Меню
Разработки
Разработки  /  Начальные классы  /  Уроки  /  4 класс  /  Сабақ жоспары: Ет тағамдары

Сабақ жоспары: Ет тағамдары

поурочный план по казахскому языку для 4 класса русской школы

12.01.2017

Содержимое разработки

Сабақтың тақырыбы: Ет тағамдары 
Сабақтың мақсаты: 
1. Білімділік: Еттен жасалатын тағам түрлерін таныстыра отырып, әзірлеу әдістеріне тоқталу. Оқушылардың алған білімдерін тапсырмалар орындау арқылы толықтыру, фонетиканы қайталау. 
2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау, түсіну, тыңдай білу және оймен бөлісу қабілеттерін дамыта отырып, саутты жазу, сөйлеу дағдыларын  қалыптастыру
3. Тәрбиелік: Қазақтың ұлттық тағамдарын, дәстүрлерін білуге, құрметтеуге тәрбиелеу, мәдениеттілікке баулу. 
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ. 
Сабақтың типі: аралас сабақ 
Сабақтың көрнекілігі: 
1. Интерактивтік презентация. 
2. «Шашу» кәмпиті. 
3. Бағалау парағы. 
Ұжымдастыру формасы: Топтық жұмыс. жеке жұмыс. 
Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру

А. Сәлемдесу

Сәлем саған күн нұры,

Сәлем саған жер-ана.

Сәлем саған достарым,

Сәлеметсіз бе, мұғалім!

Ә. Оқушыларды түгендеу, сабаққа даярлау

II. Үй тапсырмасын тексеру

Біздің әр өткен сабағымыз қуаныш. Ал қуанышта халқымыз не істеген?...Шашу шашқан. 
-Шашу дегеніміз не?....Ол тілек, береке. Біз де береке тілеп, шашу шашайық. (Шашу шашылады). 
Кәмпитті жай ғана жемей, менің сұрақтарыма жауап беріңдер. 
- Көже дегеніміз не ?

- Көженің қандай түрлерін білесіңдер?
- Наурыз көже қай мерекеге арналып дайындалады? 
- Жаз мезгілінде дайындалатын көже қалай аталады? 

- Көже сұйық тағам ба әлде қою тағам ба? 

Сиқырлы қоржын (топқа бөлу)

Құрт, ши бауырсақ, кәмпит

III. Білімдерін жан-жақты тексеру

Кесте толтыру

Қазақ халқының тағамы

Орыс халқының тағамы

Өзбек халқының тағамы

Бесбармақ

Қуырдақ

Қазы

Қарта

Жал

Жая

Борщ

Құймақ

Ботқа

Кәтлет

Тұшпара


Палау

Мәнті

Самса

Пәтір-нан

Нарын


IV. Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру. 

Слайдпен ет тағамдары көрсетіледі. Балалар оларды атап, сабақтың тақырыбын айтады.

Дәптерді ашып, бүгінгі күнді жазып қойыңдар.
V. Жаңа сабақ

А. Сұрақ-жауап

- Сендерге қандай тағамдар ұнайды?

- Ол тағамдар неден жасалады?

- Етті қалай әзірлеуге болады?

Ә. Сызбаны толтыру

Ет тағамдары


пісірілген ет құырылған ет

бұқтырылған ет

Б. Слайдтағы ет тағамдарын әзірлеу әдісіне қарай орналастыру (бесбармақ, қуырдақ, кәтлет, сірне, кәуап)

В. Сөздік жұмыс

пісірілген ет – вареное мясо

құырылған ет – жареное мясо

бұқтырылған ет – мясо, приготовленное на пару

ет тағамдары – мясные блюда

сүйікті – любимый

ең – самый

дәмді - вкусный

Г. Жазба жұмысы. Жаңа сөздермен сөйлем құрастыру.

Менің ең сүйікті тағамым – бесбармақ.

Ғ. Мәтінмен жұмыс.Бесбармақ тағамының шығу тарихы.

Бесбармақ – қазақ халқының атам заманнан келе жатқан ұлттық тағамы. Бесбармақты дайындау және оны ішіп-жеу кезінде ыдыстың үш түрі ғана қолданылады: қазанға пісіреді, табаққа салып жейді, сорпасын кесемен ішеді. Тіпті пышақ та аса қажет емес, етті қолмен жұлмалап жей берсе әбден болады. Тағамның «Бесбармақ» аталуы да сондықтан.

Сергіту жаттығуы

Д. Қандай малдың етін тағамдарға пайдаланамыз?

Слайдта төрт түлік малдардың суреті (түйе, жылқы, сиыр, ешкі, қой)

Құстардың суреті (тауық, үйрек, қаз)

VI. Оқу материалдарын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру

Тест

1Қазақтың ұлттық тағамын ата

А) бесбармақ Ә) кәуап Б) палау

2.Қуырылған ет тағамын көрсет

А) тұшпара Ә) куырдақ Б) мәнті

Бекіту

3.Пісірілген ет тағамын тап

А) кәтлет Ә) сірне Б) бесбармақ

Бекіту

4.Бұқтырылған ет тағамын көрсет

А) самса Ә) кәтлет Б) нарын

Бекіту

5. Бесбармақты ертеде немен жеген

А) қасықпен Ә) бес бармақпен Б) шанышқымен

Бекіту


VII. Бекіту


Бекіту бағалау парағы арқылы жүзеге асырылады

  1. Сызбаны толтыр

Ет тағамдары



_______________ _______________

____________________


  1. Суретті сәйкестендір, малдын атауларын жазындар

Төрт түлік мал

Құстар













  1. Фонетикалық талдау

Сұраққа жауап беріп, сол сөзге фонетикалық талдау жаса

Қазақ халқының атам заманнан келе жатқан ұлттық тағамы қалай аталады? ___________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________


4. Мақал-мәтелді аяқта: 
Ат-адамның қанаты,

.....................................................................
Нан бар жерде, .........................................

Таспен атқанды, ..................................

VIII. Үй тапсырмасы. Үйден ас туралы 5 мақал жаттап келу.  Тағам сөзіне фонетикалық талдау.

Бағалау

Оқушылар бекіту парақтарын бір-бірімен алмастыру арқылы бағалайды.
Рефлексия.

Балалар бүгінгі сабақтан сендер қандай әсер алдыңдар?

Нені білдіңдер?

Нені білгілерің келеді? жазып, смайлик арқылы жапсырамыз.
























Оқу ісінің меңгерушісі______________________________тексерілді

-80%
Курсы повышения квалификации

Профилактика нарушения зрения у детей и подростков

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Сабақ жоспары: Ет тағамдары (8.4 MB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт