Алматы облысы Көксу ауданы Балпық би ауылы Нұрмолда Алдабергенов атындағы орта мектептің бастауыш
сынып мұғалімі Жамауова Р.Ж
Сыныбы:4
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөз
Сабақтың мақсаты:
1.Біріккен сөз туралы түсінік беру. Біріккен сөздердің екі түбірдің бірігуі арқылы жасалып, тұтас бір ұғымды беріп, бір сұраққа жауап беретінін ұғындыру. Сөйлем ішінен біріккен сөзді таба алуға, әр түрлі түбірлерден біріккен сөздер жасай алуға үйрету. Тапсырманы орындау арқылы оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға баулып, өз беттерімен жұмыс істеуге, алған білімдерін кеңейту;
2.Оқушылардың ауызша және жазбаша тілдерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту, іскерлік дағдыларын қалыптастыру.
3. Ұжым болып жұмыс жасата отырып ұқыптылыққа, достыққа, бірлікке, әрі көркем жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, оқу жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау.
I. «Қызығушылығын ояту»
II. «Мағынаны түсіну»
III. «Ой толғаныс»
Сабақтың көрнекілігі: оқулық. стикер,ойындар,мақал-мәтелдер.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық
Оқушыларды үш топқа бөлу
.Мақал-мәтел құрастыру
I-топ Отаным
II-топ Елім
III-топ Жерім
II. Үй тапсырмасын сұрау?
- 30-жаттығу
Әр топтан бір оқушыдан сұрау.Ережені қайталау.
Үй тапсырмасын қорыту
III. Жаңа сабақ:
I. «Қызығушылығын ояту»
Ойын: «Фигураны тап»
I-топ Үшбұрыш
II-топ Төртбұрыш
III-топ Көпбұрыш
- Екі сөзден тұратын фигураның атын жазу
- Балалар, осы сөздердің ішінен күрделі сөздерді табайық.
- Төртбұрыш, үшбұрыш, көпбұрыш
- Бұлар қалай жасалған?
- Екі түбір сөздің бірігіп айтылуынан жасалған.
- Олай болса жаңа сабағымыз қалай аталады екен?
-«Біріккен сөз»
IV.Топпен жұмыс.
-Әр топқа гүл шоқтарын үлестіру.Сол гүлдерден біріккен сөздер құрастыру.
- Берілген сөздерді сөз құрамына талда.
Үш топтың оқушылары тақтаға шығып қорғайды.
-Ережені оқу, талдау.
II. «Мағынаны түсіну»
V.Тақтамен жұмыс.
33-жаттығу
VI.Сергіту сәті.
VII. Жаттығу жұмысы.
34– жаттығу
- Өлеңді жатқа көшіріп жаз.
- Біріккен сөздерді тауып астын сыз.
Ойын «Сыңарын тап»
35-жаттығу Өзіндік жұмыс.
Әр топқа бір сөзден беріп,сөйлем құрату.Дәлелдеу.
VIII. «Берілген сөздерден біріккен сөздер құрап жаз. Тақтамен жұмыс
Құстар:
Балықтар:
Өсімдіктер:
Жер-су аттары:
IX. Қорытынды бөлім:
Блум таксономиясы ,сұрақ-жауап.
Рефлекция: Алған әсерлерін стикерға жазу.
X.Үйге тапсырма: 37-жаттығу
XI. Бағалау

Сабақ жоспары. Біріккен сөз (14.88 KB)

