Татулық ел бірлігі
Үйірме жұмысы
Күні: 05.09.2017ж
Тобы: I кіші «Ботақан»
Тәрбиеші: Сейтбекова Клара
Тақырыбы: «Сәлемдесу сөз басы»
Мақсаты: Балаларға әдептілік белгісі сәлемдесуден басталатынын түсіндіру, сәлемде де сұлу сыр бар екенін білдіру. Ойлау қабілетін, сыйластық қасиетін, үлкенге-құрмет, ізеттілігін дамыту. Адамгершілікке, әдептілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Барысы:
-Балалар сендер балабақшага келгенде апайлармен амандасасыңдар ма?
-Иә.
-Апайлармен қалай амандасасыңдар?
-Саламатсызба апай.
-Сәлеметсіндер ме балалар.
Жарайсыңдар балалар.
-Ал үлкендер бір-бірімен қалай амандасады?
-Ассалаумагалейкум.
-Уа Аллейкум ассаләм.
Дүрыс айтасыңдар балалар. Бүл сөздердің барлыгын бір сөзбен сәлемдесу деп айтамыз.
Сәлемдесу -адамдардың бір-біріне құрмет білдіруі, достық пейіл танытуы. Әр адам күнделікті тірлігін бір- бірінің амандығын сұрасудан, бір-бірімен сәлемдесуден бастайды.
Амандасудың өз әдебі бар. Амандасатын адамыңның көзіне қарау керек. Күлімсіреп, ақ жарқын, жылы шырай танытқан жон. Шынайы, сыпайы, достық пейілмен амандасқан дұрыс. Сәлемдесу кезінде аздап иіледі. Жас адам үлкен, қүрметті адамдарга амандасқанда қаттырақ иіледі. Иіліп сәлемдескенде дене тік қалпында қалып, қол екі жаққа түсіріліп, өкшелер бір-біріне тиіп түруга тиіс. Сәл иілу дегеніміз басты аздап еңкейтіп тағзым ету. Қатты иілу де басты еңкейтуден басталады да, сонан соң кеудені июге көшеді. Әдетте баяу, байсалды және сабырлы иілу керек. Сәлемдескенде созді анық, айқын айту керек. Сыпайы, достық пейілмен, жылы шырайлы сәлемдесуге нақ солай жауап қайырады. Сәлемдескенде ешқашан дауыс көтермеу, сабырсызданбау керек. Ал қыр көрсете, мен менси, даусын өзгертіп, бет-аузын құбылтып амандасу — әдепсіз адамның қылығы болып саналады.
Мақал-мәтел:
Сәлем- сөздің анасы.
Әдебі жақсының-сәлемі жақсы.
Алыстан сәлем береді, әдепті елдің баласы.
Әдептілік белгісі-иіліп сәлем бергені.
-Балалар мына мақалда не туралы айтылган?
-Сәлем сөзі туралы айтылган. Дұрыс айтасыңдар балалар үлкендерді көргенде алдынан кесіп өтпей, алдымен сәлемдесіп жол беруіміз керек.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Сәлемдесу -адамдардың бір-біріне құрмет білдіруі екенін.
Игереді: Сәлемдескенде ешқашан дауыс көтермеу керектігін.
Меңгереді: Балалар әдептілік белгісі сәлемдесуден басталатынын түсінді.


«Сәлемдесу сөз басы» (34 KB)

