Сабақ өткізілетін күні
« » 2016 жыл
І курс № 6-16 топ
«Бекітемін»
Директордың оқу - өндірістік
жұмыстары жөніндегі орынбасары
А. Романкулов
Өндірістік сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Резисторлар (жіктелуі, түрлері, маркировкасы). Припоилар (баяу балқыйтындар, тез балқыйтындар).
Сабақтың білімділік мақсаты: Студенттерге резисторлар мен припоилардың түрлерін айтып түсіндіру.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Резисторлар мен припоилармен жұмыс істегенде ұқыпты етіп орындауға, техникалық қауіпсіздік ережесін сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Резистордың жіктелуін, түрлерін, маркировкасын білуге бейімдеу, теориялық алған білімдерін практика жүзінде дамыту.
Сабақтың материалдық-техникалық жабдықталуы: пайка және припоилар, флюстер. Техникалық карта, плакаттар, макеттер.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1.Білім алушылардың сабаққа қатысуы мен дайындығын тексеру
2.Білім алушылардың арнаулы киімдерін тексеру
ІІ. Кіріспе нұсқау:
1. Білім алушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау және түсіндіру
2. Өткен сабақ бойынша білім алушылардың білімін тексеру:
Жалғағыш жабдықтар? (бұл кәбілдердің жалғануын, тарату және бекітуін, бау сымдарды немесе мойнақтарды қосуды қамтамасыз ететін пассивті жабдық немесе құрылғы).
Таратқыш құрылғылар? (бұл кәбілдерді орнықтыру, тарату, бекіту және кәбілдік желілерді коммутациялау үшін қолданылатын пассивті жалғағыш жабдық).
Сым бау түрлері ҚКЖ байланысты?( телекоммуникациялық розеткаларға қосылатын абоненттік; телекоммуникациялық бөлмелерде орнатылған активті жабдықтарға қосылатын аппараттық; телекоммуникациялық бөлмелерде орнатылған таратушы құрылғылардың арасындағы коммутацияны қамтамасыз ететін коммутациялық).
Тестердің символды белгілері және олардың мәні?
Кәбілдік жүйе ? (бұл элементтері кәбілдер және құраушылары болып келетін кәбілмен байланысқан жүйе).
Қол құралдарының қызметтері?
Білім алушыларға жаңа сабақ бойынша нұсқау беру:
Резистор - (ағыл. resіstor, лат. resіsto — қарсыласамын) - электр тізбегінің әртүрлі тармақтарындағы ток күшін, не кернеуді шектеу немесе реттеу үшін қолданылатын радиотехникалық немесе электртехникалық бұйым. Радиоэлектрондық құрылғылардағы барлық бөлшектердің жартысынан астамы (80%-ға дейін) резисторлар болады. Резистордың негізгі сипаттамаларына кедергісінің номинал мәні (0,1 Ом-нан 1 ГОм-ға дейін), кедергінің номинал мәнінен ауытқу мүмкіндігі (0,25%-дан 20%-ға дейін), максимум сейілу қуаты (Вт-тың жүздік үлесінен бірнеше МВт-қа дейін) жатады. Ток өткізгіш бөлігінің материалына қарай резисторлар металдық, шалаөткізгіштік, сымдық, таспалық, т.б.; құрылымына қарай тұрақты, айнымалы болады. Айнымалы резистор кедергісі жылжымалы тетік арқылы, не ток күші мен кернеу арасындағы бейсызықтық тәуелділікке байланысты өзгеруі мүмкін.
Резисторлар (кедергі) – ол электрондық аппаратураның аса кең таралған компоненттері, оның көмегімен тізбеліктер мен сұлба элементтерінің арасында электрлік энергияны реттеу және тарату орындалады.
Резисторлар өзінің жұмысына байланысты екі топқа бөлінеді:
1) жалпылай қызмет атқаратын;
2) арнайы қызмет атқаратын.
Айнымалы резисторлар жанама және реттеуші болып бөлінеді.

Жанама резисторлар электрлік режимді жанастыра жүргізу үшін арналған және тозуға төзімді болады, имеют небольшую износоустойчивость, реттеуші резистор – бірнеше рет жөндеулер жүргізу үшін қолданылады.
Резистордың өткізгіш элементін: оңаша тірек бетіне қондырылған пленка; сым немесе шағын сым; көлемді конструкция түрінде орындайды.
Өткізгіш элементтерді құру үшін қолданылған материалға байланысты резисторлар сымдық, сымсыз, металлофольгалы деп бөлінеді. Сымды және металлофольгалы резисторларда өткізгіш элементінің материалы ретінде манганинді және нихромды қолданады.
Конструкциялы орындалуы бойынша резисторларды қалыпты және тропикалық (барлық климаттық) жағдайларда дайындайды және оңашаланбаған, оңашаланған, герметизирленген, сонымен қоса вакуумды жағдайларда орындайды.
Практикада сызықты резистордан басқа термотәуелді (терморезисторлар) және сызықты емес (варисторлар) резисторларды қолданады.
Айнымалы резистор (переменный резистор) — қозғамалы түйіспені механикалық жылжыту арқылы кедергіні белгілі шектерде өзгертуге болатын резистор. Айнымалы резистор РЭА-схемасы элементтерінің кедергісін қалпына келтіру үшін немесе электр тізбектерінде кернеу мен токты реттеу үшін қолданылады. Қолданылуы бойынша айнымалы резистор баптау және реттегіш болып бөлінеді. Олар өзара сымды және сымсыз болып жіктеледі. Айнымалы резистор номиналды кедергісімен, номиналды қуатымен, кедергісінің температуралық коэффициентімен сипатталады.

Фоторезистор деп жартылай өткізгішті резисторды атайды, оның кедергісі оптикалық диапазон спектіріндегі электромагнитті сәуле шығаруға сезгішті атайды.
Дәнекер-металл дәнекер немесе дайындамаларды қосылу үшiн дәнекерлеудiң жанында қолданылатын балқыма және бар балқыту температурасын төменде, қарағанда жалғастырылатын металдар. Қалайы, қорғасын, кадмий, мыс, никельдiң негiзiнде балқымаларды қолданылады және тағы басқалар.
Баяу балқитын қорытпалар - темірдің балқу температурасынан (1539°С) жоғары температурада балқитын қорытпалар. Баяу балқитын қорытпалар негізі титан, тантал, ванадий, хром, цирконий, ниобий, молибден, вольфрам сияқты баяу балқитын металдар немесе олардың металл емес элементтермен қосылысынан құралады. Мысалы, кейбір баяу балқитын қорытпалардың балқу температурасы мынадай: MоSі2 - 2000°C, ZrO2 - 2700°C, TіC - 3140°C, TaC - 3900°C. Олар ыстыққа төзімді материалдар ретінде қолданылады. Титанның қорытпалары өте жоғары температураға (3140°C) ұзақ уақыт шыдайды. Мұндай қорытпалардан ғарыштық техника бөлшектері, ыстыққа төзімді лабораториялық ыдыстар, тағы басқа жасалады. Цирконий қосылыстарының маңыздысы - цирконий диоксиді. Ол ыстыққа (2700°C) және химиялық әсерге төзімді болып келеді. Сондықтан одан ыстыққа төзімді бұйымдар (мысалы, тигель, балқуы қиын шыны, зертас, эмаль) дайындалады. Қазақстанда баяу балқитын қорытпаларды зерттеумен металлургия және кен байыту институты айналысады. Онда титанның оксиді мен петрохлоридін алу мен тазалау, титан өндірісіндегі шала өнімдерден ілеспе элементтерді бөліп шығару технологиясы жасалынып, өндіріске (Өскемен титан-магний комб-нда) енгізілді. Сондай-ақ, институтта әр түрлі металлургия шикізатынан ванадий алу әдістері табылды, құрамында алюминий тотығы және ванадийі бар домналық күлдерді гидрохимиялық жолмен қайта өңдеу процесі зерттелді.
Кіріспе нұсқауды пысықтау:
Қалайы (латынша Stannum), Sn – элементтердің периодтық жүйесінің ІV-тобындағы химиялық элемент, атомдық нөмірі 50, атомдық массасы 118,69. Қалайы күміс түсті ақ, жұмсақ, иілгіш металл. Балқу t 231,91°С, қайнау t 2240°С. Табиғатта массалық сандары 112, 114 – 120, 122, 124 болатын 10 тұрақты изотопы бар. Жасанды жолмен көптеген радиоактивті изотопы алынған. Жер қыртысындағы салмақ мөлшері 8.10-3%. Қалайы қоршаған орта температурасына байланысты үш түрлі кристалдық модификацияда (түр өзгешелігінде) кездеседі:
кубтық (14°С-қа дейін) – тығыздығы 5,846 г/см3 болатын α - Sn (сұр қалайы);
тетрагональдік (173°С-қа дейін) – тығыздығы 7,295 г/см3 β - Sn (ақ қалайы);
ромбылық (231,84°С-қа дейін) – тығыздығы 6,52 – 6,56 г/см3 γ - Sn.
Қорғасын (лат. Plumbum), Pb – элементтердің периодты жүйесінің IV-тобындағы химиялық элемент, асыл металдардың бірі. Қорғасын өте ерте заманнан белгілі, одан жасалған тиын ақша, медальондар ертедегі Египет қазбаларынан көп табылған. Жер қыртысындағы мөлшері 1.6 07 %, ол жеке күйінде кездеседі.
Мыс, Cu – элементтердің периодтық жүйесінің І-тобындағы химиялық элемент, атомдық нөмірі 29, атомдық массасы 63,546. Табиғатта тұрақты екі изотопы бар: 63Cu және 65Cu. Жер қыртысындағы массасы бойынша мөлшері 4,7.10–3%. Негізгі минералдары: халькопирит, халькозин, ковеллин,малахит, азурит. Пластикалық қызыл түсті металл, кристалл торы қырлары центрленген кубтық, тығыздығы 8,94 г/см3, балқу t 1084,5°С, қайнау t 2540°С, тотығу дәрежесі +1, +2. Құрғақ ауадағы бөлме температурасында тотықпайды. Қыздырғанда ауада CuО және Cu2О-ға дейін тотығады, галогендермен, S, Se, HNO3, H2SO4-пен әрекеттеседі. Аммиак, цианидтермен, т.б. кешенді қосылыстар түзеді. Сульфид концентратын балқытып, одан түзілген мыс штейнін қара мысқа дейін тотықтырып, оны жалынмен не электролиттік әдіспен тазарту арқылы; гидрометаллургиялық әдіс – құрамында мысы бар минералдарды күкірт қышқылымен (немесе NH3 ерітіндісімен) өңдеп, одан әрі электролиздеу арқылы алады. Мыс кабельдердің, электр қондырғылары мен жылу алмастырғыштардың ток өткізгіш бөлігін жасау үшін пайдаланылады; қорытпалардың (латунь, қола,мыс-никель, т.б.) құраушысы ретінде қолданылады.
Кадмий, Cd – элементтердің периодтық жүйесінің ІІ тобындағы химиялық элемент, ат. н. 48; ат. м. 112,41; балқу t 321,1°С; қайнау t 766,5°С; тығызд. 8,65 г/см3. Кадмийді 1817 жылы неміс химигі Ф.Штромейер ашқан. Кадмий күмістей ақ, жұмсақ металл. Табиғатта тұрақты 8 изотопы бар. Негізгіминералдары: гринокит, отавит, монтепонит. Изоморфты қоспа ретінде мырыш, көбінесе сфалерит минералдарының құрамына кіреді. Құрғақ ауада Кадмий тұрақты, дымқыл ауада оның бетіне оксидтің жұқа қабыршағы түзіліп, әрі қарай тотығуын тежейді. Кадмий буы су буымен әрекеттесіп сутекбөледі. Минералдық қышқылдармен өзара әрекеттесіп тұздар түзеді. Оның тұздарының ерітінділері гидролиздің нәтижесінде әлсіз қышқылдық қасиеткөрсетеді. Балқу температурасынан жоғары температурада Кадмий галогендермен әрекеттесіп, галогенидтер түзеді. Кадмийді қорғасын-мырыш, мыс кентастарын өңдеу кезінде өндіріп алады. Кадмий металл бетін коррозиядан қорғау үшін (кадмийлеу), аккумулятор жасауда, пегмент, шала өткізгішматериалды дайындауда, ядролық энергетикада, т.б. қолданылады. Кадмийдің буы және оның қосылыстары улы.
ІІІ. Ағымдық нұсқау:
Білім алушыларды жұмыс орындарына бөлу
Тексеру мақсатында білім алушылардың жұмыс орындарын аралау
Білім алушылардың жаттығу жұмыстарын орындау үшін технологиялық нұсқау картамен жұмыс жасауларын ұйымдастыру
1-қадағалау. Білім алушылардың жұмыс орындарын ережеге сай ұйымдастырылуын тексеру
2- қадағалау. Жұмыста қолданылатын жұмыс құралдарының жұмысқа жарамдығын тексеру
3-қадағалау.Жұмыстың уақтылы басталуын білім алушылардың, іс-қимылдарының дұрыстығын, құралдарды қолдану әдіс тәсілінің дұрыстығын тексеру
4- қадағалау. Жаттығу жұмыстарын орындау барысында қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қадағалау
5- қадағалау. Жұмысты орындау кезінде білім алушылардың жіберген қателіктерін ескертіп, түзету және қосымша нұсқау беру.
6- қадағалау. Білім алушылардың орындаған жұмыстарын қабылдап алу, тексеру,
7- қадағалау. Жұмыс орындарының тазалығын, құрал-аспаптардың дұрыс жиналуын тексеру
ІV. Қорытынды нұсқау:
1.Сабақты қорытындылау ,бағалау,.
2.Тапсырманы орындау және сабаққа қатысу белсенділігін сараптай отырып білім алушылардың жақсы жұмыстарын атап өту.
3. Үйге тапсырма беру: Радиоэлектроника, жадығаттану,т.б.
Өндірістік оқыту шебері: А. Елеуов


Резисторлар. Припойлар (58.6 KB)

