Меню
Разработки
Разработки  /  Английский язык  /  Разное  /  Дошкольникам  /  Программа багдарлама

Программа багдарлама

Gogo's adventure программа для дошкольников по английскому языку. Gogo's adventure мектепке дейінгі балаларға ағылшын тілінен бағдарлама

17.01.2018

Содержимое разработки

АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ

ҚАЛАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫ

«АРУЖАН» МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕ





Ақтөбе қаласы білім

бөлімінің «__» ____2015ж.

_________ бұйрығымен

Бекітілді



Бағдарлама

«Gogo’s adventures with English»

(ортаңғы, ересек, мектепалды даярлық топтарына арналған)





Құрастырған: Нурболатова Л.М.





















Ақтөбе 2015ж

Бағдарламаның негізі: «Изучаем английский язык» Шарипбаева М.С. Алматыкітап, 2013 ж.



Құрастырған: Нурболатова Ляззат



«Аружан» мектепке дейінгі мекемесінің педагогикалық кеңес отырысында «Gogo’s adventures with English» бағдарламасы талқыланды.





Хаттама № _________ «___» ________2015ж.





«Аружан» МДМ меңгерушісі:__________________ Бекбергенова М.И.





Қалалық сараптау комиссиясының отырысында «Gogo’s adventures with English» бағдарламасы мақұлданды.





Хаттама № _________ «___» ________2015ж.





Сараптау комиссиясының төрайымы: ________ ­­­­­­____________________











Түсінік хат


Мазмұны:

Ағылшын тілін үйрену маңызды бір қадамдардың бірі болып табылады. Ол өзімен бірге лексикалық бірліктердің дұрыс айтылуын, ағылшын тілін тез қабылдап қана қоймай, сонымен қатар шағын әңгімелерге қатысуға, диалог жүргізуге, монолог түрінде өз пікірін білдіруге үйретеді. Оны дамыту, жүзеге асыру мына жолдармен негізделеді:

  • мұғалімнің артынан сөздерді қайталау фонетикалық тұрғыда баланың сөздерді дұрыс айтуына;

  • сөздік қорды жинау, белсендіру және бекіту;

  • грамматикалық құрылымдарды пайдалануға;

  • материалды толық қамту үшін барлық жағдайды қарастырып, қолайлы әдіс-тәсілдерді қолданылуы;

Мақсаты:

  • балаларға монолог және диалог формада сөйлей білуге үйрету.

  • ұлтаралық қатынас тілінде өзара байланыс және қарым-қатынас тәсілдерін меңгерту.

  • балалардың өз бетінше іс-әрекетін жетілдіру, ойлау қабілетін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Міндеті:

  • сөздік қорын молайту арқылы сөйлете білу.

  • оқушылардың тілдік сауаттылығын арттыру.

  • шығармашылық қабілеттерді дамыту.

  • оқушылардың логикалық ойлауының бірізді болуын қалыптастыру;

Коммуникативтік міндеттер жинағы мыналар: амандасу; ақпарат беру, ақпарат алу, келісім беру, келіспеу, лебіз білдіру, қоштасу болып табылады.

Күтілетін нәтиже:

  1. Балалардың тілге деген қызығушылықтарының түрлі тақпақтар, өлеңдер, ойындар арқылы белсендіру.

  2. Қарастырылған тақырыптар бойынша лексикалық бірліктерді толық меңгеру. Командаларды орындай білу.

  3. Әр түрлі типтегі сұрақтарға қысқа және толық, дұрыс екпінге қоя отырып жауап бере білу.

  4. Сөйлеу структуралары мен бірліктерін пайдалана отырып, сөйлем құрау.

  5. Ағылшын тілін қатынас құралы ретінде пайдалану.

Мерзімі

Ағылшын тілі негізі бойынша мектеп жасына дейінгі балаларға бұл бағдарлама аптасына екі рет (72 сағат) жүргізіледі. Бағдарлама ортаңғы топта 20-25минут, ересек және даярлық тобында 20-30 минуттан өткізіледі. Бағдарлама 1 жылға жоспарланған.



Ағылшын тілі пәнінен мектеп жасына дейінгі балаларға

арналған бағдарламаға

Пікір

«Gogo’s adventures with English» арнаулы курс бағдарламасы ортаңғы, ересек және даярлық топтарына арналған.

Бағдарлама балалардың жас ерекшеліктерін басшылыққа ала отырып, ағылшын тілін уйрету мақсатын көздейді және ағылшын тілінде сөйлеу дағдысын қалыптастыру мен ағылшын тілін дамытуды жүзеге асырады.

Бұл бағдарламаның мақсатын көздейтіндігім, кішкентай жастан бастап үштілдікті жетілдіру.

Бұл бағдарлама бала өміріне үлкен мән береді. Себебі, үш-төрт жастан бастап ағылшын тілін күнделікті меңгеріп отырса, мектепке барғанда тілдерді үйрену қиыншылық тудыра қоймайды. Бағдарлама ағылшын тілін үйрету үшін балаларды дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтырады, сұрақ-жауап арқылы тілдік қарым-қатынасын реттейді, сөйлеуге үйретеді, ойын арқылы сөздік қорын молайтады. Балаларға тілді үйрету үшін дидактикалық-әдістемелік, көрнекілік материалдар, үнтаспа, мазмұнды бейне таспалар бағдарламаға енгізілген.

Бұл бағдарлама ортаңғы топтарға, ересек және даярлық тобына 72 сағатқа құрылған.





Педагогика ғылымының кондидаты: Г.М. Яппарова













Тақырыптық жұмыс жоспар

(Ортаңғы топ)

Тақырыбы

Мақсаты

Саны

1

What is your name?

Ағылшын тілінде танысуды үйрету.

What is your name? Сұрағын түсіну және оған My name is … жауап беруді үйрету. Балаларды ағылшын тілінде сәлемдесу мен қоштасуға үйрету. Ағылшын тіліне қызығушылығын арттыру.

2

2

How are you?

How are you? Сұрағын түсіну және оған ok, thanks деп жауап беруді үйрену.

Адамгершілікке тәрбиелеу.

2

3

Where are you from?

Балалардың диалог түрінде сөйлей білуін дамыту. Where are you from? сұрағын түсіну және оған I’m from Kazakhstan деп жауап беруді үйрету. Америка мен Ресейдің туларымен таныстыру. Бейбітшілікке, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

2

4

How old are you?

How old are you? сұрағын қолдана отырып, диалог құрастыру. 1-5 сандарымен таныстыру. Ағылшын тіліне қызығушылығын арттыру.

2

5

Numbers 1-5

1 мен 5 санын тура және кері санауды үйрету. [t], [r], [w], [ө] дыбыстарын дұрыс айтылуын игерту. Сұрақтарға «Yes», «No» жауап беруге білімдерін жетілдіру.

2

6

Numbers 6-10


6-10 сандарымен таныстыру. How many? сұрағына жауап беруге уйрену. 1 ден 10-ға дейіг тура және кері санауды үйрету. Математикалық білімдерін арттыру.

2

7

I can...

Не істей алатындарын айта білу және басқалары не істей алатынын сұрай білу. «I can» тақырыбындағы жаңа лексикалық материалмен таныстыру.

Балаларды бірін-бірі тыңдауға тәрбиелеу.

2

8

I can’t ...

Can you swim? Сұрағына жауап бере білу. Сөздік қорын молайту. Балаларды мейірімділікке тәрбиелеу

2

9

At the Zoo

Дала жануарларының атауларын білу. [t], [r], [w], [ө] дыбыстарын қайталау. Балалардың жабайы аңдар дүниесі туралы білімдерін кеңейту. Тілдерге деген қызығушылығын арттыру.

2

10

On the farm

Үй жануарларының атауларын білу. Дала жануарлары мен үй жануарларын ажырата білу. Жан-жануарларға сүйіспеншіліктерін арттыру.

2

11

Big – little

«big» және «little» сөздері арқылы жануарлардың өлшемін анықтау.

2

12

Domestic birds.

Үй құстары «Сan» модальді етістігін қолдана білуді үйрену. Үй құстары туралы қысқаша сөйлем құрастыра білу.

2




13

What colour?

Жаңа түстер мен оның ағылшын тіліндегі атауын үйрену. Затқа сипаттама беруге жаттықтыру. Балалардың бойында түстер әсемдігі мен ашықтығын көре білу сезімдерін ояту.

2


14

Find colours.

Балардың сөздік қорын молайту. Жаңа лексикалық бірліктерді меңгерту. Бір-бірімен диалог арқылы сұхбат құруға бейімдеу, тілге тарту.

2

15

Жануарлардың түсі

Жануарлардың түстерін ажыратып, оны ағылшын тілінде айта білу. Is it green? сұрағына қысқаша жауап бере білу. Түстерді ажыратып, оны ағылшын тілінде ата білу.

2

16

Colorful toys

«Түстер» тақырыбы бойынша лексикалық бірліктерді қайталау.

2

17

My family.

Жанұя тақырыбы бойынша жаңа сөздерді дұрыс қолдана білуді үйрету. [ð] дыбыс емлесін дұрыс айтылуын үйрету.

2

18

I have got/ I haven’t got

«Жанұя» тақырыбы бойынша сөз байлығын көбейту.

Have you got a …? сұрағына Yes, I have. No, I haven’t жауабы арқылы жауап беруді үйрену.

2

19

Brother and sister.

Have you a sister? cұрағын түсіну. Диалог арқылы әңгімелесуге дағдыландыру.

2

20

«The turnip» ертегісінің драматизациясы.

Шығармашылық қабілеттерін дағдыландыру. Сөздік қорларын молайту. Балалардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру.

2

21

Parts of the head

Балаларды өз дене мүшелері туарлы үйрету. Есте сақтау қабілеттерін дамыту. Балаларды мәдени – гигиеналық дағдыларына тәрбиелеу

2

22

Name all parts of the body

Балалардың адамның дене мүшелерінің қызметі туралы түсініктерін кеңейту. Сөздердегі дыбыстарды дұрыс айтқызу.

2

23

My fingers

Балаларды ағылшын тілінде саусақ аттарын атай білуге үйрету. «I have got…» тіркесі арқылы сөздік қорын молайту..

2

24

Wash your face.

Жаңа сөздерді, тіркестерді қолдана отырып диалогты құрастыруға үйрету. Балаларды мәдени-гигиеналық дағдыларға тәрбиелеу.

2

25

Clothes

Жаңа сөздермен таныстыру. Түсін ажырата білуге үйрету. Қимыл әрекеттерді білдіретін сөздермен таныстыру. «ð» дыбысының дұрыс айтылуын үйрету.

2

26

What do boys (girls) wear?

Ұл бала мен қыз баланың киімдерін ажырата білуге үйрету.

2

27

What do you wear on your head (hands, feet…)

Киімдердің түрін, түсін ажырата білуге үйрету. Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

2

28


Find the surprise

Киімдер тақырыбын қайталау. What do you wear? сұрағына жауап беруге үйрету.

2



29

My daily routine.

Get up!wash hands! Командаларын орындай білу.

2

30

Бір күні таңғы уақытта.

«Менің күнтізбем» тақырыбы бойынша командаларды түсіну.

2

31

What do you do in the morning

Балалардың диалог түрінде сөйлей білуін дамыту.

2

32

Wake up, Gogo!

Өткен тақпақтар бойынша лексикалық бірліктерді қайталау.

2

33

Fruits.

Балаларды жемістер атауымен таныстыру. Балаларды салыстыруға, жалпылауға үйрету. Балалардың үлкендердің еңбегін бағалауға тәрбиелеу.

2

34

Vegetables.

Ағылшын тілінде көкөністерді атау. Көкөністер тақырыптары бойынша балалардың сөздік қорын молайту.

2

35

Revision

Жыл бойы алған білімдерін ойындар, қызықты тапсырмалар арқылы бекіту. Балалардың байланыстырып сөйлеу іскерлігін қалыптастыру.

2

36

Қайталау

Өтілген тақырыптарды бекіту. Балалар мен ата-аналардың тілді үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру.

2


Барлығы:


72



































Тақырыптық жұмыс жоспар

(Ересек топ)

Р/с

Тақырыбы

Мақсаты

Саны

1

What's your name?

Ағылшын тілінде танысуды үйрену. Балалардың сөздік қорын кеңейту. Ағылшын тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.

2

2

How are you?

How are you? cұрағын түсіну және оған ok, thanks деп жауап беруді үйрену. Қарым-қатынас дағдылары мен білімін қалыптастыру.

2

3

I can.

Не істей алатындарын айта білу және басқалары не істей алатынын сұрай білу. «I can» тақырыбындағы жаңа лексикалық материалмен таныстыру.

Балаларды бірін-бірі тыңдауға тәрбиелеу.

2

4

I can’t.

Can you swim? Сұрағына жауап бере білу. Сөздік қорын молайту. Балаларды мейірімділікке тәрбиелеу.

2

5

Wild animals.

Балалардың жабайы аңдар дүниесі туралы білімдерін кеңейту. Сұрақтар түрлерін ажырата білу және оларға жауап қайтара білу. Тілдерге деген қызығушылығын арттыру.

2

6

A bear and a hare.

Балаларды тілдерге тән дыбыстарды дұрыс айтуға жетілдіру, грамматика жағынан дұрыс сөйлемді құрастырып, әңгімелету. -Аnd- шылауымен сөз тіркестерін құру.

2

7

Жануарларды сөйлем ішінде қолдану.

Африка жануарымен таныстыру. Қойылған сұрақтарды түсініп, толық жауап беруге дағдыландыру. Балалардың тілге деген қызығушылығын арттыру.

2

8

Жануарларды көрсет.

Жануарларды танып. Балаларды кассета тыңдатуға үйрету. Тіл мәдениетін жетілдіру.

2

9

Jungle animals

Балаларды монолог формада сөйлей білуге үйрету. Жануарлардың түсін, көлемін айту. Балалардың қиялын дамыту


2

10

Domestic animals.

Жаңа лексикалық бірліктер арқылы балалардың сөздік қорын байыту. Балаларды үй жануарларын үш тілде дұрыс атауға үйрету. Қамқорлыққа тәрбиелеу.

2

11

What can it do?

It can run, it can jump сөз бірліктерді қолдануды үйрену. Балаларға жануарлардың іс-әрекеттерін көрсету.

2

12

Donkey and horse.

“Animals” сөзін түсіну. Арнайы сұрақтарға толық жауап бере білу. Дала жануарлары мен үй жануарларын айыра білу.

2

13

Domestic birds.

Құстар тақырыптары бойынша жаңа лексикалық бірліктерді үйрету. «Сan» модальді етістігін қолдана білуді үйрену. Балаларды қамқорлыққа тәрбиелеу.

2

14

Жануарлар мен үй құстары туралы.

Жануарлар мен үй құстары туралы қысқаша сөйлем құрастыра білу. Балаларды үй жануарларын дұрыс атауға үйрету.

2

15

Numbers 1-5.

Балаларды 1-ден 5-ке дейін санауға үйрету. Бір-бірімен диалог арқылы сұхбат құруға бейімдеу. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

2

16

Numbers 6-10.

Балалардың 6– 10 -ға дейін санай білуін бекіту. Ойындар арқылы сөйлеу тілін жетілдіру. Балалардың санауға деген қызығушылығын арттыру.

2

17

My family.

Балалардың отбасы туралы түсініктерін кеңейту. Who is this? Сұрағына жауап беруді үйрену. Үй іші адамдарына, туысқандарына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

2

18

Family Photos.

«Жанұя» тақырыбы бойынша сөз байлығын көбейту. Отбасы мүшелері туралы білімдерін кеңейту. Жақындарына деген туыстық сезімін тәрбиелеу.

2

19

Brother and sister.

Have you a sister? Сұрағын түсіну. Диалог арқылы әңгімелесуге дағдыландыру.

2

20

«The turnip» ертегісінің драматизациясы.

Шығармашылық қабілеттерін дағдыландыру. Сөздік қорларын молайту. Балалардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру.

2

21

What color is this?

Жаңа түстер мен оның ағылшын тіліндегі атауын үйрену. Затқа сипаттама беруге жаттықтыру. Балалардың бойында түстер әсемдігі мен ашықтығын көре білу сезімдерін ояту.

2

22

Find colours.

Is it green? сұрағына қысқаша жауап бере білу. Түстерді ажыратып, оны ағылшын тілінде ата білу.

2

23

Жануарлардың түсі.

Жануарлардың түстерін ажыратып, оны ағылшын тілінде айта білу. Балалардың бойында түстер әсемдігін ояту.

2

24

Colorful toys

«Түстер» тақырыбы бойынша лексикалық бірліктерді қайталау.

2

25

Put your finger on your head.

Балаларды өз дене мүшелері туарлы үйрету. Есте сақтау қабілеттерін дамыту. Балаларды мәдени – гигиеналық дағдыларына тәрбиелеу.

2

26

Тыңда да көрсет.

Балалардың адамның дене мүшелерінің қызметі туралы түсініктерін кеңейту. Сөздердегі дыбыстарды дұрыс айтқызу.

2

27

Өзіңдікін қос.

«How many» сұрағына жауап қайтару. Балаларды қысқа диалог жүргізе білуге үйрету.

2

28

My fingers.

Балаларды ағылшын тілінде саусақ аттарын атай білуге үйрету. «I have got…» сөз қорын бекіту.

2

29

My daily routine.

Get up!wash hands! Командаларын орындай білу.

2

30

Бір күні таңғы уақытта.

«Менің күнтізбем» тақырыбы бойынша командаларды түсіну.

2

31

What do you do in the morning?

Балалардың диалог түрінде сөйлей білуін дамыту.

2

32

Wake up, Gogo!

Өткен тақпақтар бойынша лексикалық бірліктерді қайталау.

2

33

Vegetables.

Ағылшын тілінде көкөністерді атау. Көкөністер тақырыптары бойынша балалардың сөздік қорын молайту.

2

34

Fruits.

Балаларды жемістер атауымен таныстыру. Балаларды салыстыруға, жалпылауға үйрету. Балалардың үлкендердің еңбегін бағалауға тәрбиелеу.

2

35

Revision

Жыл бойы алған білімдерін ойындар, қызықты тапсырмалар арқылы бекіту. Балалардың байланыстырып сөйлеу іскерлігін қалыптастыру.

2

36

Қайталау

Өтілген тақырыптарды бекіту. Балалар мен ата-аналардың тілді үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру.

2


Барлығы


72









































Тақырыптық жоспар

(Мектепалды даярлық топ)

Тақырыбы

Мақсаты

Сағат саны

1

Ұлыбританияның туымен танысу

Ұлыбританияның туымен таныстыру. Ағылшын дыбыстарын дұрыс айтқызуға жаттықтыру. Ағылшын тілінде амандасуды және қоштасуды үйрету. Ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру.

1

2

What is your name?

Ағылшын тілінде танысуды үйрету. Жаңа сөздермен танысу. Балалардың сөздік қорын кеңейту. Ағылшын тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.

1

3

Where are you from?

Балалардың диалог түрінде сөйлей білуін дамыту. Where are you from? сұрағын түсіну және оған I’m from Kazakhstan деп жауап беруді үйрету. Америка мен Ресейдің туларымен таныстыру. Бейбітшілікке, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

1

4

How old are you?

How old are you? сұрағын қолдана отырып, диалог құрастыру. 1-5 сандарымен таныстыру. Ағылшын тіліне қызығушылығын арттыру.

1

5

What is his (her) name?

«Танысу» тақырыбына диалог құрастыру. He, she есімдіктерін таныстыру. Ағылшын тіліне қызығушылықтарын арттыру.

1

6

How are you?

How are you? cұрағын түсіну және оған ok, thanks деп жауап беруді үйрену. Қарым-қатынас дағдылары мен білімін қалыптастыру.

1

7

Who are you?

Балалардың сөздік қорын молайту. Балалардың қиял, зейін және есте сақтау қабілеттерін арттыру. Дыбыстарды дұрыс айтылуын қадағалау. Топтық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

1

8

Өзің және досың туралы айтып бер.

Балаларды өзін-өзі таныстыруға: атын атауға, қайда тұратынын, жыныстық айырмашылығын айтуға және диалог арқылы еркін әңгімелесуге дағдыландыру. Балалардың сөздік қорын молайту. Грамматикалық тұрғыда әңгімелесу дағдыларын жетілдіру. Балаларды достық сезіміне тәрбиелеу.

1

9

Numbers 1-5

How old are you? сұрағын қолдана отырып, диалог құрастыру. 1-5 сандарымен таныстыру. Ағылшын тіліне қызығушылығын арттыру.

1

10

How many?

(6,7,8) сандарымен таныстыруды жалғастыра беру. How many? сұрағын қоюды үйрету және оған жауап беруді білу. 1- ден 8-ге дейін санап жаттығу. Көрнекілік құралдарына ұқыптылық таныту.

1

11

Numbers 9,10.

9,10 сандарымен таныстыру. How many? сұрағына жауап беруге уйрену. 1 ден 10-ға дейінгі тура және кері санауды үйрету. Математикалық білімдерін арттыру.

1

12

Көпше тур

Ағылшын тіліндегі зат есімге көпше түрде соңына – s жалғауы жалғанады. 10-ға дейін санақты бекіту. Білімге деген құштарлығын арттыру.

1

13

What’s the time?

Уақытты анықтауға үйрету, What’s the time? сұрағын қоюды үйрету және оған жауап беруді білу.

1

14

What’s your telephone number?

Өзінің телефон нөмірін айтуды білу, What’s your telephone number? Сұрағын қоюды үйрету және оған жауап беруді білу.Басқаларды шыдамдылықпен тыңдауға үйрету, зейін және есте сақтау қабілетін арттыру.

1

15

I can – I can’t.

Не істей алатындарын айта білу және басқалары не істей алатынын сұрай білу. «I can» тақырыбындағы жаңа лексикалық материалмен таныстыру.

Балаларды бірін-бірі тыңдауға тәрбиелеу.

1

16

What can they do?

Can you swim? Сұрағына жауап бере білу. Сөздік қорын молайту. Балаларды мейірімділікке тәрбиелеу.

1

17

At the Zoo.

Балалардың жабайы аңдар дүниесі туралы білімдерін кеңейту. Сұрақтар түрлерін ажырата білу және оларға жауап қайтара білу. Тілдерге деген қызығушылығын арттыру.

1

18

On the farm.

Жаңа лексикалық бірліктер арқылы балалардың сөздік қорын байыту. Балаларды үй жануарларын үш тілде дұрыс атауға үйрету. Қамқорлыққа тәрбиелеу.

1

19

Big – little.

Балаларды монолог формада сөйлей білуге үйрету. Жануарлардың түсін, көлемін айту. Балалардың қиялын дамыту.

1

20

What have you got?

«Жануарлар» тақырыбындағы бірліктерді қайталау. «What have you got?» сұрағына жауап ретінде «I have got» тіркесін қолдануды үйрету. Дыбыстарды дұрыс қолдануды қадағалау.

1

21

Have you got a …?

«I haven’t got a …» тіркесін қолдана отырып «Have you got a ..?» cұрағына жауап беру. «I have got» фразасын қолдануды бекіту. Шыдамдылық пен төзімділікке тәрбиелеу.

1

22

Wild and domestic animals.

“Animals” сөзін түсіну. Арнайы сұрақтарға толық жауап бере білу. Дала жануарлары мен үй жануарларын айыра білу.

1

23

I see…

«Ойыншықтар дүкені» сюжетті рөлдік ойыны арқылы жаңа сөздермен балалардың сөздік қорын молайту. «I see…» тіркесін қолдана отырып, ауызша сөйлеу монологтық дағдыларын қалыптастыру. Қоғамдық ортадағы адамдарға деген адамгершілік пен сыйластық қасиеттерін тәрбиелеу.

1

24

Үйшік

Балаларды ертегі қойылымдары арқылы жабайы аңдар мен үй жануарларының атауларын әңгімелеуге машықтандыру. Диалог құрып сөйлеу қабілеттерін дамыту. Тіл мәдениетін жетілдіру, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Балалардың шығармашылық қабілеттерін ояту.

1

25

What colour?

Жаңа түстер мен оның ағылшын тіліндегі атауын үйрену. Затқа сипаттама беруге жаттықтыру. Балалардың бойында түстер әсемдігі мен ашықтығын көре білу сезімдерін ояту.

1

26

Colours.

Балардың сөздік қорын молайту. Жаңа лексикалық бірліктерді меңгерту. Бір-бірімен диалог арқылы сұхбат құруға бейімдеу, тілге тарту.

1

27

Colours.

Black, white , brown, grey жаңа бірліктерін меңгерту. 1- ден 10-ға дейінгі санауды үйрету. Бояуларды араластыра отырып жаңа түстерді табуға үйрету. Ағылшын тілін үйренуге деген өызығушылығын арттыру.

1

28

How many balls? What colour are they?

Негізгі түстерді қайталау. Ағылшын тілінде заттың түсін сұрауға жаттығу. «What colour is it?» сұрағын қоюды үйрену және оған жауап беруді білу. Эстетикалық талғамын және түстердің әсемділігін көре білу.

1

29

Shapes.

Геометриялық пішіндерді айыра білуді және дұрыс айтылуын қадағалау: үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек, бесбұрыш. Балаларға заттардың көлемі жағынан әр түрлі болатынына зейін салу. Әр түрлі заттардың ұқсастығына назар аударту. Ойлау қабілеттерін арттыру.

1

30

Shapes.

Геометриялық пішіндерді айыра білуді және дұрыс айтылуын қадағалау: үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек, бесбұрыш. Пішіндерді дұрыс айту және олардың айырмашылықтарын айыра алу. Білімге деген құштарлығын арттыру.

1

31

Games.

Пішіндер, сандар, түстер тақырыптарын бекіту. Ағылшын тілін үйренуге деген құлшынысын арттыру.

1

32

Shapes.

Өткен тақырыптар бойынша қайталау. Пішіндер тақырыбын бекіту. Монологтық ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

1

33

My family.

Балалардың отбасы туралы түсініктерін кеңейту. Who is this? Сұрағына жауап беруді үйрену. Үй іші адамдарына, туысқандарына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

1

34

I have got…

«Отбасы» тақырыбы бойынша сөздік қорларын молайту. Ауызша сөйлеу дағдыларын үйрену: а) I have got тіркесін қолдана отырып жаттығу;

б) I have got, I see, I love тіркесін қолдана отырып, отбасы туралы айтуын үйрету. Балаларды отбасыға деген сыйластық пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

1

35

I haven’t got

Отбасы мүшелері туралы шағын әңгіме құрауға бейімдеу. Тілдерге тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру. Сөздік қорын молайту. Отбасы мүшелеріне деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.

1

36

Have you got a father (a mother)?

Have you a sister? Сұрағын түсіну. Диалог арқылы әңгімелесуге дағдыландыру.

1

37

Who is he? Who is she?

Отбасы тақырыбын бекіту. Өткен тақырыптар бойынша бірліктерді қайталау.

1

38

This is my family.

«Отбасы» тақырыбы бойынша сөз байлығын көбейту. Отбасы мүшелері туралы білімдерін кеңейту. Жақындарына деген туыстық сезімін тәрбиелеу.

1

39-40

«Шалқан» ертегісі

Шығармашылық қабілеттерін дағдыландыру. Сөздік қорларын молайту. Балалардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру.

2

41

What is he (she)?

Мамандықтар тақырыбына байланысты жаңа сөздерді үйрету. What is he? What is she? сұрақтарын қоя білуді үйрету. Мамандықтарға деген сүйіспеншілік сезімін ояту.

1

42

He (she) isn’t a doctor (a teacher…).

Мамандықтар тақырбы бойынша жаңа бірліктерді үйретуді жалғастыра беру. Болымсыз сөйлемдерді есіне түсіртіп, диолог құрастыруды дағдыландыру.

1

43

Guess the profession.

Балалардың сөздік қорын молайту. Мамандықтарға сәйкестендірілген заттарды табуға үйрету. Үлкендердің жұмысын және еңбегін бағалауға тәрбиелеу.


1

44

What do you want to be?

What do you want to be? сұрағын қолдана отырып, ауызша диалогтық дағдыларын қалыптастыру. Және сұраққа толық жауап беру: I want to be … Еңбекке баулу.

1

45

Do you want to be…?

Балалардан ақпарат сұрай отырып, What do you want to be? сұрағын қолданып және оған жауап I don’t want to be … Өткен сөздерді қайталау.

1

46

I want to be… I don’t want to be…?

Ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, екі – үш сөйлемнен құралатын сөйлемдерді құрастыра білуге дағдыландыру, болымды және болымсыз сөздерді қолдана отырып, сұрақтарға жауап беруге үйрету.

1

47

What can he (she) do?

Лексикалық бірліктерді толықтыру және «can» модальді етістігін қолдана білуді үйрету. Мамандықтарды қайталау.

1

48

Who can cook meals?

Мамандықтар тақырыбындағы барлық сөздерді қайталау. Мамандықтарды іс-әрекет арқылы анықтау. Барлық мамандық иесін құрметтеуге тәрбиелеу.

1

49

Parts of the head.

Балаларды өз дене мүшелері туарлы үйрету. Есте сақтау қабілеттерін дамыту. Балаларды мәдени – гигиеналық дағдыларына тәрбиелеу

1

50

Put your finger on your head.

«Parts of the body» тақырыбы бойынша жаңа лексикалық бірліктерді үйретуді жалғастыру. Өздерінің жетістіктеріне қуану.

1

51

Name all parts of the body.

Балалардың адамның дене мүшелерінің қызметі туралы түсініктерін кеңейту. Сөздердегі дыбыстарды дұрыс айтқызу.

1

52

How many eyes have you got?

«How many» сұрағына жауап қайтару. Балаларды қысқа диалог жүргізе білуге үйрету.

1

53

My fingers.

Балаларды ағылшын тілінде саусақ аттарын атай білуге үйрету. «I have got…» тіркесі арқылы сөздік қорын молайту..

1

54

I can clap with my hands.

Қол саусақтары тақырыбын бекіту. Дене мүшелерінің қандай қызмет атқаратынын анықтау. «I can» модальді етістігін қолдана отырып ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. «What can you do with… » сұрағына жауап беруді үйрену.

1

55

I can’t jump with my legs.

Болымсыз сөйлемді қолдана отырып, сұраққа жауап беруді білу. Балалардың сздік қорын молайту. Балалардың қиял мен шығармашылық қабілетін қалыптастыру.

1

56

Wash your face.

Жаңа сөздерді, тіркестерді қолдана отырып диалогты құрастыруға үйрету. Балаларды мәдени-гигиеналық дағдыларға тәрбиелеу.

1

57

What do you wear?

Киімдер тақырыбына байланысты жаңа сөздермен танысу. «I wear …» тіркесі арқылы жаңа сөздерді қолдану.

1

58

Clothes.

Жаңа сөздермен таныстыру. Түсін ажырата білуге үйрету. Қимыл әрекеттерді білдіретін сөздермен таныстыру. «ð» дыбысының дұрыс айтылуын үйрету.

1

59

What do boys (girls) wear?

Ұл бала мен қыз баланың киімдерін ажырата білуге үйрету.

1

60

What do you wear when it’s cold (warm)?

Киімдердің түрін, түсін ажырата білуге үйрету. Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

1

61

Find the surprise.

Киімдер тақырыбын қайталау. What do you wear? сұрағына жауап беруге үйрету.

1

62

What do you wear on your head (hands, feet …)?

Дене мүшелер тақырыбын қайталау. Киімдерді үйлестіріп, талғаммен киюге үйрету. Ағылшын тілін үйренуге қызығушылығын арттыру.

1

63

What is different?

Ұқсастық пен айырмашылық ассоциативтік байланыстарды үйрету және оларды атау. Жаңа сздерді бекіту. Геометриялық пішіндердің атауларын еске түсіру, 10 дейін санауды қайталау. «How many? What colour?» сұрақтарына жауап беруге қалыптастыру. Эстетикалық талғамын дағдыланыру.

1

64

The shop “Clothes”.

Киім тақырыбы бойынша барлық бірліктерді жатқа білу. Сұрақтарға жауап беруді қалыптастыру. «Киім дүкені» сюжетті рөлдік ойын арқылы ауызша сөйлеуге жаттықтыру. «Thank you, please. Hello. Goodbye» сөздерін қолданып мейірімді болуға тәрбиелеу.

1

65

Fruit.

Балаларды жемістер атауымен таныстыру. Балаларды салыстыруға, жалпылауға үйрету. Балалардың үлкендердің еңбегін бағалауға тәрбиелеу.

1

66

Vegetables.

Ағылшын тілінде көкөністерді атау. Көкөністер тақырыптары бойынша балалардың сөздік қорын молайту.

1

67

Food. I like / don’t like.

Жаңа: pizza, ice-cream, juice, egg, bread, I like/ I don’t like лексикалық бірліктерін беру. Азық – түлік атауларын атауға және жай сөйлемдер құруға дағдыландыру. Тамақтану мәдениетіне баулу.

1

68

Food. Have a …

Жаңа лексикалық бірліктерді меңгеру. Сөздік қорларын молайту. Тамақтану және сыпайы қарым – қатынас құру мәдениетіне баулу.

1

69

Happy birthday.

Туған күн тақырыбындағы жаңа лексикалық бірліктермен танысу. Өзінің жасын айта білу (I am 5-6). Сұраулы «How many …?» сөз тіркесін қолдануды және оған жауап беруді үйрету. Туған күн тақырыбында тыңдау және сөйлеу дағдыларын дамыту. Тілге деген қызығушылықты және достарға деген мейірімділікті тәрбиелеу.

1

70

Revision.

Өтілген тақырыптарды бекіту. Балалар мен ата-аналардың тілді үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру.

1

71

Final game.

Жыл бойы алған білімдерін ойындар, қызықты тапсырмалар арқылы бекіту. Балалардың байланыстырып сөйлеу іскерлігін қалыптастыру.

1

72

Father, mother and I are speaking three languages” – a competition

Жыл бойы алған білімдерін ойындар, қызықты тапсырмалар арқылы бекіту. Балалардың байланыстырып сөйлеу іскерлігін қалыптастыру. Балалар мен ата-аналардың үш тілді үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру.

1


Барлығы:


72



Қолданылған әдебиеттер:

  1. Қонышева А.В. Английский для малышей, Минск, 2004.

  2. Коти Т.Ю. Английская азбука, М., 1997.

  3. Вронская И.В. Английский язык в детском саду. Спб., 2001

  4. Шарипбаева М. С. Изучаем английский язык. Алматыкітап баспасы, 2011ж.

  5. Евсеева М.Н. «Программа обучения английскому языку детей дошкольного возраста», изд. «Панорама», 2006 г.

  6. Шишкова И.А., Вербовская М.Е. УМК «Английский для малышей». М., 2002 .

  7. «Английские стихи для детей», сост. Верхогляд В.А., М., АЙРИС ПРЕСС, 2001.


-75%
Курсы повышения квалификации

Повышение эффективности овладения учащимися грамматическими средствами в современном иноязычном образовании в условиях ФГОС

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Программа багдарлама (56.22 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт