Меню
Разработки
Разработки  /  Начальные классы  /  Уроки  /  4 класс  /  Сабақтың атауы: "Біріккен сөздер"

Сабақтың атауы: "Біріккен сөздер"

1.Біріккен сөз туралы түсінік бере отырып, кейбір сөздердің бірнеше түбірлерден құралып, бірігіп жазылатынын мысалдар арқылы түсіндіру. 2. Күрделі сөздер туралы ұғымдарын кеңейту. Ауызша, жазбаша тілдерін дамыту, сөздік қорын, байланыстырып

сөйлеу қабілетін арттыру.3. Оқушыларды тілдік - эстетикалық сезімге ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.

08.01.2019

Содержимое разработки

Қазақ тілі

Уақыты: 11.12.18

Кабинет: 216

Сабақтың атауы

Біріккен сөздер

Сабақтың жабдығы

1.Біріккен сөз туралы түсінік бере отырып, кейбір сөздердің бірнеше түбірлерден құралып, бірігіп жазылатынын мысалдар арқылы түсіндіру. 2. Күрделі сөздер туралы ұғымдарын кеңейту. Ауызша, жазбаша тілдерін дамыту, сөздік қорын, байланыстырып

сөйлеу қабілетін арттыру.3. Оқушыларды тілдік - эстетикалық сезімге ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа білім.

Сабақтың әдісі: түсіндіру; сұрақ-жауап; шығармашылық т.б Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, кестелер, т.б.

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Тапсырмалардың ретіне қарай әр қатардағы оқушыларды топтау.

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасы

Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл-күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.

Үй тапсырмасын сұрау


5-жаттығу.

Күрделі сөз: ...

Сөз тіркесі: ... топтап, бөліп жазу. Айырмашылығын дәлелдеу.

Мағынаны тану


КҮРДЕЛІ СӨЗ









1.-Сөздерді оқы. Сұрақ қой. Мағынасын анықта, қалай жасалып тұр?

Жетіқарақшы, ақсақал, күнбағыс, теміржол, жолбарыс.

-Сөз тіркесінен айырмашылығы неде?

2.Оқулықпен жұмыс:

8-жаттығу: -Берілген сөздерді оқы.

-Сөздерді сөз құрамына талда. Неше түбірден құралған? Сұрақ қой

9-жаттығу: -Сөздерді оқып, көшіріп жаз.

-әр сөз неше түбірден құралған?

3.Ереже шығару (топпен)

-Осы тапсырмадағы сөздерге қарап, біріккен сөз деген не екенін қалай түсінгенін пайдалана ереже құрастыру:

Екі не одан да көп түбірден жасалып, бір сұраққа жауап беретін сөздерді «біріккен сөз» деп атайды. Біріккен сөзді құрайтын түбірлер бірігіп жазылады. Өйткені екі түбірден құралғанымен бір ғана мағынаны береді.

4.Топтық жұмыс: «Саяхат» тәсілі

-Біріккен сөздердің кездесетін түрлерін топпен жазу.

1-топ: Жануарлар әлемі

2-топ: Туған өлкем

3-топ: Мен және менің туған-туыс, достарым

Сергіту сәті

«Аңдатпа» : әр бала кездескен біріккен сөздерді теріп жазу керек.

Кім жылдам? (6 сөз)

Топтық жұмыс

5. «Суреттер сөйлейді» әдісі :

-Сурет бойынша біріккен сөзді табы. Мұғалім бірінші бөлігінің суретін көрсетеді, екінші бөлігіне сәйкес суретті белгілеу.

Мысалы: Мұғалім: айна (сурет) Оқушы: көл (сурет)

6. «Жұмбақ шешейік»

1.Бірінші түбір сөз – түс,

Екінші түбір сөз – құс.
Екеуін қосып оқысаң, 
Ол да болады құс. (қара+торғай)

....

7.Жұптық жұмыс: Аталған біріккен сөздерден 2-3 сөйлемдер құрастыру.

Қорытынды:

Сәйкестендіру тесті:

Екі бағанмен берілген сөздерді сәйкестендіру


ас

бақан

суық

қазан

Ай

барыс

жол

қу

алты

торғай

ақ

қарақшы

жеті

қабақ

бір

сүйек

ақ

жан


Үй тапсырмасы

13-жаттығуды орындау,

ереже жаттау, семантикалық карта толтыру

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

 Бағалау парақшаларын толтыру.



-80%
Курсы повышения квалификации

Профилактика нарушения зрения у детей и подростков

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Сабақтың атауы: "Біріккен сөздер" (37.08 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт