Меню
Разработки
Разработки  /  Обществознание  /  Планирование  /  10 класс  /  Программа профильного курса для 10 класса "Құқықтану"

Программа профильного курса для 10 класса "Құқықтану"

Программа профильного курса по ЧОП для 10 класса на казахском языке.

17.01.2017

Содержимое разработки

Құқық негіздері пәнінен қолданбалы курс бағдарламасы

Курс бағдарламасы 10-11 сыныптарға құқық негіздерін тереңдетіп және бейіндік оқыту мақсатында құрылған. Жалпы көлемі – 34 сағат. Жалпы білім беретін мектептердің тарих және құқықтану мұғалімдеріне арналған.

Түсінік хат

Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігін алғаннан кейін өзінің даму стратегиясындағы басты нысаналарының бірі ретінде құқықтық мемлекет құру бағытын жариялады. Құқықтық мемлекет ұзақ тарихи даму үдерісінде қалыптасады. Сондықтан Қазақстан Республикасының Конституциясында: «Еліміз құқықтық мемлекетті қалыптастыру жолына түсті» деп жазылған.Құқықтық мемлекет дегеніміз – Заңның жоғарылығы, барлық азаматтардың заң алдыңда теңдігі, биліктің бөлінуі, соттардың тәуелсіздігі ұстанымдарына негізделген құқық жүйесі қалыптасқан мемлекет,

Құқықтық мемлекеттің ең басты және айқын белгісі – заң бәрінен де жоғары тұрып, қоғамдық өмірде үстемдік етеді. Қоғамдық өмірдің барлық маңызды жақтары заң шығарушы билік органы осыған ыңғайлап құрылады.Құқықтық мемлекеттің тағы бір маңызды ұстанымы – барлық мемлекеттік органдарға, лауазымды тұлғаларға заң талаптарының орындалуын міндеттеуі.

Мақсаты: Әлем, Мемлекет туралы түсінігі қалыптасқан, адамдар арасындағы әлеуметтік қатынастарды түсіне білетін демократиялық қоғам азаматын тәрбиелеу.

Міндеттері:

- оқушылардың құқықтық білімдерін жүйелеу;

- ҚР Қонституциясы мемлекеттіміздің құқықтық және саяси негіздерінің діңгегі, негізгі заңы екендігін түсінулеріне ықпал ету;

- оқушыларға Конституция қоғамдағы саяси – құқықтық мәселелерді шешуде негізгі бағдарлаушы екені түсіндірілуі керек;

- қолданыстағы Конституция адам құқықтары саласындағы халықаралық нормаларға толығымен сәйкес келетіндігін түсіндіру;

- әр түрлі нысандары қоғамдық қарым-қатынастарды реттеуде құқық ерекше әлеуметтік институт екендігін түсіндіру;

Білім алу барысында оқушылар келесі іскерліктерді меңгереді:

- ұсынылған тақырыптар бойынша,ақпаратты өз бетінше іздеу, оны сыни талдау және қажетті фактілер мен пікірлерді іріктей білуге;

- зерттеу нәтижелерін семинарларда сөз сөйлеу, эссе, презентациялар түрінде ұсына білу;

- семинарларда,дискуссияларда, іскерлік ойындар зерттеу нәтижелерін талқылау;

Жұмыстың негізгі әдістері:

- эвристикалық әңгіме;

- дәріс;

- пікірталас;

- сюжеттік-рольдік ойын;

- «миға шабуыл» және т.б.

Есеп берудің негізгі формалары: конспектілер мен тапсырмалар жазылған (эссе, проблемалық тапсырмалардың шешуі), шығармашылық жұмыстар.


Оқушылардың меңгеру деңгейінің өлшеуіші:

- проблемалық тапсырмалар, жалпылаушы сұрақтар;

- эссе;

- тестілер және т.б.



Тақырыптық жоспарлау

 тақырыптар

Сағат саны

дәрістер

Семинар

Бақылау формасы

1.

Конституцияның пайда болу тарихы. Шетелдер конституциясы.

3    

2    

 1    

Жоспар,конспект

2.

Конституция – Қазақстан Республикасының Ата Заңы. Конституциялық құқықтар мен бостандықтар.

6

3

3

Проблемалық тапсырмалар, эссе, реферат, тестілер, зерттеу жұмысы

2.1.

Жеке және саяси құқықтар

2

1

1

2.2.

Әлеуметтік және экономикалық құқықтар

1

1  

2.3.

Мәдени құқықтар. Адам және азамат. ҚР азаматтарының міндеттері.

2

1

1

3.

Қазақстанның Мемлекеттік құрылымы.

4

2

2

Проблемалық тапсырмалар, эссе, реферат, тестілер, зерттеу жұмысы

3.1.

Құқықтық субьектілер.

2

1

1

3.2.

Биліктің бөлінуі мен олардың өзара іс-қимыл.

2

1

1

4.

ҚР сайлау жүйесі

4

2

 2

Проблемалық тапсырмалар, эссе, реферат, тестілер, зерттеу жұмысы

4.1.

Сайлау жүйесінің принциптері. Сайлау құқығы.

 2

1

 1

4.2.

Сайлау жүйесінің түрлері

1

0,5

 0,5

4.3.

Сайлау процессі

1

0,5

0,5

5.

ҚР Президенті

6

3

3

Проблемалық тапсырмалар, эссе, реферат, тестілер, зерттеу жұмысы

5.1.

Сайлау тәртібі және қызметке кірісуі

2

1

1

5.2.

Президенттің құқықтық мәртебесі

2

1

1

5.3.

Президент өкілеттілігі

2

1

1

6.

Парламент

4

2

2

Проблемалық тапсырмалар, эссе, реферат, тестілер, зерттеу жұмысы

7.

ҚР Үкіметі

2

1

1

8.

Конституциялық Кеңестің құрылуы мен қызметінің бағыттары

2

1

1

9.

Соттар және сот төрелігі

2 

1

1

Проблемалық тапсырмалар, эссе, реферат, тестілер, зерттеу жұмысы

10.

Жергілікті атқарушы органдар. Қорытынды сабақ.

1

 1

1

«Дөңгелек стол»

Курс бағдарламасы ( 34 с.)

1. Конституцияның пайда болу тарихы. Шетелдер конституциясы.  ()

Конституция ұғымы және қасиеттері. Конституцияның пайда болуы. Конституцияның бастау алуы.Алғашқы конституциялар қабылдау әрекеттері. Қазақстан Республикасы Ата Заңының негізгі ерекшеліктері.

2. Конституциялық құқықтар мен бостандықтар (6с.)

Конституциялық құқықтары мен бостандықтары ұғымы және жіктелуі. Жеке құқықтар мен бостандықтар. Жеке және саяси құқықтар. Әлеуметтік-экономикалық құқықтар. Мәдени құқықтар. Азаматтардың міндеттері.

3. Қазақстанның Мемлекеттік құрылымы. (4с)

Құқықтық субьектілер.Биліктің бөлінуі мен олардың өзара іс-қимыл.

4. ҚР сайлау жүйесі (4с.)

Сайлау жүйесінің принциптері. Сайлау құқығы.Сайлау жүйесінің түрлері.

Сайлау процессі.

5. ҚР Президенті (6с.)

ҚР Президентін Сайлау тәртібі және қызметке кірісуі.Президенттің құқықтық мәртебесі.Президент өкілеттілігі.

6. Парламент (4с.)

Қазақстан Республикасы Парламентінің ұйымдастырылуы мен қызметі. Депутаттарының құқықтық жағдайы. Парламенттің өкілеттігі. Сенат және Мәжіліс.

Федеральное собрание и его место в системе органов государства. Состав и порядок формирования Совета Федерации. Полномочия Совета Федерации. Компетенция Государственной Думы. Законодательный процесс.

7. ҚР Үкіметі (.)

Үкіметтің құқықтық мәртебесі.Өкілеттіліктері.Құрылымы. Үкімет реформасы. Үкімет құрамы. Министрліктер.Министрлер кабинеті.

8. Конституциялық Кеңес. Конституциялық Кеңестің құрылуы мен қызметінің бағыттары (2с.)

Конституциялық кеңестің ұйымдастырылуы, қызметі, жұмыс тәртібі.

9. Соттар және сот төрелігі (2с.)

Қазақстан Республикасындағы сот билігінің құқықтық жағдайы. Қазақстан Республикасының сот жүйесі.Қазақстан Республикасы судьяларының мәртебесі. Конституциялық Кеңестің құқықтық мәртебесі. Конституциялық Кеңестің құзыреті.

9. Жергілікті атқарушы органдар. (1ч.)

Жергілікті атқарушы органдар туралы түсінік. Қызметі.

Литература

  1. http://e-history.kz/kz/publications/view/723 Қазақстан Конституциясының тарихы

  2. М.Изотов, Ә Нысанбаев, М.Сәбит, Р.Дуланбаева, Ө.Қопабаева, Қ.Айтхожин, Ғ.Жайлин Адам.Қоғам.Құқық. Жалпы білім беретін мектептің 10 сыныбына арналған оқулық. Алматы: Мектеп, 2014 – 264б.

  3. М.Изотов, Ә Нысанбаев, М.Сәбит, Р.Дуланбаева, Ө.Қопабаева, Қ.Айтхожин, Ғ.Жайлин Адам.Қоғам.Құқық. Жалпы білім беретін мектептің 10 сыныбына арналған оқулық. Алматы: Мектеп, 2014 – 264б.



-75%
Курсы повышения квалификации

Интерактивные методы в практике школьного образования

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Программа профильного курса для 10 класса "Құқықтану" (31.57 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт