Сабақтың тақырыбы:
1931-1933 жылдарындағы аштық
Сабақтың мақсаты:
1. 1931-1933 жылдардағы ашаршылық туралы, ХХ ғ. 30-ж. Қазақстандағы қасірет, Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастырудың демографиялық салдарын, Қазақтардың республикадан тыс аймақтарға жаппай қоныс аударуы туралы оқушылардың білім деңгейін зерттеу, қосымша ақпараттар бойынша жан-жақты білім қорын молайту.
2. Тарихи шығармаларды, баспасөз ақпарат құралдарын, деректі фильмдерді пайдалана отырып, халқымыздың тарихындағы ең ауыр трагедиялардың бірі екеніне ерекше көңіл бөліп, ақпараттарды игеру барысында оқушының қосымша құжаттармен жұмыс істей білу дағдысын дамыта өздігінен ізденіп, білімдерін толықтыра білуге мүмкіншілік туғызу.
3.Ұжымдасып өзара көмек көрсете білуге баулу, өзара сыйластыққа үйрету. Халқын ойлаған зиялылардың іс-әрекетінің негізінде ұлттық патриоттық тәрбиеге баулу.
Үй тапсырмасын сүрауға арналған сұрақтар
1. «Ауылды кеңестендіру» ұранымен Қазақстанда « жаңа революция» жүргізудің негізін қалаған кім? 2. Голощекиннің бұл идеясына наразылық білдірген қазақ қоғам қайраткері? 3. «Ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды тәркілеу және жер аудару туралы» декрет қай жылы шықты? 4. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағыты қашан және қай съезде жарияланды? 5. Ф. И. Голощекиннің шын ата кім және мамандығы? (Шая Ицкович) 6. Орталық Комитет Қазақ АКСР – інде ұжымдастыруды қашан аяқтауды көздеді? 7. 1928 жылы Қазақстандағы барлық қожалықтардың қанша пайызы ұжымдастырылды? 8. Қай жылдан бастап республикада ұжымшар құрылысы жедел жүргізілді? 9. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыруды республикадағы толқулар мен көтерілістердің саны? 10. Ұжымдастыру жылдарында Қазақстандағы қарулы қарсылықтар қай жылдары болды?
Жаңа сабақ жоспары:
1. Асыра сілтеушілік зардаптары. Ұлы нәубет ашаршылықтың етек алуы
2. Қазақстандағы етек алған 1931-1933 жылдардағы ашаршылық
«Өлігін құрметтесе, бабасын кастерлесе,
Халықтың қасиеті бұрыңғы қалпына түседі»
Конфуций
Оқулықпен жұмыс
Кестені толтыру
Аштық жылдары
1921-1922жж
Болу себептері
1931-1933жж
Аштыққа ұшыраған аймақтар
Ашығулар саны
Іс-шаралар
Зардаптары
Тұлғаны таны 1. 1933 жылдың наурызында И. В. Сталиннің өзіне, М. М. Кагановичке, В. М. Молотовқа хат жолдаған қоғам қайраткері?
2. «Кіші Қазан» төңкерісін өткізу идеясын насихаттаушы? 3. «Бесеудің хатын» жолдаған бесеу кімдер?
Сәйкестендіру кестесі
1928 -1932 жж
Қазақстан ОАК және ХКК «Ірі байлардың және жартылай феодалдардың шаруашылығын тартып алу, жер аудару туралы» Декретке қол қойылды.
1930 ж
Бірінші бесжылдық жоспары
27 тамыз 1928 ж
Жаппай саяси құғын-сүргін . 27 мыңнан астам адам атылды, 101 мың қазақстандық абақтыға жабылды, лагерлерде азап шекті.
1932 ж
Қазақстаннан 1 млн 700 мың адам босты, шетке кетті
1931-1932 жж
«Бесеудің хаты» Ғ. Мүсірепов, М. Ғатаулин, М. Дәулеткалиев, Е. Алтынбеков, Қ. Қуанышев
Домино
зор болғаны
қазақ халқының
«ұлы жұт»,
Зұлмат
жылдары
ауқымының
ретінде енді.
аштық тарихқа
аса зор
1931-1933 жж
сонша,
қасіретті
Жауабы:
Зұлмат ауқымының зор болғаны сонша, 1931-1933 жж аштық тарихқа «ұлы жұт», қазақ халқының аса зор қасіретті жылдары ретінде енді.
Үйге тапсырма:
- § 17 - 18. 1931-1933 жылдардағы ашаршылық тақырыбын оқып келу.
- «Ашаршылық қазақ елінің қасіреті» тақырыбы бойынша ой толғау жазып келу.


Сабақтың тақырыбы "Ашаршылық" (55 KB)

