Меню
Разработки
Разработки  /  Начальные классы  /  Мероприятия  /  4 класс  /  Рәміздер жайлы не білеміз?

Рәміздер жайлы не білеміз?

Р?міздер туралы толы? ма?л?мат бар.

Елімізді д?ниеж?зіне таныта білген мемлекеттік р?міздер туралы білімдерін жан-жа?ты дамытады, ?рбір б?лшегіндегі ?лтты символиканы ??ынады, олар?а мемлекеттік белгілерді? аса ма?ыздылы?ы, оны ерекше ??рметтеп, ма?тан т?ту керектігі т?сіндіріледі

24.04.2017

Содержимое разработки

Тақырыбы: «Рәміздер жайлы не білеміз?»

Тәрбие сағатының мақсаты:

Білімділігі: Елімізді дүниежүзіне таныта білген мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін жан-жақты дамыту, әрбір бөлшегіндегі ұлтты символиканы ұғындыру, оларға мемлекеттік белгілердің аса маңыздылығын, оны ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін түсіндіру;

Тәрбиелілігі: Оқушыларды ұлтжандылыққа, өз елін, жерін, атамекенін сүюге тәрбиелеу, елі үшін мақтаныш сезімін бойларына ұялату;

Дамытушылығы: Ой-өрісін, танымдық қабілетін, жеке дара тұлға ретінде дамыту. Оқушыларға тәуелсіздік жайлы жан-жақты түсінік бере отырып, олардың ой-өрісін, ақыл-ойын арттыру.

Тәрбие сағатының көрнекілігі:

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны,

Н.Ә. Назарбаевтың портреті.

2. Нақыл сөздер жазылған плакаттар, интербелсенді тақта

3. Шарлар, гүлдер, музыкамен жабдықталған.

Тәрбие сағатының барысы:

Мұғалім сөзі: Қазақстан Республикасы – біздің туып өскен жеріміз, біздің Отанымыз. Қазақтар мал өсіріп, жер игеріп, өз Отанын жаудан қорғаған, жерін болашақ ұрпағына мұра етіп қалдырған.

Бәрі болған қазақ сынды көне елде,

Ел белгі де, ерлік, өрлік, өнер де.

Жаһандағы ең жауынгер халықта,

Кім сенеді ту болмады дегенге ?!

Батырлыққа уызынан жарыған,

Ер түркіні байрағынан таныған.

Өзі ақын, өзі әнші халықта,

Кім айта алар болмаған деп Әнұран ?!

Бас білгізіп жер тарпыған тарпанға,

Жасы тұрмақ шығады екен қарты аңға.

Қалай оның елтаңбасы болмайды,

Түлігіне дейін салса ең — таңба ?! – деп ақындарымыз жырлаған екен.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.

Ақжол: Әрбір азат елдің өзіңнің тәуелсіздігін білдіретін басты белгілері болады.Солардың бірі мемлекеттік рәміздер.1992 жылы 4 маусымда егемен еліміз Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қабылданды.Олар Қазақстан Республикасының гимні, Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы,Қазақстан Республикасының туы.

И. Аяжан: ҚР-ның Ата заңының 9-бабында « Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері- Туы, Елтаңбасы және Гимні бар,»- делінген.Сондай-ақ осы заңның 34- бап, 2-тармағында « Әркім Республиканың мемлекеттік нышандарын құрметтеуге міндетті,»- делінген. Олай болса өз еліміздің мемлекеттік рәміздеріне тоқталып өтейік.

Дамир: Рәмізім-елдігімнің белгісі,

Білу керек бала дағы ең кіші.

Рәміздерім-әнұран, ту, елтаңба,

Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.


Айғаным: Мемлекеттік туымыз бірыңғай көгілдір түсті.Бұл түс төбедегі бұлтсыз ашық аспанды елестетеді.Бұлтсыз ашық аспан әрқашан да бейбітшіліктің, тыныштық пен жақсылықтың нышаны.Көк түс –Қазақстан халқының бірлік,ынтымақ жолына адалдығын білдіреді.Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейді.Күн –қозғалыс , даму,өсіп- өркендеудің ,өмірдің бейнесі.Қанатың жайған қыран құс –бар нәрсенің бастауындай,билік,айбындылық бейнесі.Күннің астындағы қалықтаған қыран елдің еркіндік сүйгіш асқақ рухын,қазақ халқының жан дүниесінің кеңдігін жария етеді.Ағаш сабына бекітілген тұстағы тік жолақ ұлттық оюлармен өрнектелген.Күн, қыран,ою -өрнек — алтын түсті. Қазақстан Республикасы мемлекеттік туының авторы- суретші Шәкен Ниязбеков.

Нұрұзақ: Қазақстан Туы

Көк аспандай көкпеңбек

Қазақстан жалауы.

Көк емес ол тектен-тек

Елдің ашық қабығы.

Ақ ниеті – алтын күн,

Асқақ арман-қыраны.

Жалауы бұл-халқымның

Айгүл
Желбірейді шалықтап
Қазақстан жалауы.
Көкке қыран қалықтап,
Қанат қағып барады.
Көк аспанда нұрлы Күн
Күлімдейді далама.
Бақыт тілеп тұр бүгін
Ол барлық пәк балаға.
Ұлттық өрнек мұрамыз
Адастырмас мұраттай.
Нық көтеріп тұрамыз
Жалауды біз құлатпай!

Үміт: Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков — ҚР Мемлекеттік Туының авторы, Қазақстанға еңбегі сіңген өнер қайраткері, Қазақстан дизайн өнерінің негізін қалаушылардың бірі.1938 жылы 12-қарашада Тараз қаласында дүниеге келген. Ленинград жоғарғы көркем өнер училищесін бітірген. Алматы қаласының бас суретшісі.


Үміт: Елтаңба негізі –Шаңырақ . Ол елтаңбаның жүрегі.Шаңырақ мемлекеттің түп негізі — отбасының бейнесі.Шаңырақ- күн шеңбері .Айналған күн шеңберінің қозғалыстағы суреті іспетті.Шаңырақ- киіз үйдің күмбезі.Көшпелі түркілер үшін үйдің ,ошақтың, отбасының бейнесі.Тұлпар –дала дүлдүлі,ер-азаматтың сәйгүлігі,жеңіске деген жасымас жігердің ,қажымас қайраттың ,мұқалмас қажырдың тәуелсіздікке ұмтылған құлшыныс бейнесі.Шаңырақ айналасындағы уықтарды тұлпардың қанаты қоршап тұр.Қанатты тұлпар қазақ поэзиясында кең тараған бейне.Қанатты тұлпар уақыт пен кеңістікті біріктіреді.Ол -өлмес өмірдің бейнесі.Бесбұрышты жұлдыз «бағыңыз ашылып,жұлдызыңыз жарқырай берсін»деген асыл тілекті айқындап тұр.«Қазақстан» жазуы қазақ елінің айғағы.Елтаңбаның авторлары- Ж.Мәлібеков,Ш.Уәлиханов.

Ақерке: Мәртебесі, мақтаны.

Елтаңбасы елімнің

Елтаңбасы елімнің

Неткен әйбәт, әдемі!

Тұнығындай көңілдің

Ортада-аспан әлемі.

Құт, береке, шаңырақ,

Орын алған ол төрден.

Қанатты қос арғымақ.

Екі жақтан көмкеркен.

Тәуелсіздік жолында

Талай-талай тер тамған…

Билігім өз қолымда,

Еркіндігім-Елтаңбам.

Әлия , Ғалия

Жігер: Бейнелеп сан ғасырды
Елтаңбасы елімнің,
Таратады хас үлгі
Киесіндей жерімнің.

Назар: Тәуелсіздік көркі ол да,
Өркениет өрінде.
Нұр төгеді ЕЛТАҢБА
Ақ орданың төрінде.


Меруерт: Жандарбек Мәлібекұлы — ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы. Өзбекстанға еңбегі сіңген сәулетші. 1942 жылы Қызылорда обылысы Жаңақорған ауданының Екпінді ауылында дүниеге келген. Ташкент политехникалық институтының сәулет өнері факультетін бітірген. Ташкент қаласындағы ғылыми зерттеу жобалау институтының қала құрылысы шеберханасының жетекшісі, жобалар жөніндегі бас сәулетшісі, қазір Астанада тұрады.

Ақерке: Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлихан -ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы. Қазақстанға еңбегі сіңген сәулетші, мемлекет сыйлығының иегері, белгілі қоғам қайраткері. 1932 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы Сырымбет ауылында туған. Мәскеу архитектуралық институтын бітірген. «Қазақ қала құрылысын жобалау» институтының қызметкері.

Ақжол: Әнұран мәтінінде ғасырлар бойы тәуелсіздік үшін күрескен бабалар ерлігі көрініс табады.Сонымен қатар асыл мұрамыз- еліміздің кең байтақтығы,жер мен ел байлығы ,біздің ұрпақтарымыздың болашағына айқын жол ашатыны көрініс тапқан.Ең бастысы-тәуелсіздігіміздің алтын діңгегі-ел бірлігі баса айтылған.Әнұран 2006 жылы 7 қаңтарда Қазақстан Республикасының жаңа Әнұраны қабылданды.Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әні Қазақстан Республикасының Әнұраны деп жарияланды.Кезінде Жұмекен Нәжімеденов жазған ән сөзіне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен кейбір түзетулер енгізілді.Әнұран авторлары: Шәмші Қалдаяқов,Жұмекен Нәжімеденов ,Нұрсұлтан Назарбаев .

Дамир: Әнұран салтанатты жиналыстарда, мәжілістерде, жаңа ғимараттар, ескерткіштер ашылғанда орындалады. Әнұранды орындағанда міндетті түрде тұрып,қолыңды жүрек тұсына қойып айту елге құрмет болып саналады.

Мейрамбек: Әнұраным –жан ұраным

Айтар әнім, сөйлер сөзім

Туған жерім сағынарым

Бақыт-бірлік күн талабы.

Тоқтамайды дабыр әні

Мәңгі бақи шырқалады

Республикам Әнұраны!

Қорытындылау:

Тарих тағлымы (білімдерін тексеру)

1991 жылғы 29 тамыз. Ядролық полигонның ресми жабылуы. 16 желтоқсанда ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев «ҚР Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық Заңға қол қойды.

1992 жылғы 2 наурыз. Қазақстан БҰҰ-ның мүшелігіне қабылданды.

1993жылы 28 қаңтарда Тәуелсіз Қазақстанның бірінші Конституциясы қабылданды.

1993 жылғы 15 қараша. ҚР ұлттық ақша теңге айналымға енгізілді.

1994 жылғы ақпан. Қазақстан ядролық қаруды таратпау жөніндегі шартқа қол қойды.

1995 жылғы 1 наурыз. Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды.30 тамыз ҚР-ның қазіргі Конституциясы қабылданды.

1996 жыл. Алматы қаласында Тәуелсіздік монументі ашылды.

1997 жылғы 10 желтоқсанда мемлекеттік өкіметтің жоғарғы органдары жаңа астанаға көшіріле бастады.

1998 жылғы 10 маусымда Қазақстанның жаңа астанасы- Астана қаласының тұсау кесер рәсімі өткізілді.

1999 жылғы 24 ақпан. Тәуелсіз Қазақстанда алғашқы санақ өткізілді.

2000 жылғы 10 қазан. Жаңа халықаралық ұйым-Евразиялық экономикалық одақ құрылды.

2001 жыл. Тәуелсіздіктің 10 жылдығы.

2002 жыл. Денсаулық жылы.

2003-2005 жылдар. Ауылды көтеру жылы

2005 жыл- 4-желтоқсан. ҚР Президентінің Бүкілхалықтық сайлауы болды.

2006 жыл. Ресейдегі «Абай жылы» және Қазақстандағы «Пушкин жылы». Тәуелсіздіктің 15 жылдығы, «Желтоқсан оқиғасының» 20 жылдығы.

2007-2009 жылдар. «Мәдени мұра» бағдарламасының екі жылдық жоспары қабылданды.

2008 жыл 6-шілде. Астана қаласында «Қазақ елі» момументі ашылды.

2009 жыл 25 ақпан-6 наурыз аралығы. ҚР Ұлттық санағы өткізілді.

2010 жыл. ҚР Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастығы ұйымына төрағалық етті.

2011 жыл. ҚР Ислам Конференциясына Төрағалық етті.

2011 жыл. Астана мен Алматыда 7-Қысқы Азия ойындары өтті.

2011 жыл. Тәуелсіздіктің 20 жылдығы. «Желтоқсан оқиғасының» 25 жылдығы.

2012 жыл. Лондон олимпиадасында 13 медальға қол жеткізді.



-75%
Курсы повышения квалификации

Особенности работы с гиперактивными детьми в начальной школе

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Рәміздер жайлы не білеміз? (20.65 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт