Тақырыбы: Түн.Түн тынысы.
Мақсаты: 1.Түн.Түн тынысы туралы оқушыларға мағлұмат беру.
2.Сурет бойынша еркін әңгіме құрай білуге,суретке ат қоюға
дағдыландыру.
3.Түн мен күндізгі тіршілікті ажырата білуге тәрбиелеу.
Сабақ типі: аралас
Әдісі: әңгімелеу,түсіндіру.
Көрнекілігі: күн,түн суреттері
Сабақтың барысы.
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Cабаққа дайындықтарын тексеру.
2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
-Сурет бойынша әңгіме құру.
-Күн сәулесінің өсімдік тіршілігі үшін маңызы туралы әңгімелеу.
3.Жаңа материалды түсіндіру. “Түн.Түн тынысы.”
-Сурет бойынша әңгімелеу.
-Суретке ат қой.
-Түнгі көріністі күндізгімен салыстыру.
-Жылы,ашық айлы түнді бақылау.
-Түн мезгіліндегі көңіл-күй туралы әңгімелеу.
Өлең.
Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі түнде дірілдеп.
Ауылдың сырты терең сай,
Тасыған өзен гүрілдеп.
\ Абай\
-Осы өлең арқылы түнгі сәуле туралы түсінгендерін әңгімелету.
-Өз жеріңде түнгі табиғат көрінісінен байқағандарыңды айт.
4.Сергіту сәті.
5.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
1.Оқушыларға оқыту.іштей,дауыстап-тізбектей.
2.Сұрақтарға жауап алу.
3. Теріп оқыту.
6.Дәптермен жұмыс:
1.Түнгі көрініс суретін салу.
2.Ай мен жұлдыздар суретін салу,олар жайлы әңгімелеу.
Қорытындылау.
7.Үйге тапсырма беру кезеңі:
1.Оқу,мазмұндау.
8.Бағалау

Сабақ жоспары "Түн. Түн тынысы" (дүниетану) (11.97 KB)

