Психикалық дамуы тежелген балалар (бұдан әрі ПДТ)–оқыту бағдарламасын меңгеруде қиындықтарға кездесетін үлгермеуші оқушылар. ПДТ оқушылар қалыпты дамушы құрбыларынан шаршағыштығымен, жұмысқа қабілетінің төмендігімен ерекшеленеді. ПДТ оқушылардың қоршаған орта туралы түсініктері фрагментарлық, зейіндері тұрақсыз, тұтас қабылдау мүмкіндігі бұзылған, қимыл-қозғалыс координацияларының т.б. жалпы психикалық үрдістерінің дамуында бұзылыстар байқалуда. Сондықтан ПДТ оқушылардың танымдық қызмет саласының дамуындағы ауытқулар оқу процесінде нақтылы қиындар туғызады. Бұл біріккен психологиялық-педагогикалық қызметінің басты мақсаты–ерекше білімді қажет ететін оқушыға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету. Соның психикалық дамуы тежелген балаға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуі мынадай бағыттарда іске асырылады: Сонымен диагностика мынадай міндеттерді шешуге бағытталады:
Біріншіден, баланы алғашқы тексеру. Оның мақсаты:Баланың жақын даму аймағын, оқу барысындағы қиыншылықтардың себептері мен механизмерін анықтау. Диагностикалық зерттеу жұмысы қыркүйек айы бойы жүргізілді. Бұл диагностиканың қорытындысы дефектологиялық тексеру хаттамасында, балаға дефектологиялық анықтама бергенде тіркеледі.
Екіншіден, баланы динамикалық тексеру-оқыту процесінде оқушының даму деңгейіне даңдалған оқытудың түрі, әдістері мен тәсілдердің сәйкестігін анықтау, баланың даму динамикасын бақылап отыру мақсатында жүргізіледі. Динамикалық тексеру жылына екі рет жүргізіледі. Динамикалық тексеру жылына екі рет жүргізіледі. Сонымен бірге баланы динамикалық зерттеу баланың пән бойынша жеткен жетістіктерімен баланың даму нәтижесін салыстыруды көздейді. Баланың оқу дағдыларының қалыптасқандығын (ақпаратты қабылдауы,оқу қызметін ұйымдастыра алу, өзін-өзі бақылау) тексереді. Түзете-дамудың бағдарламасының игеру деңгейінің нәтижесін бағалағанда баланың білім-білік дағдылары игеруге қажет танымдық қабілетінің қаншалықты қалыптасқандығына ғана емес, баланың игерген білімін берілген мәселеде өз бетімен қаншалықты қолдана алатына көңіл бөлінеді.
Үшіншіден, ағымдық диагностика-бұл диагностикаәртүрлі мамандар тарапынан (психолог, логопед, сынып жетекшісі, пән бойынша ұстаздардың) сұрау бойынша жүргізіледі. Бұл диагностиканың белгілі бір өткізу уақыты болмайды. Ол жыл бойына сұрау бойынша жүргізіледі. Диагностикалық жұмыстың негізгі қағидалары: жанжақтылық,кешенділік жүйелілік,тұтастық. Аталған қағидаларды ескере отырып, әр ППҚ қызметінің маманы өз бағыты бойынша балаға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді.
Мұғалім- дефектолог, психолог, логопед диагностиканы 12 бағыт бойынша жүргізеді:
Сенсорлы – перцептивті жағдай;
Зейіні;
Еске сақтауы;
Ойлауы;
Сөйлеу ерекшеліктері;
Өзін-өзі бағалауы;
Ерік-жігері;
Психомоторлық жағдайы;
Әлеуметтік –тұрмыстық жағдайы
Оқу біліктілігі
Еңбек біліктілігі
Коммуникативтілігі
Әр бағыттың арнайы диагностикалық әдістермен тексеріліп, қорытындыланып тиісінше балл қойылады. Шығарылған балаға сәйкес психологиялық-педагогикалық профиль толтыралады. Профиль-балының даму деңгейін көрсететін құжат. Профиль –баланың қатер даму зонасын анықтап береді. Таным дегеніміз-адамның жаңа білімді игеру үрдісі. Қабілет деп- іс-әрекеттің белгілі белгілі бір түрін ойдағыдай нәтижелі орныдауда көрінетін адамның жеке қасиетін айтады. Баланың танымдық қабілетін дамыту үшін әр баланың жас ерекшелігі, білім, білік, дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге баланың психикалық қызметтерінің, ақыл-ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу үрдісін дұрыс жолға қою керек.
Психикалық дамуы тежелуінің тұрақты формалары орталық жүйке жүйесінің жекеленген органикалық зақымдалуына байланысты. ПДТ көбінесе бала-бақшаның даярылық тобында немесе мектепке баланы оқыту басталғанда айқындалады. Оларға оқуда көп қиыншылықтар көреді: мектепте орнатылған тәртіп нормаларын сақтау қиын.
«ПДТ» диагнозын ПМПК-ның мамандары зерттеулер өткізгеннен кейін ғана қояды. Бұл үрдістің комплекстілігіне қарамастан психиатр-дәрігердің шешіміне байланысты анықтайды. Бірақ, көбінесе баланың мектеп бағдарламасының игере алмау себептері, баланы жеке дамытудың механизмдары анықталып қаралмайды. ПДТ балаларды түзете-дамыта оқыту жүйесі-ата-аналар тарапынан да, жалпы қоғамның көзқарасы жағымсыз.