Меню
Разработки
Разработки  /  Математика  /  Уроки  /  5 класс  /  Поурочный план по алгебре для 9 класса на казахском языке

Поурочный план по алгебре для 9 класса на казахском языке

Поурочный план по алгебре для 9 класса на казахском языке.

04.01.2017

Содержимое разработки

БІР АЙНЫМАЛЫСЫ БАР ТЕҢСІЗДІКТЕРДІ ШЕШУ

Мақсаты: оқушыларға бір айнымалысы бар теңсіздіктерді шешу тақырыбын қайталай отырып, білімдерін нақтылау, жүйелеу, білім деңгейін тексеу.Оқушылардың ойлау қабілеттерін, таным белсенділігін арттыру, санды теңсіздіктердің қасиеттерін пайдалана отырып, есеп шығару дағдысын дамыту.Сабақ барысында қатарлар жарысын, математикалық ойындар ұйымдастыру арқылы оқушылардың белсенділігі мен ынтасын, жауапкешілігін артыру, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Бекіту, жарыс сабағы
Сабақтың әдісі: Деңгейлік тапсырмаларды орындау, сөзжұмбақ шешу, сұрақ-жауап.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті
Сабақтың көрнекілігі: кеңес карточкалары, деңгейлік тапсырмалары, сөзжұмбақ , бағалау парағы, есептер жазылған қағаздар, интерактивті тақтамен жұмыс.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.(Консультанттар дәптерлерін тексеріп шығады, соңынан қатесі бар жұмыстарға талдау жасалынады)
ІІІ. Өткен сабақты пысықтау.
1. Қандай сан аралықтарын білесіз?
2. Қандай сан аралығы интервал деп аталады?
3. Қандай сан аралығы кесінді деп аталады?
4. Х8 теңсіздігінің шешімдер жиыны қандай аталады?
5. Кескінделген сан аралығын жазыңдар?
6. Мына қос теңсіздіктің шешімдер жиынын коордиаталық түзуде кекіндеп, сан аралықтарын белгіле.
-4,5 2; -8 3 0,4 3.
7. Сан аралықтарын кооринаталық түзуде кескіндеп жазыңдар.
[-3;5] [-1;9] [-4;8] [0;10]
8.Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік деп қандай теңсіздікті айтады?
9. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктің шешімі деп нені айтамыз?
ІҮ.Оқулықпен жұмыс . №1024.№1025
Ү. Нашар оқушылармен жұмыс.
Кеңес карточкаларын таратып беремін.
ҮІ. «Кім жылдам» ойыны. Тақтаға үш кестеге үш қатар оқушыларына дайындалған есептер ілемін.
ҮІІ.Топ басшылар сайысы. Үш қатар басшылары тақтаға С тобының есептерін шығарады.№1032 (2,3,4)
Топ басшылары есеп шығарып жатқанда, қалған оқушылар тақтадағы сөзжұмбақты шешеді.
1. Бүтін сандар жиыны, оң және теріс бөлшектер жиынын қандай сандар жиыны деп атаймыз? (рационал)
2. Бір ұшы шектелген түзу. (сәуле)
3. Картадағы кесінді ұзындығының нақты өлшемге қатынасы. (масштаб)
4. Екі санның бөліндісі. (қатынас)
5. Мектеп оқушыларының жиыны. (сынып)
6. Шеңбердің центрін кез келген нүктесімен қосатын кесінді. (радиус)
7. Тік бұрыштан үлкен, жазыңқы бұрыштан кіші бұрыш қалай аталады. (доғал)
8. 9 бен өзара қандай сандар? (кері)
9. Екі қатынастың теңдігі қалай аталады?
10. Бұрышты өлшейтін құрал? (транспортир)
Сөзжұмбақтан Алтынсарин атамыздың есімі шығады.
1.Алтынсарин деген кім?
2.Алтынсарин атамыздың сендерге арнап, білім, оқу туралы жазған қандай өлеңін білесіңдер?
ҮІІІ. Сабақты бекіту.
Деңгейлік тапсырма. Тест жұмыстарын таратып беру.
ІХ. Бағалау.
Балалар, мен бүгінгі сабағымды ұлы ғұламаларымыз айтып кеткендей: «Математиканың түсінбей жаттап алған жүз бетінен түсінікті болған он беті артық, ал әйтеуір түсінікті болған он бетінен өздігіңнен оқып үйренген бір бет артық» деген сөздермен аяқтағым келіп отыр. Сондықтан, тек қана сыныпта шығарған есептермен, сыныпта алған білімізбен шектеліп қоймай, өздігімізден оқып, білуге, ізденуге талпынайық.

Х. Үйге тапсырма.

№1021,1026,1027,1031.



-80%
Курсы повышения квалификации

Исследовательская деятельность учащихся

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Поурочный план по алгебре для 9 класса на казахском языке (16.42 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт