Меню
Разработки
Разработки  /  Музыка  /  Уроки  /  6 класс  /  Сабақ тақырыбы:Сары даланы әуенмен тербеткен

Сабақ тақырыбы:Сары даланы әуенмен тербеткен

Саба? ма?саттары

  • С?з ?нері мен музыка ?неріні? байланысын ?арастыру;
  • О?ушыны? жан-жа?ты к?з?арасын ?алыптастырып, оларды? к?ркемдік тал?амын дамыту;
  • К?йші-композитор Т?ттімбет жайлы ??гімелеп, оны? «Сарыжайлау» к?йі ар?ылы таби?атты сипаттау;

Барлы? о?ушылар:

?з репертуарын ке?ейтуді жал?астырады.

О?ушылар ?лтты? музыканы, бейнелеу ?нерін ж?не оларды? тарихпен байланысын зерделейді.

Балаларды? ойы мен сезімін зерттеуге шабыттандыратын Т?ттімбетті? «Сарыжайлау» к?йін ты?дайды, ?арапайым импровизациялар шы?арады

О?ушыларды? к?пшілігі:

Музыкада?ы динамикалы? ре?ктерді тани білуге ?атысты музыкалы?-ыр?а?ты? да?дылары мен іскерліктерін дамытуды жал?астырады.

Кейбір о?ушылар:

К?йдегі таби?ат с?лулы?ын салады, сурет ар?ылы музыканы бейнелеуді ?йренеді

Тілдік ма?саттар

О?ушыларды пікірталас диалогтерге ?атыстыру, тілді барынша на?ты пайдалану?а ынталандыру. О?ушылар ?з ж?мыстарына т?сініктеме беріп, жа?сарту ?шін ?згерістер енгізе алады

П?нге т?н лексика мен терминология:к?й, к?йші, композитор, т?кпе ж?не шертпе к?й

Диалог пен жазу ?шін пайдалы с?здер мен тіркестер:

Домбыра тарту т?рлері ?андай?

Шертпе к?й деп.

Т?кпе к?й деп.

К?йші к?й ар?ылы. білдіреді

?аза?тарды? жерге «сары дала» немесе «сары ар?а» деген атау беру себебі.

??ндылы?тарды дарыту

Ойлау ар?ылы жасалатын іс-?рекеттегі ?иынды?ты же?уге деген талпынысын ояту, ?нерге деген ?ызы?ушылы?ын ж?не музыкалы? сауаттылы?ын арттыру.

Танымды? дамуын жетілдіру ?шін ?ызы?ушылы?ы мен білуге деген талпынысын арттыру.

  • О?ушыларды? белсенділігін арттыру;
  • Конвергенттік ойлау ?абілетін дамыту?а жа?дай жасау;
  • Коммуникативтік да?дысын жетілдіру;
  • Ма?сат?а жету, табандылы?, т?зімділік ?асиеттерін ?алыптастыру
06.01.2017

Содержимое разработки


«Музыка және поэзия»

Сабақ тақырыбы:Сары даланы әуенмен тербеткен

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Букенов С.К

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ мақсаттары

  • Сөз өнері мен музыка өнерінің байланысын қарастыру;

  • Оқушының жан-жақты көзқарасын қалыптастырып, олардың көркемдік талғамын дамыту;

  • Күйші-композитор Тәттімбет жайлы әңгімелеп, оның «Сарыжайлау» күйі арқылы табиғатты сипаттау;

Барлық оқушылар:

Өз репертуарын кеңейтуді жалғастырады.

Оқушылар ұлттық музыканы, бейнелеу өнерін және олардың тарихпен байланысын зерделейді.

Балалардың ойы мен сезімін зерттеуге шабыттандыратын Тәттімбеттің «Сарыжайлау» күйін тыңдайды, қарапайым импровизациялар шығарады

Оқушылардың көпшілігі:

Музыкадағы динамикалық реңктерді тани білуге қатысты музыкалық-ырғақтық дағдылары мен іскерліктерін дамытуды жалғастырады.

Кейбір оқушылар:

Күйдегі табиғат сұлулығын салады, сурет арқылы музыканы бейнелеуді үйренеді

Тілдік мақсаттар


Оқушыларды пікірталас диалогтерге қатыстыру, тілді барынша нақты пайдалануға ынталандыру. Оқушылар өз жұмыстарына түсініктеме беріп, жақсарту үшін өзгерістер енгізе алады


Пәнге тән лексика мен терминология:күй, күйші, композитор, төкпе және шертпе күй

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Домбыра тарту түрлері қандай?

Шертпе күй деп ...

Төкпе күй деп ...

Күйші күй арқылы ... білдіреді

Қазақтардың жерге «сары дала» немесе «сары арқа» деген атау беру себебі ...

Құндылықтарды дарыту




Ойлау арқылы жасалатын іс-әрекеттегі қиындықты жеңуге деген талпынысын ояту, өнерге деген қызығушылығын және музыкалық сауаттылығын арттыру.

Танымдық дамуын жетілдіру үшін қызығушылығы мен білуге деген талпынысын арттыру.

  • Оқушылардың белсенділігін арттыру;

  • Конвергенттік ойлау қабілетін дамытуға жағдай жасау;

  • Коммуникативтік дағдысын жетілдіру;

  • Мақсатқа жету, табандылық, төзімділік қасиеттерін қалыптастыру

Пәнаралық байланыстар

Әдебиет, тарих, бейнелеу

АКТ қолдану дағдылары

Power Point презентациясын пайдалану

Бастапқы білім


Қазақтың атақты күйшілерін және олардың күйлерін біледі, күй құдыретін, ондағы сезімді түсінеді

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

1 сабақ

Сабақтың басы

Мотивациялық кезең

























Оқушылардың назарын тақтадағы суретке аудартыңыз.



Бұл суретте не бейнеленген? (күз)

Сары түс нені білдіреді? (алтын, күз, бидай дән)

Сары түске байланысты қандай композиторлардың шығармаларын яғни, әндер, күйлер білесіңдер? (Құрманғазы «Сарыарқа», халық әні «Сарыбидай», Тәттімбет «Сарыжайлау», Вивальди «Күз»

Неге Қазақстанның Солтүстік аймақтарын сарыарқа деп атайды? (Бұл жердерде бидай, астық егіледі)

Оқушылармен осы сұрақтарға жауап бере отырып, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы сары түспен байланысты «Сары даланы әуенмен тербеткен» деп аталатынын айтамыз.


Оқулық, таратпа материалдар.

Зертханалық жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: мензурка

Сабақтың ортасы

Іс-әрекет кезеңі

Оқушылардың зейін аудару үшін топтастыру әдісі қоланылады. Оқушыларды зоодиак шоқжұлдыздарына байланысы төрт топқа бөлемін: Жер, Су, Ауа, От

Топ ережелерін еске түсіреміз. (Тақтаға топ ережесін іліп қою)

1.Өз ойын еркін, толық жеткізу,

2. Өзгенің пікірін тыңдау

3. Сабаққа белсенді қатысу

4.. Тәртіп бұзбау

5.Уақытты тиімді пайдалану

6.Сөзді бөлмеу.

7. Бір-бірін құрметтеу



3. Музыка тыңдау:

Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрінің орындауында Тәттімбеттің күйі «Сарыжайлау» күйін тыңдаймыз.



1 топ. Жер: Тарихшылар тобы. Бұл топ Тәттімбет жайлы әңгімелейді.

2 топ. Су: Мәдениеттанушылар тобы. Бұл топ Тәттімбеттің күйлерін және олардың шығу тарихын әңгімелейді.

3 топ. Ауа: Ақындар тобы. Бұл топ Тәттімбеттің «Сарыжайлау» күйіндегі сезімді өлең жолдары арқылы көрсетеді.

4 топ. От: Суретшілер тобы. Бұл топ «Сарыжайлау» күйінен алған сезімдерін сурет арқылы көрсетеді.

1 және 2 топ өз жұмыстарын постерлер (кластерлер) арқылы көрсетеді. Ал 3 және 4 топ шығармашылықпен айналысады.



Топ жұмысын бағалау. Топтар өздеріне ұнаған топтардың жұмысын, таныстырылымын сары жұлдызшалармен бағалайды. Оларға жұлдызша сыйлайды.







Музыкалық сауат. Дәптерге жазып аламыз.

Күй - қазақтың аспаптық музыкасы

Күйші - күйді орындаушы .

Төкпе күй- оң қолдың толық сілтеуімен орындалатын жігерлі күйлер.

Шертпе күй- оң саусақтың ұшымен шертіліп ойналатын күйлер.



Ән орындау:Халық әні«Сарыбидай» үйрену.

Оқушылар сары түс тағы ненің белгісі?

Қандай дәнді сары алтынға теңейді? (бидай)

Ендеше қазір біз «Сарыбидай» әнін үйренеміз. (Немесе Н.Тілендиевтің «Сарыжайлау» әнін алуына болады)Алдымен әнді аудио не бейне таспадан тыңдап алайық. (немесе өзіңіз орындап беріңіз).

Ән не жайында?

Әннің екпіні қандай?

Қандай ырғақпен, динамикамен орындалды?

Әннің сөзін таратып беріңіз.

(Тақырыптан ауытқымау үшін сіз сабағыңызды сары түспен байланыстырыңыз.)

Әннің сөзін қайталап оқып, жеке, жұппен, топпен қайталап үйренеді.

Бiздiң ауыл текшенiң етегiнде,

Ерте шықсам ауылыңа жетемiн бе?

Ақ тамақтан емiнте бiр иiскетсең,

Айналақтап ауылыңнан кетемiн бе?



Есiктiң алды тал-қайың,

Басыңда тұрмас жаз дәйiм.

Қалқатай еске түскенде,

«Сары бидай» әнiн,

Сағынып сонда салғаным.


Сабақтың соңы

Рефлексиялық кезең

Кері байланыс.

Тақтаға шертпе және төкпе деген екі конверт ілінеді.

Топтарға: күйлердің, композиторлардың аттыры, суреттері бар карточкалар таратылып беріледі. Олар мұғалімнің нұсқауымен кезектесіп конвертке сәйкес сөздер мен суреттерді салады. Мысалы:



Шертпе Төкпе

Құрманғазы, Дина, Адай, Балбыраун, Сарыарқа, Қара жорға,Бұлбұл т.б

Сарыжайлау, көңіл толқыны. Тәттімбет, Сүгір, Төлеген,Секен Сарыжайлау, Салтанат т.б















Мұғалім топтарды «Сыры жұлдызшы» арқылы бағалайды

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- келешекте бұл білімдер қандай пайдаға асады?

- бүгінгі сабақ бойынша қандай қорытынды жасауға болады?

Бағалау. Өзіндік бағалау. «Ағаштағы өз орныңды тап»

Үй жұмысы.Жұмекен Нәжімеденов жайлы қосымша мәлімет.


Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыстар

Денсаулық және қауіпсіздік

АКТ-мен байланыстар


Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Оқушылардың саақтағы іс әрекетін мұғалімнің бағалауы. Бақылау, тыңдау, ойлануды қажет ететін тапсырмаларға оқушылардың жауап беруі.

«Ағаштағы өз орныңды тап» әдісі арқылы оқушылардың өзіндік бағалауы іске асырылады

Бұл сабақ әдебиет, тарих және бейнелеу өнері пәндерімен тығыз байланысты

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.


Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға



Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?










-80%
Курсы повышения квалификации

Интерактивные методы в практике школьного образования

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Сабақ тақырыбы:Сары даланы әуенмен тербеткен (498.14 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт