Меню
Разработки
Разработки  /  Начальные классы  /  Презентации  /  Дошкольникам  /  Презентация: "Балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған ойындар"

Презентация: "Балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған ойындар"

тттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттт

28.03.2018

Содержимое разработки



«Ұлттық тәрбие - рухани жаңғырту негізі»


«Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.

Н.Ә. Назарбаев.


Бүгінгі күннің, қазіргі жаһандану дәуірінің, басты талабы – өркениетті қоғамға ілесе алатын ұрпақ тәрбиелеу. Әлем елдерімен қабырғасын теңестіруді меже етіп отырған елдің білімді жастары тәуелсіздікті нығайтады, ұлттық тәрбиемен сусындаған ұрпақ болашақты гүлдендіреді деген сенім мақсатымызға айналып отырғандай. Ал, оған қол жеткізудің алғы шарттарының бірі – ұлттық тәрбиеге арқа сүйеу.

Ұлттық қадір-қасиет – ұлттық сана-сезімнің өзегі, адамгершіліктің бірегейі, халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық сана­сының жемісі, кісілік қасиеттер жиынтығы. Қазақ халқы өз ұрпағын адамгершілікке, ізгілікке, инабатты­лыққа тәрбиелеуді ежелден-ақ өзінің басты мақсаты етіп қойған.


Халық өз ұрпағына қайырымды­лықты ес білгеннен үйретіп, тиісті талап қою, дағдыландыру арқылы оны тұрмыстық салтқа, адамгершілікке, дәстүрге енгізді.


Ұлттық рух – халықтың өзін-өзі тануымен айқындалатын, өскелең арман-мұраттарымен сипатталады. Қай халықтың болмасын табиғатына тән, өзгеде қайталанбайтын қасиеттері, мінезі, діні, тілі болуы ұлттық рухпен тікелей байланысты. Оны асқақтататын – ұлттық тәлім-тәрбие. Оның негізі ана тілінде. Қазақ тілі халқымыздың ұлттық болмысын, әдет-ғұрпы мен салтын, дәстүрін, ұлттық жадын қалыптастырушы негізгі құрал ретінде ұлттың тілі мен діні, біліктілігін болашаққа жалғайды. Ал, осы асыл қазыналар билердің ұлағатты сөздерінен бастау алатынын көп жан түсіне бермейді. Ескіліктің көлеңкесіне айналып бара жатқан осындай ойлы сөздерді неге қайта жаңғыртып, ұрпақ санасынан ойып орын алатындай дәрежеге көтермеске деген көкейдегі сауалдың орын алатыны да шындық. Алайда, «заманына қарай адамы» деген түсінікпен өзімізді шектеп отырғанымыз өкінішті. Орайы келгенде айта кететін мәселе, осындай философиялық ойы терең шығармаларды неліктен қазіргі мәтіндермен жұмысқа, оқу сауаттылығы сынағына негіз етіп алмасқа?! Біздің қолдан келер шара – ұлы тұлғаларымыздың мерейтойына орайластырып іс-шара өткізу. Сонымен ғана шектеліп қалып отырмыз.



Сол сияқты көрермендерімен қауышқанына көп болмаса да «Балапан» телеарнасы бүлдіршіндердің сүйікті арнасына айналды. Балалардың тілі шығуына, жақсы мен жаманды айыруына көп көмегі тиюде. Тек ұлттық құндылықтарды насихаттайтын анимациялық мультфильмдердің аздығы қынжылтады. Ал бұл – ойлантарлық мәселе.

Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың жыл басындағы халыққа жолдауында: «Негізгі бағыттардың бірі халықтың ұлттық салт-дәстүрлерін есепке ала отырып, білімі мен білігі жағынан өркениетті елдерге замандастарымен қатар тұра алатын, бойында ұлттық, отаншылдық рухы мықты Қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу қажет»-дегендей балабақшаның өзінде ұлттық тәрбиелеу басты назарда.




-75%
Курсы повышения квалификации

Эффективные формы и методы организации образовательно-воспитательного процесса в детском доме

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Презентация: "Балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған ойындар" (30 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт