«Аққайың» ясли бақшасы.
Ризамын шын жүректен.
«Жауқазын »ортаңғы топ.
Тәрбиеші: Жумагалиева А.А
Жүргізуші:Қайырлы күн,құрметті қонақтар және ұстаздар! «Бір шаңырақ астында» атты Ризашылық күніне арналған мерекелік ашық шарамызға қош келдіңіздер!
Алғыс айту күні — ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенім мен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні.
Бұл — тағдыр тәлкегімен Қазақстан аумағына еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері, қонақжай қазақ халқына тағзым ететін күн! Қазақ халқы қиын-қыстау заманда өздерінің шекесі шылқып отырмаса да, келген ұлттардың бәрін бауырына басты, барын алдына тосты. Сондықтан бұл күн — түрлі ұлт өкілдеріне қорған болған Ұлы Дала еліне деген алғыс күні болуға тиіс!
Олай болса қошеметпен ортаңғы топ бүлдіршіндерін қарсы алайық.
Музыка әуенімен балалар кіреді, отырады.
Биыл 14 қаңтар күні Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні —
1 наурызды Алғыс айту күні деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойды. Яғни, биыл көктемнің алғашқы күнінде ел халқы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтеді.
-Балалар сендер алғыс айту дегенді қалай түсінесіңдер?
-Бір біріне ыстық ықыластарын білдіру
-ризашылықтарын білдіру
-рахмет айту
-жылы лебіздерін білдіру
Дұрыс айтасыңдар балалар осындай жылы лебіздерін қалай білдіруге болады?
Экранға назар аударайық
4. Бүгінгі қүн — нұрлы күн
Жарық шашқан әлемге
Ескеретін күн бүгін
Ризашылық ғой әр елде … Айсәуле-Ұлан
Ән «Балабақша» ( өзге ұлттар шығып кетеді.)
Өткен жылдың сәуір айында Қазақстан халқы Ассамблеясының
«Мәңгілік Ел: бір ел — бір тағдыр» тақырыбымен басталған ХХІІ сессиясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өте жақсы бастама көтерді. «Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнінде — 1 наурызда — барлық ұлттың бір-біріне және осы адамдарды қабылдаған, аяушылық білдірген қазақтарға алғыс айту күні деп белгіленсе әділетті болар еді» — деді Қазақстан Президенті.
Біздің бүгінгі кешімізге өзге ұлттар халықтары алғыс ризашылығын білдіруге келіпті. Қошыметпен қарсы алайық.
Би «Папури»
«Сіз», «біз» деген жылы сөз –
Жылытады жүректі.
Жақсылық билеп жанды тез,
Оятады игі тілекті. Кәусәр -Жауқазын
2. Біреуге біреу жақсылық,
Тілесе әркез жаны ашып,
Осы бір шырын – тәттілік,
Тұрмай ма жанға жарасып Інкәр-Жауқазын
3. Баршаға керек жақсылық!
Қызғанбай бөліп алыңыз!
«Сіз», «біз» деген жылы сөз-
Жақсылықтың мейірі.
Бір-біріне болып кез,
Кең болсын адам пейілі. Балауса-Жауқазын
1.Достықты үлгі санаған,
Бір үйде біз тұрамыз.
Қалғаната-бабадан,
Бірлікасылмұрамыз. Айдана- Балдәурен
Сары, ақпыз, қарамыз,
Бәріміз де баламыз.
Бір Отанда тұрамыз,
Бір бақшаға барамыз Бекнұр-Жауқазын
Бірлік достық айырылмас әніміз
Бірге жүріп,бірге оны шырқаймыз
Өзбек,орыс,түрік бол
Дос болудан қашпаймыз Ұлданай- Ұлан
Қазақ жері достықтың гүлстаны
Дархан өлкем мерейлі ырыс бағы
Күрестердееңбекте, мерекеде
Мұнда сан ұлтқолдасып ту ұстады. Әли. Р-Ұлан
Ән «Достық»
Алғыс айту күні — Елбасы басшылығымен қиындықтарды бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін күн.Тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көпэтносты халқының ортақ тарихын құрметтеу күні.
Тақпақтар
Ақ сүт беріп аялап
Өсірген бізді анамыз
Аналарға бас иіп
Мың алғыс біздер айтамыз Аяулым- Балбөбек
Ақ найзаның ұшымен
Ақ білектің күшімен
Қорғаған бабам даламды
Мирас етіп қалдырған
Осынау байтақ даламды
Бабаларға бас иіп
Мың алғыс біздер айтамыз Әли.М-Ұлан
Жалындап жанып көздері
Болашаққа ұмтылған
Зор үміт біздер күтетін
Алғысым бар жастарғаМерейлім-Балдәурен
Бір шаңырақ астында
Бейбіт өмір күн кешкен
Тату тәтті тұратын
Алғысым шексіз халқыма Заңғар-Балдәурен
Пана болған бар ұлтқа
Отаным неткен кең едің
Осындай өмір кештірген
Рахмет саған Отаным Амира Балдәурен
Алғыс айту күні – Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы — еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні. Бұл атаулы күн еліміздегі ең жарқын мерекелердің бірі болады деген сенімдемін.
Ән «Әрқашан күн сөнбесін!»
Композиция «Шын жүректен»

Ризамын шын жүректен (21.9 KB)

