

ІІ-деңгей
Paint бағдарламасын іске қосыңыздар
1. Эллипс құралын пайдаланып мына суретті салыңыздар
2. Суретті өз қалауларың бойынша бояңыздар
3. Суретке “Бейне” атын беріп сақтаңыздар.

ІІІ-деңгей

1. Барлық құралдарды пайдаланып еркін тақырыпта мазмұнды сурет салыңыздар. 
2. Суретке тақырып қой.
3. Салынған суретті сақта
V. Қорытындылау:
Техникалық диктант
Paint бұл графикалық редактор. Paint графикалық редакторында негізгі екі түспен сурет салынады. Олар негізгі және фондық түстер. Paint графикалық редакторында 16 сайман бар. Paint графикалық редакторының тақырып жолында терезені жабу, жасыру, үлкейтіп-кішірейту батырмалары орналасқан. 
VІ. Үйге тапсырма:
Paint графиктік редакторы тақырыптарын оқып, мазмұндау. (117-122беттер)
VІІ. Оқушыларды бағалау

Оқушының аты-жөні

І-деңгей тапсырмасы

ІІ-деңгей тапсырмасы

ІІІ-деңгей тапсырмасы

Техникалық дикант

Жалпы баға









Содержимое разработки

Күні:18.12.2015ж.

Сыныбы: 5 «А»

Пәні: Информатика

Сабақтың тақырыбы: Графикалық редактордың сурет салу құралдары.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Paint графикалық редакторында сурет салу құралдарын үйрету.

1. Білімділік: Оқушылар графикалық редакторының сурет салу маңыздылығын меңгеру.

2. Дамытушылық: Оқушыларға графикалық редакторының сурет салу кезеңдерімен таныстыру.

3. Тәрбиелік: Оқушылар информатика кабинетінде техникалық қауіпсіздік ережесін сақтау және еңбекке баулу.

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютерлер, информатика мен есептеуіш техника негіздері әдістемелік нұсқау бағдарламалары.

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру

  2. Жаңа тақырыпты түсіндіру

  3. Сабақты бекіту

  4. Үйге тапсырма

Үй жұмысын сұрау

  1. Графикалық редактор деген не?

  2. Қандай тәсілдермен файлды құруға болады ?

  3. Графикалық деректерді енгізу және шығару үшін қандай құрылғылар қолданылады?

  4. Сурет салу мен толтыру үшін түстерді қалай таңдаймыз?

  5. Бейненің қандай пішімінің сапасы нашар болады?

Жаңа сабақ

Практикалық жұмыс жасай отырып, сендер құралдармен және фигуралармен таныса бастадыңдар. Бағдарламаның терезесін қарайық. Жұмысқа керектің бәрі Жолақта (Лента) орналасқан. Негізгі (Главная) тіркеме бетінде (вкладка) Алмасу буфері, Кескін (Изображение), Құралдар, Фигуралар, Қалыңдық (Толщина), Түстер (Цвета) топтары орналасқан.



Жылдам қол жеткізу тақтасы Жолақ





Сурет салу аймағы Жай – күй жолы

  • Қарындаш үшін – жуандық, түс;

  • Фигуралар үшін - , түстер;

Жай – күй жолында ағымдағы жұмыс туралы ақпарат беріледі. Егер суреттің кішкене бөлігін тазалау керек болса, Өшіргіш сайманы қолданылады. Өшіргіш екі режимде болады: қарапайым және түрлі түсті. Қарапайым өшіргіш бәрін өшірсе, түрлі түсті өшіргіш (тышқанның оң жақ батырмасын басып тұрып) тек Қылқаламның пәрменді түсін өшіреді.

Мынадай Қисық сызықты  салған кезде міндетті түрде екі бүгілісті көрсету керек. Сол сияқты, Shift пернесін жібермей ұстай отырып,«дұрыс» фигуралар салуға болады. Тікбұрышты  қолданғанда тіктөртбұрыш, ал Сопақтан  - шеңбер аламыз. Көпбұрыш  былай салынады.

Бекіту: Тапсырма айдың суретін салыңдар. Ішін бояу түсін сары етіп белгілеңдер. Жаңа сабаққа байланысты сұрақ жауап беру арқылы жаңа сабақты қорытындылау.

Сабақты қорытындылау: Paint графикалық редакторында сурет салу құралдарын үйрету.

Үй тапсырмасын беру: Бүгінгі өтілген тақырыпты мазмұндап келу.

Бағалау: Оқушылардың біліміне сәйкес бағалау.



Содержимое разработки

Күні:23.12.2015ж.

Сыныбы: 5 «А»

Пәні: Информатика

Сабақтың тақырыбы: Суреттің үзінділерін ерекшелеу. Суреттің үзінділерімен жұмыс.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Paint графикалық редакторында сурет салуды үйрете отырып, сурет бөліктерімен жұмыс жасау түрлерін түсіндіру.

Білімділік:

Оқушыларға Paint графикалық редакторында сурет салып, оны әр түрлі етіп безендіруге, суреттерді бұрып, пішінін өзгертіп, суреттерді бөліп, құрастырып үйрету.

Дамытушылық:

Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге, Paint графикалық редакторына деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру, өз ойын сауатты түрде жеткізе білуді қалыптастыру.

Тәрбиелік:

Оқушыларды нақты бір іс әрекетке, шапшаңдылыққа тәрбиелей отырып, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, шығармашылыққа баулып үйрету.

Сабақтың түрі: жаттықтыру, практикалық

Сабақтың әдіс тәсілдері: түсіндіру,үйрету,сұрақ-жауап, компьютермен жұмыс

Көрнекі-құралдар: компьютер,үлестірмелі қағаздар, сөз жұмбақ

 

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері:

1-кезең: Ақпаратты тарату

2-кезең: Ақпаратты қабылдау

3-кезең:Ақпарат алмасу

4-кезең:Ақпаратты сәйкестендіру

І. Ұйымдастыру бөлімі

-сәлемдесу;

— оқушыларды түгелдеу;

-психологиялық дайындық

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1-кезең: Ақпаратты тарату

Бұл кезеңде:көңіл күйдің түрлері бейнеленген тереуіштің артында жасырылған сұрақтарға жауап алу арқылы үй тапсырмасын тексеру.

Сұрақтары:

  1. Жаңа буманы құрып, оған ат қой?

  2. Paint графикалық редакторын қалай іске қосамыз?

  3. Құрылған буманы жойып оны қайта қалпына келтір!

  4. Paint графикалық редакторы туралы не білесің?

  5. Paint графикалық редакторында неше құрал бар, оларды ата?

  6. Paint графикалық редакторының терезесімен таныстыр!

ІІІ.Жаңа материалды игерту

2-кезең: Ақпаратты қабылдау

Бұл кезеңде жаңа сабақ түсіндіріледі.

Суреттің үзінділерін ерекшелеу.

Суреттің үзінділерімен жұмыс.

Кейбір кездерде салынған суреттердің немесе оның белгілі бөліктерінің өлшемін өзгертуге, созуға, қисайтуға немесе тік бағытта айналдыруға, т.б. әрекеттерді орындауға тура келеді. Ол үшін суреттің қажетті бөлігін бөліп алу керек. Суреттің бөлінген бөлігі үзінді деп аталады.

Үзінді мына құралдармен бөлінеді немесе белгіленеді:

Бөліп алу (выделение) батырмасы төртбұрышты үзіндіні таңдайды.

Кез-келген аймақты бөліп алу (Выделение произвольной области) батырмасы қажет аймақты бөліп алуға мүмкіндік береді.

Белгілеу немесе Қажет аймақты белгілеу құралдарымен үзіндіні таңдалғаннан кейін, олармен келесі әрекеттер орындалады:

  1. Алмасу буферіне қиып алу.

  2. Алмасу буферіне көшу.

  3. Осы суретті басқа жерге апару.

  4. Берілген суреттің өлшемінде көшіру.

  5. Оны сурет бойынша «көбейту».

  6. Пішіні мен өлшемін өзгерту.

  7. Өлшемін өзгерту және қисайту.

  8. Төңкеру немесе кері бұру.

  9. Түсін өзгерту.

  10. Өшіру (жою).

Суреттің үзіндісін көшіру үшін:

  1. Суреттің үзіндісін белгілеу: Выделение батырмасына шертіп, тышқан нұсқағышын бөлінетін суреттің сол жақ жоғарғы бұрышына орналастырыңдар. Содан кейін суреттің қажетті бөлігі пунктирлі жақтау ішіне енгенше, тышқанның сол жақ батырмасын басып отырып, диагональ бойымен жылжытыңдар. Батырманы жіберіңдер.

  2. Правка-Копировать командасын орындаңдар.

  3. Правка-Вставить командасын орындаңдар. Сонда үзінді терезенің сол жақ жоғарғы бұрышында пайда болады.

  4. Үзіндіні тышқанмен іліп алып, қажетті орынға апарыңдар.

Суреттің үзіндісін жылжыту үшін:

  1. Суреттің үзіндісін белгілеу: Выделение батырмасында шертіп, тышқан нұсқағышын бөлінетін суреттің сол жақ жоғарғы бұрышына орналастырыңдар. Одан соң суреттің қажетті бөлігі пунктирлі жақтаудың ішінде болғанша тышқанның сол жақ батырмасын басып отырып диагональ бойымен жылжытыңдар. Батырманы жіберіңдер.

  2. Правка-Вырезать командасын орындаңдар. Бұл жағдайда қиып алған сурет жоқ болып кетеді (жойылады).

  3. Правка-Вставить командасын орындаңдар. Сурет үзіндісі терезенің жоғарғы сол жақ бұрышында пайда болады.

  4. Үзіндіні тышқанмен іліп алып, тиісті орынға қойыңдар немесе бұрынғы орнына қайтарыңдар.

Үзіндіні көбейту дегеніміз-экранда тышқанның нұсқағышын жылжытумен қатар оның көшірмелерінің тізбегін жасау.

  1. IV. Компьютермен жұмыс

3-кезең:Ақпарат алмасу

Оқушылар қандай программамаен жұмыс жасау екендігін білу үшін оларға сөз жұмбақ беріледі.

C

A

P

S

*

L

O

C

K



A

L

T



I

N

S

E

R

T



N

U

M

*

L

O

C

K


T

A

B
















 

  1. Бас әріптерді іске қосатын перне?

  2. Арнайы әрекеттер үшін қолданыатын перне?

  3. Символдарды ауыстыру және енгізу режимін қосатын перне?

  4. Сандарды іске қосатын перне?

  5. Меңзерді бір басқару позициясынан басқасына ауыстыратын перне?

Бұл кезеңде оқушылар 2-топқа бөлінеді, І топ тәуелсіздік күніне сурет салса, ІІ топ қыс мезгілінің суретін салады.

-Балалар қазір қандай мезгіл? (қыс)

-Қыз мезгілінің ерекшеліктерін атаңдаршы? (қар жауды, аяз болады, мұз қатады)

— Алда келе жатқан қандай мереке бар?(16-желтоқсан тәуелсіздік күні)

-Тәуелсіз ел болғанымызға биыл қанша жыл? (22 жыл)

Жарайсыңдар балалар, олай болса берілген тапсырмаларды компьютерде орындайық.

Оқушылар әуен тыңдай отырып, тапсырмаларды орындайды.


V. Сабақты бекіту

4-кезең:Ақпаратты сәйкестендіру

1.Үзінді дегеніміз не?

2.Суретті қалай көшіреміз?

3.Суретті ерекшелеу үшін қандай әрекеттер орындаймыз?

(Сұрақ-жауап)

(қардың астындағы тапсырмаларға жауап беру)

 

VІ. Үйге тапсырма беру

Суреттің үзінділерін ерекшелеу.Суреттің үзінділерімен жұмыс оқып, тусінік айтып келу

VІІ. Бағалау

Сабаққа белсене араласқан оқушылардың жинаған жапсырма суреттерінің санына қарай бағалаймын.


Содержимое разработки

  1. Үлкен шеңбер сал.

  2. Осыған ұқсас бір-бірінен сәл кішілеу үш шеңбер салып үлкен шеңбердің ішіне бірінен соң бірін орналастырыңдар.

  3. Шеңбердің ортасынан горизонталь түзу сызық жүргізіндер.

  4. Шеңбердің түзу сызықтың астындағы бөлігін өшіріңдер.

  5. Доға пайда болды.

  6. Доғаның жоғарғы жағынан бастап төменге қарай центрі бойынша қисық сызық жүргізіндер.

  7. Салынған қисық сызықтың төменгі жағын сәл солға бұрындар.

Солкезде қандай сурет шықты?





  1. Үлкен шеңбер сал.

  2. Осыған ұқсас бір-бірінен сәл кішілеу үш шеңбер салып үлкен шеңбердің ішіне бірінен соң бірін орналастырыңдар.

  3. Шеңберлің ортасынан горизонталь түзу сызық жүргізіндер.

  4. Шеңбердің түзу сызықтың астындағы бөлігін өшіріңдер.

  5. Доға пайда болды.

  6. Доғаның жоғарғы жағынан бастап төменге қарай центрі бойынша қисық сызық жүргізіндер.

  7. Салынған қисық сызықтың төменгі жағын сәл солға бұрындар.

Солкезде қандай сурет шықты?

Содержимое разработки

Күні:18.01.2017ж.

Сыныбы: 5 «А»

Пәні: Информатика

Сабақ тақырыбы: Практикалық жұмыс. Сурет үзінділерімен іс-әрекеттер орындау.

Сабақ мақсаты:
Білімділік: Paint графикалық редакторының   міндеттері мен құрал-саймандарын пайдалануды пысықтау,  өткен тақырыптар бойынша тәжірибелік жұмыстарды қолдана білу;

Дамытушылық: эстетикалық талғамын қалыптастыру, нәтиже алуға және уақытты үнемдеуге дағдыландыру;

Тәрбиелік: графикалық бейнелеу жұмыстарын орындау арқылы бейнелік ойлау қабілетін дамыту.

Сабақ әдісі: қайталау
Қолданылатын құрал: компьютер, оқулық, интерактивті тақта
Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Техникалық диктант

1.Paint  бұл              графикалық              редактор.

2.Paint графикалық редакторында негізгі ……… түспен сурет салынады.

3.Олар ……………………………………….  .

4.Paint графикалық редакторының жұмыс беті ………… бөлімнен тұрады.

  1. Paint графикалық редакторының тақырып жолында………………….. батырмалары орналасқан.

 Практикаға шолу. «Итті ояту». Графикалық редакторда берілген суретті аяқтау және оны бояу.

— Ақтөс ұйықтап жатыр;

— Ол қай мезгілге ұйықтайды? (Түнде. Олай болса жоғары жағына ай салайық.)

— Енді Ақтөсті оятуымыз қажет. Ол қай уақытта оянады? (Күндіз. Олай болса айды күн етіп толықтырайық);

— Таң атты. Ақтөсті оятуымыз қажет. Бірақ оның көзі жұмулы тұр. Енді не істейміз? (Көзін саламыз);

— Ақтөс оянды. Енді оны тамақтандырайық. (Тамақтың суретін саламыз)

— Үйін әдемілеп бояйық.

VІ. Қызықты диктант.

  1. Үлкен шеңбер салыңдар.

  2. Осыған ұқсас бір-бірінен сәл кішілеу үш шеңбер салып үлкен шеңбердің ішіне бірінен соң бірін орналастырыңдар

  3. Шеңбердің ортасынан горизонталь түзу сызық жүргізіңдер

  4. Шеңбердің түзу сызықтың астындағы бөлігін өшіріңдер.

  5. Доға пайда болды

  6. Доғаның жоғарғы жағынан бастап төменге қарай центрі бойынша қисық сызық жүргізіңдер.

7.Салынған қисық сызықтың төменгі жағын сәл солға бұрыңдар.

Солкезде қандай сурет шықты?

Қолшатыр

 VІІ. Оқулықпен жұмыс. Оқулықтың 144-бетіндегі тәжірибелік жұмыстарды орындау. Деңгейлік тапсырма.

VІІІ. Ой сергіту «Сәйкестендіру»

ІХ. Бекіту сұрақтары.

  1. Графикалық редактор деген не?

  2. Графикалық редактордың құралдарын ата;

  3. Масштаб құралын не үшін пайдаланамыз?

  4. Суреттің үзіндісін жылжыту үшін қандай құралды пайдаланамыз?

VІІІ. Үйге тапсырма: Графикалық редактор тарауын қайталау.
Қорытынды: бағалау



Содержимое разработки

Қарапайым графикалық редакторы, суретті ашу, сақтау.

Қарапайым графикалық редакторы, суретті ашу, сақтау.

Сабақтың мақсаты: Paint графикалық редакторымен оқушыларды таныстыру.  Paint графикалық редакторының құралдарын пайдаланып сурет салу дағдыларын қалыптастыру.  Оқушылардың эстетикалық талғамдарын дамыту.

Сабақтың мақсаты:

Paint графикалық редакторымен оқушыларды таныстыру. Paint графикалық редакторының құралдарын пайдаланып сурет салу дағдыларын қалыптастыру. Оқушылардың эстетикалық талғамдарын дамыту.

Жаңа сабақ  Ертеде әр түрлі түстер өмір сүріпті. Олардың жеке аттары болыпты. Олар: қызыл, жасыл, көк, сары, қара және т. б. Бір күні оларды қарандаш жинап алып сурет салмақшы болыпты. Бірақ оған түстер қарсы болыпты. Қарандаш түстердің қылықтарына шыдамай Microsoft ағайға хат жазыпты, былай деп: «Құрметті Microsoft ағай, түстер өз беттерімен кетті, сіздің тез  арада келуіңізді өтінемін. Мекен – жайым: Windows ауылы Программалар көшесі Сәлеммен: Қарандаш» Осыдан кейін Microsoft  ағай ойланып-толғанып, Сурет салу редакторын құрастырып, оның атын Paint қойыпты.

Жаңа сабақ

Ертеде әр түрлі түстер өмір сүріпті. Олардың жеке аттары болыпты. Олар: қызыл, жасыл, көк, сары, қара және т. б. Бір күні оларды қарандаш жинап алып сурет салмақшы болыпты. Бірақ оған түстер қарсы болыпты. Қарандаш түстердің қылықтарына шыдамай Microsoft ағайға хат жазыпты, былай деп: «Құрметті Microsoft ағай, түстер өз беттерімен кетті, сіздің тез  арада келуіңізді өтінемін. Мекен – жайым: Windows ауылы Программалар көшесі Сәлеммен: Қарандаш» Осыдан кейін Microsoft  ағай ойланып-толғанып, Сурет салу редакторын құрастырып, оның атын Paint қойыпты.

Paint ( ағылшынша сурет, сурет салу) – бұл растрлық (нүктелерден тұратын) бейнелермен жұмыс істеуге арналған графикалық редактор.  Барлық растрлық бейнелер нүктелерден – пиксельдерден тұрады. Ол суреттін мөлшерін өзгерткенде анық көрінеді.  Пиксель ( ағылшынша picture element – суреттің элементі) – растрлық бейненің ең кішкентай элементі.

Paint ( ағылшынша сурет, сурет салу) – бұл растрлық (нүктелерден тұратын) бейнелермен жұмыс істеуге арналған графикалық редактор.

Барлық растрлық бейнелер нүктелерден – пиксельдерден тұрады. Ол суреттін мөлшерін өзгерткенде анық көрінеді.

Пиксель ( ағылшынша picture element – суреттің элементі) – растрлық бейненің ең кішкентай элементі.

Paint графикалық редакторын іске қосу үшін, келесі әрекеттерді орындау керек. Іске қосу (Пуск) батырмасын шертеміз. Бас менюден Программалар (Программы) командасын таңдаймыз. Ашылған бағыныңқы менюден Стандартты командасын таңдаймыз. Келесі бағыныңқы менюден Paint графикалық редакторын таңдаймыз. Іске қосу→Барлық программалар→Стандартты→ Paint (Пуск→Все программы→Стандартные→Paint)  Командалар орындалғаннан кейін, экранға Paint графикалық редакторының терезесі шығады.

Paint графикалық редакторын іске қосу үшін, келесі әрекеттерді орындау керек.

Іске қосу (Пуск) батырмасын шертеміз.

Бас менюден Программалар (Программы) командасын таңдаймыз.

Ашылған бағыныңқы менюден Стандартты командасын таңдаймыз.

Келесі бағыныңқы менюден Paint графикалық редакторын таңдаймыз.

Іске қосу→Барлық программалар→Стандартты→ Paint

(Пуск→Все программы→Стандартные→Paint)

Командалар орындалғаннан кейін, экранға Paint графикалық редакторының терезесі шығады.

Тақырып жолы Құрал саймандар тақтасы  Меню қатары Түстер палитрасы  Жұмыс алаңы

Тақырып жолы

Құрал саймандар тақтасы

Меню қатары

Түстер палитрасы

Жұмыс алаңы

Құрал саймандар тақтасында – 16 сайман бар ЖАБУ ҮЛКЕЙТІП - КІШІРЕЙТУ ЖАСЫРУ

Құрал саймандар тақтасында – 16 сайман бар

ЖАБУ

ҮЛКЕЙТІП - КІШІРЕЙТУ

ЖАСЫРУ

Палитрада 20 түс анықталып, бекітілген. Қажет болса, Түстерді өзгерту батырмасын шертіп, түстерді қосуға болады. Түстер политрасы

Палитрада 20 түс анықталып, бекітілген. Қажет болса, Түстерді өзгерту батырмасын шертіп, түстерді қосуға болады.

Түстер политрасы

Paint графикалық редакторында екі түспен сурет салынады. Олар негізгі және фондық түстер. Түстер тышқан батырмасын қажетті түсте басу арқылы таңдалынады. Оң жақ батырмамен – фонның, ал сол жақ батырмамен негізгі түсті таңдаймыз. Салған суретімізді сақтау үшін орындалатын әрекеттер: PAINT программасының құжатын бірінші рет сақтап қою үшін  «Файл-сохранитькак» командасын орындау керек. Экранға «Сохранить как» диалогтық терезесі пайда болады. Имя файла өрісіне файлға ат беріп, «сохранить» батырмасын басу керек.

Paint графикалық редакторында екі түспен сурет салынады.

Олар негізгі және фондық түстер. Түстер тышқан батырмасын қажетті түсте басу арқылы таңдалынады. Оң жақ батырмамен – фонның, ал сол жақ батырмамен негізгі түсті таңдаймыз.

Салған суретімізді сақтау үшін орындалатын әрекеттер: PAINT программасының құжатын бірінші рет сақтап қою үшін  «Файл-сохранитькак» командасын орындау керек. Экранға «Сохранить как» диалогтық терезесі пайда болады. Имя файла өрісіне файлға ат беріп, «сохранить» батырмасын басу керек.

№ 1 тапсырма. Жұмбақ жауабының суретін құрастырып, Paint терезесінде сал. Бір көзіңмен «кідір» дейді, Бір көзім «жүгір» дейді. Бір көзім «абайла» дейді «Қарап ал маңайға» дейді № 2 тапсырма.   Жұмбақ жауабының суретін құрастырып, Paint терезесінде сал. Ұзынды-қысқа қос тіл Он екі цифрмен дос бұл.

1 тапсырма.

Жұмбақ жауабының суретін құрастырып, Paint терезесінде сал.

Бір көзіңмен «кідір» дейді, Бір көзім «жүгір» дейді. Бір көзім «абайла» дейді «Қарап ал маңайға» дейді

2 тапсырма.

 

Жұмбақ жауабының суретін құрастырып, Paint терезесінде сал.

Ұзынды-қысқа қос тіл Он екі цифрмен дос бұл.

Тақырып жолы Құрал саймандар тақтасы  Меню қатары Түстер палитрасы  Жұмыс алаңы

Тақырып жолы

Құрал саймандар тақтасы

Меню қатары

Түстер палитрасы

Жұмыс алаңы

Техникалық диктант Paint бұл ______________________________ редактор. Paint графикалық редакторында ________ түспен сурет салынады. Олар _____________________________ түстер. Paint графикалық редакторында _________ сайман бар. Paint графикалық редакторының тақырып жолында терезені ______________________________________________________________ батырмалары орналасқан.

Техникалық диктант

Paint бұл ______________________________ редактор.

Paint графикалық редакторында ________ түспен сурет салынады.

Олар _____________________________ түстер.

Paint графикалық редакторында _________ сайман бар.

Paint графикалық редакторының тақырып жолында терезені ______________________________________________________________

батырмалары орналасқан.

Техникалық диктант Paint бұл ______________________________ редактор. Paint графикалық редакторында ________ түспен сурет салынады. Олар _____________________________ түстер. Paint графикалық редакторында _________ сайман бар. Paint графикалық редакторының тақырып жолында терезені ______________________________________________________________ батырмалары орналасқан. ГРАФИКАЛЫҚ ЕКІ НЕГІЗГІ ЖӘНЕ ФОНДЫҚ 16 ЖАБУ, ЖАСЫРУ, ҮЛКЕЙТІП - КІШІРЕЙТУ

Техникалық диктант

Paint бұл ______________________________ редактор.

Paint графикалық редакторында ________ түспен сурет салынады.

Олар _____________________________ түстер.

Paint графикалық редакторында _________ сайман бар.

Paint графикалық редакторының тақырып жолында терезені

______________________________________________________________

батырмалары орналасқан.

ГРАФИКАЛЫҚ

ЕКІ

НЕГІЗГІ ЖӘНЕ ФОНДЫҚ

16

ЖАБУ, ЖАСЫРУ, ҮЛКЕЙТІП - КІШІРЕЙТУ

Үйге тапсырма:  Графиктік редакторы тақырыптарын оқып, мазмұндау.

Үйге тапсырма:

Графиктік редакторы тақырыптарын оқып, мазмұндау.

-80%
Курсы повышения квалификации

Методика преподавания информатики в начальной школе в соответствии с ФГОС НОО

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Сабақ жоспары және презентация жинағы (13.59 MB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт